Түрлі
әдіс-тәсілдерді пайдалана отырып оқушылардың тарих
пәніне деген қызығушылығын арттыру жолдары
О.А.Даулетқалиева
Орал
қаласы, №14ЖОББМ-тің тарих пәні мұғалімі
«Еліміздің ертеңі -
бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал жас
ұрпақтың тағдыры-ұстаздың қолында»
деген елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың сөзі, біздің
ұстанатын өмірлік қағидамыз болу керек. Яғни жас
ұрпақты тәрбиелеу мен білім беруде мұғалімдер
қауымына ерекше жауапкершілік пен міндет жүктеліп отыр. Соның
бірі патриоттық тәрбие беру мен дүниетаным қалыптастыруда
тарихшы мұғалімдердің орны ерекше.
Тарих – мектептегі оқу пәні ретінде жалпы
негізгі білім беретін барлық гуманитарлық және
қоғамтанушылық курстардың негізін құрайды.
Тарих ұлттық өзіндік сана-сезімді және
адамгершілік-этикалық нормаларды қалыптастыра отырып,
оқытудың дүниетанымдық негізін қалыптастырады.
Тарихтың басқа пәндермен өзара байланысы талдау,
жинақтау сияқты ортақ логикалық таным әдістерін
қолдануға мүмкіндік береді.
Тарихқа деген қызығушылығын
арттыру үшін сапалы білім берудің тиімді жолдарын таңдау,
тарихи және мәдени мұралармен таныстыру, қосымша
элементтерді пайдалану мен тарихи деректерді оқып үйренуге
дағдыландыру, баяндама, рефераттар, хабарлама жасату, өз бетінше
оқып білім алып, шығармашылықпен айналысуына жағдай
жасау сияқты жаңа педагогикалық технологиялар мен
инновациялық бағыттарды, әдістер мен тәсілдерді
енгізудің маңызы өте зор.
Мұғалім бұрын жаңалықтың жаршысы, білім
нәрін өзі айтып қана жеткізуші, ал оқушы
тыңдаушы, дайын білімді тыңдап қайталаушы болды. Қазір
бәрі өзгерді. Оқушы - өздігінен ізденетін,
шығармашылық әрекеттер жасайтын жеке тұлға.
Мұғалім - нақты бағыт сілтеп, оқушы еңбегін
ұйымдастырушы, бақылаушы.
Оқу сапасын арттыруда, оқушылардың
өзіндік жұмыстарын ұйымдастыруда әдіс-тәсілдерді
мейлінше түрлендіріп отырған дұрыс. Осы бағытта
мектебімізде жұмыс қарқынды жүргізілуде. Түрлі
әдіс-тәсілдерді пайдалана отырып сапалы білім, саналы тәрбие
беруде сабақтың тиімді түрлерін пайдалану оқушы
белсенділігін артыруда зор маңыздылығын айта келе, өз педагогикалық
қызметімде пайдаланып жүрген білім беру технологияларына,
оқушының есте сақтау, тез ойлау қабілеттерін артырып,
белсенділігін дамыту үшін пайдаланып жүрген тапсырмаларыммен
бөліспекпін. Сабақ барысында
«Дұрыс жауабын тап», «Тарихи
диктант», «Термин сөздермен жұмыс» «Сын тұрғысынан
ойлау және жазу» әдістерінің «Негізгіні тап», «Белгі
қойып оқу» стратегияларын көп пайдаланамын.
1-тапсырма.Тарихи сынақхат.
1. «Бай болсаң, халыққа
пайдаң тисін.
Батыр болсаң, жауға найзаң тисін.
«Әйтеке би»
2.Жаңбыр жаумаса жер жетім,
Басшы болмаса ел жетім,
Ұқпасқа айтқан сөз
жетім...
Көре алмаған көз жетім «Төле
би».
3.Қазақтарда қолбасшы,ерлігімен
көзге түскен адам – (Батыр )
4.«Дарабоз батыр» атанған батыр –
(Қабанбай ).
5.Ұлы жүздің ішіндегі шапырашты
руынан шыққан батыр- (Наурызбай ).
6. Әйгілі қазақ билері жасауға
қатысқан заң? ("Жеті жарғы").
7.Ташкент қаласында жерленген би? ( Төле
би).
8.Кіші жүздің биі кім? (Әйтеке би).
9.Төле би қай жылдары өмір
сүрді? (1663-1756 жж.).
2-тапсырма."Тарихи бас қатырғыш" Бұл тапсырмада
топқа сұрақ беріледі". Оқушылар адасқан
әріптердің орнын тауып сұрақты дұрыс оқып,
жауабын табулары керек.
1. ӨЛТЕ би қай жылдары өмір
сүрді? (ТӨЛЕ би 1663-1756 жж.)
2. АЗҚЫКБЕ би қай жылдары өмір
сүрд? (ҚАЗЫБЕК би 1667-1764 жж)
3. Әйгілі қазақ РІЛЕИБ жасауға
қатысқан заң? (Билері, "Жеті жарғы")
4. ӘУТЕК ханның тұсында
Қазақ хандығының астанасы қай қала болды?
(Т ӘУКЕ, Түркістан)
5. ЕКТЕЙӘ би қай жылдары өмір
сүрді? (ӘЙТЕКЕ 1682-1766)
6. ТШАКЕТН қаласында жерленген би? (Ташкент,
Төле би)
3-тапсырма. Сөзжұмбақ
шешу. Бұл тапсырма түрі - оқушылардың өткен
тақырыпты қорытындылай отырып, жаңа сабақтың
тақырыбын шығару барысында тиімді.
