Софина Алтын
Серғазықызы
А. Мырзахметов
атындағы Көкшетау университеті,
гуманитарлық- педагогикалық факультеті,
әлеуметтік-
педагогикалық пәндер кафедрасының
2 курс магистранты
Ғылыми жетекші: Сенкубаев
Сабыр Талиевич
Педагогика
ғылымдарының кандидаты, доцент, А. Мырзахметов атындағы
Көкшетау университеті, Қазақстан Республикасы
Мектеп жасына дейінгі
балалардың логикалық ойлау ерекшеліктері
Бала өмірі
теориялық мәселелерді шешуден басталмайды. Ол өзінің
қажеттіліктерін қанағаттандырады. Ойыншықтармен, құбылыстармен
ойнауды бастайды. Мұндай қарапайым әрекеттер
қоршаған өмірді шынайы түсінуге көмектеседі.
Бұл негізінде баланың бірінші түсінігі, яғни
практикалық тапсырмаларды зияткерлік формада шеше алуына
көмектеседі. Мұндай жағдайда балада ойдың
қарапайым логикалық формасы пайда болады. Алайда бұл ойлау
түрі әлі де болса баланың заттық әрекетімен
тығызбайланысты. Бала әлі де болса өз бетімен шешім
қабылдауға қалыптасқан жоқ. Баланың даму
жолында білім мен ақылдың қорлану нәтижесінде
әрекеттің жаңа түрі көбейеді,
қоршаған адамдармен өзара қарым- қатынастың
күрделі формасын меңгереді. Баланың әрекет сферасы мен
олардың формаларының кеңейуі баланың ойлануына
жаңа талаптар ұсынады, зияткерлік дамуы сатысында өзіндік
ерекшеліктерінің өтуіне жағдай жасайды.
Г.И.Минская мен А.А.Люблинская
зерттеулері көрсеткендей балада өте қарапайым түрі
өте ерте кезде пайда болған. Ерте балалық шақта балада
ойлау формаларының механизмдері көріне бастайды. Ал ересек
жастағы балаларда бұл үдеріс дайын күйінде
көрінеді. Бала өмірі әр кезде пайда болып отыратын
заттық және құрал- сайман, ойындық продуктивті
әрекет формаларымен тығыз байланысты. Балада ойлау әрекеті
әртүрлі формада болады: көрнекі іс- әрекеттік,
көрнекі- бейнелік және логикалық форма.
Мектепке дейінгі
шақта баланың ойлау әрекетінің мазмұнын
маңызды түрде кеңейтуге басты көңіл
бөлінеді. Күнделікті өмірде үлкендермен қарым-
қатынаста балабақшадағы жүйелі оқу
сабақтарында жүзеге асырылады. Бала алдында болмыстар мен
құбылыстарды, таныс нысандардың жаңа аспектілерін тану
ақиқат жағынан ашылады.[1, 247-261б]
Балада ойлаудың дамуы
өмірінің екінші жылында басталады. Ол жүруді игеруді,
қозғалыстардың жетілуімен қата ақыл- ойдың
дамуымен және тілді меңгерумен байланысты. И.М.Сеченов «Ерте
шақтағы ойлау формасы бұлшық ет буындарын сезіну
негізінде пайда болады» дейді. Ол практикалық әрекеттенумен
байланысты. Практикалық ойлаудың ерекшелігі мынада: балада шешуші
берілген тапсырманың көрнекі түрінде болуы, оны шешу
тәсілі практикалық әрекетпен ғана шешілуі. Бала
тапсырма шешуін практикалық әрекет жолымен ғана табады. Бала
ойыншықтармен ойнай отырып заттың өзіндік қасиеттерін
біле бастайды, олармен қарапайым болса да байланыс орнатады,
әртүрлі әрекет меңгереді, яғни бала
мұның бәрін ақыл- оймен және табысты
орындауға талпынады.
1,5 жастағы бала
әрекеті байқау, белгілеу түріне ие. Алайда бала алдына
қойған мақсаты сөйлеу формасында болса, оның
әрекеті зерттеу, дәлелдеу сипатына ие болады. Мұндай
жағдайда балалар заттарға ықыласпен көңіл
қойып байқау тәжірибесін жинақтайды. Бұл
зияткерлік даму жолында әрекетті ойлау үлкен орын алады. Ол
қандай да болмасын дұрыс бағыттылықпен ақыл-
ойдың даму жолын қарастырады. Сөзді игеру- баланың
логикалық ойлауда қарқынды дамуының алғышарты. Оны
игерудің ұзақтығы соншалықты- бала заттарды сезім
арқылы қабылдап, қарапайым тәсілдермен қорытынды
жасау, логикалық пікірлер барысында игереді.
