«Тарих» пәнінің oқытушысы
Әлсейітова Ж.Ш.
Тaлдықopғaн Aгpoтeхникaлық
кoллeджі
ТӘУЕЛСІЗДІК –
БҰЛ АЗАП ПЕН ТӨЗІМНІҢ, ХАЛЫҚТЫҢ САН
ҒАСЫРЛАР БОЙЫ ЕРКІНДІКТІ АҢСАҒАН ШЫДАМЫНЫҢ ӨТУІ
«…Уақыт
қарқыны зымыран. Күні кеше өткен сияқты
уақиғалар бүгінде тарих беттеріне айналып та үлгірді.
Бұл жаңа мемлекет пен жаңа қоғамның
дүниеге келуінің азапты толғаққа толы, сонымен
бірге ғаламат сәті еді. Сол сәт әлі
аяқталған жоқ, бірақ ең қиын белестерден
аса білдік. Ең қиын жылдар дәл қазір артымызда
қалды, сондықтан да мен еліміздің еңсесі биіктей
беретініне сенемін.» ( Н.Назарбаев)
Міне, көзді ашып жұмғанша, осы жылы
Қазақ халқы тәуелсіздіктің 25 жылдығын
тойлайды. Тәуелсіздікке жету– оңай жолмен келген жоқ, ол
бәрімізге мәлім. Бұл қазақ халқының
ғасырлар бойы көздеген арман-мұраттарының орындалуы.
Тәуелсіз мемлекетке айналу, бізге үлкен
серпіліс, күшберді. Тарихи күш десе де болады. Біздің
өз еркімізбен алға ұмтылуға, мемлекет болып өркендеуге жол ашылды.
Тәуелсіз мемлекет бола салысымен, көптеген шұғыл сұрақтарға шешім табылды. Неше түрлі ауыртпашылық әкелген
Семейполигоны жабылды, Арал теңізі мәселесі шешілді, тарихимұра,
мәдениетіміз, қазақ тілі қайта жаңғыртылды, табиғи байлығымызды өз иелігімізге
қайтара алдық.
Қазір біз болашағымызға сеніммен қарай алатын, зайырлы, өркениетті, индустриалдық жаңғырту жолында жоғарғы қарқын мен дамып кележатқан мемлекетпіз.
Тәуелсіздікке дейінгі кезеңде өз жерімізде басымызды түсірдік.
Экономика, ішкі
және сыртқы саясатпенқатар, табиғи қорларымыз да, басқа мемлекеттің қарамағында еді. Солқиын-қыстау кезеңде, қазақ халқының сана-сезімі, намысы оянды. Жігерлі қазақ жастары өз жерімізде лайықты күнкөруге, өз анна тілімізді, мәдениетімізді құқылы қолдануға талпынды.
Бүгін міне, тәуелсіздіктің
25 жылдығы қарсаңында,
біз артқа карап, Кеңес Одағы кезеңіндегі тарихты,
сөзбен жеткізе алмайтын қиын өмірді еске алып жатамыз. Сонау Горбачёв бастаған қайтақұру кезеңі ұлттық
сана-сезімді оятты. Жаппай қазақ мектептерінің жабылуы,
қазақ тілінде шығарылған
газет-журналдар, мақалалар, кітаптардың сатылымнан жоғалуы, жоғарғы билеуші таптың
басымдылығы, біздің ержүрек, батыл,
намысшыл жандарымызды ызаландырды. Сөйтіп,халықтың ұлттық
мүддесі үшін күреске жол ашылды.
Тарихқа
көз жіберетін болсақ, Тәуелсіздік - 1986 жылғы
Желтоқсан оқиғасында аланға шыққан
жастардың ерік-жігері, ең алдымен барша қазақстандықтардың
арман-мұратының салтанат құруы. Патша дәуірінде
де, Кеңес Одағы кезінде де тәуелсіздікке деген ұмтылыс
халықтың едеуір бөлігінде қалыптасты. Біз бірнеше
жүз жыл отаршылдықтан кейін ХХ ғасырдың аяғында
қайта жаңғырған мемлекетпіз. Тәуелсіздік –
бұл азап пен төзімнің, халықтың сан
ғасырлар бойы еркіндікті аңсаған шыдамының өтуі.
