ПЕДАГОГИКА. Проблемы
подготовки специалистов.
Төленді Г.Н
Ғылыми жетекшісі: Аужанова
Н.Б.
І.
Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті, Казахстан
СТУДЕНТТЕРДІ БИОЛГИЯ ПӘНДІК
ОЛИМПИАДАҒА ДАЙЫНДАУ ЖҰМЫСЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ
Ел ертеңі білімді
әрі парасатты ұрпақ қолында екендігі рас. Ал парасатты
ұрпақ тәрбиелеу ұстаздардың
қолында. Жас өркеннен ғылым мен білімді сүйетін
тұлғаны қалыптастыру өте күрделі процесс екендігі
анық. Осы тұрғыдан, баланың тұлға болып дамуына
деген басты қадам мектеп және жоғарғы оқу
орындарының қабырғасында жүзеге асады. Және ол
процесс күнделікті сынып-сабақ жүйесімен ғана емес,
сонымен қоса қоғамдық жұмыстар жәнеде
пәндік олимпиадалардың (оқушыларда: мектепішілік, мектеп
аралық немесе аудандық, облыстық, республикалық;
студенттерде: университеттік және республикалық) күшімен
жүреді [1].
Жалпы, пәндік олимпиада
дегеніміз студенттердің (оқушылардың)
білім деңгейін тексерудің бұқаралық
сипаттағы жарыс түрінде өткізілетін бірден-бір формасы [2]. Оның негізгі мақсаты:
студенттердің (оқушылардың) пән бойынша білім
деңгейлерін, ой-өрісі мен білім сапасын көтеру, пәнге
деген қызығушылықтарын ояту, топпен жұмыс жасай білу
дағдыларын жетілдіру және де олимпиада өткізілетін пән
бойынша кәсіби маманды дайындау.
Жаратылыстану
ғылымдары ішіндегі ең қызықтысы биология екендігі
анық. Биология тірі ағзалардың
құрылысын, функциясын, өсіп-жетілуі мен дамуын,
шыққан тегі мен эволюциясын, Жер бетіне таралуын зерттейтін
ғылым саласы. Биолгия пәнінен студенттерге олимпиада
ұйымдастыру шебер ұстаз-ұйымдастырушының ғана
қолынан келеді. Олимпиада арқылы студенттерде
шығармашылық ізденіс пайда болады және логикалық ойлау
дәрежесі кеңейеді, студенттер нақты біліммен
қаруланады. Олимпиаданың резервтерін дайындауда ең алдымен
студенттердің пәнге деген қабылеті анықталып, іріктелуі
қажет, және олимпиадаға қатысушылардың жас
және курс ерекшеліктеріне байланысты сұрақтарда дұрыс
іріктеліп алынуы міндетті. Ал олимпиада резервтерімен жұмыс жүргізу
дайындығы төмендегідей ұйымдастырылады:
1. Биология пәні ЖОО
бағдарламасына сай сұрақтар мен тапсырмалар меңгеріледі,
бірақ сұрақтар студенттерді шығармашылық ізденіс
пен логикалық ойлауға жетелеуі қажет;
2. Биология пәнінің
түрлі салалары бойынша (вирусология, микробиология, эволюция,
цитология-гистология, зоология, ботаника және т.б.) алған
теориялық білімдерін практикалық түрде көрсетуге,
себеп-салдарын түсіндіруге, микроскоп, дайын препараттар, гербарийлермен
жұмыс істеу мен талдау жасауға, болжам жасау дағдыларын
қалыптастыруға машықтануы керек.
3. Студенттер алдына қойылған
проблемаларға сараптама жасау, оларды айқындау және жіктей
білу, жауап берген жауабына дәлелдеме жасау, болжам көрсету
барысында өз ойлары мен көзқарастарын білдіруге үйренуі
тиіс [2].
