ҰЙЫМДА АЛҒАШҚЫ ЕСЕПТІ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ТӘЖІРИБЕЛІК АСПЕКТІЛЕРІ

 

Абдыхалыкова К

«Мирас» университетінің студенті

Мамырова А.

М.Әуезов атындағы ОҚМУ-дің магистранты

 

Алғашқы есепке алу – уақыт бойынша қайталатын жинақтау, өлшеу, тіркеу, жинақтау, сақтау ақпараттармен қамтамасыз етудегі ұйымдастырылған процес болып табылады, ал автоматтандырылған басқару жағдайында – оны мәліметтерді алғашқы өңдеуге бағыттау. Ақпаратты алғашқы өңдеу дегеніміз – шаруашылықты операцияларды сипаттайтын деректі белгілері бойынша сандық мәліметтерді дифференциалды түрде жинақ болып табылады. Алғашқы есепке алу - кәсіпорында болып жатқан шаруашылықты процестермен құбылыстарды сипаттайтын жекелей операцияларды тіркеумен жүйелі қабылдаудың Алғашқы кезеңі. Оның объектілеріне: дайындау, материалды қорларды алу және шығындалу, жанар май энергетикалық қорларды қолдану, уақытты нормалау , жұмысшылардың уақыттарын есепке алу өндіріске жұмсалатын шығындар, жартылай фабрикаттар қозғалысы және бітпеген өндірістің қалдықтары , шығарылатын көлемі, оны түсіру мен тарату, сату, жабдықтаушы және сатып алушылармен есеп айырысу жатады. Осы салалар бойынша шаруашылықты процестермен құбылыстар, алғашқы мәліметтер толық есепке алу құжаттарында тіркеледі.

Алғашқы есептің қазіргі есеп жүйесіндегі орны мен маңызы бойынша шетелдік және отандық ғалымдардың ғылыми еңбектеріне шолу жасай тырып, орыс ғалымы Р.А.Алборовтың пікіріне тоқталсақ, «Құжат – жазбаша дәлел, куәландыру. Ол, шаруашылықты операцияларды орындауға, оның жүргізілуімен аяқталуы туралы мәліметтер жинақтап беруге жазбаша бекітіледі»-деп келтіреді.[1]

Ал оның пікірімен басқа авторларда келіседі, мысалы Артеменко В.Г. : «Алғашқы құжаттама – шаруашылық операцияларын орындау кезеңінде жинақталып жазылатын , хатталатын бухгалтерлік құжат болып табылады. Алғашқы құжаттама – шаруашылықты операциялардың орындалғаны жөніндегі заңдылығын қуаттап көрсетеді. Ол шаруашылық операциялардың орындау барысында жекелей орындаушылардың жауапкершілігін бекітеді»-дейді.[2]

Бір қатар кәсіпорындарда , ақпараттарды жинақтау өңдеу бойынша жекелей механикаландырумен автоматтандыру жүйелері енгізілген. Алғашқы есепке алуды интегралданған сала және бірыңғай экономикалық есепке алу бағытында бөліп қарастыру – деректі ақпараттарды интегралданған жүйесін құрудағы шарт болып табылады. Алғашқы есепке алудың ьөменгі деңгейлері оның нашар бағытта ұйымдастырылуы ақпаратты деректерді өңдеу жүйесінің дамуына әсер етеді.

В.Ф. Палий және Я.В. Соколов мынадай анықтама береді. «Алғашқы есепке алу  шаруашылық операциялар жайындағы мәліметтерді сипаттайтын ақпараттарды өлшеу тіркеудегі ұйымдастырылған жүйені сипаттап көрсетеді.» Алғашы есепке алу жүйесінде құжаттанудың өзгеруі -  құжаттар айналымы категориясына әсер етеді .[3] 

Құжаттар айналымы дегеніміз – барлық жалпылай бухгалтерлік құжаттардың құрылуы, есепке алыну кезеңінен бастап архивке тапсырылған кезеңіне дейіңгі мезгілде тексеру, өңдеу және есепке алудың ұйымдастырылған жүйесін сипаттайды. Алғашқы есепке алудың жүйесі – шаруышылықтыорындалатын операциялар бойынша құжаттар айналымының бір элементі ретінде есепке алынады. Олар қолменен немесе жартыла й механикаландырылған формада хатталады. Алайда автоматталандырылудың проблемасы қарапайым құжаттардың қолданылуында емес , олар алғашқы құжаттың автоматтандыру проблемасын шеше алмайды. Осы құжаттардың орнына машиналық тасымалдағыштар немесе тікелей техникалық құралдар қолданылуы қажет. Сонымен қатар, электрондық есептеуіш машиналарына енгізілетін деректі ақпараттар өз тасымалдағыштарында бір рет, машинаның жадысында екі рет есепке алынуы тиісті.