Қазақстанның
тәуелсіз, егеменді ел ретінде танылғанына міне он тоғыз жыл
толып отыр. Тәуелсіздік сияқты ұлттық мерекені
бүгінгі таңда қазақ халқы жүрегімен сезінуі
керек. Тәуелсіз елдің ең басты тұғыры ол
қоғамның, сол мемлекеттегі жергілікті ұлттың
рухы, жігері, қоғамдық санасы. Басты байлық жай
ұлттық мүдде емес, азаматтардың мүддесі мен
қажеттілігі. Жаңа әлемдегі жаңа
Қазақстанның бүгінгі құдіретті күші
ел бірлігінде, ұлттар татулығында жатыр. Қазақстан
үшін ХХI ғасыр тарихының парағы парасат пен
пайымға толы. Біздің стратегиялық міндетіміз ең бірінші
тұрғындардың өмірінің сапасы мен
тұрмыстық деңгейін көтеру болып табылады.
Қазіргі таңда, Қазақстанның
өзіндік үні, пікірі, мәртебесі бар. Бізәлемдік
деңгейде аяғымызды сенімді басып, басқа елдербізбен санасатын
мемлекетке айналдық. Мұндай нәтижеге қол жеткізу
үлкен шараларды,іс-әрекеттерді талап етеді. Яғни, ішкі
және сыртқы саясатты дұрыс жүргізу,
халықтың әлеуметтік-экономикалық тұрғыда
өркендеуін, дүниежүзілік қауымдастықта
өркениетті мемлекеттермен білікті қарым-қатынас жасау,
әрине бір адамның қолында емес. Бірақ, халық
атынан үлкен деңдейде сөйлей алатын, сөзін
құлақ салып тындайтын, мемлекетке бағыт-бағдар
беріп отыратын, ерекше тұлға, мемлекет басшысы – Президент.
Тәуелсіздік жариялаған сәттен бастап,
Қазақстанды күтіп отырған оқиғалардың
мән-жайын түсіну, ұғыну, мемлекеттің одан
әрi даму үрдiсiн болжау және халықтың
талғамына сай, ең тиiмдi даму стратегиясын таңдауда
жан-жақты, қайсар, жігерлі, саясат жүргізуде көшбасшы
және ой-өрісі кең, интеллектуалды тұлға
ұқажет еді. Мұндай тарихи міндетті, Жаратушы осы
қасиеттерге сай Елбасымыз - Нұрсұлтан Әбішұлы
Назарбаевқа бұйырды.Тәуелсіз мемлекеттің қазіргі
келбеті, бастан өткен сәтсіздіктері және жеңістері
тұңғыш президентіміз, Елбасының есіміментікелей
байланысты. Тарихи өтпелі кезеңде Елбасының рөлі
айқын және ашық көрінеді.
Елбасымыздың сол кезеңдегі басты
таңдаған стратегиялық бағыты–ашық
нарықтық экономикаға көшу болды. Түбегейлі
құрылымдық өзгерістерді жүргізуде шетелдік
инвестицияны маңызды фактор деп есептеді. Осындай тарихи
шешімдердің арқасында біз қазіргі таңда
әлемнiң 50 ең бәсекеге қабiлеттi
елдеріқатарына кірдік. Бұл, меніңше, мақтаныш сезіміне
бөлейтін ең маңызды жетістік.
