Педагогика/Проблемы подготовки специалистов
Кәсіптік білім магистрі Иманкулова
Л.Б.,
кәсіптік білім магистрі Абдрахманова
Г.А.,
кәсіптік білім магистрі
Бакирова Л.Ш.
Абай атындағы
ҚазҰПУ
Қазақстан
Республикасы, Алматы қ.
дәстүрлі
қолөнер негізінде Білім алушылардың шығармашылық
қабілеттерін жетілдіру
Қазақстан Республикасы тәуелсіз мемлекеттер
қатарына қосылғаннан бері қоғамды
ақпараттандырудан туындаған өзгерістер оның
барлық салаларымен қатар
мұғалімдер мен білімгерлерге де өз ықпалдарын тигізуде.
Заманауи қоғамда болащшақ мамандардың
кәсіби-шығармашылық деңгейіне, өндіріс пен
әлеуметтік саладағы
ғылымдардың жетістіктеріне және прогрессивті
технологияны енгізу мерзімінің қысқартылуына қойылатын
талаптар күшеюде. Елбасының
«Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша
қабілетті елу елдің қатарына кіру стратегиясы» атты
халыққа Жолдауында Қазақстандық білім беру
жүйесін реформалаудың негізгі мақсаты – білім сапасының
жаңаруы мен ұлттық білім беру жүйесінің
бәсекеге қабілеттілігін арттыру деп - нақты көрсетілген /1, 7-8 б./.
Білім беру жүйесінің бәсекеге қабілеттілігін
арттыру мақсатында жасалынып жатқан білім беру
жүйесінің тұжырымдамалық негіздері - білім беру
жүйесінің құрылымы мен мазмұнын қоғам
талабына және мемлекеттің даму болашағына сай
жаңартудың басым бағыттарын анықтауды көздейді.
Білім берудің жаңа жүйесіне көшу - әлемдік білім
кеңістігіне еркін өту қажеттілігінен туындаған
мәселе.
Жаңа тұрпатты білімгер – рухани жетілген,
шығармашылық қабілеті жоғары, өзіне сын
көзбен қарай алатын, жаңашылдыққа ұмтылатын
тұлға, деп анықталады. Сондай-ақ, мұғалім
білімгердің идеалы – білімнің құндылығын
айқын түсінетін, «мәдениеті жоғары адам», өз
пәнінің жетік шебері, педагогика мен психологияны терең
меңгерген, жеке тұлғаға бағытталған
педагогикалық әдістерді қолдана алатын, өзін жеке
тұлға ретінде дамытып, рухани өсуге деген қажеттілігі
мол болуы тиіс /2, 14-б./.
Білім беру үдерісін бүгінгі күн талабына сай жаңаша
ұйымдастыру ғалымдардан оның философиялық,
педагогикалық-психологиялық негіздерін, теориясы мен тәжірибесін
терең зерттеуді, заманауи талаптарына қарай білім беру
технологиялары мен әдістерін, дүниетанымның
ұстанымдарын қайта қарастыруды, рухани-адамгершілік
құндылықтарға бетбұрыс жасауды талап етеді.
Демек, жаңаша білім беру – жаңа білім мен дағдыны
меңгерген, шығар-машылық қабілеті жоғары, дербес
ізденіс нәтижесінде елеулі мәселелердің шешіміне қол
жеткізетін, ойлау қабілетімен
ерекшеленетін тұлғаны қалыптастыруды көздейді.
Әлбетте, қарастырылып отырған проблеманы күні бүгін ғана туындап
отырған проблема деп қана қабылдауға болмайды,
бұл - адамзат баласының
ертеден қалыптастырып, дамытып, жетілдіріп келе жатқан проблемасы.
Сондықтан да білімгерлердің жалпы ұлттық
құндылықтар негізінде бәсекеге қабілетті, саяси
экономикалық және рухани дағдарыстарды жеңіп шыға
алатын мәдениетті қоғам мүшесі етіп тәрбиелеу
қазіргі педагогика ғылымының түп мақсаты болып
отыр. Осыған орай, шығармашылық қабілетті арттыруға
тәрбиелеудегі дәстүрлі қолөнердің
тәлім-тәрбиелік маңызы атқаратын рөлі,
бүгінгі педагогикалық білімді ізгілендіріп, жаңа сапаға
көтереді.
