Керімбаева
Р.Қ. Жеткербаева А.Қ. Оңғаров А.А.
М.Х.Дулати
атындағы Тараз мемлекеттік университеті
ӘСКЕРИ
ПСИХОЛОГИЯ ҚЫЗМЕТІНІҢ
МӘНІ
Әскери психология әртүрлі әскери
іс-әрекеттердің психологиялық мәселелерін, оның әлеуметтік тарихи
жағдайларға сәйкес даму деңгейлерін,
жауынтерлердің жеке басының даярлығын, әскери
ұжымдардың жауынгерлік қабілетін, саяси
қырағылығы мен әзірліктерін зерттейтін психология
ғылымының арнаулы саласы.
Кеңес
үкіметі тұсында
әскери психология Кеңестік армия құрылуымен қатар
пайда болып, мемлекеттің қарулы күштерін және Отан
қорғауды қамтамасыз ету мақсатында дамып келді.
Әскери психологияның ғылыми астары оның теориясы мсн
практикасын жетілдіру, әскери қызметтегілерді оқыту,
тәрбиелеу, оларға ақыл-кеңес беріп, сарбаздардың
жауынгерлік рухын көтерудің психологиялық аспектілерін
зерттеуге арналады.
Әскери психологияның негізгі
мәселелері: әлеумет, еңбек, инженерлік және педагогикалық
психологиямен байланысты.
Әскери
психология: әскери-әлеуметтік, әскери-авиациялық, әскери-теңіз
психологиясы салаларына
бөлінеді. Бұл салалар ерекше жағдайлардағы
(экстремалдық) әскери құрамалардың
тыныс-тіршілігінде туындап отыратын құбылыстар мен
зандылықтарды зерттейді.
Әскери психология төмендегі міндеттерді шешеді:
-әскерилер мен әскери ұжым қызметінің
психологиялық аспектілерін анықтайды. Осы мақсатпен бейбіт
уақытқа тән қызмет, оқу, демалыс,
қоғамдық қызмет, өзара қарым-қатынас,
ұжымдық іс-әрекет, сонымен қатар әскерлер мен
әскери ұжымның ұрыстағы әрекеті
оқытылады;
-соғысқа,
ұрыстағы психологиялық мобилизацияға жеке
құрамның жан-жақты дайындығының шешімін
табу мүддесінде жеке әскери тұлғаның
психологиялық ерекшеліктері анықталады;
-әскери
ұжымның психологиясын оны бірлікте ұстау жолдарын іздеу мен
оның әскери белсенділігін басқару мақсатында
оқытады; әскери қызмет жағдайының
әскерлердің психикасына, әскери ұжым психологиясына
ықпалы;
-сарбаздардарды оқыту
мен тәрбиелеудің психологиялық негізін жасайды. Осы
мақсатта жеке құраммен оқыту – тәрбиелеу
жұмыстарын ұйымдастыру мен жүргізуде психологиялық
заңдылықтарды пайдалану, есеп жүргізу жолдары мен
құралдары ашыла түседі.;
-заманауи ұрыс
жағдайындағы әрекеттерге жеке құрамның
психологиялық дайындық заңдылығын зерттейді. Осы
мақсатта ұрыстағы психиканың байқалу
қызметінің заңдылығы оқытылады және
әскери техника мен қару-жарақты қолдану мен оған
күтім жасауда адам психикасының тұрақтану зерттеледі;
қауіпті және басқа да жағдайларда туындайтын
психикалық күйі; үрей мен байбаламмен күресу жайттары
және басқа да теріс психикалық күйлердің алдын
алу мен оны жеңіп шығудың
құралдары анықталады; әртүрлі әскери
мамандықтағы сарбаздардың психологиялық шынығу жолдары
мен жағдай ерекшелігі;
-әскерлердің
әскери дайындық құрылымындағы психологиялық
аспект анықталады және оның тұлғалық,
әлеуметтік – психологиялық сипаты беріледі;
-жеке
құрамның аса сақтық пен еңбекке деген
қабілеттілікті ұзақ уақыт сақтаудың
психологиялық, психофизиологиялық қиындығы ашылады;
-аяқ астынан болатын
әскери жағдай барысындағы психологиялық қиыншылықтарға
талдау жүргізеді және қажеті жоқ психологиялық
құбылыстарды болғызбау жолдары анықталады
(сасқалақтау, жинақы емес);
-ұйымдастырудың
психологиялық мәселелерін және мобилизациялық,
әскери дайындықты қолдау жөніндегі әскери
кезекшілік ету мен іс-шараларды өткізу мәселелерін шешеді;
-әскери техника мен
қаруды пайдаланудың психологиялық мүмкіндігіне
сипаттама береді. Ол үшін психикалық процестер сапасы,
күй-жайы, қасиеті мен шығуы оқытылады және оларды
пайдалану процесін оңтайландыру мақсатында әскери техника мен
қаруды дайындау барысында соған сәйкес техникалық
шешімдер болады.