Үш жас пен алты жас
аралығында ойлау формасы үлкен орынға ие, бірақ ойлау
үдерісінде елеулі өзгерістер жүреді. Әсіресе осы жаста
ойлау шеңберінің көбеюі жыолам ұлғаяды. Бала 3-6
жасында заттардың әр қасиеттері мен белгілерін танытатын
әрекеттің әр түрімен айналысады. Бала алдында тұрған
практикалық міндетті шешуде өз бетімен әртүрлі
әдіс- тәсілін таңдап алып, өздігінше шешім
қабылдай бастайды. Арнайы зерттеулер көрсеткендей:
«Балалардың қарым- қатынаста әрекет жасауы ақыл-
оймен байланыстырылғанда».[2, 208б]
Мектепке дейінгі кіші
жастағылардың бәрі қойылған тапсырманы
орындауға әрекетті адекватты қолдана бермейді. Бұл
жаста балалар бірден ретсіз шешім қабылдайды. Олар берілген
тапсырманың қалай орындалу мазмұнына емес, сыртына ғана
назар аударады. Мысалы: кубиктерді бірінің үстіне бірін қоя
салуы, одан қандай да бір форма шығаруға болатынына
қызықпау.
Ал мектепке дейінгі орта
жастағы балалар әрекет жасар алдында тапсырманы орындау үшін
оның әдіс- тәсілін ойластырады, бірге талқылайды.
Бұл жаста сөз үлкен орын алады.
Мектепке дейінгі ересек жастағылар
үшін әрекет сөздік формада жүреді. Бұл
жастағылар тапсырманы орындар алды жоспарлауға кіріседі.
Уақыт өте келе ішкі жоспарлау сыртқы жоспарлауға
айналады. Бала өз ойлағанын құрбысына сөзімен жеткізеді,
яғни әрекет пен сөз қатар жүреді.
Балада ойлаудың
нақты бейнесі сөздік формаларының дамуынан, әсіресе
ұғымдарды меңгеру үдерісінен анық көрінеді.
Ұғым- ойдың формасы, заттардың негізгі белгілерін
бейнелеп көрсетеді, осы негізгі бейнелердің себебімен бір
ұғым екінші ұғымнан айырмашылығын көрсетіп
тұрады. Ұғым- сөздің белгісі.
Мектеп жасына дейінгі балалар
құбылысты, затты, белгіні, әрекетті білдіретін сөздерді
ерте біледі, ал оны ұғынып меңгеру біртіндеп
қалыптасады. Бұл үдерістің қиындығы ойлау
мен тілдің, тіл мен ұғымның, сөз бен
бейненің арасында көрінеді.
Егер 2 жасар балаға «Айыр дегеніміз
не? Қуыршақ дегеніміз не?» десең, олар қашанда сол
затқа сәйкес келетін заттарды көрсетіп, «Қуыршақ
дегеніміз- мынау», «Айыр дегеніміз- мынау» деп бөлмедегі кез келген
ойыншық пен ыдысты көрсетуі мүмкін. Ал 5 жастағы
балалар заттардың негізгі белгілерін айырып көрсетуге
қабілетті, олар «Қуыршақ- ойнау үшін, айыр- тамақ
жеу үшін» деп жауап береді.
Ал мектепке дейінгі ересек
жастағылар заттардың мәнді белгілерін, яғни оның
белгілі бір категорияға немесе бір топқа қатыстығын
ажыратуда белсенділіктері жоғары. Бұл тұрғыда балалар
«Жылқы- жануар, ал айыр- ыдыс» деп жауап береді. Бірақ осы
жастағы балаларға сирек кездесетінзаттарды көрсетіп
сұрақ қойса, олар заттардың көрініп
тұрған белгілеріне қарап ретсіз өз ойларын айтады.