«Шығармашылық қабілет» ұғымы жалпы «қабілеттілік» ұғымынан оның дербес
біртектес бір түрін - шығармашылық қабілетті іріктеу
үдерісінде «шығармашылық»
пен «қабілет»
ұғымдарын синтездеу нәтижесінде құрылады.
Шығармашылық проблемасы адамзатты күні бүгінгі
дейін толғандырып келген, әлі де зерттеуді талап ететін
күрделі проблема болып табылады. Ғылыми еңбектерді негізге
ала отырып, біз оларды мазмұнына қарай, төрт бағыт бойынша
топтастырамыз:
-
шығармашылық
Тәңірлік құбылыс (Аристотель, Платон, әл-Фараби,
А.Ясауи, және т.б.);
-
шығармашылық санадан тыс
жүретін интуитивтік үдеріс (А.Бергсон, Н.А.Бердяев, Б.А.Лезин.
Ф.Шеллинг, А.Шопенгауэр, және т.б.);
-
шығармашылық әрекет
ретінде (С.Т.Шацкий, Л.И.Божович, және т.б.);
-
шығармашылық жеке
тұлғаны қалыптастыру құралы ретінде (Ш.Т.Таубаева,
Қ.Ж.Бұзаубақова, Р.С.Омарова, және т.б.).
Біз
адамзаттың шығармашылық туралы философиялық ойларын да
осы бағыттарға сәйкестендіре
жіктемелейміз: шығармашылыққа үйрету
мүмкін емес, ол ерекше тұлғаға берілген
жасаушының сыйы; шығармашылықпен тек дарындылар айналыса
алады, ол барлық адамға бұйырмаған;
шығармашылық - барлық адамға тән, адам
шығармашылыққа жаратылған. Осылардың
ішіндегі «Адам шығармашылыққа жаратылған» деген оймен
келісе отырып, шығармашылықты іс-әрекет ретінде және оны жеке
тұлғаны қалыптастыру құралы ретінде
қабылдап, оның үшінші
және төртінші бағыттарын ұстанамыз. Шығармашылықты - адамның өмір шындығында
өзін-өзі тануға ұмтылысы, ізденіс жасау әрекеті,
оның заңдылықтарын оқып-біліп, үйрене алатын
кәсібі деп түсінеміз.
Шығармашылық проблемасының бірнеше қырларын А.Лук
/3, 5 б./ былай көрсетті: Шығармашылық
үдеріс – шығармашыл тұлға, шығармашылық
қабілет және шығармашылық ұжым. Ол өз
еңбегінде: “Адамның шығармашылығын дамыту мен
қалыптастыру ең алдымен шығармашылық ойлауға
байланысты” деген пікір айтып, шығармашылық қабілеттің
белгілерін төмендегідей
түрде атайды:
-
жүйке
жүйесін код арқылы жіберу;
-
тасымалдай
білу;
-
ақылдың
икемділігі, ойдың тереңдігі;
-
әрекетті
бағалау.
Сондай-ақ, ғалым шығармашылық іс-әрекетті
қалыптастыру, дамыту үшін қажетті жағдайдың болу
керектілігін және қорқыныш, жалқаулық,
өзін-өзі бағаламау сияқты психикалық
кедергілерден тұратын қарама-қайшылықтармен
күресу қажет екендігін айтады. Бұл аталған кедергіледі
жою дәстүрлі қолөнерден табылады деп санаймыз.
Біздің зерттеуіміздің субьектісі болып отырған
білімгерлердің шығармашылық қабілеттерін
қалыптастыруда дәстүрлі қолөнерді игеру
іс-әрекеті тұрғысынан анықталады.
Осыған орай, Б.К.Байжігітовтың «жеке тұлғаның
іс-әрекетінде сезімталдығын, қиял өрісін дамытуда
өнер туындыларының белсенді әсері мен ықпалы туралы
тұжырымдары қажет», –
деп санауы эстетикалық мәдениетті қалыптастыру
мақсатында дәстүрлі қолөнерді игерудің
рөлін анықтауда құнды пікір болып саналады /4, 11 б./.
