1.                БИОЛОГИЧЕСКИЕ НАУКИ. Ресурсоведение и интродукция растений.

Муканова Ф.Т.

Ғылыми жетекшісі: Кабдрахманова А.К.

І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті,К азахстан

ҚОРШАҒАН  ОРТАНЫҢ  ҚОЛАЙСЫЗ  ФАКТОРЛАРЫ ЖӘНЕ  ӨНДІРІС ҚАЛДЫҚТАРЫНЫҢ БАЛА АҒЗАСЫНА ӘСЕРІ

 

Қазіргі күнге дейін денсаулық деген түсініктің біркелкі алынған дәлелді анықтамасы болмағандықтан, адамдардың денсаулығына дұрыс баға беру біршама қиындық туғызады. Сонымен қатар, денсаулық дегеніміздің өзі тек қана биологиялық емес, әлеуметтік категория, сондықтан оны әлеуметтік қызметтің толық бағалы, дұрыс орындалу мүмкіндігі деп те түсінуіміз қажет.

Балалар денсаулығының  қалыптасуына  әсер ететін көп  факторлардың  ішіндегі  маңыздыларының  бірі  сыртқы  қоршаған  ортаның  әсері. Қазіргі заманда  дамыған елдердің  көбінде  экологиялық  жағдайдың  қиындағаны байқалады, әсіресе халық  тығыз орналасқан  ірі  қалаларда бұл  мәселе  айқын көрініс табуда. Бұл  бүкіл әлем назарын аударып, алаңдатып  отырған  ең  күрделі  мәселеге айналуда.

Адам баласының  денсаулығына  аса қауіп  төндіретін  сыртқы  ортаны  ластаушылар  қатарына  биологиялық  әсер ету  өрісі  кең – ауыр металлдар жатады. Ауыр металдардың (қорғасын, кадмий) ағзада  көп жиналуы  қан түзу  үрдісін әлсіретіп, ОЖЖ-нің дамуын баяулатады, бүйрек және сүйектің зақымдануына әкеледі. Әртүрлі  қолайсыз  экологиялық  факторлардың  дәуір әсер етуінің нәтижесінде,  соның  ішінде  бірінші кезекте сапасыз  судың  жүкті  әйел мен жас нәрестелерге әсері  олардың басқа кезде мобильді  және  мықты болып  келетін  эндокриндік,  иммундық, қан  түзілу жүйесі  және  басқада  жүйелерін  зақымдайды.

Талдықорған қаласының және Алматы облысы, Кербұлақ ауданы, Көксу ауылының 14-18 жас аралығындағы мектеп оқушыларының физикалық дамуына қоршаған ортаның  қолайсыз факторлары мен өндіріс қалдықтарының әсер ету дәрежесін антропометриялық көрсеткіштері  арқылы зерттеу жүргізілді.

1-сурет. Өндіріс қалдықтарының, транспорт түтінінің қоршаған ортаны ластауы

 

Қала балаларының  денсаулығы атмосфераның, судың, азық- түлік  өнімдерінің  күнделікті  қажетті  заттардың өнеркәсіп пен транспорттың  қалдықтарымен ластануы (1-сурет), электромагниттік өріс, шу, ауаның  ионизациялануы, тұрмыстың  химияландырылуы, шектен  тыс  көп  ақпараттардың  ағыны,  гиподинамия, зиянды әрекеттердің көп  таралуы-осылардың  барлығының   әсерінен  нашарлайды.

Атмосфералық  ауаның  және  тұрғын  ғимараттардағы  ауаның ластануына  байланысты  бронх  демікпесінің  таралуын зеттеген  кезде  ауыру  ағымының  ауырлағандығы мен  аурудың балаларда  жиі  кездесе  басталғандығы  анықталған . Ауырудың  ауыр  ағымы 55,2% ауруда анықталған  болса, соның  негізгі бөлігін  36,6%-ын балалар  құраған.

Балалардың  ауырушаңдығын  зерттеген  кезде  тыныс алу  ағзалары аурулары  ластанған аумақтарда  тұратын  балалар арасында  2-2,5  есеге дейін  жиі  кездесетіндігі  белгілі.

