т.ғ.д.,Рахатов С.З., магистрант Жүсіпбек.Ж.Х

 

Машина-технологиялық стансалардың қажеттілігін анықтау және құрылымдарына    талдау

                          

Жаңадан іске қосылған және қызмет жасап келе жатқан машина-технологиялық станциясының (бекетінің, әрі қарай МТС ) негізгі іске асыратын міндеті-барлық ауылшаруашылық кәсіпорындарға, оның ішінде фермерлік, акционерлік қоғамдар, т.б. ауылшаруашылық өнімдерін  өндіруші шаруашылықтарға дақыл өндіру-жинау және техникалық сервис қызмет түрлерін көрсету болып табылады.Қазіргі индустриальды-инновациялық дамудың тұжырымдамаларына сәйкес, негізгі қызмет түрлеріне жататындар: ауылшаруашылық өнімдерін ең жоғарғы сападағы көрсеткіштерге жеткізу, ауылшаруашылық өнімін иновациялық-технологиялық жетістіктер негізінде, өнімділігік арттыру, еңбек, материалдық және пайдалану қаржыларын тиімді қолдану, шаруашылықтарға келісім-шарт бойынша механикаландырылған  қиын егістік жұмыстары мен басқа да іс-шаралар түрлер орындауда заманауи технологиялар мен еңбекті ұйымдастыру шеберлігін арттыру, ауылшаруашылық өнімдерінің алғашқы өңделуі (ұн шығару, жарма, май т.б) және оны сақтау.

МТС құру және жұмыс атқару процесі  ұйымдастыру, өндірістік және нормативтік техникалық құжаттармен  белгіленеді. Сонымен қатар, МТС ұйымдастыру құжаттарының құрылым комплектісі төмендегідей болады.

1) техника-экономикалық негіздеу (бизнес-жоспар);

2) МТС туралы ережелер;

3) МТС Жарғысы;

4) Құрылтайшылар келісім шарты.

Машиналарды өндірістік пайдалану құжаттары:

1) Тікелей орындалатын механикаландырылған жұмыстар келісім-шарты;

2) Жалға беруге арналған келісім-шарты;

3) Финанстық лизинг келісім-шарты;

Машиналарды техникалық пайдалану құжаттары:

1) техникалық қызмет, жөндеу, машина сақтау жұмыстарына келісім-шарт;

2) жөндеу, қызмет көрсету жұмыстарына жоспарлау нормативтері және оларды  орындалуына қойылатын бағалар;

3)машина күйі және оларды техникалық пайдалану сапасын бағалау нормативтері.

4) Техникалық сервис жұмыстарының сапасына кепілдік беру:

МТС құруға техника-экономикалық негіздеу немесе бизнес план жатады. Ол кредиторлар мен инвесторларға қызығу туғызатын 4 сұраққа жауап беруі тиіс:

1) кәсіпорынның өндірістік бағыты;

2) оны құру перспективасы;

3) кәсіпорын мақсаты;

4) қажетті күрделі қаржыландыру көлемі.

Бизнес-жоспар болашақтағы бірнеше жылдарға жасалады және қажеттілік  туған кезде жылына бір немесе қажеттілігіне сай бірнеше  рет қайта қаралады. Потенциалды тұтынушылар үшін (басқа бәсекелестермен салыстырғанда) жобаның барлық артықшылықтары айқындалуы тиіс.

1. суретте МТС мкемесінің жалпы басқару құрылымының үлгісі келтірілген.

Төменде көрсетілген талдау МТС құрудың негізгі құқықтық-нормативтік

базасына сілтеме береді. Осы уақытқа дейін құрылған МТС-тің басым көпшілігі құжаттың негізі дұрыс болмағандықтан қызмет атқарып тоқтатты. Келесі негізгі зерттелетін бағыт- МТС құрамында техникалардың қажетті, саны қызмет көрсететін шаруашылықтар және техникалық сервис жұмыстарын инновациялық заманауи технологиялар мен жабдықтар арқылы сапалы жөндеу жұмыстарын жүргізу болып табылады.

Қорытынды

Мақалада МТС құру үшін алғашқы құжаттар базасы және құрылым түрі ұсынылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


1-сурет   МТС мекемесі басқару құрылымының үлгісі

 

                                                       Әдебиеттер

1.                     С.З. Рахатов. Научные основы проектирования производственных процессов уборки риса по критериям ресурсосбережения монография. Кызылорда,2002, 169 стр.

2.                     Бекенов М., Бимендин Б. Машина-трактор паркіндегі техникалық қызметті ұйымдастыру.- Алматы.: Қайнар, 1980.-121 бет.