Әскери
психологияның негізгі әдістері - әрқайсысы
әртүрлі арнаулы формада көрінетін қадағалау мен
эксперимент әдістері.
Қадағалау әдісі – бұл адамның
психикалық ерекшеліктері туралы фактілерінің жүйелі,
мақсатты түрде жинақталуы. Эксперименталды әдіс,
оның мақсатты қызметін әдеттегі жағдайда
байқала бермейтін психикалық процестер мен жеке бас
қасиеттерін қадағалау үшін қол жетімді етуде.
Әскери психологияның әскери – теориялық негізін
қазіргі соғыстың сипаты мен ерекшелігі туралы, ұрыс
даласында жеңіске жетудегі адамның шешуші рөлі туралы
әскери доктрина мен әскери ғылым ережесі құрайды
және ұрыстағы сәттілік адамгершілік-жауынгерлік
қасиеттер мен сарбаздардың әскери дайындық
деңгейіне, қуатты техника мен қаруды пайдалану тиімділігіне,
соғыстың барысы мен шығуына байланысты. Соғыстағы
адамның шешуші рөлін мойындауды Қарулы Күштердің
моральды-жауынгерлік потенциалын нығайтудың көптеген
мәселелерін шешудегі әскери психологияның мәні
анықтайды.
Әскери
тәртіп мемлекеттік тәртіптің бір түрі болып табылады.
Ол әскери ұжымның ішінде әскери құрылыс
қағидаларын енгізіп, ішкі тәртіп ережелерін ретке келтіріп,
ұйымдастыру факторының рөлін атқарады. Оның
ережелері мен нормалары әскерилер арасындағы
қарым-қатынасты бір-біріне тең әскери атақтары
бойынша реттеп отырады. Сөзсіз әскери тәртіп
әскердің жауынгерлік дайындығының бір бөлшегі
болып табылады.
Тәртіптік жарғыға байланысты әскери тәртіп
дегеніміз әскери қызметшілер арасындағы заң бойынша
белгіленген ережелерді қатаң сақтап, орындау болып табылады.
Бірақ та әскери тәртіптің көп қырлы
қиындығы жарғыда көрсетілгеннен де күрделі.
Заң мен әскери тәртіп арасындағы тығыз
байланысқа қарамастан айырмашылықтары да бар.
Одан басқа әскери қызметкерлерге қойылатын
бірқатар талаптар, мысалы, «әскери қызметтің
қиындығын қажымай көтеру», «әскери жолдастықты
бағалау», «үнемі әскери кәсіптік біліммен
қарулану» және т.б ұғымдар толығымен
заңи тұрғыда қамтылмайды. Әскери
тәртіптің заңнан айырмашылығы
құқықтық нормаларды ғана талап етіп
қоймай, сонымен бірге жекелеген үзінділерді, техникалық
нормалар мен ережелерді, құқықтық сипатта
орындауды талап етеді.
Әскери тәртіптің ерекшелігі оны бұзған
дәрежесі мен сипатында, мазмұны мен талаптарына қойылатын
салаларда көрінеді.
Аталған әскери
міндеттердің анализі, заңды түрде ғана емес, сонымен
бірге моральдық мінезді де нақты түрде көрсетеді.
Мысалы: адал, тәртіпті, жүректі болу, әскери жолдастықты
нығайту, әскери істі ізеттілікпен орындау және т.б.
Тәртіптік жарғының 3 бабында жазылған,
әскери тәртіп әрбір әскери қызметшіні
міндеттейді;
-
қоғамдық орындарда өзін мақтанышпен ұстай
білу;
-
қоғамдық тәртіпті бұзуға жол бермеу,
азаматтарды бұзақылардан қорғау;
-
оң шешімін табатын ынта білдіру;
- әскери қимылдарды жүргізудің
халықаралық ережелерін қалтықсыз сақтау
және білу;
- жаралыларға, ауруларға, тұлғаларға, кеме
апатына ұшырағандарға, атыс болған
аумақтардағы азаматтарға, сонымен бірге әскери
қызметкерлерге үнемі көмек көрсету.
Әскери қызметшінің арнаулы міндеті әскери
қызметшінің атағы бойынша тең келетін әскери
қызметшілердің қарым-қатынасымен байланысты
уақытша сипат алады. Олар әскери қызметшілерге міндеті мен
құқығынан тыс тапсырма беруден туындайды.
Әскери
қызметкерлердің әскери тәртіптің талаптары туралы
көзқарастары оларды орындау түсінігінен ғана
тұрмайды, сонымен бірге мемлекеттік күштеу шаралары да бар,
әскери тәртіпті нығайту бойынша заң
тұрғысынан қарастырылған, талаптарды орындауға
кепілдік беретін органдар да бар екенін білулері керек.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1. Портных Ю.И. Спортивные игры и методики преподование. Москва. 2009.-340 с.
2. Елеусізова А.Б. Жалпы психология. Алматы. 2009.-200 б.
3.
Сақтағанов Б.К. Әскери психология. -
А., 2012
4.
Абдурахманов Р.А., Анцупов А.Я. Военная психология.-М.,
1996