ОҚУШЫЛАРДЫҢ ӘДЕБИ ТIЛ
СТИЛЬДЕРIНДЕГI МӘТIНМЕН
ЖҰМЫС IСТЕУ
МӘСЕЛЕСI
Абдраманова Алма,
Қанатова Жансая, КО-41 студенттері
Хасенов Б., оқытушы
Е.А.Букетов
ат.Қарағанды мемлекеттік университеті
Қазіргі
білім талаптарына сәйкес оқушылар стильдік бояулы тілдік құралдарды,
әсіресе стильдік мән беретін синонимдердің қолданылу жолдарын
меңгеруі қажет. Бұл мәселе теориялық түрде
емес, тәжірибелік жұмыстарды жүргізу арқылы іске асады.
Нақтылап айтқанда, оқушылар мәтіндегі сөйлемдердің
реңдерін ажырутаға мүмкіндік алады. Алайда жеке сөзді
орынды қолдану оқушының ойын жүйелі жеткізуге
мүмкіндік бергенімен, ауызша немесе жазбаша мәтіннің стилі
туралы мәлімет бере алмайды. Ол үшін оқушыларға
функционалды стилистикадан хабар, пікір айта алатындай қажетті стильдік ішкі
және сыртқы тәсілдерді, мазмұнды айту формаларын
үйрету керек. Оқушы мәтіннің стилін дұрыс
түсіну үшін, оның құрған
мәтінінің не үшін, қандай мақсат пен
жазғанын қалыптасқан жағдайға байланысты
стилистикалық қате жібермей талапқа сай жаза білуге дағдыландыру
қажет. Дағдыны оқушы бойына қалыптастыру үшін ,
алдымен олар стиль түрлерінің өзгешеліктерін білуі шарт.
Сондай-ақ мұғалім оқушы бойына стилистикалық
дағды қалыптастыру мақсатында тілдің стильдік салаларын
бір-бірінен ажырату үшін мәтіннің қатынас құралы
ретінде қолданылу аясына қарай бөліп үйрету
мәселесін еске алғаны дұрыс.
Стильдермен
таныстырудың ең тиімді әдісі – үлгілер көрсету
мен шығармаларды талдау. Мысалы, көркем әдеби стиль
мәтінінің үлгісі: Көлемі аз бұлақтың
айналасына жиі қонған аауылдардың үйлері де,
шұбыртқан малы да, адамдары да кешкі мезгілде ыю-қию араласып
жатқан сияқты. Жер ошақтарынан шыққан
түтіндері де біріне-бірі қосылып ұласып, тұтасқан
көкшіл мұнардай тарайды. Үрген иттер, мал
қайырған айқайлар, маңыраған қой,
қозы шулары араласып жатыр. Кешкі суға келе жатқан қалың
жылқының кісіней шапқан дүбірі, шаң-тозаңы
болсын немесе оқта-текте азынай кісінеп, үйірін іздеп шапқан,
мінуден босаған жас айғырлар дауыстары болсын – барлығы да
осы отырған ауылдардың осы кештегі тіршілік тынысын білдірген
сияқты (М. Әуезов). Ғылыми стильге құрылған
мәтінге мысыл: Арал – түгелдей сумен қоршалған
құрлықтың бір бөлігі. Құрлыққа
қарағанда аралдың ауданы шағын келеді. Жеке-дара
және топарал (архипелаг) түрінде кездеседі.
Оқушылардың
әдеби тіл стильдері бойынша жазбаша тілін дамыту, жазбаша
стильдердің ерекшеліктері мен тілдік құралдарын игерту
үшін 5-10- сыныптарда әр тіл стильдерінің ерекшеліктері
бойынша жүргізіледі. Олар:
Ресми
стильдегі мәтін бойынша жұмыс. Ресми тіл өзіне тән
тілдікқұралдарының қолданысымен ерекшеленеді: 1)
жоғары тәртіппен сөйлеуге белгіленген тілдік
қолданыстар; 2) мазмұнды баяндаудағы ресмилік; 3)
сөздер тек өзінің тура мағынасында баяндалуы; 4) ресми
тілде сөйлеушінің жеке көзқарасы мен пікірінсіз тек
дәлдік пен нақтылық сақталынады [1,168]. Ресми тіл екі
үлкен бөлімнен тұрады: ресми-құжатты және
күнделікті істер. Ресми-құжат – дипломатия тілі және
заңдар тілі деп бөлінеді. Ал күнделікті істер тіліне –
қызметтік хаттар және ісқағаздары жатады. Ресми тіл
стилінің қарым-қатынастың бір формасы ретінде
қолданылады. Бұл стильдің жанрлары халықтың
күнделікті тұрмыс-тіршілігінде, қарым-қатынасында маңызды
рӛл атқарады. Ресми іс-қағаздарының тілдік
құралдарды қолданудағы өзіндік ерекшелігі –
құжаттар белгілі бір үлгіде орыналады немесе алдын ала
дайындалған үлгісі болады. Тағы бір ерекшелігі –
көркемдегіш құралдар өте сирек қолданылады. Ресми
стильде көбінесе лексикалық жағынан ауыспалы мағына
қолданылмайды, қолданылған жағдайда өте сирек
қолданылады.
