ПЕДАГОГИКА.  Современные методы преподавания.

Хамитова Н.Х.

Ғылыми жетекшісі: Аужанова Н.Б.

І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті, Казахстан

 

БИОЛОГИЯДАН ОҚУШЫЛАРДЫҢ БІЛІМ ДЕҢГЕЙІН БАҒАЛАУ НӘТИЖЕЛЕРІ

 «Ең жақсы ұстаз – шабыттандыратын ұстаз» (Дж.Уорд)

Оқушылардың сапалы білім алуы қаншалықты маңызды болса, оқу нәтижелерін бағалауға көңіл бөлу соншалықты маңызды деп санаймыз!

Оқушы жетістігін нақты бағалау мәселесі – білім беру жүйесіндегі өзекті мәселелердің бірі. Көптеген жылдар бойы оқушы жетістігі басқа оқушы жетістігімен салыстырмалы түрде бағаланып келеді. Бұл жағдайда білім алуға деген қызығушылықты жоғарылатуға мүмкіндік жасайтын бағалаудың нақты критерийлері, мұғалім мен оқушы арасындағы кері байланыс болмады.

Бағалау – одан арғы оқу туралы шешімді қабылдау мақсатымен оқытудың нәтижелерін жүйелі түрде жиынтықтауға бағытталған қызметті белгілеу үшін қолданылатын термин. «Бағалау» термині «жақын отыру» дегенді білдіретін латын сөзінен шыққандығы кездейсоқ емес, себебі бір адам басқа адамның не айтып, не істегенін немесе өзін-өзі бақылау жағдайында өзінің дербес ойлауын, түсінігін немесе тәртібін мұқият бақылауы бағалаудың негізгі сипаты болып табылады.

Жалпы бағалау екіге бөлінеді: оқыту үшін бағалау (формативтік) – ЩнБ бұл білім алушылар өздерінің оқудың қандай сатысында тұрғанын қалай даму керектігін және қажетті деңгейге қалай жету керек екендігін анықтау үшін оқушылар және олардың мұғалімдері қолданылатын мәліметтерді іздеу және түсіндіру үдерісі; оқуды бағалау (суммативті)тікелей келешек оқытуға үлес қосуға бағытталмаған, бірақ маңызды мәні бар тестілеу оқыту үдерісіне кері әсерін тигізуі мүмкін. Оқуды бағалау кезінде бір оқушының жетістіктерінің белгіленген нормаларымен немесе бірдей жастағы оқушылар тобының қол жеткізген деңгейімен арақатынасы салыстырылған соң қорытынды жасалады. Критериалды бағалау дегеніміз не? Бұл   білім  берудің мақсаты мен мазмұнына негізделген оқушының оқу-танымдық құзырлығын қалыптастыруда алдын-ала белгіленген   жетістіктермен салыстыру үрдісі.

Критериалды бағалауды енгізу мақсаты:  мектеп оқушыларының пән бойынша білім сапасын жоғарылату; мектеп  бітірушілердің білімін  халықаралық стандартқа сәйкестендіру.   Бағалау оқу үдерісі мен нәтижелерін жүйелі түрде және сыни талдау, соның негізінде ағымдағы және кейінгі оқу үдерісіне қатысты тұжырым жасап, шешім немесе ұсыным шығаруға бағытталған қызмет [1].  Бағалау – одан арғы білім алу туралы шешімді қабылдау мақсатымен оқытудың нәтижелерін жүйелі түрде жиынтықтауға бағытталған қызметті белгілеу үшін қолданылатын термин [2].  Бағалаудың барлық түрлеріне тән жалпы сипаттамалар: 1) бақылау; 2) алынған мәліметтердің интерпретациясы; 3) бұдан арғы іс-әрекетті анықтау үшін қолданылуы мүмкін шешімдерді қорытындылау.

Оқушы жұмысына баға қойғанда мұғалім нені бағалайды?  Тек үйреткен нәрсені ғана бағалауға бола ма?   Үздік немесе әлсіз деп қандай жұмыстарды санауға болады?

45 минут ішінде оқушылардың барлығын қандай дәрежеде екендігін білу үшін бағалауды қалайша жүзеге асыруға болады?

Бағалауға оқушылар да белсенді түрде қатысуы маңызды. «Не үйрендім? Қалай үйрендім? Не үйренгім келеді? Үйренуімді қалайша жақсарта аламын?»  деген сұрақтарға жауап беру арқылы оқушылар өзін-өзі және бір-бірінің білімдері қандай дәрежеде екендігін анықтап, үйренуге қандай өзгерістер енгізу керектігін айқындай алады. Бағалау тек мұғалім тарапынан жүзеге асырылмай, оқушылардың өзін-өзі және бірін-бірі бағалау жағына ойысқаны тиімді. Мұғалім әр оқушының біліміне, оның үйренуіне мүдделі болғаны шарт.

Егер мұғалім: «Оқушылар жақсылап ұғынса екен, көптеп білсе екен! Олар оқуда қандай қиыншылықтарға кезігеді екен? Ол қиыншылықтарды қалайша жеңуге болады? Оқушылардың білімін қалайша толықтыруға болады?» деген ойда жүрсе...

