Тоқтыбаева Гүлжахан Сәулебекқызы
Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік
университеті,
аға оқытушы, педагогика ғылымының магистры
Сызу пәні
мұғалімдерін даярлауда
студенттердің тапқыштық қасиетін, қиялдарын
жаттықтыру
Білім мен ғылымды меңгерген
тұлғаның өмір сүргіштік қорғанысы,
заманның өзгерісті кезеңдерінде төзімділігі мен
табандылығы, қоғамдағы мүдделерге ілесуі,
өзінің әрдайым өнімді іске бағдарлауы секілді
көрсеткіштері басымдықта болып келеді.
Осындай сүбелі
істердің қарқынды тұрғыда жүзеге асуы
мақсатында Ел Президенті Н.Ә.Назарбаев халқына Жолдауында
айтылған Қазақстанды әлемдік озық 50 елдің
қатарына жеткізу ұстанымына сай жаңа әлеуметтік-экономикалық
жағдай жасау, ұлттық мәдени өрісінде
халықаралық және Еуропалық тенденция негізіндегі
оқыту жүйесіне көшуге бағдарлап отыр [1]. Бұл
мақсатқа жетудің сара жолы отандық, әлемдік
озық ойлы, жаңашыл, ілгерішіл ғалымдары мен қоғам
қайраткерлері, кәсіби құзыретті мамандары
бірыңғай инновациялық білім кеңістігін жасау және
оның мәселесі ең көкейкесті де, қиындық
тудыратын да шара деп есептейміз.
Жоғары оқу орындарында «Қызықты
графика», пәнін оқытудың бүгінгі күні
маңызы ерекше. Бірақ, өкінішке орай, жоғары оқу
орындарында оқыту іс-әрекетіне қатысты білімденудің
инновациялық технологияларын ұтымды қолдану мүмкіндігі
әлі де болсын төмен екенін мойындаған орынды. ХХІ
ғасырда білім және ғылым саласындағы болып жатқан
өзгерістер болашақ мамандарды даярлауда оқытушы-профессор
құрамына жаңа міндеттер қойып отыр. Қызықты
тапсрымалар – бұл тапсырмалар, түпнұсқадағы
сұрақтар мен тапсырмалардың негізін құрайды, олар
кеңістіктік елестетулерді жеткілікті түрде сызудың негізін
меңгерудегі білімнің жүйелілігін, зеректілігін анықтау
қажет. Сондықтан, тапсырмалардың өмірлік
тәжірибеге бағытталуы, студенттердің меңгерілген
білімдерін, дағдыларын, іскерліктерін стандартты емес жағдайларда
маңызды болады.
Білім беру барсында
бұндайға жақындау, оны бекітудің ең үздік
құралы болып табылады.
Қазіргі уақытта
көптеген білім беру мекемелерінде, қызықты тапсырмалар,
оқушылардың графикалық дайындығын көтеруде
және кеңістіктік ойлауын қалыптастырудағы нақты
құрал ретінде қолданылмай келеді. Ал, қызықты
тапсырмаларды қолдану және ашу оқушылардың сол
пәнге деген қызығушылығын арттырады.
Графика ұғымымен адам
өзінің бүкіл ғұмырында кездесіп отырады.
Сурет және графика кітаптағы және плакаттағы, кітап
иллюстрацияда, тауарларға аранлған орамдар, әртүрлі
этикеткалар, театр және кино афишалары, жол және тауар белгілері, сонымен қоса
мекеменің іс құжат қағаздары, бұның бәрі әрине
графика туындылары болып табылады.
Болашақ
педагогтардың оқу қызметін тиімді ұйымдастыру мәселесімен
барлық оқытушылар айналысады. Студенттерді оқуға үйретумен қоса,
оқу қызметін ұйымдастыруды қоса отырып, осы
қызметтің мотивациясын жоғарылатып және тиімді
әдіс тәсілдермен оқыту керек. Сондықтан
оқытушылар әрдайым ізденісте болады, студенттермен
әртүрлі тәсілдерді және жұмыс істеу формаларын,
сол пәннің сағатын, ерекшеліктерін, әрбір
студенттің тұлғалық ерекшелігін және аудиториямен
жұмысты ескеру қажет.
Барлығыңызға
белгілі, кез-келген қызмет түрінде адамға білім,
аңдағыштық, жан жақтылық, әрине-
«тапқыштық» керек. Сызуды оқытуда жеңіл және
қиын түрдегі тапсырмалар арқылы, студенттердің
«тапқыштық» ойлауын дамытуға болады, әрине онсыз
шығармашылық қабілеттерін дамыту мүмкін емес,
кеңістіктіктік және логикалық ойлауларын, яғни
әртүрлі ойлау операцияларын, дағдысын қалыптастыру,
сызу бойынша әртүрлі тапсырмаларды шешу арқылы жетеміз.
Тапқыштықты
сызу бойынша әртүрлі
тапсырмалардығы жаттығуларды жүйелеп дамыту арқылы
шешімін табуға болады. Сызу пәні мұғалімдерінің
басты тапсырмасы студенттердің тапқыштық қасиетін
дамыту үшін, студенттердің қиялдарын жаттықтыру
арқылы, ескі қабылдаулар негізінде алдын ала көрсетіліп
құрамдалған жаңаша үлгілерді ойлап тұрғызу[2].
