Математика сабағында жаңа
ақпараттық технологияларды қолдана отырып
оқушылардың білім деңгейін арттыру
Орал қаласы, №14ЖОББМ-тің
физика пәні мұғалімі М.Х.Джапакова
Қазіргі заман талабына сай
адамдардың мәлімет алмасуына, қарым-қатынасына
ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың
кеңінен қолданысқа еніп, жылдам дамып келе жатқан кезеңінде
ақпараттық қоғамды қалыптастыру қажетті
шартқа айналып отыр. Ақпараттық қоғамның
негізгі талабы – оқушыларға ақпараттық білім негіздерін
беру, логикалық ойлау
қабілеттерін дамыту, ақпараттық технологияны пайдалану
дағдыларын қалыптастыру.
Интерактивтік оқыту технологиясы – бұл коллективтік,
өзін-өзі толықтыратын, барлық қатысушылардың
өзара әрекетіне негізделген, оқу процесіне
оқушының қатыспай қалуы мүмкін болмайтын
оқыту процесін ұйымдастыру.
Математика сабағында
ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы
оқушылардың ақпараттық құзіреттілігін
қалыптастыру, қазіргі заман талабына сай ақпараттық
технологияларды, электрондық оқулықтарды және Интернет
ресурстарды пайдалану оқушының білім беру үрдісінде
шығармашылық қабілетін дамытуға мүмкіндік береді.
Оқушылардың ақпараттық құзырлылығы
мен ақпараттық мәдениетiн қалыптастыру қазiргi
таңда үздiксiз педагогикалық бiлiм беру жүйесiндегi
ең көкейтестi мәселелердiң бiрiне айналып отыр.
Сабақта ақпараттық-коммуникациялық технологияларды
пайдаланудың тиімділігі:
• оқушының өз бетімен жұмысы;
• аз уақытта көп білім алып, уақытты үнемдеу;
• білім-білік дағдыларын тест тапсырмалары арқылы тексеру;
• шығармашылық есептер шығару;
• қашықтықтан білім алу мүмкіндігінің туындауы;
• қажетті ақпаратты жедел түрде алу мүмкіндігі;
• оқушының ой-өрісін,дүние танымын кеңейту
Қазіргі білім беру ісінің басты шарттарының бірі болып
оқушының өзіне керекті мәліметті өзі іздеп
табуына үйрету. Менің ойымша, ақпараттық-білім беру
ортасын жобалаудағы басты мақсат оқушының
өздігінен оқуға талаптандыру, яғни ізденімпаздыққа үйрету болып
саналады.
Алгебра, геометрия, математика сабақтарын цифрлы
білімдік ресурстарын қолданып өткізудің мынадай
әдістері бар:
Жаңа материалды игеру
1.
Сыныппен фронтальды
жұмыс.
Мұғалім графиктерді, суреттерді,
алгоритмдерді көрсету үшін интерактивті тақтаны немесе
мультимедиялық презентацияны қолдана отырып, материалды
түсіндіреді.
2.
Электронды баспамен оқушының өздік
жұмысы.
Оқушы мұғалімнен мыналарды алады:
1)
жаңа
материалды игеру жоспарын;
2)
аралық
бақылау сұрақтарын;
3)
толтыру үшін
тақырыпты игеру шаблонын алады.
Оқушы электронды баспамен өз бетінше
жұмыс істейді.
Тақырып бойынша оқу дағдысын игеру
1.
Фронталды
сұрақ-жауап.
Мұғалім оқу материалының
презентациясы бар проекторды дыбыссыз қолданады, оқушы жауап береді.
2.
Оқушының
өздік жұмысы.
Оқушы алгебра, геометрия, математика бойынша
тренажерлармен және оқыту бағдарламаларымен өз бетінше
жұмыс істейді. Оқыту бағдарламалары әрбір
оқушының материалды толық қабылдауын қамтамасыз
етеді. Мұғалімнің оқушы жұмысын түзетуге,
нашар оқушыларға көмектесуге мүмкіндігі болады.
3.
Практикум
сабақтары.
1)
оқушылар
өтіліп жатқан тақырып бойынша 3 деңгейде
құрастырылған тапсырманы немесе есептерді алады.
2)
оқушылар
деңгейлік тапсырмаларды таңдап алады да 30 мин дайындалады,
көмек ретінде электрондық құралдарды пайдалануға
болады, сонымен қатар бірлесіп шешу үшін жұптарға
немесе топтарға бірігуге болады;
3)
қалған
уақытта мұғалім таңдаған бағасы бойынша
әрбір оқушыға 1-2 тапсырма береді;
4)
оқушы шешу
жолын көрсетіп, бағасын алады.
Білімді бақылау
Компьютерлік тестілер қолдану арқылы
білімдерін тексеру (компьютер тапсырманың орындалу пайызын,
қателерді және бағаларды көрсетеді). Интернеттегі
әр түрлі тестілерді қолдануға болады.