       

Онда шәкірттер: ынталанады, жігерленеді,  білімге деген уәжі артады,  талаптанады,  шабыттанады.

Оқушылардың бағалау критерийлерін білуі мен түсінуі, критерийлерді бірлесе құрастыру бағалауға деген позитивті көзқарасты қалыптастырады. Оқушылар өз оқуының мақсатын және табысқа қалай жету керектігін түсінуі үшін өзін-өзі бағалауға үйренуі керек. Өзін-өзі бағалау үшін мына әдіс-тәсілдерді қолдануға болады:  сабақтан шығудың түрлі парақтары мен карталары,  өзін-өзі және бірін-бірі бағалау кестелері,  ойлауды тудыратын сұрақтар, т.б. Формативтік (қалыптастырушы) – және жиынтық (суммативті) мақсат арасындағы айырмашылық 1960 жылдардан бастап белгіленген. Берілген екі терминнің мәні нақты анықталмаған. Іс жүзінде бұдан анығырақ айырмашылық жіктеу және есеп беру үшін өткізілетін оқуды бағалау және нақты мақсаты оқушылардың оқуына ықпал етуге арналған оқытудың бөлігі ретінде бағалауды қолдану болып табылатын оқыту үшін бағалау арасында жүргізіледі.

Қалыптастырушы бағалау: оқушы жетістіктері мен прогресін анықтау,  бақылау және жақсарту мақсатында жүзеге асады, мұнда салмақ оқушының қандай жетістіктерге қол жеткізгендігіне емес, оқу мен үйренуді жақсартуға түседі.

Қалыптастырушы бағалаудың ерекшеліктері:

­        әр сабақта үздіксіз қолданылады;

­        мұғалім де, оқушы да оған ынталы болады, екеуінің қатысуымен жүзеге асады;

­        қалыптастырушы, уәждеуші, ынталандырушы, талаптандырушы мазмұнда болады: мұғалім әр оқушыны қолдайды, мақтайды, қолпаштайды, көмектеседі, ұсынады, бағыт-бағдар сілтейді, әр оқушының үлгерімін жақсартуға мүдделі болады;

­        оқушының мықты жақтары мен кемшіліктерін айқындап, оқуды жақсартуға бағытталған кері байланыс түрінде;

­        мұғалім оқушының оқу мақсаттарына қалай жол салғандығын бақылау мүмкіндігіне ие болады;

­        оқушылар өзінің үйренуіне белсенді қатыса алады: олар өзінің (және өзге оқушылардың) оқу әрекеттерін бақылау және талдау, өзін-өзі (және өзге оқушыларды) бағалау мүмкіндігін алады;

­        баға қойылмайды, бағалау қорытындылары бойынша ешқандай әкімшілік шаралары қолданылмайды;

­        әр сабақта үздіксіз қолданылады; мұғалім де, оқушы да оған ынталы болады, екеуінің қатысуымен жүзеге асады;

­        қалыптастырушы, уәждеуші, ынталандырушы, талаптандырушы мазмұнда болады: мұғалім әр оқушыны қолдайды, мақтайды, қолпаштайды, көмектеседі, ұсынады, бағыт-бағдар сілтейді, әр оқушының үлгерімін жақсартуға мүдделі болады;

­        оқушының мықты жақтары мен кемшіліктерін айқындап, оқуды жақсартуға бағытталған кері байланыс түрінде;

­        мұғалім оқушының оқу мақсаттарына қалай жол салғандығын бақылау мүмкіндігіне ие болады;

­        оқушылар өзінің үйренуіне белсенді қатыса алады: олар өзінің (және өзге оқушылардың) оқу әрекеттерін бақылау және талдау, өзін-өзі (және өзге оқушыларды) бағалау мүмкіндігін алады;

­        баға қойылмайды, бағалау қорытындылары бойынша ешқандай әкімшілік шаралары қолданылмайды.

Қалыптастырушы бағалаудың шарттары: оқушылардың оқу мақсаттарын біліп, түсінуі, оқушылармен тиімді кері байланыс орнату;  оқушылардың үйрену үдерісіне белсенді түрде қатысуы, бағалау критерийлерін біліп, түсінуі. оқушыларда өз жұмыстарын талдау (рефлексия) мүмкіндігі мен білігі болуы;   бағалаудың нәтижелерін ескере отырып, оқытуға өзгерістер енгізу [3,4].  

Егер бағалау мақсаты баға қою, сертификаттау немесе оқытудың алға жылжуын тіркеу үшін оқыту қорытындысын шығару болса, онда өзінің функциясы бойынша бағалау жиынтық болып табылады және кейде оны оқуды бағалау деп атайды. Оқыту үшін маңыздылығыбағалау оқыту мен оқудың ажырамас бөлігі болуы мүмкін деген ой біздің түсінігіміздегі едәуір өзгерісті талап етеді және «оқыту үшін бағалау» ұғымы дегеніміз де осы болып табылады.Жиынтық (жиынтықтайтын бағалау)оқушылардың білім берудегі белгілі бір кезеңде (оқу бірлігінің, жарты жылдықтың және жылдың соңында) алған жетістіктерін бағалау. Жиынтық бағалау – мазмұн стандарттарын меңгеру көрсеткіші, оның үш түрі болады: ауызша таныстырылым, тест және жетістіктерін көрсету. Формативтік (қалыптастырушы) бағалауоқу үдерісіне өзгеріс енгізу мақсатында оқушылардың алға ілгерілеуін бағалау.

