ӨЗІН-ӨЗІ ТАНУ ПӘНІН ИНТЕГРАЦИЯЛАУДЫҢ

ЖОЛДАРЫ

 

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

Дәулеткелді Бахаттгүл

Жұмабекова Ф.Н.

 

Өзін-өзі тану пәнін интеграциялаудың жолдары

«Әлемдік жаһандану дәуірінде ізгілік, кісілік, адамгершілік, имандылық, бауырмалдылық, ұлтжандылық сияқты ұлттық құндылықтарды сақтап қалу айтарлықтай маңызды. Елбасы Н.Ә.Назарбаев айтқандай бұлардың барлығының негізі ұлттық тәлім-тәрбиеде жатыр», осыған орай, қоғамды демократияландыру, ізгілендіру, экономиканы дамыту, бәсекеге қабілетті бүгінгі қоғам азаматын тәрбиелеу барысында Қазақстан Республикасында елеулі өзгерістер пайда болып, түрлі шаралар жүзеге асырылуда[1].

 Адамгершілік қасиеттердің төмендеуіне, рухани құндылықтардың құлдырауына әкеп соғатын бүгінгі таңдағы жаһандық дағдырыстар қоғамға үлкен қауіп төндіруде. Сондықтан жастарды рухани тұрғыда дамытып,  олардың адамгершілік қасиеттерін жетілдіруге көңіл бөлудің маңызы зор.

Қaзipгi кeзeңдeгi рухани-адамшгершілік тәрбие бepyдің ғылыми-тeopиялық нeгiздepiн aйқындay барысында жалпыадамзаттық құндылықтapдың бaғыттapы мен жaңaртылған мазмұнын пайдалануға баса назар аударылады.

Eжeлгi дәyip филocoфтapы (Apиcтoтeль, Дeмoкpит, Плaтoн, Coкpaт, шығыcтың көpнeктi oйшылдapы Әбy Нacыp Әл-Фapaби, Мaхмyд Қaшқapи, Жүciп Бaлacaғұн, Ибн-Cинa, Қ.A.Йaccayи), қaзaқтың aғapтyшылapы (Ш.Уәлихaнoв, Ы.Aлтынcapин, A.Құнaнбaeв, Ш.Құдaйбepдиeв, A.Бaйтұpcынoв, М.Жұмaбaeв, М.Дyлaтoв, Ж.Aймayытoв т.б. eңбeктepiндe aдaмның дapa мүмкiндiктepiн aшy, iшкi pyхaни күштepiн дaмытy мәceлeлepiнe epeкшe мән бepiлгeнi белгілі[2].

         Әлемдік деңгейдегі рухани ұстаздар: Махатма Ганди, Мать Тореза, Мишель Монтень, Ян Амос Комеский, К.Д.Ушинский, И.А.Ильин, С.Л.Рубинштейн, Ш.А.Амонашвили, Януш Корчак т.б идеялары өзін-өзі тану бағдарламасында кеңінен басшылыққа алынған.

Рухани адамгершілік тәрбие мен білім беру бағдарламасының тарихи негіздеріне көз жүгіртіп қарайтын болсақ, әлемдік рухани тұлғалардың философиялық ойларынан, яғни Сократтың заманынан бастау алатынын байқауға болады.

Сократ философиясының басты обьектісі - адам, осы тұрғыдан алғанда оны адам туралы қазіргі заманғы ғылым, философиялық антропологияның негізін қалаушы деуге болады. Сократ философиясының басты мақсаты адамды ізгілікке тәрбиелеу деп түсінді және адам оған өзін тану және өзін сынау арқылы жете алады деп сенді. Оның әйгілі «Менің білетінім – мен ештеңе білмеймін, басқалар оны да білмейді», «Өзіңді-өзің танып-біл!», «Әр адамның бойында күн бар, нұр бар, тек оның нұрлануына мүмкіндік беріңдер» деген қағидаларының негізгі мазмұны да осы.

