Педагогика/
Современные методы преподавания
6М011900 - «Шетел
тілі: екі шет тілі» мамандығының
2-курс магистранты Жумахмет Ж.И.
Абай атындағы ҚазҰПУ
Қазақстан Республикасы,
Алматы қ.
ШЕТЕЛ ТІЛІН ОҚЫТУДА
ЖАҢА АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯ РЕТІНДЕ ИНТЕРНЕТТІ ПАЙДАЛАНУ
АРҚЫЛЫ СТУДЕНТТЕРДІҢ ГРАММАТИКАЛЫҚ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН
ҚАЛЫПТАСТЫРУ
Қазіргі таңда жоғарғы оқу орындарында жаңа технологияларды қолдану мәселесі кеңінен талқыланып жүр. Бұл тек қана жаңа техникалық тәсілдер емес, сондай-ақ оқытудың жаңа формалары мен әдістері. Шетел тілін оқытудың негізгі мақсаты студенттің мәдениетаралық –
қатысымдық біліктілігін қалыптастыру болып табылады. Оқытушының міндеті студенттердің шетел тілін оқытуға қолайлы жағдай туғызу. Яғни студент өзінің шығармашылық белсенділігін көрсете алатын оқытудың тәсілін қолдану. Заманауи педагогикалық әдістер, яғни жобалық әдіс және жаңа ақпараттық технологияларды қолдану.
Соңғы он жылдықта адамзаттың
жеткен жетістіктерінің бірі, яғни оқыту үрдісіне елеулі
әсерін тигізген халықаралық желі- Интернет.
Интернетті оқу мақсатында қолдану
әдістемесінің жаңа бағыты болып саналады.
Интернеттің негізі студенттің мәдениетаралық
дағдысын қалыптастыру. Интернет халықтардың
көпұлтаралық, мәдени аралық қоғам,
яғни әлемнің миллиондаған адамдарының электронды
түрде қарым-қатынас жасау кезінде студенттер нағыз
өмірлік жағдайларға тап болады. Компьютер студенттердің
жұмысына сын айтпайды, керісінше өзіндік қабілеттерін
дамытып, олардың сенімін арттыра отырып қолайлы әлеуметтік
психологиялық ортаны құрайды.
Ақпаратты жүйе ретінде Интернет
түрлі ақпараттар мен ресурстарды ұсына алады.
- электрондық хат;
- теле конференция;
- видео конференция;
- өзінің ақпаратын
беру, өзінің сайтын құрып Web-серверге орналастыру;
- ақпараттық ресурстарды
қолдану;
- ақпараттық
жиынтықтар;
- желіде сөйлесу мүмкіндігі
[1].
Интернет әлемде
болып жатқан соңғы жаңалықтар жайлы мәлімет
алудың тез және ең оңай жолы. Интернеттің
көмегімен аудиторияны жаңалықтар өзегімен
қамтамассыз етіп, студенттерді тәжірибелі журналистерге
айналдыруға болады. Қазіргі таңда көптеген
газеттердің жеке WEB парақшалары бар. Сонымен қатар WEB
газеттер түрлі бөлімдерге бөлінеді: жаңалықтар
(мәдениет және өнер, сауда, экономика т, б), спорт, жарнама,
ауа райы жаңалықтары [2, 41].
Интернет ресурс студенттердің дағдыларын
ескере отырып, олардың дара ерекшеліктерін анықтауға
көмектеседі.«Интернет» деген термин ағылшынның «international
net» деген сөзінен, аудармасында «халықаралық байланыс» деген
ұғымды береді. Интернет жүйесі арқылы тіл үйренуші тіл өкілімен тура,тікелей байланысқа түсе алады, шетел тілі сабағында Интернетке қосылу арқылы шынайы қарым-қатынас үлгісін жасауға болады. Табиғи тілдік ортада тілді қарым-қатынас құралы ретінде қолдана отырып, тіл үйренушілер айтылымдарға спонтанды түрде, түрлі тілдік формулаларды қолдана отырып, жылдам жауап беруге дағдыланады.
Интернет жүйесінің келесі ақпараттық қоры мен ресурстарын шетел тілі сабағында пайдалану бірден-бір тиімді болмақ:
1. электрондық пошта (e-mail), телеконференция, видеоконференция;
2. жеке ақпараттарды
жарыққа шығару мүмкіндігі немесе басқаша
айтқанда Web серверге жеке шығару;
3. ақпараттық каталогтар
(Yahoo, InfoSeek/ UltraSmart, Galaxy) іздеу жүйесі (Altta, Vista, HotBob,
Open Text), жүйе ішіндегі әңгіме( Chat).
