Баймуканова М.Т., Шаяхмет Б.
Е.А. Бөкетов
атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті
XXI ғасыр
мұғалімінің бейнесі
«Мұғалім – мәңгі нұрдың
қызметшісі. Ол барлық ой мен қимыл әрекетіне
ақылдың дәнін сеуіп, нұр құятын тынымсыз
лаулаған жалын иесі. Оларға тамаша қызмет тапсырылған,
күн астында одан жоғары ешнәрсе болмақ емес».
Я.А.Коменский
Мен қазіргі таңда Е.А.Бөкетов
атындағы Қарағанды Мемлекеттік университетінде
әлеуметтік педагогика және өзін – өзі тану
мамандығы бойынша білім алудамын. Болашақ мұғалім
ретінде XXI ғасырдың ұстаз бейнесі қандай болуы керек
деген ой мені де айналып өтпеді. Себебі К. Д. Ушинский айтып
өткендей: «Мұғалім - өзінің білімін
үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім, ал
оқуды, ізденуді тоқтатқан да оның
мұғалімдігі де жойылады». Осыған орай жаңа
технологиялар, заманауи талаптар күшейген бұл кезеңде
мұғалім қандай болуы керек, оның бойынан қандай қасиеттер табылуы керек деген
сұрақтар туындайтыны анық.
Менің ойымша, мұғалім жан-жақты
жетілген білімді, әдістемелік шығармашылық шеберлік иесі, халықтық
дәстүр, әдет-ғұрып пен салт-сана ерекшеліктерін, әлеуметтік қарым-қатынастар түрлерін
кәсіби түрде меңгеруі тиіс. Сонымен қатар оның
бойынан қамқорлық, жауаптылық, ізденімпаздылық
және балаға деген мейірім болуы тиіс. Себебі баланың шамын
жағатын да, оны өшіретін де мұғалім.
Ғылым мен техниканың жедел
дамыған, ақпараттық мәліметтер ағыны
күшейген заманда ақыл-ой мүмкіндігін қалыптастырып,
адамның қабілетін, талантын дамыту білім беру мекемелерінің
басты міндеті болып отыр. Ол бүгінгі білім беру кеңістігіндегі
ауадай қажет жаңару оқытушының қажымас
ізденімпаздығы мен шығармашылық жемісімен келмек.
Сондықтан да әрбір оқушының қабілетіне
қарай білім беруді, оны дербестікке, ізденімпаздыққа,
шығармашылыққа тәрбиелеуді жүзеге асыратын
жаңартылған педагогикалық технологияны меңгеруге
үлкен бетбұрыс жасалуы қажет. Өйткені мемлекеттік білім
стандарты деңгейінде оқу үрдісін ұйымдастыру жаңа
педагогикалық технологияны ендіруді міндеттейді.
Білім беру саласы
қызметкерлерінің алдына қойылып отырған
міндеттердің бірі – оқытудың әдіс тәсілдерін
үнемі жетілдіріп отыру және қазіргі заманғы
педагогикалық технологияларды меңгеру. Қазіргі таңда
оқытушылар инновациялық және интерактивтік
әдістемелерін сабақ барысында пайдалана отырып сабақтың
сапалы әрі қызықты өтуіне ықпалын тигізуде.
“Инновация” ұғымын
қарастырсақ, ғалымдардың көбі оған
әртүрлі анықтамалар берген. Мысалы, Э.Раджерс инновацияны
былайша түсіндіреді: “Инновация- нақтылы бір адамға жаңа
болып табылатын идея”. Майлс “Инновация – арнайы жаңа өзгеріс. Біз
одан жүйелі міндеттеріміздің жүзеге асуын, шешімдерін
күтеміз», – дейді.