Қоршаған  ортаның  қорғасынмен  ластануынан  денсаулыққа   төнетін  қауіпті  бағалаудың  әдістемелік  ерекшеліктерін ескере отырып, ресейлік  ғалымдар қорғасынмен  ластану қауіпі  бар  деген  аймақта 124 баланың  қан сынамасын  жасау арқылы  зерттеу  жүргізген. Қан  құрамында қорғасынның  үлес салмағы  10мкг/дл  артық балалар  48% -ды құраған.

Қоршаған ортаны ластаушы  заттардың  негізгі бөлігі түсті және  қара металлургия, жылу энергетика,  мұнайгаз  өнеркәсіптері  және  әскери-өндірістік  кешендерден түседі. Өндіріс  қалдықтарын   тазартатын  қондырғылардың  тиімсіздігінен  қала  және өндірістер мен өнеркәсіптер маңындағы  атмосфералық ауаны ластайды .

Талдықорған  қаласында   аккумлятор  шығаратын  «Қайнар» зауыты бар. Ол  көптеген жылдар бойы жүмыс істеп келеді. Бұл завод табыс көзі болғанымен  адамға зиян жақтары да  көп. Зауыттан бөлініп шығатын өндіріс қалдықтары, немесе химиялық элементтер мен қосылыстар   адам организміне   зиянын тигізеді. Ол  атмосферадағы ауаның  ластануына алып келеді.

Тальк – ақ-сары жылтыр, тығыз минерал. Тальк көп мөлшерде бөлінетін болса өкпе пневмокониоз  пайда болады. Талькты  қыз балалар  қолдануы  жатыр ісігін  туғызуы мүмкін. Арсин  жоғары  токсинді газдар, олар қанның қызыл түйіршіктерін жояды. Арсин мышьякты сутегі – түссіз газ. Арсиннің  максимальді қауіпсіз мөлшері – 0,3 мг/м3. Улану   газды   иіскегеннен  кейін 3-5 сағат аралығында басталады, бас ауыруы, жүрек айнуы, құсу, ауыз кебуі, бауырдың үлкеюі, қандағы  гемоглобинниң  мөлшері  50-33 гр/л. Зәрде  ақуыз  эритроциттер байқалады. Анемия 1-2 аптаға дейін созылады. Кей  уақытта  өлімге алып  келеді (8- кесте).

Кесте 8. Қалыпты және  патологиялық  жағдайдағы  адам  ағзасындағы  гемоглобиннің мөлшері:

Гемоглобиннің  қалыпты мөлшері

1-ші дәрежелік анемия, жеңіл түрі

2-ші дәрежелік анемия, орташа түрі

3- дәрежелік анемия, ауыр түрі

Ер адам  130 -150 гр/л

 120-90  гр/л

90-70 гр/л

70 гр/л-ден төмен

Әйел адам  120-140 гр/л

110-80  гр/л

80-60  гр/л

60гр/л-ден төмен

 

Қорғасынсұр түсті, ауыр, өте улы металл. Қорғасынның қандағы  қауіпсіз мөлшері -  0,5 -5,0 мкг/дл. Қорғасынның қандағы  қауіпті мөлшері – 10-20мкг/дл. Қорғасынның өлімге алып келетін мөлшері-  45мкг/дл. Улану кезінде іш ауыру, естен тану, сіресу белгілері пайда болады. Балаларда  мидың қабынуын  ақыл есінің жетіспеушілігі.

Күкірт қышқылы (КҚ) түсімен  иісі  жоқ ерітінді болып табылады.  Күкірт қышқылын пайдалану минералды тыңайтқыштарға, қорғасынды  аккумляторларға, бояуларға, мұнай өндірісінде, тамақтану өндірісінде (эмульгатор) Е 513.Күкір қышқылының атмосферадағы мөлшері 0,3 мл/м2  Максимальды  мөлшері -0,1 мл/м2. Зиян келтіру мөлшері - 0,008 мл/л, өлімге  әкелетін мөлшері- 0,18 мл/л. КҚ-ның  буымен  улану кезінде кеңірдек, өңеш, көз  күюуі.КҚ – ның ішке түскенде  қан  құсу, тыныс алудың  тарылуы, бер әлпетінің көгеруі, жүрек қан –тамыр жүйесінің әлсіреуі. КҚ-ның ішке түскендегі  өлімге әкелетін мөлшері- 5 мл.

