СТУДЕНТТЕРДІҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСТАРЫН
ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Бүгінгі
әлемде, бәсекеге қабілетті елде, елдің сауатты болуы
мемлекет үшін маңызды болып табылады. Елбасымыз Н. Ә.
Назарбаев өзінің кезекті Жолдауында: «Білім реформасының
табысты жүзеге асуының негізгі белгісі- біздің
еліміздің азаматы жоғарғы санатты білімді ала отырып,
кез-келген елде сұранысқа ие болуында» - деп атап көрсетке болатын [1].
Қазіргі заманымызда қоғамға
өз бетімен жұмыс атқаратын, еркін де кеңінен ойлайтын,
өздігінен алдына мақсат қойып және оған
жетудің әдіс-тәсілін шығармашылықпен
анықтап, сондай-ақ қолдана алатын кәсіби-маман
тұлғасы болуы керек. Мұндай тұлғаның
дамуына бағытталған білім берудің негізі болып
тұлғаның өздігінен білім алу, өзін-өзі
тәрбиелеу, өзін жетілдіру үдерісі жатады.
Студенттердің танымдық қызметі
барысында өзіндік жұмыстарын ұйымдастырудың
маңызы зор. Бұл мәселеге көптеген ғалымдар,
мысалы, Ястребова Е.Б., Ерецский М.И., Гарунов М.Г., Блохина Р.А., Сабодашев
В.П., Вербицкий А және т.б үлкен мән беріп, зерттеген.
Бұл зерттеулердің өзектілігі – студенттердің
теориялық және практикалық білімді саналы игеріп,
интеллектуалдық қызмет жасай білуге тәрбиелеу болып табылады.
Сонымен бірге студенттер жай ғана беріліп жатқан дайын біліммен
қаруланып ғана қоймай, білімді тауып, ізденіп алуына,
яғни студенттерді оқи білуге үйрету маңыздырақ.
Студенттердің өздік жұмысының (СӨЖ) басқа
жұмыстардан ерекшелігі – студент өз алдына мақсат
қояды, оған жету үшін жұмыс түрін, тапсырманы
таңдайды.
«Өзіндік жұмыс» бәрінен бұрын
басқа оқу жұмыс түрлерінің міндеттерін
аяқтайды. Адамның ешбір білімі, егер де ол өзінің
қызметінің объектісіне айналмаса, қажетті нәтиже бере
алмайды, - дейді Петровский А.В [2]. Өзіндік жұмыс жасай
білудің негізі, алғашқы дағдысы мектепте қалануы
тиіс, мектептен жаңа оқу орнына келген студент, өз бетімен
жұмыс жасау қабілеттілігі төменділігінен, жұмыс жасау
тәсілдерін білмегендігінен көп қиналады. Мысалы, 1-курс студенттерінің
көпшілігінде материалды талдау, жүйелеу, амал-тәсілді қолдану
дағдылары өте төмен. Электронды кітапхана, интернет
ресурстарын пайдаланумен қатар, энциклопедия, сөздікпен жұмыс
жасау дағдысы жоқ студенттер де кездеседі. Сондықтан да,
студенттердің өзіндік жұмыс жасауына көмек беру
оқытушының негізгі міндеттерінің біріне айналады. Ал
қазіргі кезде қоғам дарынды, қабілетті
тұлғаларды қажет етеді.
Инновациялық білім беру – тұлғаға
бағытталу, білім берудің негізділігі, шығармашылық,
кәсіби бағдар, ақпараттық технологияларды қолдану
деген түсініктердің жиынтығы. Сондықтан оқытушыны
студенттердің қандай қасиеттерін, сапаларын дамыту керек,
қалайша өзін-өзі дамыта білуіне көмектесуге болады
деген сұрақтар толғантуы керек. Студенттердің ең
алдымен, өзін-өзі дамыту, өзін-өзі тәрбиелеу,
өз білімін жетілдіру, өзін-өзі бақылау мен
бағалау әдет-дағдысын қалыптастыру қажет.
Жоғары оқу орындарындағы
студенттердің өзіндік жұмысы оқыту дәріс,
практикалық, лабораториялық жұмыстар арқылы
жүзеге асады. Лекция ақыл-ой әрекетінің тек
1-деңгейін, (тану) және біліммен танысу деңгейін қамтамасыз
етеді. Ал СӨЖ ақыл-ой әрекетінің 2-деңгейін:
қабылдау мен қайта жаңғырту және білім
көшірмесін игеруін қамтамасыз етеді. Одан әрі ол алған
білімді практикада қолдану, ептілік, шығармашылық
қабілеттерін дамыта алады. Оқытушы студенттің білім
алуға деген мотивін дамытуға, ішкі ынта-ықыласымен білім
алуға ұмтылуына көмектеседі.
Оқытушының бақылауымен студент:
- Зерттеушілік іскерлігімен дағдысын
қалыптастырады;
- Өткен
материалдарды жалпылай алу және қайталау;
- Алған
білімді қолдану, оларды толықтыру, кеңейту дағдысын
қалыптастырады;
- Студентпен бірлесекен іс-әрекет барысында
оқытушы – студенттің уақытын тиімді пайдалануға беретін
түсіндірмелі-иллюстративті (схема, таблица, тезис, т.б.) материалдарды
қолдануды үйрету, қажетті әдебиетті іздеу жолдарын
көрсету;
- Өзіндік белсенділігін, дербестігін дамыту
үшін проблемалық баяндау, шығармашылық ізденіс
әдістерін қолданған дұрыс.
