Хамит А., Зетулла А., Жанглышпаева П., Хасенов Б.

Е.А.Букетов ат.Қарағанды мемлекеттік университеті

 

ҚАЗАҚ ТІЛІ САБАҒЫНДА МӘТІНМЕН ЖҰМЫС ЖӘНЕ КӨРКЕМ МӘТІНДІ ТАЛДАУ ТҮРЛЕРІ

Мектеп жеке тұлғаның тіл қатынас құзыреттілігін қалыптастырудың алғашқы баспалдығы. Оқушының тұлғалық сапасын, құзыреттілігін, қалыптастыру  алғашқы сатыдан басталады. Соның бірі оқушы білімділігімен сипатталады, ол негізінен мектеп біліммімен сипатталады.

1.Қарапайым сауаттылық-бұл оқушының жалпы білімділігімен,біліктілігін, қолдана отырып,оқыту мәселелерін шешуге негізделген.

2.Функционалды сауаттылық-бұл оқушының мәселені шеше білу қабілеттілігі.

-оқыту мәселелері

-өмірдегі қалыпты мәселелерді шешу

-құнды жүйесіндегі бағыттарды шешу мәселелері

-кәсіби білімділікке дайындық мәселелері

3.Жалпы мәдени сауаттылық

-танып-білу мәселелері

-қалыптасқан өмірлік мәселелерді шешу

 Оқушы неғұрлым күрделімәселелерді шеше алатын болса,соғұрлым онын біліктілігі және құзырлығы артады.Оқушы құзырлығын арттыруда,бойындағы бар білімін өмірде адами құндылықтармен байланыстыруда әдебиет пәнінен мәтінді табиғатына сай сауатты талдау жұмыстарының берері көп.

Әдіскер ғалымдардың пікірлерінше,мәтін арқылы оқыту оқушының өзінің субьект ретінде әр қырының ретінде меңгереді.Осыған орай,төменде келтірілген бірнеше мысалға назар аударайық.

1.                     «Оқу мәтіндері тіл мен әдебиетті кіріктіре оқытуға мол мүмкіндік береді. (Т.М. Паханов).Бұл тұста мәтін оқушының жазба және сөйлеу тілін,ой ұшқырлығын дамытады дегенге саясады.

2.                      «Мәтін арқылы оқушының сөйлеуді ұлттық мәдениеттің компоненті ретінде меңгеруінің маңызды факторы –тілдің ортаны қалыптастырады»

3.                     «Мәтін арқылы сөйлеу әрекеті компанентерін толық әрі бір-бірімен тығыз сабақтастықта жүргізуге жол ашады. (Ф.Оразбаева) Сөйлеу әрекеттің оқылым,тыңдалым,жазылым,айтылым,тілдесім секілді бөліктері қатар жүргізілетін жұмыстар оқушының ауызша,жазбаша, сөйлеу мәдениеттерін жетілдірудің қайнар көзі болып саналады.

4.                     «Мәтінмен жұмыс оқушының субьект ретінде өзін әрі қырынан танытуына мүмкіндік береді. Мәтін мазмұнына сәйкес түрлі тілдік жағдаяттар тудыруға,арттыруға қатысты тапсырмаларды түрлендіруге болады.Сұрақ- тапсырмалардың мазмұндық жағынан тереңдетуге жол ашады.Бұл да оқыту сапасын күтілетін нәтиже тұрғысынан жетілдіруде шешуге рөл атқарады. [1,79]

Мәтінмен жұмыста ескеретін басты жұмыс түрлері: Мәтіннің тақырыбына назар аударту. «Тақырып-әңгімедегі пікір не нәрсе туралы болса,сол нәрсе шығарманың тақырыбы болады. Мәселен,пікір жаз туралы болса,шығарманың тақырыбы «жаз»болады. Әңгімедегі пікір не туралы екенін күні ілгері білдіру үшін шығарманың тақырыбы басына қойылады. Әңгіме басында тұрған «Жаз» деген сөзді көріп,не туралы айтылатын әңгіме екенін бірден білеміз. (А.Байтұрсынов) Яғни тақырып әрі мәтіннің арқауы,әрі мәтіннің ішкі мазмұнның сыртқы көрінісі.

    Мәтінді сауатты,мәнерлі оқу сапасына назар аудару.Оқушылар мәтінді саналы түсініп оқымайынша онымен әрі қарай мәтінді талдау жұмыстарын жүзеге алмайтындығымыз белгілі.Тұрақты сөз тіркестерімен,көркем сөз тіркестерімен жүйелі сөздік жұмысын жасау қажет.

Көркем шығарманы талдаудың негізгі түрлерін топтастыратын болсақ:

Негізгі мазмұны бойынша талдау.

Мазмұндық-тақырыптық талдау.

Сюжеттік-компазициялық құрылымы бойынша талдау.

Кейіпкерлік-бейнелік талдау.

Шығарманың танымдық,тәрбиелік маңыздылығы бойынша талдау. Шығарманың танымдық,тәрбиелік рөлін,қоғамдық ортаға ықпалын анықтау.

 Көркем мәтінді талдай оқытудың ерекшеліктері:

Білім алушыны тақырып бойынша қайшылыққа әкеліп,оны шешудің жолдарын табуды ұсыну. Жағдаятты әр түрлі компазициядан қарастыруды ұсыну.Нақты сұрақтар қою. Нақты тапсырмалар ұсыну қарастырылады.

Күтілетін нәтиже:

-өз –өзіне іс-әрекеттің суьектісі ретінде қарау;

-қайшылықтарды жеңе білу;

-рефлексияға қабілеттілік;

-іс-әрекеттің біріккен түрін қолдана білу;

-ұлттық әдебиетіміздің базалық құндылықтарын игереді;

-тұлғаның жеке құзыреттілігі артады;

-шығармашылық зерттеу мәселелерін шешуге қабілетті;

-әр түрлі жағдайда жауапты шешім қабылдап,өз шешімін қабылдап,өз шешімін дәлелдей алады.

 Қай заман болмасын әр халық өзінің ұрпағын жан-жақты жетілген, адамгершілік құндылықтары,рухани әлемі бай, мінез-өнегелері қалыптасқан тұлға ретінде танығысы келеді. «Тұлға-біртұтас жүйе. Тұлға-сана иесі. Ол өзін айналасын,қоғамды жаңартып,отырады» [2,15]. Осы тұлға иесін тәрбиелеудің бспалдағы мектептен басталады,тіл сабақтарының дұрыс ұйымдастырылуы үлкен әсерін тигізеді.

 

Пайдаланылған әдебиеттер

1.Давыдов В.А. Педагогика.  –М., 2005.

2.Мирсеитова С. Сөз мұғалімге беріледі. Материалдар жинағы. –Алматы, 2001.