1. «Қасқа жол» атанған заңдар
жинағын шығарған хан
2.Ханның мұрагері
3.Керей мен Жәнібектен кейінгі қазақ
ханы
4.Алаша ханның ұрпағы б.з.б.
мыңжылдық – б.з. мыңжылдығы аралығында ел билеген
хан.
5. Қазақ хандар әулетінің
арғы атасы
6.Жеті Жарғы» заңдар жинағы қай
ханның есімімен байланысты
7.Хандықтың басшысы
8. Қазақ хандығы
құрылған кездегі тұңғыш қазақ
хандарының бірі
4-тапсырма. Шешендік сөздерге қарап, авторын табу.
Бұл тапсырманың ерекшелігі – оқушылардың ойлау
қабілеттерін арттырса, есте сақтау дағдыларын
қалыптастырады.
1. «Бай болсаң, халыққа пайдаң
тисін.
Батыр болсаң, жауға найзаң тисін.
«Әйтеке би»
2. Жаңбыр жаумаса жер жетім,
Басшы болмаса ел жетім,
Ұқпасқа айтқан сөз жетім...
Көре алмаған көз жетім «Төле би»
3. Үй жанында биік төбең болса,
Ол
ерттеулі аттан кем емес,
Отбасыңда
білгір қартың болса,
Ол
жазылған хаттан кем емес
Біз,
қазақтар керіспейік
Ренжісу
бізге жөн емес. «Қазыбек би»
5-тапсырма. Жасырын сөздерді тап. Оқушылардың
есте сақтау қабілеттерін арттырады.
1.Қазақ әскерін 50 жылдан аса
уақыт басқарған, 100 – ден астам жорыққа
қатысқан батыр- (Бөгенбай )
2.Қазақтарда
қолбасшы,ерлігімен көзге түскен адам – (Батыр )
3.
«Дарабоз батыр» атанған батыр – (Қабанбай )
4.
Ұлы жүздің ішіндегі шапырашты руынан шыққан
батыр- (Наурызбай )
6-тапсырма. "Кім жылдам?" Сұрақ-жауап
беріледі, бірінші болып қол көтерген оқушы жауабын айтады.
1.
Төле би неше жасында дүниеден озды? (93 жасында)
2.
Болмас іске қарыспа,
Біреуге
ор қазыспа
Жауыздық
іске барыспа. Кімнің нақыл сөзі? (Төле би)
3.
Қазыбек би өзінің мәмілегерлік қызметін неше
жасынан бастады? (18 жасынан)
4.
“Жеті жарғы ” қай ханның тұсында жасалды? (Тәуке)
5.
"Құн" деген не? (ең көп тараған
жазаның түрі, құнатақты адам, кедей, мырза немесе
құл болуына
қарай өзгеріп отырған. Би шешімі бойынша –жауапкердің
келісімі арқылы жаза жеңілдетіліп,
қылмыскер белгілі мөлшерде құн төлеп,
өмірін сақтап қалатын болған)
6.
Ұлы жүздің биі ? (Төле би)
7.
Қазыбек би барған Жоңғар хандығының
қонтайшысы кім? (Цеван Рабдан)
8.
Әйтеке би кімдердің тәрбиесінде болған?
(Жалаңтөс батыр мен Ақша ханның)
9.
Қабанбай батырдың шын есімі? (Ерасыл)
10.
Қазыбек би Жоңғар хандығына барып, қай ханды
босатып алды? (Абылай)
7-тапсырма. «Портреттер
сөйлейді» (көрсетілген
фотосуреттегі адамның аты-жөнін атап, өмірбаянына
тоқталу)
8-тапсырма. «Бұл кімнің сөзі?» қайталау
және қорытынды сабақтарда бұл тапсырма арқылы оқушылардың
есте сақтау қабілеті тексеріледі. (мәнерлеп оқи
отырып, топшамада берілген мәтіннің кімнің сөзі екенін
анықтау) т.с.с.
9-тапсырма. «Иә», «жоқ» ойыны арқылы
оқушылардың өз-өзіне, алған біліміне деген сенімі
арта түседі Егер оқушы қойылған сұрақтың
жауабын білетін болса, «иә» немесе «жоқ» деп ойланбастан
нақты жауап бере алады.
10-тапсырма. Тест. Оқушылардың танымдық
қабілетін, есте сақтау дағдыларын қалыптастыруда тест
әдістерін қолдану басты рөлдердің бірі болып саналады. Оқушылар
білімін тексеруге арналған тест жүйесі белгілі бір тақырыпты
не тарауды қорытындылау не
пысықтау кезінде жүзеге асырылады.
Жалпы сабақ барысында түрлі
әдіс-тәсілдерді, тапсырмаларды қолдану арқылы төмендегідей
қорытынды шығардым:
1.Оқушылардың пәнге қызығушылығы артады,
құлшыныс, жігерін оятады;
2.Шығармашылық қабілеттері артады;
3.Өз күш-жігеріне сенімділік, ширақтық пайда болады;
4.Жылдам ойлауға машықтанады, білім сапасы артады;
5.Пән бойынша жақсы нәтиже көрсеткішіне жеткізеді.