Әрине, сонау 25 жылда, еліміз неше түрлі
жетістіктерге жетті, биік белес, асуларды алды. Маңыздыларын Елбасымыз
“Қазақстан – 2030” Стратегиясының толықтай орындалуында
қорытындылап кетті. Яғни, ұлттық кауіпсіз, ішкі саяси
тұрақтылық пен бірлік, ашық нарықтық
экономикаға негізделген экономикалық өсу сияқты
стратегияда белгіленген негізгі міндеттер орындалды.
Иә, 25 жылда мемлекетіміз күрт өзгерді.
Экономикалық, әлеуметтік, интеллектуалды тұрғыда
өркендеп келеміз.Оны архитектуралық тұрғыда
қарасақ, Елбасы айтқандай, мемлекетіміздің басты
күші – Астана қаласы. Астана тәуелсіздіктің белгісі,
үні, келбеті деуге де болады. Осы жерді басып жүріп, шын
мәнінде, біздің болашағымыз жарқын екеніне қатты
қуанам.
Бірақ, мен тағы бір сұраққа
тоқталғым келеді. Бұл қазіргі кезде жас
жанұялардың арасында ажырасудың көбеюі. “Жастар
қандай мақсаттарды көздейді? Басты құндылықтары
қандай? Үйде ата-анасынан алатын тәрбиелері, ақылы
қандай?”деген сұрақтар мені мазалап отыр. “Үйлену
оңай, үй болу қиын” деп қазақта бекер
айтылмаған. Алайда, жанұя деген институтты одан ары қарай
қалай сақтаймыз, қалай құнды қыламыз,
қалай қадірлейміз? Осы сұрақтарға шешім табу
керек деп ойлаймын. Уақыт жаңа техногиялық бағытта
зымырап өзгеріп барады, бірақ ата-бабамыздан қалған
құндылығымызды сақтап қалу керек.Мектептегі
жоғарғы сыныпта оқушыларға жанұялық
психология атты жаңа пән енгізу керек пе, әлде жанұямен
жұмыс жасайтын орталықтар ашу керек пе, оны эксперттер жақсы
біледі. Бірақ, бұл біздің қазіргі
таңдағыбаса назар аударатын өзекті мәселе деп
есептеймін.
Қорыта келгенде, 25 жыл ішінде жеткен
жетістіктердің маңыздылығын бағалай отырып, біз
болашаққа сеніммен қарай аламыз. Елбасымыздың 90-шы
жылдарда анықтаған стратегиясының арқасында
біздің еліміз осындай аз уақыт ішінде құрметке ие,
жетістіктерін танитын, сөзіне құлақ салатын мемлекетке
айналып отыр. Елбасымыздың осы қиын жолда сіңірген
еңбегі зор, баға жетпес.
Қазір біз өркендеудің жаңа
жолына, әлеуметтік дамудың жаңа кезеңіне бет
алдық. Елбасы бекіткен жаңа экономикалық бағамда
жаңа бағдарламалар, оның бағыттары және нәтижеге
жету жолдары көрсетілген. Солбағытты ұстанып,
болашаққа сеніммен қарайық!
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Қазақстан Республикасының
Тәуелсіздік күні // http: kk.wikipedia.org/wiki
2. Аяған Б.Ғ., Әбжанов Х.М., Махат Д.А.
Қазіргі Қазақстан тарихы. — Алматы: Раритет, 2010.
— 448 б.
3. Сұлтанов Қ. Серпінді кезең.
— Астана: Елорда, 2005. — 608 б.
4. Абрахманов С. Тәуелсіздік шежіресі.
— Алматы: Атамұра, 2006. — 392 б.
5. Назарбаев Н.Ә. Нұр Отанның дамуында
жаңа белес басталды. Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаевтің
«Нұр Отан» партиясы Саяси кеңесінің кеңейтілген
отырысында сөйлеген сөзі // Егемен Қазақстан.
— № 21 — 18—қаңтар. — 2008. 6. Абдулпаттаев С.
Халықаралық қатынастар және Қазақстанның
сыртқы саясаты. — Алматы: Қарасай, 2006. — 216 б.