Сонымен, университет деңгейінде өткізілетін биология пәндік олимпиадаға
1-4 курс студенттері қатысады. Жоғарыда көрсетілген бағыттарды қамтый отырып студенттерді пәндік олимпиадасын даярлаудың үлгі-жоспары.
|
Кезеңдер |
Жүргізілетін
жұмыс түрлері |
Студенттердің
іс-әрекеті |
|
Іріктеу кезеңі |
1 және 4 курс
аралығындағы студенттердің білім сапасын тексеру мақсатында
тестілеу қажет. Тест 1 және 4 курс студенттеріне бірдей
деңгейде құрастырылады. Тесттегі сұрақтар
олимпиадашыларымыздың мектеп бітіргенде тапсырған
Бірыңғай Ұлттық Тестілеу (ҰБТ) жүйесінен
алынады. |
Студенттер алдына
қойылған тест жұмысына анықтамалық
құралдар, ұялы телефон және кітаптар мен кітапшалары,
дәптерлер, шпаргалкалар пайдаланбай тест тапсырмасын өз
білім-білігімен тапсыруы қажет. Студенттердің бір-біріне
көмек көрсетуіне, анықтама беруіне қатал тиым
салынады. Студенттер тест тапсырмасын
20 минут ішінде жауап парағына белгілеп бітуі қажет. |
|
ІІ-кезең. Шешуші кезең |
І кезеңде іріктелген
студенттер топтары бойынша команда құрады. Бір командадағы
студенттер саны 3-5 дейінгі аралықта болуы тиісті. ІІ кезең 6
бөлімнен тұрады. |
Құрылған
команданың өз атауы, таңбасы (эмблемасы), ұраны,
плакаты болуы қажет. Студенттер білімімен
қоса өз ұйымшылдықтарын, топта жұмыс істей білу
қабілеттерін, топішілік өзара сыйластығын көрсете
білуі қажет. Ескерту: Командалар арнайы жеребе тастау әдісі
бойынша бұл кезеңде ретке бөлінеді. Яғни ІІ
кезең барлық бөлімінде жеребеде шыққан санмен
сәйкес сол ретте сұрақтарға жауап береді. |
|
1-
Бөлім. Таныстыру |
Бұл бөлімде
команда әділқазы алқасына команда мүшелерін
таныстырады. Таныстыру бөлімінде команданың таныстыру
сөздеріне, команда таңбасына, ұранына және
олардың өзара байланысына басты назар аударылады. Студенттер
көптің алдына шығу арқылы ойларын еркін білдіруге
үйренеді. |
|
|
2-
Бөлім. Құпиялы сандықша |
Студенттер арнайы
ұяшықтарды таңдау арқылы ұяшықтарда
жасырынған белгілі сұрақтарға жауап береді.
Және сол ұяшықтар бойынша бағаланады. Бұл
бөлімде командалар бір-бірін тыңдай білуге, өзара
сыйластық көрсетуге үйренеді. |
|
|
3-
Бөлім. Ойлан да тап! |
Топтық жұмыс.
Командалар рет бойынша ортаға келіп, өздеріне берілген 5 минут
ішінде сарамандық тапсырмаларды орындайды. Мысалы, гомологтық
мүшелерді біріктір; гербарийлерді анықта; өсімдік клеткасы
мен жануар клеткасын анықта. Командада ұйымдасып
жеңіске жетуді үйренеді, бір-біріне деген сенім күшейеді,
білімдерін ортаға салады. Гербарий, микроскоп, дайын препараттар,
зоологиялық сүйек мүшелерімен жұмыс жасау
қабілетін арттырады. |
|
|
4-
Бөлім.
Биология жылдамдығы |
Команда капитандарының
сайысы. «Брейн ринг» аппараты бойынша
қойылған сұрақтарға тез арада жауап беруі
қажет. Бұл бөлімде команда өз капитандары үшін
қолдау көрсетуді, достықты бағалауды үйренсе,
капитандар логикалық ойлау мен тобы үшін жауапкершілік алуды
меңгереді. |
|
|
5-
Үй тапсырмасы |
Командаға арнайы
тақырыппен эссе жазу жұмысы тапсырылады. Эссе тақырыбы
олимпиада ІІ кезең өтетін күннен 2 күн бұрын
беріледі. Эссе интернеттен көшірілмеуі қажет. Студенттер эссені
3-6 бетке дейінгі аралықта жазуы тиіс. Эссе арқылы команда
өз ойларын қағаз жүзінде жеткізуді, логикалық
ойлауды, сөздік қорын кеңейтуды үйренеді. |
|
|
6-
Бөлім. Марапаттау бөлімі |
Әділқазы
алқасы барлық бөлім қорытындыларын есептей отырып,
ең жоғары көрсеткішті анықтайды. Нәтижесін
ортаға шығып, команданы марапаттағанда айтады. Барлық
қатысушылар арнайы сертификатпен марапатталады. |
|
|
|
|
Олимпиадаға қойылатын көрнекіліктер: слайд-презентация, видео материалдар
(видео-сұрақтар), макеттер, буклеттер, плакаттар, биологиялық
дайын препараттар, тірі өсімдіктер.
