ӘОЖ 75.01 (574)

ТАРАЗ ИННОВАЦИЯЛЫҚ-ГУМАНИТАРЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

 

А.Қ.АРПАБЕКОВА МАГИСТР, ОҚЫТУШЫ

 

КӨНЕ ШЫҒЫС БЕЙНЕЛЕУ ӨНЕРІН ОҚЫТУДЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ  МҮМКІНДІКТЕРІ

 

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министірлігінің орта білім беру бойынша мектеп оқушыларының білімі мен тәрбие сапасын көтеруге, олардың еліміздің өткендегі тарихына, мәдени мұрасын танып білуге, дәстүрі мен мәдениетіне, Отанына сыйластық көзқараста болып жетілуіне аса назар аударылып, оқу үдерісінде жүзеге асыру жолдары жан-жақты қаралуда. Осыған байланысты қойып отырған міндеттерді жүзеге асыруда оқушыларға мектепте басқа халықтар мәдениетінен, соның ішінде Көне Шығыс бейнелеу өнерінің тарихи мазмұны мен тәрбиелік мүмкіндіктерін айқындау нәтижесінде оқушылардың Көне Шығыс бейнелеу өнері арқылы шығыс өнері, тарихы, мәдениеті туралы танымдық қызығушылықтары дами түседі.

Келешек ұрпақты оқытып, тәрбиелеудің мәселелерін қарастыру барысында, педагогикалық ой-пікірлердің, идеялардың, тұжырымдар мен теориялардың дамуында, ғасырлар бойындағы мектеп тәжірибесінің тарихында пәнаралық байланыс мәселелері көптеген ойшылдардың, ағартушылардың еңбектерінде орын алған.

Көне Шығыс өнерінің тарихын заманының көрінісі, түрлі дәстүр ауқымы, талпынған ойдың ағымы, дұрыс жолдың негізі, мәдени жеңістің бағдары. Осыдан Көне Шығыс бейнелеу өнері арқылы  оқушылардың дүниетанымын дамытудағы  маңыздылығын аңғаруға болады.

Ғасырлар сынынан еленіп, ұрпақтан-ұрпаққа ұласып ежелден келе жатқан Шығыс халықтарының өнерінің озық үлгілері, оқушылардың жеке тұлға ретінде дамуына және танымдық тәрбие беру құралы ретінде  тигізер ықпалы мол.  Көне Шығыс өнерінің негізгі тарихы, шығыс халықтарының дүниеге қоршаған ортаға деген ғасырлар бойы қалыптасқан діни наным  сенімдері мен  танымдық көзқарастарына құрылған. Осы діни наным сенімдер  Шығыс философиялық  ойларының негізі болып табылады.

Шығыс өнерінің философиясы дегенде алдымен ертедегі үнді, қытай, византия, египет, туран, араб, мұсылман ойшылдарының шығармашылық жетістіктері  мен ағымдық дәстүрлерін айтамыз. Көне Үнді мен Қытай – байырғы өркениеттің ошағы, алғашқы қоғамдағы мәдениеттің бастапқы ордасы. Дүние туралы алғашқы мыңдаған жылдардағы түсініктерде  көркемдік – поэтикалық бейнелеу, аңыз – әңгімелер  басым болғаны хақ. Ертедегі шығыс философиялық көзқарастар алғашқы қауымдастық қатынастар ыдырап, құлдық қоғам орныққан кезде тамыр жайды. Осы шығыс халқының әлемге  мифологиялық, философиялық көзқарастары шығыс өнеріндегі заттардың жалпы өнер туындыларындағы әсемдік туралы талғамы қалыптасып, өнер арқылы танымдық көзқарастарының дамуына ықпал етті [1].  

Қытайдың ағаштан жасалған сәулеттік өнері өзінің пропорцияларының жеңілдігімен, айқындылығымен, өрнекті  оюлардың  әсемдігімен және иілген қанаттарының  ырғақтылығымен  қызықтырады.                                   

Қытай кескіндемесіндегі анық байқалатын құбылыс – лиризм, аса қатты көзге түспейтін тұнық бояу түстеріндегі үйлесімділік. Ал Будда мүсіндері күшейтілген динамикаға мүлдем жуықтамайтын сызықтардың жұмсақтығымен, дене қимылдары мен бет пішінінің құндылығымен, дене құрылысының қалыпты салмақтылығымен ерекшеленеді [2,3].