- Оқытушы студентке жеке тапсырма
таңдауға (курстық жұмыс, реферат, ғылыми
баяндама, үлгі сабақ жоспарын құруға)
көмектеседі.
- Әдебиеттермен қамтамасыз етуге, олармен
жұмыс жасай білуге;
- Тиімді әдіс-тәсілдер, тапсырма орындау
жолдарын қолдана білуге үйретеді;
- Жеке не бірнеше студентке кеңес береді,
студенттердің бір-бірімен жұмыс жасауын үйлестіреді.
Жоғары оқу орындарындағы
студенттердің өздік жұмысы (СӨЖ) барлық оқу
бағдарламасының басым бөлігін
құрағандықтан, оның тиімді болуы маманның
кәсіби бағыттылығының талаптарына сай жасалған
өздік жұмысты ұйымдастыру үлгісінің дұрыс
құрылуына байланысты болады. Алайда
студентке қойылатын негізгі талаптар төмендегідей жіктелініп
көрсетіледі:
- Студенттің шығармашылық потенциалын
белсендіру: студент оқу тапсырмасын өз бетінше орындау барысында
ғылыми әдебиеттермен, әдістемелерді талдаумен танысу
және шығармашылық технологиясын меңгеуді жүзеге
асырады.
- Өз бетінше білім алу және өзіндік
дамуға ынтасын тәрбиелеу: шығармашылық белсенділігін
қабілетін белсендіру, кәсіби даярлық қасиетін
жоғарылату, кәсіби тапсырмаларды шешу барысында
шығармашылық бағытын дамыту, жалпы және жеке дара
зерттеу әдіс-тәсілдерін меңгеру т.б.
- Танымдық белсенділікті дамыту: өз бетінше
ойлауға талпынысы, қандай да бір тапсырманы немесе мәселені
шешуде өзіндік бағытты табу, өз бетінше білім алуға
тырысуы, пікірлерді сыни тұрғыдан қалыптастыру, оқу
процесіндегі оқу-танымдық үдеріс белсенділігінде студенттердің
оқыту әдісінің белсенділігі жанама
қызығушылығымен басымдылық танытып, жүзеге асады.
Студенттердің өзіндік жұмыс
жасаудағы қабілеттерін қалыптастыру міндетін орындауда
бүкіл педагогикалық ұжым үшін проблема туындайды. Ол
осы жұмыс мазмұнына оқушыларды мақсатты түрде,
әсіресе студенттерді оқытуда болып табылады. Мұндай
оқыту оқу іс-әрекетінің өзінің модельдеу
тәсілдерін қалып-тастыруды, студенттердің ең
қолайлы күн тәртібін анықтауларын, оқу
материалымен жұмыс істеудің ұтымды тәсілдерін саналы
аңғаруын және оны кейіннен өңдеуін, терең,
сонымен бірге тез оқу амалдарын игеруді, түрлі
әрекеттердің, конспектілердің, оқу-практикалық
міндеттерді қою мен шешудің жоспарын құруды
қамтиды. Осы тұрғыда А.К. Маркова ұсынған
оқу жұмысының тәсілдері үлкен қызығушылық
тудыруы мұмкін [3]:
- қосымша ақпаратты іздеудің жалпы
тәсілдері (библиографиялық материалдармен, анықтамалар,
каталогтар, сөздіктер, энциклопедиялармен жұмыс) және оларды
үйдегі кітапханада сақтау;
- емтиханға, сынаққа,
семинарларға, зертханалық сабақтарға дайындалу
тәсіл-дері; уақытты ұтымды ұйымдастыру, оны есептеу мен
жұмсаудың, еңбек пен оқуды, ауызша және жазбаша
қиын тапсырмаларды дұрыс кезектеп отыру, еңбек
гигиенасының жалпы ережелерінің (режим, серуен, жұмыс
орнындағы тәртіп, оның жарықтығы, т.б.)
тәсілдері.
Демек, жалпы студенттердің өзіндік
жұмысы - оқу іс-әрекеті тұрғысынан,
сыныптық оқу іс-әрекетін дұрыс
ұйымдастыруға негізделеді. Соның ішінде бұл
оқытушының сыртқы қадағалауынан студенттің
өзін-өзі қадағалауына және де сыртқы
бағалаудан оның өзін-өзі бағалауының
қалыптасуына өтуі мен олардың байланысына қатысты
және бұл, өз кезегінде, оқытушының бақылау
мен бағалауды жетілдіруін ұйғарады.
Қорыта келе,
ғылыми негіздегі ұйымдастырылған студенттердің
өздік жұмысы мен студенттердің оқу-танымдық
әрекеттерін басқару жұмысы олардың саналы
белсенділігін, жоғары оқу-кәсіби мотивациясын, оқу үдерісінің сапасын арттырады деп
тұжырымдаймыз.
Әдебиеттер:
1.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың
Қазақстан
халқына арнаған Жолдауы
«Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде,
бір болашақ». Астана 17
қаңтар 2014 жыл
2. Петровский А.В. Общая психология. – М.: Просвещение, 2010. – 464
3. Асанов Н. Өзіндік жұмыстардың
ерекшеліктері.-Алматы, 2015