Инновациялық құбылыстар
білім беру саласында өткен ғасырдың сексенінші жылдарында
кеңінен тарала бастады. Әдетте инновация бірнеше өзекті
мәселелердің түйіскен жерінде пайда болады да, берік
түрде жаңа мақсатты шешуге бағытталады,
педагогикалық құбылысты үздіксіз
жаңғыртуға жетелейді. ” Масырова Р.Линчевская Т –
“Жаңару” дегенімізді былай деп түсіндіреді: “Жаңару – белгілі
бір адам үшін әділ түрде жаңа ма, әлде ескі ме
оған байланысты емес, ашылған уақытынан бірінші
қолданған уақытымен анықталатын жаңа идея
Қазақстанда ең
алғаш «Инновация» ұғымына қазақ тілінде
анықтама берген ғалым Немеребай Нұрахметов. Ол “Инновация,
инновациялық үрдіс деп отырғанымыз – білім беру
мекемелерінің жаңалықтарды жасау, меңгеру,
қолдану және таратуға байланысты бір бөлек
қызметі” деген анықтаманы ұсынады. Н.Нұрахметов
“Инновация” білімнің мазмұнында, әдістемеде, технологияда,
оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыруда, мектеп жүйесін
басқаруда көрініс табады деп қарастырып, өзінің
жіктемесінде инновацияны, қайта жаңарту кеңістігін бірнеше
түрге бөледі: жеке түрі (жеке – дара, бір-бірімен
байланыспаған); модульдік түрі (жеке – дара кешені, бір-бірімен
байланысқан); жүйелі түрі (мектепті толық
қамтитын).
Жаңа инновациялық оқыту технологиясы
кәсіптік қызметтің ерекше түрі болып табылады. Инновациялық оқыту технологиясын меңгеру
үшін педагогикалық аса зор тәжірибені жұмылдыру
қажет. Бұл өз қызметіне шығармашылықпен
қарайтын, жеке басының белгілі іскерлік қасиеті бар адамды
қажет ететін жұмыс. Шындығында да әрбір педагог
жаңа инновациялық технологияны меңгеру барысында
өзін-өзі дамытады және өзін-өзі
қалыптастырады. XXI ғасырда болашақ мамандарды даярлау,
олардың кәсіби бейімделуін қалыптастыру мәселелері –
кезек күттірмейтін өзекті қоғам талабы.
Сонымен бірге, Қазақстан
Республикасының Президентінің: «Ұлттық
бәсекелестік білімділік деңгейімен айқындалады. Қазіргі
заманда жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік
стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте
қажет»-деген бағдарлы сөзі ұстаздардың алдына
қойылар міндеттерді де саралайды. Бәсекеге барынша қабілетті
қоғамға ену мақсатын алға қойып отырған
еліміздің білім беру саласында нәтижелі ізденістер бастау алуда.
«Білім туралы заңда» оқытудың жаңа технологияларын
ендіру, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық
ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу міндеті
айқын көрсетілген[2].
Ақпараттық технологияның жедел
қарқынмен дамуына байланысты түрлерінің қызметі
де өзгеруде. Орта білім беру жүйесін ақпараттандырудың
мемлекеттік бағдарламасының негізгі мақсаты әлемдік
ақпараттық кеңістікке ену. Осы мақсатты жүзеге
асыру үшін интернет желісіне қосылу және пайдалану
қажет.
Қазір компьютерлер біздің
өміріміздің барлық салаларына, оның ішінде білім беру
салаларына да енді. Бұған дәлел 1997 жылғы 22
қыркүйекте Қазақстан Республикасы Президентінің
«Орта білім беру жүйесін ақпараттандыру» мемлекеттік
бағдарламасы.
Қазақстан Республикасында білім беруді
дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік
бағдарламасының негізгі бағыттарының бірі: компьютер
техникасымен қамтамасыз етудің әлемдік көрсеткіштеріне
қол жеткізу үшін орта білім беру ұйымдарын Интернет желісіне
қосу.
Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың
2011-2020 жылдарына арналған Мемлекеттiк бағдарламасының
басым бағыттарының бірі - бiлiм беру ұйымдарына
электрондық оқыту жүйесін енгiзу болып табылады.
Ақпараттық-коммуникациялық технологияны
қолдану әлемдік стандартта қарым-қатынас жасаудың
жоғары деңгейіне, ынтымақтастыққа жетелейтін,
жоғары кәсібилікпен сипатталатын ХХІ ғасырдың маманын
дайындаудың жүйесі деп атауға болады. Мемлекетіміздің
әлеуметтік маңызды себептердің шапшаң күшейуі
ашық және компьютерлік оқытуға, қазіргі кездегі
қарым-қатынас құралдарын пайдаланудың арқасында
іскерлікке, танымдық-ынтымақтастықтың
өзін-өзі жүзеге асырылуына, дамуына және өз орнын
табуына, өзара қарым-қатынастың күшейуіне
тән.