Қытай халқының көне мәдениетінен сыр шертетін сарайлар мен ғибадатханалары бүгінгі күнге дейін мұра болып, әлемге сол замандағы қытай мәдениетін әйгілілігін паш етеді. Ұлы Қытай халқы – мәдениет пен өнердің қай саласында болса да қомақты табыстарға жетіп, дүниежүзілік өркениетке өзіндік үлестерін қоса білген дарынды да, еңбекқор халық болды. Ежелгі Қытай өнерінің өзіндік стилі рельеф пен өрнекті жазулармен қапталған рәсімдік ыдыстардағы бейнелерден көрініс тапқан. Аңдардың, құстардың қиял-ғажайып мақұлұқтардың бейнелері, қола ыдыстардағы оюлы өрнектер, алтын, малахит және фирузамен безендірілген қабырғалар, нефриттен ойылып жасалған заттар ақсүйектердің жерасты қабірлерінің ішіне асқан көрік берген. Қытай мәдениетінің маңызды кезеңі – б.з.б. XI – III ғ-лардағы Чжоу дәуірінде б.з.б. 1-мыңжылдықта пайда болған. Діни-философиялық ілімдер – конфуцийлық  пен даоизм Қытайдың кейінгі бүкіл мәдениетіне ықпал етті. Осы кезеңде қытай сәулет өнерінің қағидалары қалыптасты, аңшылықтың, егін орағының жанрлық көріністерінен тұратын ыдыстардың безендірілу үлгілері күрделене түсті, қытай бейнелеу өнері үшін классикалық стиль болып табылатын орамаларға тушьпен сурет салу өнері қалыптасты. Ұлы Қытай қорғанының құрылысымен әйгіленетін Цинь дәуірінің өнері көне қытайлықтардың дүниенің құрылымы, әлемдегі елдер туралы түрліше түсініктерін бейнелейді. Оларда шынайы өмірлік бақылаудан туған пайымдаулар мен жүйрік қиял астасып жатыр. Орта ғасырлық бейнелеу өнері деп, әдетте, Батыс және Орталық Еуропа елдері өнерінің ерте және кемелденген кезеңін, Византия мен Ежелгі Ресей өнерін  атайды [4].

       Қорыта келгенде, ертедегі шығыс халықтарының мифологиялық наным сенімдермен орындалған дәстүрлі көркемдік өнердің  сұлулығына  талдау жасау арқылы, Көне Шығыс өнеріндегі Үнді, Қытай және Жапон көркемдік өнеріндегі эстетикалық мәдениеттің қалыптасуына діннің ықпалы жөніндегі түсініктің Батыс Европа өнерінен өзгеше, бөлек, ерекше сезімдікте орындалған өнер  деп тұжырымдауға болады. Шығыс көркемдік өнерінің мол қазынасы,  оқушылардың рухани жан дүниесіндегі, көркемдік эстетикалық және кеңістіктік ой-өрісін дамытуда қолайлы жағдай жасайтын  эстетикалық тәрбие құрал ретінде орны ерекше. Аса көрнекті де көркем ескерткіштер ансамблінің бірі – Аджанта ғибадатханалары. Жалпы өнермен қатар жібекке сурет салу Индияда орта ғасырларда өте кең дамыған, қылқаламмен, немесе ағаш штампыларымен жасап отырған.

 

Пайдаланылған әдебиеттер

 

1.     Мировая художественная культура Индия, Китай, Япония. Учебное пособие для учашихся старших классов школ, гиназий, лицеев, а также для студентов высшых учебных заведений – Издательский центр АЗ 1997, - 312с. Гоголев К. Н.,доктор исторических наук.

2.     Мировая художественная культура: Учеб. пособие /Колл. авт.: Б.А. Эренгросс, В.Р. Арсеньев, Н.Н. Воробьев и др.; Под. ред. Б.А. Эренгросс/ - М.: Высшая школа, 2001. - 767 с  

3.     Культурология: Учебное пособие /Под ред. проф. Г.В.Драча.- М.: Альфа-М, 2003.

4.     Песталоции И.Г.Избранные педагогические сочинения в 2-х т.-М.:Просвещение,1981.-334с