      Рухани-адамгершілік тәрбие ұлы ғұлама ойшылдарымыздың тұжырымдарына негізделгендігімен құнды. Атап айтар болсақ: Баласағұнның «Ізгілік ілімі», Қожа Ахмет Яссауидің «Хал ілімі», Әл-Фарабидің «Жан қуаты ілімі», Абайдың «Толық адам», «Имани гүл ілімдері», Шәкәрімнің «Шын адам», «Ар ілімі» тағылым мен тәрбиенің тірегі болуында.

Қaзipгi тaңдa Pecпyбликaмыздa рухани-адамгершілік тәpбиe беру мәceлeciндe aдaмның iшкi жaн дүниeci мен pyхaни әлeмiн тaнып-білудің маңыздылығын түсінген, бұл саланы дaмытып, жeтiлдipy бaғытындa зор еңбек сіңіріп жүрген ғaлымдapдың бірқатарын атап өтсек C.A.Нaзapбaeвa, ф.ғ.д., профессор Ғ. Есім, э.ғ.д., профессор Мырзакелді Кемел, п.ғ.д, профессор Р.К.Төлеубекова, п.ғ.д, профессор Ғ.М.Кертаева, п.ғ.д, профессор Қ.Қ.Шалғынбаева, п.ғ.к, Р.А.Мұқажанова, п.ғ.к, Г.Омарова, псих.ғ.д.Х.Т.Шерьязданова, п.ғ.к. Л.К.Көмeкбaeвa, т.б. үлкeн iздeнic үcтiндe.

     Бүгінде рухани құндылықтар қоғам талабына сай өзгерістерге ұшырап, адамдардың арасында ізгілік, әділдік, өзара көмек, төзімділік сияқты қарым-қатынастар орнатуына ықпал ететін құндылықтар мен әрбір жеке тұлғаның шығармашылық мүмкіндіктерінің ашылуы және оларды жүзеге асыруға түрткі болатын құндылықтарды зерттеу көкейкесті мәселелердің біріне айналып отыр. Осы орайда, қоғамдық мұраттар мен адамдардың тәлімдік көзқарастарының өзгергендігін байқауға болады, сондықтан да білім мазмұнын түбегейлі жаңғырту, әдістерді жаңарту жас ұрпаққа тәрбие  мен білім беру технологияларын жетілдіру қажеттілігі туындауда.

   Қоғамның осындай дер кезіндегі қажеттілігін қанағаттандыру мақсатында «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру жобасының авторы, еліміздің Бірінші Ханымы Сара Алпысқызы тұңғыш рет мемлекеттік деңгейдегі өскелең ұрпақты жалпыадамзаттық құндылықтар негізінде тәрбиелеу мәселесін көтерді. Рухани-адамгершілік білімнің қазіргі әлемдегі басымдығы туралы сөз қозғауда қазіргі замандағы жаһандық мәселелер, адамзаттың жалпы дүниежүзілік тұтастығы мен рухани–адамгершілік құндылықтардың сипаты жан–жақты қарастырылып, жалпыадамзаттық құндылықтардың мәнін ашу көзделуде. Осы орайда, өзін-өзі тану пәнін интеграциялаудың теориялық негіздерін айқындауда бірқатар төмендегідей көкейкесті мәселелерге тоқталсақ: [3].

Біріншден, білім беру ұйымдарында өзін-өзі тану пәнін жүргізетін мұғалімдердің теориялық білімдерінің жетік болуына баса назар аудару қажет. Атап айтқанда: Рухани-адамгершілік білімнің қазіргі әлемдегі басымдылығы, «Өзін-өзі тану» рухани адамгершілік білім беру бағдарламасының тарихи негіздері, заманауи білім кеңістігін ізгілендірудің жаңа тәсілдемелері, рухани адамгершілік білім беру бағдарламасының психологиялық - педагогикалық негіздері, сабақтан тыс іс-әрекеттер арқылы «Өзін-өзі тану» рухани адамгершілік білім беру бағдарламасын жүзеге асыру жолдарын жан-жақты меңгеруі тиіс. Сондай-ақ, өзін-өзі тануды оқытудың аксиологиялық аспектілерін, Ақиқат, Сүйспеншілік, Дұрыс әрекет, Ішкі тыныштық және Қиянат жасамау жалпыадамзаттық құндылық ретінде жас ұрпақтың санасына сіңіре білу тәсілдерін меңгеруге ден қою, рухани адамгершілік білім беру бағдарламасындағы мұғалімнің рөлін жете түсінуі қажет.