Ойлау іс-
әрекеттерінің қалыптасуы мен жетілуі ойлаудың негізін
құрайды. Бала қандай білімді игеріп, оларды қалай
пайдалана білетіндігі оның қандай іс- әрекеттерін
игергендігіне байланысты. Мектепке дейінгі шақта ойлау іс-
әрекеттерін игеру сыртқы бағдарлау іс- әрекеттерін
игеру мен бойға дарытудың жалпы заңы бойынша өтеді.Осы
сыртқы әрекеттердің қандай және оларды
бойынадарытудың қалай өтетіндігіне байланысты баланың
қалыптасып келе жатқан ойлау іс- әрекеттері мен формасын,
сөз бен сансияқты белгілер іс- әрекет формасын
қабылдайды. Ойша бейнелер мен іс- әрекет жасай отырып бала
заттармен жасалатын іс- әрекет пен оның нәтижесін көз
алдына елестетеді және осы жолмен өзінің алдында
тұрған міндетті шешеді. Бұл өзімізге таныс-
көрнекі-бейнелі ойлау. Белгілер мен іс- әрекетті орындау
нақтылы заттардан дерексізденуді керек етеді.[3, 144б]
Ойлау дегеніміз- сыртқы
дүние заттары мен құбылыстарының байланыс- қатынастарының
миымызда жалпылай және жанама түрде сөз арқылы
бейнеленуі.
Ойлау қабылдау,
елестермен тығыз байланысты. Түйсік пен қабылдау
танымның бірінші баспалдағы болғандықтан, олардан тыс
ешбір ойлау болмайды. Ойлау сезім мүшелері арқылы алынған
мәліметтерді өңдейді. Ойлау сезімдік
мағлұматтардың негізінде ғана мүмкін болатын
нәрсе. Ойлау аса күрделі психикалық процесс. Оны зерттеумен
психология ғылымы айналысады. Бұлардың ішінде логика мен
зейін психологияның орны ерекше. [4, 395б]
Көрнекі- бейнелік және
логикалық ойлау арасындағы айырмашылық түрлі ахуалдарда
ойлаудың осы екі түрінің басты қажеттерін бөле
білуге мүмкіндік беретініне және сол арқылы әр
ауқымдағы мәселелерге дұрыс шешім таба білуде. Бейнелі
ойлау назар аудару арқылы бастықасиеттерді, көзге
елестетерлік мәселелерді шешкенде жетерліктей әсерлі болып
шығады. Мысалы: бала қардың суға айналуын, доптың
асфальт жолмен, алаңмен қозғалуын көз алдына
елестетеді. Бірақ көбінесе мәселені шешуде басты орыналатын
қасиеттер жасырын болады. Оларды елестетуге болмайды. Сөзбен не
басқа белгілер арқылы көрсетуге тура келеді. Мұндай
жағдайда мәселе тек дерексіз логикалық ойлау жолымен
ғана шешілуі мүмкін. Тек логикалық ойлау ғана
денелердің қалқуының шынайы себептерін анықтай
алады. Логикалық ойлауды дамыту үшін іс- әрекеттерді
нақтылы арқылы заттар мен
жағдайлардың орнына белгілер түріндегі сөздер, сандар
арқылы игерудің алғы шарттары сәбилік
шақтың соңында бала санасының белгілер функциясы
қалыптаса бастағанда қаланады. Бұл уақытта бала
әр затты белгілеуге өзге бір заттың суреті,
сөздің көмегімен оның орнын ауыстыруға
болатындығын түсіне бастайды. Әйтсе де сөз бен
белгілердің басқа түрлерін бала өздігінен ойлау
міндеттерін шешуге қолдана алмайды. Ойлау сөйлеумен тығыз
байланысты. Сөйлеудің көмегімен үлкендер баланың
іс- әрекетіне басшылық жасайды. Олардың алдына практикалық
және танымдық міндеттер қояды. Оларды шешудің
тәсілдерін үйренеді. Баланың сөзін сөйлеу
арқылы айтып жеткізетіндері, бұлар әлі практикалық
амалдарды алдын ала ескертусіз сүйемелдеп жүргенде, осы іс-
әрекеттің өту барысы мен нәтижелерін баланың түсіне
білуіне жағдай жасайды.