Осы айтылғандардан
математика сабақтарында компьютерді қолдану кезінде
күтілетін нәтижелерді тұжырымдауға болады:
o
математика мен
информатиканың пәнаралық байланысын дамыту;
o
компьютерлік
сауаттылықты қалыптастыру;
o
оқушылардың
сабақтағы өздік жұмыстарын дамыту;
o
оқушылардың
ақпараттық мәдениетін қалыптастыру;
o
білім алуда ақпараттық
технологияларды қолдануға оқушылардың дайындығы;
9 сыныпта
математика сабағында интерактивті
тақтаны қолданып, сабақтарымды өткіземін. Математика
сабағынан алған теориялық
білімдерін оқушыларға интерактивті тақта
мүмкіндігін пайдалана отырып бекітуді ұсындым.
Сабақтың кезеңдері:
1-кезең
- бұл кезде оқушылар өз бетімен
өткен тақырыпты еске түсіреді
- оны жаңа сабақпен байланыстырады
- пәнге деген қызығушылығын арттырады
2-кезең
-
оқушы интерактивті тақта арқылы жаңа ақпаратпен
танысып, тақырып бойынша жұмыс істейді
- өз
пікірлерін жеткізе алады
3-кезең
-
оқушылар үйренгенін саралап өткізеді
Осы
кезеңнен кейін оқушылардың танымдылық
іс-әрекетінің дамуының деңгейін анықтау кестесін
қолданамын. Оқушылардың есеп шығару барысында
қабілет дәрежесі біркелкі болмайтынын ескеріліп
қиындығы әртүрлі есептер берген жөн.
Мысалы, «Геометриялық
прогерессия» тақырыбында формула бойынша есептер шығарған
кезде оқушыларға төмендегідей тапсырмалар ұсынуға
болады.
- бірінші мүшесі мен еселігі берілсе n-ші
мүшесін қалай табуға болады?
- тізбек берілсе n-ші мүшесін қалай табамыз?
- еселігі мен n-ші мүшесі берілген болса бірінші
мүшесін қалай есептеуге болады?
Оқушылар
жұмысты аяқтағанан кейін тексеру парағын таратамын.
Оқушы
шығарған есептерін мұқият тексеріп
өзіне-өзі баға береді. Өзін-өзі бағалау
оқушыны шығармашылыққа тәрбиелеуге баулиды.
Компьютер
көмегімен тестік бақылау өткізуге болады. Компьютер бір
мерзімде топтың ,не сыныптың білімін тексеруге мүмкіндік
береді. Ақпараттық технологиялардың оқу үрдісінде
қолданылуы оқушылардың мүмкіндіктерін кеңейтеді.
Ақпараттық технологияның міндеті-оқушыларды білімге
қызығушылығын , ізденушілікке баулу. Заман талабына сай сабақта қолданылатын
электрондық байланыс оқушылардың
қызығушылығын арттырып, зейін қойып тыңдаумен
қатар, түсінбей қалған сәттерін қайталап
көруге, тыңдауға және алған
мағлұматтарды нақтылауға мүмкіндік береді.
Өз сабағымда оқушыларды шығармашылыққа
жұмылдырып, электронды оқулықты пайдаланамын. Электрондық оқулықпен
оқытудың негізгі мақсаты-оқыту үрдісін
үздіксіз және толық деңгейін бақылау, сонымен
қатар ақпараттық-ізденіс қабілетін,
шығармашылық қабілетін дамыту. Мұның тиімді
жағы: электронды оқулықта әр сабаққа
арналған бейне көрініс, анықтама сөздік,
есептердің шығарылу жолы, фигуралардың кеңістікте
орналасуы, диктант, тест тапсырмаларын, қайталау сұрақтарын
пайдалана аламыз.
Ұстаз
үшін нәтижеге жету шәкіртінің білімді болуы ғана
емес, білімді өздігінен алуы және алған білімдерін
қажетіне қолдану болып табылады. Бүгінгі
күні ақпараттар ағымы өте көп.
Ақпараттық ортада жұмыс жасау үшін кез келген педагог
өз ойын жүйелі түрде жеткізе алатындай, коммуникативті
және ақпараттық мәдениеті дамыған, интерактивтік
тақтаны пайдалана алатын, Он-лайн режимінде жұмыс жасау
әдістерін меңгерген мұғалім болуы тиіс.Заман талабына сай жаңа технология әдістерін
үйрету, бағыт-бағдар беруші – мұғалімдерміз.
Оқушылардың жаңа тұрмысқа, жаңа
оқуға, жаңа қатынастарға бейімделуі тиіс. Осы
үрдіспен бәсекеге сай дамыған елдердің қатарына
ену ұстаздар қауымына зор міндеттер жүктелетінін
ұмытпауымыз керек.