Оқушыларға
ресми мәтін құрастыра білу икемділіктерін арттыру үшін ғалымдар
бірнеше жұмыстар түрлерін ұсынады:
Біріншіден,
ресми мәтіннің тілдік ерекшеліктері туралы білім, сол сыныпта
оқытылатын грамматикалық форма мен категорияға байланысты берілуі
нәтижелі болады; екіншіден, ресми мәтіннің түрлерімен
таныстыруда оның мағыналық, мазмұндық
мәніне орай жүргізіледі. Мәселен, ол құжат
қай жерде қандай мақсатта қолданылады? деген
мәселелер қарастырылады; үшіншіден,
құжаттардың, ісқағаздар мәтінінің
тілдік ерекшеліктерін ажырата білуге жаттықтыру үшін мәтін
талдау жұмыстары жүйемен жүргізілуі қажет [1,174].
Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі
сабақтарында осындай жұмыс түрлерін жүргізуді
ескеруіміз керек.
Ғылыми
стильдегі мәтінмен жұмыстың әдіс-тәсілдері. Ғылыми стильдің қолданылу аясы кең.
Бұл әдеби тілге жан-жақты әсер ететін стиль
түрлерінің бірі
болып саналады. Ғылым тілі лексикасын: а) жалпы қолданыстағы
сөздер; ә) жалпы ғылыми сөздер; б) терминдік қабаттар
деп бөледі.
Қандайда ғылымии
еңбек болмасын, ол жалпыхалықтық әдеби тілде жазылуы
тиісті, бірақ әр ғылым
саласына қарай тілдік тәсілдердің қолданылуы біркелкі болмайды. Әр сөз ғылыми стильде өзінің лексикалық
мағынасын сақтайды, себебі
көп
мағыналылық ғылыми стильге тән ерекшелік емес. Лингвистикалық еңбектерде де
термин сөздер көп қолданылады. Ғылыми стильдегі негізгі
зерттеу нысаны болып табылатын зат пен құбылыс ғылыми негізінде
дәлелденіп, түсіндіруді қажет етеді. Ол үшін
дұрыс ойлау, логика заңына сүйенеді. Оқушы мен
тыңдаушыға түсінікті, тұжырымды болу мақсат етіледі,
тілдік тәсілдер ғылым мәселеріне байланысты
қолданылады. Ғылыми стильдегі мәтіннің өзіндік
құрылымдық ерекшелігі, бірішіден, мәтін мазмұнының
нақтылығы; екіншіден, дәлелдеу, дәйектеу;
үшіншіден, әрбір құрылымдағы пікір белгілі оймен
тұжырымдалады. Оқушыларды ғылыми мәтін
құратыруға жаттықтырады.
Публицистикалық
мәтін бойынша әдіс-тәсілдер. Қоғамдағы
әлеуметтік және саяси жағдай, тұрмыстық мәселелер
сияқты көптеген заман құбылыстары әр
дәуірдің өз тарихы ретінде хатқа түсіп қала
береді. Қай кезде болмасын олар публицистикадан көрініс табады.
Қоғамдық мәселелереді сөз етуіне карай, публицистика
көркем әдебиетке де ұқсас келеді. Оның да
жанрлық ауқымы кең, көркемдік қуаты мол. Публицистикалық
мәтін ерекшеліктері: 1) информациялық-ақпараттық қызметі;
2) комментарийлық-бағалауыштық қызметі; 3)
ағартушылық-танымдық қызметі; 4)
қоғамдық пікір тудыру қызметі.
Оқушылардың
ой дамуын, білім дәрежесін, тіл мәдениетін анықтау үшін
мақала жаздыру жұмысын жүргізу тиімді. Өйткені
мақала жазу кезінде оқушы белгілі сюжет құрап жазу
үшін тілдік құралдарды орнымен пайдалануға
дағдыланады.
Мәтіннің
стилін анықтауға жаттықтыру. Мәтін стилін анықтау
үшін оқушыларға белгілі мәтінді ұсынудан
бұрын әрбір функционалдық стильдердің ерекшеліктері
бойынша жұмыстар жүргізіледі. Олардың грамматикалық
ерекшеліктері ашылып, айтылу, баяндау мақсаттары меңгертіледі.
Функционалдық стильдердің ерекшеліктерінен қысқаша мәлімет
беруді жүйелі жүргізуде ғалымдар мынадай талаптарды ескертуді
ұсынады: 1. Ойды жеткізудегі қолдану аймағы мен
жағдайы; 2. Сөйлеу мақсаты; 3. Стильдік ерекшеліктері; 4. Тілдік құралдары.
Қорыта
айтқанда, әдеби стильдегі мәтіндермен жұмыс
істеудің ерекшеліктерін әр сыныпта оқушылардың жас ерекшеліктеріне
байланысты жүргізілуі қажет. Оқушылар берілген дайын
мәтіннің стилін анықтауға дағдыланады,
мәтінді құрастыру икемділіктері қалыптасады,
әдеби тіл нормасына сай өз ойын жазбаша және ауызша
жүйелі түрде жеткізе білуге мүмкіндік береді.
Пайдаланылған
әдебиет
1.Жапбаров А.
Оқушылардың жазбаша тілін дамыта оқытудың ғылыми-
әдістемелік негіздері.
Алматы, 2007.
2. Оралбаева Н.,
Жақсылықова Қ. Орыс тілі мектептерінде қазақ
тілін
оқыту
әдістемесі. Алматы, 1996.