Міндеттерді шешудің жолдарын іздеуге көмектеседі. Сөйлеу
жоспарлаушы функцияға ие болғанда оның мәні
бұрынғыдан да арта түседі. Бұл арада бала естіртіп
ойлайтын сияқты, өйткенмен бала шындығында бұл
кезеңде де өзінің ойлау іс- әрекетінде сөзбен
емес, бейнелермен пайдаланады. Бұл балалар алдарынан шығатын
көбіне ойлау іс- әрекеттерін орындауды талап ететін міндеттерді
шешетіндіктен және өз ойын сөзбен айтып жеткізе алмайтын
жағдайларда көрінеді. Мысалы: мектепке дейінгі 4-5 жастағылар
әдейі бұрын бқзып қойған ойыншықтарды
бергенде көп жағдайда бұзылудың себептерін
анықтап, оларды жөндей білді, бірақ неліктен солай істелгенін
сөзбен айтып бере алмады, тек ойыншықтардың болмашы
белгілерін көрсетті. Сөз бейнелерді пайдаланбай- ақ ақыл-
ой мәселелерін шешуге мүмкндік беретін дербес ойлау
құралы ретінде қолданыла бастауы үшін бала адамзат
жасаған ұғымдарды сөз арқылы бекіген
заттардың белгілері мен болмыс құбылыстарының жалпы
әрі маңызды белгілері жөнінде білімдерді игеруі тиіс.
Ұғымдар өзара бір білімнен екінші білім
шығарлықтай үйлесімді жүйелерге біріккен. Ол жүйе
заттардың өзінің не бейнелердің көмегінсіз-
ақ ақыл- ой мәселелерін шешуге мүмкіндік береді.
Балалар игеретін сөздердің мәні бұл сөздерге
үлкендердің беретін мәніне біртіндеп жуықтай бастайды.
Балаларда бар түсініктер өздігінен ұғымға айнала
алмайды. Ұғымдарды қалыптастыру үшін түсініктерді
пайдалануға болады. Ұғымдардың өзінде және
оларды қолдануға негізделген ойлаудың логикалық
формаларын да балалар ғылыми білімдер негіздерін игеру барысында
меңгереді. Ұғымдарды жүйелі меңгеру мектептегі
оқу үдерісінде басталады. Бірақ кейбір ұғымдарды
мектепке дейінгі ересек балалар арнайы ұйымдастырылған оқыту
жағдайларында үйреніп алатындығын зерттеулер көрсетті.
Мұндай оқытуда алдымен оқылатын материалдарға
балалардың ерекше сыртқы бағдарлай іс- әрекеттері
ұйымдастырылады. Ұғымды бұдан әрі
қалыптастырудың барысы баланың сыртқы бағдарлау
іс- әрекетінен ойша іс- әрекеттерге өтуді
ұйымдастырудан тұрады. Мұнда сыртқы
құралдар сөздік белгілерімен алмасады. [5, 193-204б ]
Тиісті міндеттерді ала
отырып бала нақтылы өлшемді пайдалануды доғара бастайды.
Оның орнына өлшеу мүмкіндігін көздей отырып, сан
жөнінде пайымдай бастайды. Бұл пайымдауларда баланы заттардың
сыртқы түрлерінің өзгеруі шатастыра алмайды, білім
тікелей әсерден күштірек болып шығады. Нақтылы іс-
әрекетті сөз арқылы толықтай ой жүгіртумен
алмастыру, сол іс- әрекеттің барлық негізгі кезеңдерін
сөз арқылы көз алдына елестету бала үшін міндетті саты
бола бастайды. Ақырында пікір айту ескеріліп емес, іштей жүргізіле
бастайды. Пікір айту азая келеді де дерексіз логикалық ойлау іс-
әрекетіне айналады.
Пайдаланылған
әдебиеттер тізімі
1.
А.А.Люблинская
Детская психология. М: Просвещение. 1971- 247-261б
2.
Е.С.Ермакова
Развитие гибкости мышления детей: Дошкольный и младший школьный возраст:
учебно- методическое пособие// Е.С.Ермакова, И.Б.Румянцева, И.И.Целищева СПб.:Речь, 2007.- 208б
3.
Вопросы психологии
ребенка дошкольного возраста: сб. статей/ под ред. А.Н.Леонтьева и А.В.Запорожца. М.:Международный образовательный
и психологический колледж, 1995.- 144б
4. Қ.Жарықбаев Жантану
(Өңделіп, толықтырылып оныншы басылуы)- Алматы-2011. -395 б
5.
В.С.Мухина Мектеп
жасына дейінгі балалар психологиясы. Алматы: Мектеп, 1986- 193-204б