Дәстүрлі қолөнердің табиғатын,
оның адам, қоғам
өміріндегі атқаратын қызметінің рөлін
зерттеген ғалым Арғынбаев Х. қолөнердің
өміршеңдігін, қайталанбас әсемдік
құндылығын айқындайды. Мысалы: «Ол - өткен
өмірдің көлеңкесі емес, даму мүмкіндігінде шегі
жоқ ұлттық дәстүр. Үлкен өзен бастау
алатын бұлақтай, халық қолөнері де ешқашан
суалмайды», – деп оның
тәлім-тәрбиелік маңызына
баса назар аударады /5, 32 б./.
Осыған орай, білімгерлердің шығармашылық қабілеттерін арттыруда
дәстүрлі қолөнердің маңызды
бағыттарының ішінде:
- дәстүрлі
қолөнер тарихы туралы білімдерді үздіксіз дамыту;
- қолөнер
бұйымдарының көркемдік құрылымы;
- ою-өрнектер
өнерінің мазмұнды атауларының сипаттамасы;
- бояу түстерінің
символдық мән-мағынасы туралы білімдер жиынтығы;
- қолөнер кәсіби шеберлері туралы білімдер жиынтығы
нақты бір мақсатқа қол жеткізуде ерекше орын алады.
Бұл бағыттар шығармашылық іс-әрекетте
ұйымдастырылатын қызметтің өзара диалектикалық
байланыстарында айқындалмақ:
- танымдық іс-әрекеттік;
- қарым-қатынастық;
- сезімдік және тәрбиелік.
Педагогикалық үрдісте аталған қызметтердің
әрқайсысының өз мәні бола тұрса да
бәрін біріктіруші, қозғаушы күш – оның
тәрбиелік әсері.
Бұл жерде өнердің әртүрлі салалары және
қазақтың дәстүрлі қолөнері шығармашылық
қабілетті арттырудың құралы ретінде зор идеялық
тәрбиелік рөл атқарады. Сондықтан технология
пәнін оқыту үрдісіндегі шығармашылық
әрекетте ұйымдастырылған білім алушыларына
дәстүрлі қолөнердің тәрбиелік
рөлі мынадай:
шығармашылық туындыларды санаға сіңіру, жүрекпен
сезініп, қызығушылық арқылы оны қабылдау,
талғампаздықпен шығармашылық іс-әрекеттерді
орындау қасиеттері арқылы
білімгер мәдени ұстанымдарын қалыптастыруда
анықталады.
Демек, дәстүрлі қолөнер негізінде
білімгерлердің шығармашылық қабілеттерін арттыру
әрекеттері – белгілі теориялық талаптарды орындай отырып,
нақтылы заттардың, құбылыстардың табиғатына
тән эстетикалық сапасын анықтау,
өмірлік маңызын, қоғамның рухани дамуына
тигізетін әсерін анық және түсінікті етіп
жұртшылыққа жеткізеді.
Білімгер шығармашылығын дамытуға мүмкіндік беретін
қажетті қасиеттер: табысқа жетуге сенімділік,
төзімділік, ерік-жігерін қалыптастыру жұмыстары
ұйымдастырылуы керек. Білім алушылардың оқу әрекетінде
осы тәсілдерді үйренулері мәселені өз беттерінше шеше
білу іскерліктерінің қалыптасуына
әкеледі. Шығармашылық жұмыстың әр
кезеңіндегі нәтижелерін талдау, салыстыру, қорытындылау
шығармашылық қабілеттерін шыңдай түседі.
Осының барлығын дәстүрлі қолөнерді игертуде
ескерудің маңызы зор.
Әдебиеттер:
1. Назарбаев
Н.Ә. «Қазақстанның әлемдік бәсекеге барынша
қабілетті 50 елдің
қатарына кіру стратегиясы» атты Жолдауы. - Егеменді
Қазақстан. - 2006. – Б. 7-8.
2.
Қазақ мәдениеті.
Энциклопедиялық анықтамалық. –Алматы: Аруна, 2005. – 655 б.
3.
Лук
А.Н. Психология творчества. – М.: Наука, 1978.
– 127 с.
4. Байжігітов
Б.К. Қазақ өнерінің эстетикалық табиғаты
(қазақтың дәстүрлі творчествосы мен бейнелеу
өнерінің негізінде) философ.ғыл..канд. ...автореф. – Алматы,
1994. – 24 б.
5.
Арғынбаев Х. Қазақ
халқының қолөнері. – Алматы: Өнер, 1987.–128 б.