Арал
өңірінде күріш
дақылы зиянкестері,
биологиялық ерекшелігі, қорғау шаралары
Әбілдаева
Жибек биология ғылымдарының кандидаты, доцент,
Кенжалиева
БахыткульТуребаевна ауылшаруашылық ғылымдарының
кандидаты, аға оқытушы
«Ақмешіт» гуманитарлық-техникалық
институты
Арал өңірінде ауылшаруашылық дақылдарының
егістігіне жыл сайын көптеген зиянкестер, аурулар мен арамшөптер
айтарлықтай зиян келтіреді. Зиянды организмдерден қорғау
шараларының маңызды түрі шаруашылық –ұйымдастыру
және агротехникалық әдістер, ауыспалы егісті енгізу
және сақтау, топырақ өңдеу, сорт таңдау,
оңтайлы кезеңде себу, тыңайтқыштарды тиімді пайдалану, химиялық және биологиялық
өсімдік қорғау шаралары, дер кезінде өнім жинау,
дақылды жинап алған соң өсімдік қалдықтарын
жою, зиянды организмдердің жаппай таралуын шектейді.
Қызылорда
облысының күріш егістігінде
20-дан аса зиянкестер мен 2 түрлі шаянтектестер күрішті
зақымдайды. Олардың ішінде санының көбі мен зияндысына
жағалық шыбын, күріш
масасы, сабақ көбелегі және шаян тектестерден (дулығар
және су шаяны) жатады.
Күріш
егістігінде аталған негізгі зиянкестерден басқа көп кездесетін көп қоректі
зиянкестер. Олардың табиғи өсіп-өнетін жері атыз
жағасы, каналдар бойы және жол жиегінде өсетін
арамшөптер.
Оларға әсіресе су жағаларында
өсіп –өнетін күріш масасы, жағалық шыбын т.б.
шаян тектестер тобын қосуға болады.
Су жағаларында өсіп өнетін зиянды жәндіктер
тобына жатады.
Жағалық
шыбындардың ұзындығы
4мм-ге жетеді. Төсі мен бауыры жасыл, ал аяқтары
қызғылт жасыл, қанаттары ұзын.
Шыбынның
дернәсілі күңгірт сарғыш, денесі 12 сегменттен
тұрады. Есейген дернәсілінің ұзындығы 7 мм-ге
жетеді, құйрығы түтік тәріздес. Дернәсілі 1
рет түлейді.
Жағалық
шыбын 4 ұрпақ береді. Бірінші және екінші ұрпақ
уақытша су қоймаларында, қашыртқы суларда
қоректенеді. Қуыршақтану орны –күріштің тамыры,
жапырағы, сабағы және арамшөптер.
Дернәсілдің жаппай қуыршақтану мерзімі –мамырдың
соңы маусым айының бірінші онкүндігі, екіншісі – маусым
айының соңынан –шілденің бас кезіне сәйкес келеді.
Жағалық
шыбының зақымдау фазасы –дернәсілі. Күрішке
келтіретің зияны дернәсілі. Күрішке келтіретін зияны –
дернәсіл күріш өскінінің тамырын кеміреді,
зақымдалған күріш көгі судың бетіне
қалқып шығады да күріш сиреп қалады. Екінші
ұрпақ дернәсілдері негізіненкеш егілген күріштіктерде
кездеседі.
Зияндылығы
күріштің түптену кезеңіне дейін жалғасып
айтарлықтай зақымдайды. Зиянкес дернәсілінің ең көп зақымдауы танап
дұрыс тегістелмеген жерлерде, тұқымды топыраққа
сіңірмеген және тұзды учаскелерде кездеседі. Экономикалық
қауіпті саны – 1 ш.м. 40 дана.
Күріш масасы - күріш
егілетін барлық облыс шаруашылықтарында кеңінен
тараған. Ересек масаның ұзындығы 2,5-тен 4-6 мм-ге дейін жетеді, түсі
сарғыш, қанаты түссіз болып келеді. Жұмыртқасы
сарғыштау- қоңыр түсті. Дернәсілінің
ұзындығы 6-8 мм-ге кейде 10
мм-ге дейін жетеді. Түсі ашық сары, басы қоңырлау.
Масаның
зақымдау фазасы –дернәсілі. Ол жапырақты, сабақты
жәнеөніп келе жатқан тұқымды зақымдайды. Дернәсіл
жапырақтың төменгі жағын кеміріп, тек беткі
қабығын қалдырады, нәтижесінде жапырақ
бұзылып жіңішке жіпке айналады және қурап қалады.
Арпаның үңгі шыбыны –астық тұқымдастар зиянкестері ретінде
жақсы таныс. Ресейде және алыс жақын жақын шет елдерде
бидайды, арпаны, сұлыны, атқонақты зақымдайды.