Екіншден «Өзін-өзі тану» пәнінің құрылымдық мазмұндық және әдістемелік аспектілеріне талдау жасай отырып, сабақтағы жағымды ойлау, әңгімелесу әдісін терең рухани адамгершілік құндылықтарға бағыттау, ән айту мен музыканың маңызына жан-жақты мән беру. Ата-аналармен байланыс жасау жолдарына баса назар аудару қажет. Отбасы – ұлттық, мемлекеттің, әлемнің адамзаттың негізі. Сондықтан оны нығайту керек. Отбасында тыныштық болса үйде тыныштық болады; Үйде тыныштық болса мамлекетте тыныштық болады. Мемлекетте тыныштық болса әлемде тыныштық болады. Ата-аналар балаларының алдында өздері беделді болуы керек, жақсы-жаманды ажырата білуге, сүйе білетін балаларды өсіруге; балаларын әрекет етуден бұрын, жақсылап ойланып алуға үйретуі және өздері жақсы үлгі бола білуі тиіс. Үлгілі жақсы отбасының қасиеттерін сақтауды, барлығын сүйе білетін, айнала қоршаған ортасын жақсы көретін, әрқайсысы өз парызын, борышын дұрыс орындайтын, қуанышты жан тыныштығында өмір сүретін отбасында бір бірімен жақсы қарым - қатынас орнату және адамгершілік қағидаларымен өмір сүретін орта қалыптастыру қажет.

Үшіншіден «өзін өзі тану» пәнінің әлемде теңдесі (аналогы) жоқ пән ретінде Қазақстанның білім беру саласына енгізілгені - рухани адамгершілік білім беру бағдарламасының тарихи негіздерін айқандауда әлемдік рухани–тұлғалардың идеяларына сүйене отырып заманауи ғылымдағы рухани бастауларға баса назар аударылуымен құнды. Қазақ мәдениетіндегі рухани-адамгершілік білімнің маңызын түсіне отырып, заманауи білім кеңістігін ізгілендірудің жаңа тәсілдемелерін оқып үйренуде заманауи философияның, психологияның, педагогиканың рухани бастауға қайта оралуына ерекше тоқталуы мәселенің мәнін ашуда теориялық тұрғыдан негізделуінің айғағы деп айтуға болады.

Төртіншіден, «Өзін-өзі тану» пәні ұлы ғұлама ойшылдарымыздың тұжырымдарына негізделгендігімен маңызды. Атап айтар болсақ: Баласағұнның «Ізгілік ілімі», Қожа Ахмет Яссауидің «Хал ілімі», Әл-Фарабидің «Жан қуаты ілімі», Абайдың «Толық адам», «Имани гүл ілімдері», Шәкәрімнің «Шын адам», «Ар ілімі» тағылым мен тәрбиенің тірегі болуында.

    Абай: «Адам бол!» – деген ойларынан нағыз адам болу үшін тек қана өзіңді тану арқылы сыртқы мәдениетке, тілге, дінге мән бере отырып дамуға сол арқылы адамгершіліктің-қайырымдылық, биік талғам, шындық, әділдік негіздерін қабылдауға ықпал етеді. «Адам баласы бір-бірінен ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озады» – дейді. Адамдықты көрсететін қасиеттер мен құндылықтар: жан мен  рух, мінез, әрекет, тәжірибе, білім, өнер, кәсіптік икемділік. Абайдың рухани-адамгершілікті өрбітуге байланысты осындай көрсеткіші ақыл мен білім, рухтың тазалығы. Тыныштық қуаты – жүректе, келісім қуаты – қайратты, ерікті, иманды кісіде. Адамның кісілігі: - әсерлі, әдепті, табысты өнерінде. Адамның ең биік қасиеті - Адам бола білу! дейді.