Формативтік бағалау оқушыларға өздерінің прогрестерін ұғынуға, оны бақылап отыруға, мұғалімнің көмегімен алдағы қадамдарын жоспарлауға мүмкіндік береді. Формативтік бағалау белгілі бір сызбалар бойынша жүргізіледі және оқу үдерісінің тиімділігі мен дұрыс бағытын қамтамасыз етіп, оқушылардың оқудағы мұқтаждықтарын білуге мүмкіндік тудырады. Формативтік бағалаудың мынадй тәсілдері бар: бақылау; оқушылардың ауызша жауаптары; оқушылардың жазбаша жауаптары; тестілік тапсырмалар.

Формативтік бағалау екі жолмен асырылады; холистік бағалау сызбасы – оқу үдерісінің мақсаттары бойынша анықталған қабілеттерді жеке жеке бағалау арқылы оқушының даму деңгейін қысқа мерзімде және жалпы түрде бағалау. Аналитикалық бағалау-оқушылар үшін көзделген нақты қабілеттерді белгілі бір ұзақ мерзім ішінде біртіндеп бақылап отыру және бағалау.

Мұны қалай іске асыруға болады?

­        Бастапқы кезеңде мұғалім сабақ мақсаттарын құрастырып, оқушыларға жариялайды және бірлесе талқылайды.

­        Тұрақты талқылаулар оқу мақсаттарын  бірлесе құрастыру дәстүріне айналуы ықтимал.

­        Оқушылардың мақсаттарды білуі мен түсінуі. Мұны қалай іске асыруға болады?

­        Бастапқы кезеңде мұғалім сабақ мақсаттарын құрастырып, оқушыларға жариялайды және бірлесе талқылайды.

­        Тұрақты талқылаулар оқу мақсаттарын  бірлесе құрастыру дәстүріне айналуы ықтимал.

­        Тұлғаға бағытталған оқу үйрену мақсаттарын жоспарлау өкілеттілігін оқушыға беруді меңзейді. 

Кері байланыстың негізгі идеясы жасалған істі бағалау емес (оның жақсы не жаман жасалынғандығын анықтау), керісінше, не жасалуы керектігін көрсету.

«Рефлексия» сөзі латын тіліндегі «reflexio» – «артқа қарау» деген ұғымынан туындайды.  Джон Дьюи рефлексиялық ойлауды былай сипаттайды: «Қандай да болмасын бір пікірді не білімнің ықтимал көрінісін олардың негіздерін ескере отырып белсенді түрде, толассыз және мұқият қарастыру, осының салдарынан туындаған қорытындаларды талдау».

Рефлексия қадамдары [5, 6]:

1) Аялдама жасау (тоқтау);  2) Артқа қарау: түсіну, талдау, бағалау;

3) Өзгерістер енгізу;  4) Болашақты жоспарлау.

Рефлексиялық сұрақтар:

­        «Мен кіммін? Қандаймын?    Не істеп жатырмын?

­        Осы әрекеттерімнің мақсаты қандай?  Мен қалай әрекеттенудемін?   Бұл маған не береді?

­        Мен мұны қалай қолданамын? Маған мұны қалайша өзгертуге болады?    Енді не істеймін?»

Құрылым тұрғысынан рефлексияның түрлері:

a)                жеке – өзін-өзі бағалаудың қорытындысы бойынша бір оқушымен әңгіме жүргізу; мұнда оқушының өзін-өзі бағалаудың нақты түрде қалыптасу деңгейін анықтау мақсатталады:  оқушы өз жұмысын қандай ерекшеліктері үшін және қалай бағалағандығын айқындайды;

b)                топтық – қойылған мақсатты шешу жолында топтық жұмыстың тиімділігі мен оның әр мүшесі әрекеттерінің маңызын нақтылау.

ӘДЕБИЕТТЕР:

1.     David R. Lide. Methods and techniques in teaching chemistry. //CRC Handbook of Chemistry and Physics, 87th Edition. - 2006-2007. – 238 р.

2.     Жоғары оқу орнындағы тәжірибе кезеңінде орындауға арналған тапсырмалар: Үшінші (негізгі) деңгей 3 басылым, 2015 ж. – 15 б.

3.     Студентке арналған нұсқаулық: Екінші (негізгі) деңгей. 3-басылым 2015. -176 б.

4.      Тренерге арналған нұсқаулық: Екінші (негізгі) деңгей. 3-басылым 2015. – 178 б.

5.     Аужанова Н.Б. Процедура педагогического анализа урока. Методические рекомендации. Алматы: ТОО «Дайыр Баспа», 2013.  56 с.

6.     Аужанова Н.Б. Современный урок: типологии, технологии, анализ. Монография. Алматы: ТОО «Дайыр Баспа», 2013. – 276 с.