Күріш зиянкестері ретінде ол Жапонияда, АҚШ-тың Калифорния
штарында, Италияда белгілі. Кубанда, Қырым облыстарында , Өзбекстанда және Қазақстанда күріш
егістігін зақымдайды. Қыстап шыққан үңгі шыбынның ұшуы, сәуір айының
соңғы онкүндігінде байқалады. Үңгі
шыбынның дернәсілі
күріштің көктеу- түптену фазаларынан вегетация
кезеңінің аяғына дейін жалғасады.
Шаянтектестер - Ересек
дулығардың ұзындығы 30-35 мм, түсі
жасылдау. Денесі 32-35 сегменттен тұрады. 53-58 жұп аяғы бар.
Дулығардың жұмыртқасы қыстап шығады,
формасы шар тәрізді, қоңырлау-қызғылт
түсті. Дернәсілі күрішті суға бастырған соң
2-3 күнде пайда болады. Дулығардың
зияндылығы күріш өскінінің зақымдалуы
арқылы білінеді.
Лептестерия – денесінің екі бүйірі қатты қысыңқы,
астауша тәрізді. Ересегінің ұзындығы 9-10 см.
Лептестерия күрішті суға бастырған соң 2-3 күнде
пайда болады. Бір ұрпақта дамиды, даму кезеңі 18-20
күнге созылады. Лептестерияның зияндылығы –күріш
өскінінің тамыры топыраққа дұрыс бекімей
тұрған кезде өскінді жұлып, күрішті сиретіп
тастайды. Экономикалық зиянды шегі бір шаршы метрде 2 дана –дулығар, 60 дана
лептестерия болса зиянды деп
есептелінеді.
Зақымдау
сипатына байланысты жоғарыдағы зиянкестерді төмендегі
топтарға бөлуге болады.
1.
Тұқымды зақымдайтын зиянкестерге Cricotopus туысына жататын масалар
кездеседі.
2. Күріш
көгінің және жас өсімдіктің тамыр жүйесін
зақымдайтын жәндіктер мен шаян тектестер. Оларға:
жағалық сұр шыбын,
шаян, щитень және лептестерия жатады.
3.
Өсімдіктің түптену буынын және сабағын
зақымдайтын жәндіктер. Оларға сабақ жынды
көбелегі (мотылегі), күріш масасы, швед шыбыны және
бұзаубас жатады.
4. Жапырақты
зақымдайтын жәндіктер. Бұл топқа маса туыстарының
Cricotopus және Chironomus
түрлері, арпа минері, сабақ жынды көбелегі (мотылегі), азиялық шегіртке, кәдімгі
және тұқды топырақ летуниясы, Leucania sp Simyra
albovenosa Goeze, күңгірт жегі, Artrostenus fuiio Stev, астық
биті жатады.
5. Өсімдік
шашағы мен дәнін зақымдайтын жәндіктерге: Carpocoris
fuscispinus Boh Neottigiossa Ieporine L туысына жататын қандалалар, бітелерден: далалық, жіңішке
мұртты және қоңыр бітелер жатады.
Химиялық әдіс.
Күріш
ауыспалы егісіндегі күріш көгін зақымдайтын зиянкестерден
қорғау экономикалық зияндылық шегі қауіпті
болған кезде әрбір түрдің биологиясына
сәйкес жүргізіледі. Ерте
көктемде күріш тұқымын өңдеу жұмысы
жүргізіледі. Ол үшін төмендегі препараттар қолданылады.
БИ-58 40 пайыздық
мөлшері 0,5 л/т; Актеллик 500,
к.э. Селест Топ 312 с.к. екі мөлшерде 1,0 және 1,8 л/т. Бір тонна
тұқымға препаратпен қоса 8 литр су қосып араластырады.
Пайдаланылған
әдебиеттер:
1.Әбілдаева
Ж. Арал өңіріндегі күріш ауыспалы егісі
дақылдарының аурулары мен зиянкестері және олардан
қорғау жүйесі. Қызылорда, 2012 жыл, б. 47-80.
2.Әбілдаева
Ж. т.б. Күріш ауыспалы егісінде өсімдік қорғау
жүйесін әзірлеу және жетілдіру технологиясын өндіріске
енгізу жөніндегі ұсынымдар. Қызылорда, 2012ж.
3.
Әбілдаева Ж., Бәкірұлы Қ., Шермағамбетов К. Күріш
ауыспалы егісіндегі дақылдардың зиянкестері, аурулары, арам
шөптері және олардан қорғау шаралары. Қызылорда,
Тұмар 2007 ж.