     Шәкәрім: «Үш анық» атты еңбегінде, адамгершілікті «ар ілімі» деп  қарастырады. Ар-ұжданның мазмұнын нысап, әділет, мейірім құрайды дейді, оларды адамшылық ұғымымен байланыстыра келе, рух пен нәпсі, ақыл мен ой, сенім мен махаббат, ақиқат, жүрек жылуы сияқты рухани ілімді талдап берді. Рухтың ұясы-жүрек. Ақыл жүрекпен нұрланса, неғұрлым рахымға толы болса, соғұрлым адамды ізгілендіреді. Жүрек жылуынсыз тек қана ақылмен қабылданған білім адамның өзіне де, қоғамға да болашаққа да теріс ықпал етеді. Даму кезеңдерінде адамның рухани өзегін қоректендіруші ретінде тәрбие, біліммен қатар қолға алынуы тиіс, яғни білімге адами және рахымдылық сипат беріліп, ақылды жүрек жылуымен нұрландырған жөн дейді[4].

Бесіншіден, өзін-өзі тану пәнін интеграциялау мәселесі қолға алынып, ең алдымен беріліп отырған білімді жандандыру, яғни  оның рухани адамгершілік мән-мағынасын айқындау көзделген. Интеграция бүгінгі таңда адамның ғылыми ойлауын және әлемдік көзқарасын анықтайды. Әр текті бөліктер мен элементтердің бірігуімен байланысты даму деп философиялық сөздікте көрсетілген.

    Интеграциялық үдеріс (от лат. integratio – біріктіру, қалыпқа келтіру) бірін–бірі толықтыратын, бір–бірімен байланысты жеке ұғымдарды бір тұтас етіп біріктіру. Барлық пәндерді мәңгілік бүкіл адамзаттық құндылықтар негізінде  алуан түрлі құбылыстарды бірлікте қарастыра отырып, тұтастай білім беруде жалпы адамзаттық құндылықтардың негізгі түп қазық болуы, яғни  берілетін білім біртұтас, жүйелі болуы көзделеді. Интеллектуалды (сыртқы білім ақыл үшін) адам оқу-білім алу үшін алдымен қоршаған дүниені, табиғат құбылыстарын танып-білу арқылы (кітаби білім, сыртқы білімді зерттей отырып қол жеткізеді). Рухани-адамгершілік (ішкі білім жүрек үшін)  табиғатты аялап, ізгілікке баулу ұлттық тамырдан нәр алады, табиғатқа деген адам көзқарасының дұрыс бағытта болуы оның ой-сезіміне әсер етіп, мінез-құлқын жетілдіру арқылы жүзеге асады (ішкі дүниені зерттей отырып, өмірлік мақсатқа жетелейді, интуицяны дамытып, сананы оятады) [4].