Олимпиада бөлімдерін ұпай
жүйесімен бағалау төмендегідей жүргізіледі:
|
Команда аты |
Таныстыру бөлімі 0-30 балл |
«Құпиялы сандықша» бөлімі 100-500 ұпай |
«Ойлан да тап» бөлімі 0-40 ұпай |
«Биология жылдамдығы бөлімі 0-20 балл |
Үй тапсырмасы. Эссе 0-50 ұпай |
Өзін-өзі ұстау мәдениеті -15 балл/+15 ұпай |
Қорытынды |
|
1 курс |
|
|
|
|
|
|
|
|
2 курс |
|
|
|
|
|
|
|
|
3 курс |
|
|
|
|
|
|
|
|
4 курс |
|
|
|
|
|
|
|
Сонымен, 2016 жылдың 29 қарашасында Алматы
облысы, Талдықорған қаласы, Ілияс Жансүгіров
атындағы Жетісу мемлекеттік университеті, жаратылыстану-техникалық
факультеті 5В011300-Биология мамандығы бойынша пәндік олимпиада
өткізілді. Ұйымдастырушы Жаратылыстану пәндері кафедрасы
ұстаздары. Олимпиада жоғарыда айтылғандай 2 кезеңнен
тұрады. ІІ кезең бөлімдері де кесте түрінде ережесімен
жоғарыда көрсетілді. Енді, олимпиада да командалар алдына
қойылған қызықты сұрақтарды үлгі
ретінде көрсетсек [3]:
1. Ең
ұзақ өмір сүретін құс? (Қарға)
2. Ерте
көктемде ұшып келетін құс? (Қараторғай)
3.
Әкесінің көзі қара түсті, анасының
көзі қара түсті. Қандай жағдайда баласының
көзі көк болып туылады? (Баланың
көзі қара болып туылмайды)
4. Генетика
заңдарын қайта ашқан ғалымдар? (1900 ж. К.Корренс (Германия), Э.Чермак (Австрия), Де Фриз
(Голландия)
5. Ява аралынан
алғаш «питекантропты» тапқан ғалым? (1891 ж. Э.Дюбуа)
6. Төрт
түйеқұс ұшып бара жатыр біреуін атты нешеуі қалды? (Түйеқұстар ұшпайды)
7. Ат басты,
Арқар
мүйізді,
Бөрі
кеуделі,
Бөкен
санды – бұл не? (шегіртке)
8. Пішіні
үрмебұршақ тәрізді, ересек адамдар да салмағы
0,5-0,6 г-ға
жететін ішкі секреция безі? (Гипофиз)
9. Колумб өз саяхатымен екі ірі
жаңалық ашты: бірінші жаңалығы жаңа материк
болса, екіншісі жаңалығымен біз әлі күнге дейін
күресіп келеміз. Екінші
жаңалығы қандай өсімдік болды? (Темекі өсімдігі).
Қорытындылай келе, білім сапасын көтеретін
әрі тексеретін олимпиада өскелең ұрпақтың
логикалық, интелектуалдық дамуы үшін өте маңызды.
Студенттер бір-бірімен жарыса ғана қоймай, жетістіктерге бірлесе
жетуді үйренеді.
Әдебиеттер тізімі:
1.
Аужанова
Н.Б. Биология
пәнінен сыныптан тыс жұмыстар. – Алматы:
Дайыр Баспа, 2011. – 300 б.
2. Педагогика /Жалпы редакциясын
басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын - Павлодар:
"ЭКО" ҒӨФ. 2006. - 482 б.
3. Аужанова Н.Б. Биология пәні бойынша
сауалғылар. Биология және салауаттылық негіздері. - 2016. - №3, б. 25-27. - №4, б. 9-11. - №9 б. 58-59.