Әрине бұл
қиын тапсырманы шешудің бір тәсілі оқытуда
қызықты графиканы қолдану болып табылады. Қызықты
графика студенттерді таңқалдыруға, олардың
қызығушылығын арттыруға, ойлау үрдісін
қозғалтуды оятады, пәнге деген зейіні артады, оқу
қызметін белсендіруге ықпалын тигізеді, оларға сызбаны
оқу дағдыларын меңгеруге көп көмегін тигізеді.
Қазіргі кезде ғылым мен техниканың даму
деңгейі әрбір адамға сапалы және терең
білімнің, іскерліктің болуын қамтиды.
Студенттердің белсенді шығармашылықпен
жұмыс істеуін және кеңінен ойлауға қабілетті
болуын талап етеді. Сондықтан да жоғары оқу орындарында
оқу процесінің негізгі мақсаты арнайы педогогикалық
әдістермен мақсатты және жүйелі түрде
студенттердің интеллектік, шығармашылық ойлауын дамыту,
ғылыми көзқарасы мен белсенділігін қалыптастыру.
әр адамның бойындағы туғаннан пайда болған
интуициясын әрі қарай дамытуға ықпал ету,
студенттің табиғи қасиеттерін, графикалық білімін
тереңдету үшін оқытуды жоспарлы түрде
ұйымдастыру, өз бетінше білім алу дағдыларының дамуына
негізін салу болып табылады.
Қызықты графиканы сызуда оқыту
арқылы мәселені талдай білуге, нақтылауға,
ұғымдарды анықтауға, ой қорытулар жасауға,
дәлелдеуге тағы басқа іс–жүзінде қадам сайын
логикалық білім беріледі.
Қызықты графика тапсырмалары
өмірмен байланысы анық. Миды жаттықтыру үшін
адамға қызықты графикалық тапсырмаларды үйрену,
есеп шығару, сызба геометрияның заңдарын басқа
ғылымдарды оқығанда пайдаланады. Біздің өміріміз дегенің
бәрі бір – бірімен өзара байланысты. Тіршілік
құбылыстарын бір – бірінен бөліп зерттеуге болмайды.
Қызықты графика тапсырмалары басқа ғылымдармен байланысын. Оның
химиямен, физикамен, биологиямен, информатикамен тығыз
байланыстылығына дау жоқ. Оларды есте сақтау үшін ойлау
қабілеті немесе оқиғалардың логикалық тізбегін
қадағалай білу қажет.
Тіпті географиямен байланысына келсек,
қалалардың ара қашықтығын анықтағанда
масштаб, қолда бар карталар есепке алынады, қарапайым есептеулер
арқылы қажетті деректерді алуға болады.
Әдебиетпен байланысы: көз
алдымыздағы логикалық ойлау қабілеті жақсы
дамыған адамды келтіреді.
Егер ол
шығарманың авторын аса жақсы білмесе де, оның
туған, өлген жылын білу арқылы сол уақыт арасында
болған оқиғалармен логикалық түрде
ұштастыра алады.
Логика дегеніміз – спортшыға да, бишіге де,
жазушыға да керек. Өз атыңды сезіміңді логикалық
тұрғыда жеткізе білу де үлкен өнер.
Ой – әрекетті дамыту үшін оқу
материалдарына теориялық талдау жасауға, өз бетінше
қорытындыға келу айрықша мән беріледі. Өз
бетімен, кітаппен жұмыс жасау оқу материалдарының
қандай түрлерін есте сақтау керектігін білуге, өз
бетінше білімді тәжірибеде пайдалану дағдысын арттыруға
мүмкіндік береді[3]..
Қызықты тапсырмалар ең бірінші
студенттердің қызығушылығын туғызуды талап етеді.
Осы мақсатпен әр тақырыпты бастамас бұрын
студенттің қызығушылығы мен белсенділігін арттыру мақсатында
немесе сабақ ортасында, соңында шығармашылық есеп
ретінде логикалық есептер, не болмаса қызықты тапсырмалар
беріледі.
Қорыта келе, қызықты тапсырмалар
қарапайымнан басталып, біртіндеп қиындап студенттердің
танымдық қызметін белсендіруге назар аударады. Сабақта
алған білім дағдысы ойлау барысында қолдану мүмкіндігі
студенттің зор ынтасын тудырады, білгенін тереңдетіп, жаңа іс
– қимылға жетелейді. Белсенді емес студенттер жолдастарынан кейін
қалмау үшін алға ұмтылады.
Қызықты тапсрымалар шығармашылық
жұмыс ретінде, әр тақырыпта немесе келесі
тақырыпқа дайындық ретінде беріледі.
Қолданылған
әдебиеттер:
.1 ҚР
Президенті Н.Ә.Назарбаевтың халқына Жолдауы
2 Ботвинников
А.Д. ,Виноградов В.Н., Вышнепольский И.С., Вышнепольский В.И. Методическое пособие к учебнику - М.
3.
Василенко Е.А., Жукова Е.Т. Карточки –
задания по черчению - М.1988 г.