Талдықорғаннан  70 шақырым  жердегі таулы Текелі  қаласында  орналасқан  қорғасын- мырыш  зауыты  болды. Ол зауыт қорғасын, мырыш металдарын қолданып, өндірісте көп пайдаланған.

Мырыш -  көкшіл түсті, жұмсақ металл. Цинк металлдардың  коррозияға ұшырауын болдырмайды. Өндірісте металл күйінде  қолданылады. Оның  ағзаға түсуі екі түрлі  болуы мүмкін: тыныс жолдары (цинк буы), асқазан ішек жолдары (цинк ұнтағы). Аз мөлшерде  бас ауру, тәбеттің болмауы, іштін қатуы  сияқты  белгілер береді. Көп  мөлшерде  0,5 гр   жүрек айну,  құсу, асқазан  жарасы, бүйрек  жетіспеушілігі  сияқты  ауырулар пайда болады.  Цинктың   атмосферадағы максимальді   мөлшері  5млг/м3  (9- кесте).

Кесте  9. Кейбір өндірістік  металдардың  адам ағзасына әсері.

Металл

Ортаға түсу көздері

Ортадағы мөлшері

Адам ағзасына  түсуі

Ауыру түрлері

1

Кадмий

Түсті металлдарды  балқыту, тыңайтқыштар пестицидтер, кен орындары

Өнеркәсіпке жақын ауада 0,5 мкг/м3,қалада 0,02 /370 мкг/м3

Сумен (0,01мг/л), тамақпен ауамен

Бүйрек ауырулары, бездердің ісік ауырулары .

2

Сынап

Пестицидтер, органикалық отынды жағу

 Ауада 0,05 мкг/м3 тұщы суда 0,2, теңіз суында 0,3 ластанған суда 0,5 мкг/м3

Сумен 0,001 мл/л, ауамен , сынап буы, тамақ.

Интоксикация, парез, паралич, балалардың  психикалық ақаулары.

3

Мыс

Мыстан жасалған өнеркәсіп өнімдері

Жезден жасалған электротехникалық  бұйымдар, ыдыс-аяқ , химиялық заттар

Су мен тамақ

Интоксикация,  анемия, токсикалық гепатит,

4

Қорғасын

 Металлды  балқыту ішкі жану  двигательдері

аккумлятор завод құбырлары, ауа  тапырақ

Суда 10 мкг/л, теңіз суында  7 мкг/л,тыңайтылған топырақта 820  мкг/л

Ауамен 0,01-2 мкг/л, сумен 0,1 мкг/л, тамақпен.

Интоксикация, жүйке жүйесі, бауыр, бүйрек, тістер, жыныс мүшелерінің жұмысының бұзылуы.

 

Қала   экологиясының  басты проблемасы көліктік  қалдық  газдар (КҚГ) (выхлопные газы). Адам ағзасына КҚГ-нің  зиянды әсері. Азот оксиді – улы газ. Көмірқышқыл  газдары мен азот оксиді  қосылып  қышқылды  қосылыстар  құрайды. КҚГ құрамында  бензпирен, антрацен бар.

Бензпереннің химиялық  құрамы С20 Н12 қатты сары  түсті  кристаллдар.Сақталуы  су мен  топырақта  деполанып  кез-келген  өсімдіктің  құрамына енеді. Бензперен канцерогенді зат,адам организміне  тері  ас қорыту  тыныс алу  жолдары  арқылы  енеді. Бензпереннің  ауадағы  максималды  қауіпсіз  мөлшері -0,1 мкг/100м3  топырақтағы  максималды  қауіпсіз  мөлшері - 0,02 мкг/кг.