Бүгінгі таңда жер бетіндегі кез келген мемлекет қазіргі
заманға сай озық үлгідегі ақпараттық
технологияларды өндіріске енгізуге ден қойған. Оның
үстіне біздің еліміз барлық мемлекеттік органдарда басы
артық қағазбастылықтан арылып, жұмысты
жеңілдету үшін электронды жүйеге көшпек. Осы
мақсатта “Электронды мектеп” жобасы тәжірибеге енуде.
Қазіргі таңда техниканың дамыған
заманында барлық мекемелер, мемлекеттік органдар, коммерциялық
ұйымдар, оқу орындары, мектептер толықтай компьютерлік
техникалармен жабдықталған десем, артық болмас.
Бастапқыда компьютердің қай жағынан келуді білмей
жаңа техниканы жатырқап жүргендер қазір оның
құлағында ойнайтын болды. Елбасымыз
Н.Ә. Назарбаев Қазақстан халқына «Жаңа элемдегі жаңа Қазақстан» Жолдауында тағы да: «Білім беру
реформасы табысының басты өлшемі -тиісті
білім мен білік алған еліміздің кез келген азаматы
әлемнің кез келген елінде қажетке жарайтын маман болатындай деңгейге көтерілу болып
табылады. Біз бүкіл елімізде әлемдік стандарттар деңгейінде
сапалы білім беру қызметіне қол жеткізуге тиіспіз», - деп атап
көрсетті. Бұл биік мақсатқа жету үшін біз дәстүрлі оқытудағы
оқу сапасын тек қана білім, білік және
дағдыға біріктіріп бағалаудан бас тартуымыз керек. Осы ескіше
үрдіспен білім сапасы деңгейінің кейбір бөліктерін толығымен анықтай
алмағандықтан, оқушының іс-әрекетін
дұрыс бағаламау туындайды. Ал бұл өз кезегінде
оқушының оқуға деген қызығуының
төмендеуінің бір себебіне айналады[3].
«Ұстаз» сөзінің 2 түрлі сипаты
бар. Бірі – белгілі пәннен сабақ беретін оқытушы да, екіншісі
– жоғары беделді адамдарға ықпал етуші дана адам. Мектептегі
ұстаз – баланың екінші ата-анасы, болашаққа айқын
жол сілтер ақылшысы. Сондықтан әрбір шәкірт өзіне
үлгі-өнеге болған сүйікті мұғалімін
ұстазым деп атайды. Осы тұста Абайдың: Ақырын
жүріп, анық бас, Еңбегің кетпес далаға.
Ұстаздық еткен жалықпас, Үйретуден балаға,- деген
өлең жолдары еріксіз ойға оралады. Егер әр шәкірт
өмірде бір кірпіш болып қаланып, ұстаздан шәкірт озып
жатса, ел болшағы үшін адал еңбек етіп, еліміздің
дамуына үлкен үлес қосып жатса, төккен тер мен адал
еңбектің ақталғаны емес пе?! Ол үшін де
ұстазға асқан шеберлік пен шыдамдылық, төзімділік
керектігі айдан анық. Мұғалімге әр бір сабағын
жаңаша бағытта өткізуге, балаға жеткізіп қана
қоймай, оның болшағының жарқын болуына әсер
етуі үшін ол өз кәсібінің майталманы, осы
мақсатқа рухани күш-жігерін, парасат-қуатын салу
керектігі айтпаса да түсінікті. Бұл - әркімнің
қолынан келе бермейтін, ерекше талантты қажет ететін, бай
қиялды адамға тән қасиет. Сондай-ақ ұстаз
күнбе- күнгі өзінің көп қырлы
еңбегінде мазмұны әр түрлі кездейсоқ
жайттардың туындап отыратынын алдын ала сезіп, болжап және
оның оң шешімін табуға дайын болуға тиіс. Ұлы
ағылшын ағартушысы Уильям Уорд: Жай мұғалім хабарлайды,
Жақсы мұғалім түсіндіреді, Керемет мұғалім
көрсетеді, Ұлы мұғалім шабыттандырады,- дейді.