    Өзін - өзі тану пәнін оқытуда сүйспеншілік, сенім, шығармашылық шабыт атмосферасын құру, өзін-өзі зерделеуге, өзін-өзі интуитивті түрде ұғынуға жағдай жасалады. Рухани адамгершілік білім беруді мектептің тұтастай педагогикалық үдерісін интеграциялау арқылы жүзеге асыру қажет. Рухани адамгершілік білім беру үдерісінде тек жағымды және ізгі әдістерді қолдану көзделеді. Өзін-өзі тану сабақтарындағы жағымды ойлау, жағымды күйге келу әдісін қолдану арқылы: тәртіп, өзін - өзі қадағалау, денсаулық, зейін қою, ақылдың байсалдылығы, ес, интуиция, басқаларға деген сүйспеншілік, ішкі тыныштық орнатуға баса назар аудару қажет. Бүгінгі қоғамда білім беруде сыртқы білім: интеллектуалды, сыртқы дүниені зерттейді, кітаби білімге негізделген, қалауларды оятады, дүниеде күн көру үшін қажет деп есептейді, интеллектіні дамытады, ақыл мен тәнге қарасты мәселелерді шешіп, мұндағы білім берудің мақсаты ақпарат берумен шектеледі, интернет жүйесіне жүгініп, аллергия пайда болады. Ал, рухани білім берудің яғни, ішкі білімнің маңыздылығы: ішкі рухани-адамгершілік қасиеттерді ашады, адамның, баланың ішкі дүниесін зерттейді, өмірлік тәжірибеге негізделеді, әрбір адамның жүрегінде жасырынған жалпыадамзаттық құндылықтарды айқындайды, білім беруді өмірлік мақсаттармен байланысты қарастырады, интуицияны дамытады және ақылмен ойлап, жүрекке жүгінетіндіктен тәрбиелік ықпалы күшті және өмірлік дағды қалыптастыруда маңызды болмақ [5].

   Ж.Аймауытов: «Кіріктіре оқыту дегеніміз–бұл өмірдегі сан алуан құбылыстарды, нәрселерді бір тақырып пен бір пікірдің төңірегіне жинап, қосып, түйдектеп, біріктіріп оқыту»-деп көрсеткен. Осыған орай, өзін-өзі тану пәнінің мазмұны жалпыадамзаттық құндылықтар негізінде интеграциялануы білім беру мен тәрбиені біртұтас, әр тарауы, әр тақырыбы бойынша болашақ ұрпақтың бойында рухани адамгершілік қайнарын сіңіріп, мінез-құлқын тәрбиелеуге, жалпыадамзаттық құндылықтарды, ұлттық құндылықтармен ұштастыра отырып, адамгершілік қағидалары мен мұраттарды ғұмыр бойы басшылыққа алатын болашақ педагогтің тұлғасын қалыптастыруға бағытталған мазмұн ұсынылғандығымен құнды. Болашақ ұстаз оны тәжірибеде тиімді пайдаланып, өзінің игерген сапалық деңгейін екінші білім беру ұйымдарындағы сапалық деңгейге көтеруге ықпал ете алуы тиіс және басқа да пәндермен интеграциялау арқылы білім берудің тімділігі дәлелденуде.

    Ойымызды қорытындылай келе, білім беру ұйымдарында барлық пәндерді оқи отырып, олардың мазмұнын рухани тәрбиемен сабақтастыра, интеграциялап оқытудың маңызы зор. Бұл пәнді оқу арқылы адам өзінің мінез-құлқы мен қоршаған ортаға қарым-қатынасын жақсы жаққа қарай өзгерте алады. Сол арқылы өзгені де өз арнасына тарта алады. Әлемде болып жатқан барлық жақсылыққа жаршы бола алады. Ал ол жақсылықты жасаған адам қалған мың адамға үлгі болады. Өзін-өзі тану жаратылыстану және гуманитарлық бағыттағы барлық пәндермен тығыз байланысты интеграциялап өткізудің тәрбиелік, тағылымдық маңызы зор деп білеміз.

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Қазақстан Республикасының Президенті – Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы: «Нұрлы жол - болашаққа бастар жол». 2014.

2. «Өзін-өзі тану: махаббат пен шығармашылық педагогикасы». Халықаралық педагогикалық оқулар материалдары. Алматы. 2012.

3. «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру Жобасының авторы – «Бөбек» қорының  президенті С.А.Назарбаева.

4. Мукажанова Р.А, Омарова Г.А. Методика преподование дисциплины «Самопознание»  в школе. Учебнно-методическое пособие для учителей. Алматы, ННПООЦ «Бөбек», 2013.- 129 с.

5. Мукажанова Р.А, Омарова Г.А «Самопознание» и другие учебные предметы. Возможности интеграции содержанияи методов. Учебнно-методическое пособие для учителей. Алматы, ННПООЦ «Бөбек»,  2013.- 96 с.