Антрацен химиялық  формуласы С14 Н10 тығыздығы 1,25 гр/см3. Түссіз  кристалл, адамға  зиянды әсері бензпиренге ұқсас. Сонымен қатар  КҚГ құрамында күкірт  оксиді тетраэтилқорғасын  бар. Химиялық  формуласы (С2Н5)4Рb.  Адам ағзасына  зиян әсері. Сұйық зат 0 градус  температурада газға  айналады, сөйтіп  тыныс алу  жолдарына енеді. Және де  сау  тері  арқылы енуі  мүмкін. Улану  кезінде  жүйке жүйесіне әсер етеді. Ұсақ қан  тамырларда  қан  құйылуы, ойлау қабілетінің төмендеуі, қан қысымының  төмендеуі  брадикардия  байқалады .

КҚГ - көлік қалдық газдары. Бұл көрсеткіш қала аумағындағы   көліктердің көп болу себебінен, КҚГ-ры көп мөлшерде атмосфераға  тарағандықтан бензперин,  антрацен, тэтраэтилқорғасын  сияқты  улы заттар тыныс алу жүйесінің жұмысын тежейді, соның  әсерінен өкпенің  физиологиялық  дамуы  төмендейді. Бронхит, пневмония, гайморит, демікпе, ренит секілді аурулар қала тұрғындарының  арасында  көбеюде. Арсин  жоғары  токсинді газдар, олар қанның қызыл түйіршіктерін жояды. Арсин мышьякты сутегі – түссіз газ. Арсиннің  максимальді қауіпсіз мөлшері – 0,3 мг/м3. Қорғасынмен улану  қан қысымын  төмендетеді, себебі қан эритроциттерінің  санын  азайтады. Қорғасынның қандағы  минималды қауіпсіз мөлшері - 0,5 -5,0 мкг/дл. Қорғасынның қандағы  орташа қауіпті мөлшері - 10-20мкг/дл. Қан қысымының  физиологиялық  өзгерістері  байқалады. Сонымен  қатар  созылмалы  бүйрек, бауыр аурулары  қала балаларында жиі орын алған. Талдықорған қаласының оқушылары  төмен деңгейдегі  арсинмен және  қорғасынмен  улану белгілері байқалады  деп  болжам  жасауға болады.

Тәжірибе нәтижесін талқылау:

Ауыл және қала мектебінің жоғарғы сынып оқушыларының физикалық дамуына қоршаған ортаның  қолайсыз факторлары мен өндіріс қалдықтарының әсер ету дәрежесін антропометриялық көрсеткіштері  арқылы анықтау жүргізілді.Алынған көрсеткіштерді салыстыру арқылы физикалық даму ерекшелктері айқындалды.

Қорытынды:

Қала балаларының тері жамылғысының  нәзік, қан айналу жүйесінің әлсіздігінен бет терісі бозғылт тартып тұрды. Әр түрлі көз аурулары (алыстан нашар көру), ас қорыту жолдары аурулары, қан қысымы ауытқушылықтары, тонзиллит, гастрит, анемия, бас миының шайқалуы, жүрек аурулары, пиелонефрит, сколиоз, отит  аурулары және диабет, қан құрт (кариес) аурулары көп кездесті. Ауылда және қала оқушыларында йод тапшылығы  әсерінен  қалқанша безі жұмысы бұзылып аритмия, тершеңдік, әлсіздік байқалды. Тері асты майларының мөлшерден тыс жиналуы байқалады. Сонымен  қатар  созылмалы  бүйрек, бауыр аурулары  қала балаларында жиі орын алған. Талдықорған қаласының оқушылары  төмен деңгейдегі  арсинмен және  қорғасынмен  улану белгілері байқалады  деп  болжам  жасауға болады.

Қолданылған әдебиеттер тізімі:

1.                 Қуатбаев Т. Жалпы экологогия.  Алматы,  2008.

2.                 Демеуов Ж.Д., Байназарова Б.Я.,  Алиакбарова З.М., Бекетаев А.М. Мектеп  балаларының анатомиясы, физиологиясы  және гигиенасы. Алматы,1995.

3.                 Сағынбаев Г.К. Экология негіздері.Алматы, 1995.

4.                 «Экология және табиғатты қорғау» ғылыми баспа  бағдарламасының ғылыми жетекшісі, профессор А.Қ. Құсайынов. Алматы: Мектеп баспасы, 2002.