Жүсіпбек Аймауытовтың мына сөздерін де еске алған
жөн сияқты: "Мектеп бітіріп шыққан соң бала
бүкіл әлемге, өзгенің және өзінің
өміріне білім жүзімен ашылған саналы ақыл көзімен
қарай білсе, міне, білімдендірудің көздейтін түпкі
мақсаты — осы. Мектеп осы бағытта баланың келешекте жетілуіне
мықты негіз салуы керек"деп мектепті ерекше атап өткен. Ол
үшін, әрине, мектеп өз кәсібін, өз пәнін,
барлық шәкіртін, мектебін шексіз сүйетін
мұғаліммен толықсуы керек. Өйткені, осы іске деген
қызығушылық пен сүйіспеншілік қана
мұғалімді небір қиын әрекеттерге жетелейді, іске батыл
кірісуге септігін тигізеді. Нәтижесінде бір емес, бірнеше жас
жүрекке мәңгі ұстаз болып қалады.Осы орайда, білім
беру жүйесі мамандардан кәсіби икемділік пен
ұтқырлықты, сан қырлы шығармашылық
қызмет пен өзін-өзі басқару, өзін-өзі
ұйымдастыру жағдайындағы біліктілікті қажет етеді.
Өйткені қазіргі жас буын - еліміздің келер күнгі
келбеті[4].
Үнемі жаңару үстіндегі
педагогикаға мұндай
өзгеріс қалыпты болса керек. Өмірөзгереді, балалар өзгереді,
педагогика өзгереді. Ескісі
немесе жаңасы болсын, әрбір әдістеме
өз шегіндегі жағдайларда
жақсы, сол шекті жағдайлар
өзгерсе, педагогиканың әдіснамасы да өзгереді, ал жақсарулардың
шегі жоқ екені белгілі.
Жаңа әдіс-тәсілдердібізберісіотаңдық,
әрісі әлемдік педагогика мектептері мен бағыттарының жаңашыл
ізденістерге толы тың үрдістерінен оқып үйренеміз.
Өйткені, қоғам дамуының ең
басты шарты шығармашыл тұлға тәрбиелеу десек, сол шығармашыл тұлғаны тек шығармашыл
тұлға ғана тәрбиелей алады.
Қазіргі жаңару кезеңінде біздің қоғамымыздың ілгерілеу процесінде
адам факторы және оны жандандыру,
ел өмірінің барлық жақтарын
жаңарту бала тәрбиесінің мәнімен оның проблемасын күрделендіріп отыр.
Осыған байланысты қазіргі
заманғы мұғалімге жұмысындағы
нәтижесінің сапасы арттырудың
негізгі бағыты –барлық тәрбиелік
істе әрбір баланы жеке тұлға деп танып біліп, жан-жақты қалыптастыруда талмай іздену мен
жаңалықтан қалмау.
Қорыта
келгенде жаңа білім беретін мектеп ұстаздарының
алдындағы ең биік меже - әр пәннің өз
мазмұнынан туындайтын сан алуан әмбебап тәсілдерді
рет-ретімен жүйелеп шәкіртінің санасына ұмытылмастай
етіп сіңдіру. Сонымен қатар жаңа педагогикалық
технологияларды пайдалану мұғалімге оқу процесінің
құрылымын түбегейлі өзгертуге, оқушылардың
дүниетанымдарын кеңейтуге және жеке қабілеттерін
көре біліп, оны есепке ала отырып дамытуға толық жағдай
жасауға мүмкіндік береді.
Біздер, мұғалімдер, күнделікті
өмірдің жай ғана адамы емес, болашақты
құрушыларды, адамзаттың сәулетті болашағын
жасаушыларды тәрбиелеп отырғанымызды ойлана отырып, бізге ой
өрісі жоғары дамыған, зерделі, жан-жақты дамыған,
парасатты ұрпақ керек екенін бір сәтте естен
шығармағанымыз жөн.
Ұстаз жолы қиынырақ басқадан,
Сырлары көп сыртқа әлі
шықпаған.
Шаршаса да осы жолдың бойында,
Қандай рахат,шын бақытын тапса адам.
Әдебиеттер
1. Раджерс Э. Инновация туралы түсінік. –
//Қазақстан мектебі, №4, 2006.
– 96 – 100б.
2. Қабдықайыров Қ.Инновациялық
технологияларды диагностикалау. – А., 2004. – 213 – 225 б.
3. Жүнісбек Ә. Жаңа технология негізі –
сапалы білім. – //Қазақстан мектебі, №4, 2008. – 56 – 59б.
4. Сеңкібаев С. //Ұлт тағылымы – 2001 -
№2 – 14 – 19 б.