Бірқатар өндірістік кәсіпорныдарда алғашқы есепке алу технологиялық процесті ендіру параметрлерінен түйіндескен түрде болады. Технологиялық процестегі бірқатар параметрлардың ауытқуы алғашқы есепке алу барысында жинақталған ақпараттар негізінде сипатталады, яғни алғашқы есепке алу, тек қана шаруашылықты операцияларда батапқы кезеңде қабылдау, өлшеу, тіркеу қызметтерін ғана орындап қана қоймай, сонымен қатар, алшақтау себептерін анықтай алатын бақылау қызметтерінде орындайды. Осы кезеңде алшақталу жергілікті факторлар бойынша (температураны, қысымды, ортаны және т.с.с. өлшеу) тіркеледі.

Отандық ғалымдардың ғылыми еңбектерін зерттеу нәтижесі келесі авторлардын пікіріне сүйендіреді: Дүйсембаева З.К., Ержанова С.М. «Алғашқы есепке алудың ішкі жүйесінің маңыздылығы тек қана алғашқы ақпараттарды тіркеп өлшеп қана қоймай, сонымен қатар  бухгалтерлік есеп тұрғысында ішкі жүйелі кері байланысты қамтамасыз ету».[4]

 Өндірісті технологиялық процесті автоматты басқару жүйелерінің қызметтеу жағдайларында “алғашқы есепке алуішкі жүйесіндегі банктың ғылыми ұйымдастыруы мына төмендегідей негізгі принциптермен сипатталуы тиісті:

- Алғашқы  есепке алу нарықтық экономикада ерекше орын алады және ол жекелей беталысты жүйелерді сипаттайтын (басқару, өндіріс шаруашылықты іс - әрекеттері ) қажетті ақпараттармен қамтамасыз ете отырып әрбір есепке алу түрімен тығыз байланысқан.

-Алғашқы есепке алу, есепке алудың барлық түрінде тіптен ол бухгалтерлік болсын, оперативті және статистикалық болсын алғашқы ақпараттармен негізгі “жабдықтаушы” “тасымалдаушыболып табылады, сонымен қатар кәсіпорынның басқару және қаржылық іс - әрекеттерінде талдау жасау үшін қолданылады.

- Алғашқы тіркеу, есепке алу деректері жоспарлау барымсында қолданылады.

-   Алғашқы есепке алу жүйесі, бухгалтерлік есепке алу учаскелеріне тікелей байланыста, материалдық қорлар еңбек жалақыларын өндіріске жұмсалатын шығындарды, дайын өнімді , оның тасымалдануымен сатылуын есепке алып жүйелейді .

-   Алғашқы есепке алуды құру өндірісті, еңбек түрлерін ,  басқарудың механикалық процестерін ұйымдастыру ерекшеліктеріне байланысты.

-    Алғашқы есепке алу басқару жүйесінің ерекшеліктерін сипаттай көрсете отырып, басқару жүйелерімен кері байланысты қамтамасыз етеді.

-  Алғашқы есепке алудың ақпараттары экономикалық көрсеткіштерді қалыптастыруға қолданылатын банк деректерінің құрамасы бөлімі болып табылады.

-  Алғашқы құжаттар орындарында құралған, алғашқы ақпараттардың машиналық тасымалдағыштары деректерді өңдеу жүйелерін интнгралдауда қолданылып, электронды есептеу машиналарында қажетті ақпараттар алу үшін қызметтеледі.

-  Кәсіпорындардв қолданылатын алғашқы құжаттар толық жүйеленіп үйлесуі тиісті .

-   Алғашқы есепке алудың деректері басқарудың тиісті қызметтерімен (цех, өндірістер, учаскалар) оптималды, оңтайлы басқару шешімдерін қабылдап, өндірістің тиімділігін көтеру мақсатында қолданылуы тиісті.

Сонымен қатар материалды шикізатты энергетикалық, еңбек және қаржылық қорларды тиімді, ұтымды қолдану мақсатында. “Алғашқы есепке алуішкі жүйесінде деректерді кодтаудың бірыңғай жүйелері қолданылуы тиісті. Осы аталған негізгі принциптерді іске асыра отырып, оның орындалуын қамтамасыз ету, өндіріс және технологиялық процестерді автоматты басқару жүйелерін қызметтеу саласында алғашқы есепке алудың ғылыми ұйымдарын құруға мүмкіншілік береді. Кәсіпорындарда қолданылатын есепке алу құжаттары, ереже бойынша, бекітілген тиісті формасы типтік бланкаларда құралады.

 

Әдебиеттер:

1.      Алборов Р.А. «Өнеркәсіптік сауда АПК ұйымдарындағы аудит»: Оқу құралы., 2004ж.

2.      Артеменко В.Г. «Қаржылық анализ»: Оқу құралы - «ДИС» басылымы - 2008ж.

3.      В.Ф. Палий, Я.В. Соколов Бухгалтерский управленческий учет : Учеб, для вузов. М:Юристь, 2003

4.      Дүйсембаева З.К., Ержанова С.М. «ҚР-ның кәсіпорында есеп саясаты»-Алматы -1999ж.