4. Шетел тілі сабағында
Интернеттің көмегімен түрлі дидактикалық тапсырмаларды
5. орындауға болады: оқу
дағдыларын қалыптастыру, жазу дағдыларын қалыптастыру,
студенттің сөздік қорын кеңейту, студенттің
ағылшын тілін оқуға деген қызығушылығын
арттыру.
Студенттер Интернет
желісімен түрлі олимпиядаларға, жарыстарға қатыса
алады. Сонымен қатар тест жұмыстарымен түрлі ойындар
арқылы өтетін қызықты жаттығулар жасауға
мүмкіндіктері болады.
Студенттер WEB газеттер
арқылы әлемде болып жатқан жаңалықтарды
көру арқылы, тыңдау үрдісі арқылы және
оқу арқылы хабардар бола алады. Әсіресе аудиторияда баспамен
тікелей қарым қатынас жасауға мүмкіндік беретін сайттар
бар. Бұл арқылы студенттер оқыған мақаласы
жөнінде өз ойын айтуға және автормен тікелей
байланысқа түсуге мумкіндік алады.
Студенттерді екі - екіден
немесе үш - үштен бөліп, мақаланы зерттеуге тапсырма
беруге болады. Бұл әдіс бүкіл аудиторияның
қызығушылығын арттырып, сабаққа белсенді
түрде қатысып отыруына үлкен ықпалын тигізеді. Дарынды
студенттер күрделі мақаламен жұмыс жасай алады, ал
үлгерімі төмен студенттер ауа райымен, мәдениетпен байланысты
мақаламен жұмыс жасауға болады.
Студенттер
белгілі бір оқиғаға байланысты өзінің жеке
тұжырымдамаларын жасауға болады. Мақалаларды зерттеудегі
мәденитаралық-қатысымдық біліктілікті дамыту
арқылы студенттер мәселені терең меңгереді, өз
ойын жеткізе алады және сараптама жасап үйренеді. Жұмыс жасалғаннан кейін әрбір
студент жұмысын талқылау мақсатында дөңгелек
үстел немесе телеконференция өткізу қажет [3,79].
Халықаралық
хат алмасу кез келген және түрлі деңгейдегі аудиторияларды
өткізуге болады. Электрондық хат алмасу қағазға
жазудан қарағанда тезірек, ыңғайлы және
және арзан. Электрондық хат алмасу түрді мақсатта
қолдануға болады: біріккен жобаларды жасауға,
мәселелерді шешуге. E-mail бағдарламасы электрондық хат
қолданудың жеңіл жолы. Электрондық хат алмасу
арқылы оқу бағдарламасынан ауытқымай
жолдасыңыздан сол тақырып жайлы сұрап, кейін сол
мәліметтерді баядама ретінде қолдануға болады.
Электрондық
хатты шетел тілін оқыту үрдісінде қолдану тәжірибесін сараптай отырып, оқытушылар
мынадай тұжырымға келді:
1)
Оқытушының
қатаң қадағалауынсыз студенттер 2 немесе 3 адам болып
жұмыс жасауы керек. Егер студенттерді қызықтыратын
тақырыпта талқыланса, жұмыстың сапасы
жақсырақ және тезірек болады.
2)
Жазу үрдісі өзгереді,
яғни студенттер қате жібермеуге тырысып, серіктесінің
көмегіне жүгінеді.
3)
Электрондық қатысым
арқылы студенттердің еркін сөйлеп, өз ойларын жеткізуге
мүмкіндіктері бар.мол болады.
4) E-mail қолдану тілді
үйренуге деген қызығушылықты тудырады.
Жоғарыда
айтылған жобаларды іске асыруда дүниежүзілік
ғаламторға енетін Интернет пен Халықаралық Интернет жобалар таптырмас
құрал болып табылады. Олар студенттердің өзін-өзі дамыту және жаңа істі меңгеруге
зор ықпалын тигізеді. Студенттер түрлі зерттелген мәліметтерді пайдалануды
үйренеді, өз ойын нақты және жүйелі түрде
қағаз бетіне түсіруді, мәтіндік, сандық
және графикалық ақпаратты көп мөлшерде жіберу
және қабылдау, өздеріне берілген мәліметті зерделеу
және жаңа идеаларды көрсету. Олар жоспарлауды, мониторинг
жүргізуді үйренеді. Интернет ресурстары негізіндегі сабақтар
және жобалық жұмыс көмек көрсетуді
үйренеді, серіктестікті, жобаларды іске асыруды, жауапкершілікті
және толеранттық, көптүрлілікке және
шыдамдылыққа үйренеді. Студенттер таңдауды,
мәліметті пайдалануды, гипотеза ұсынуды және шешім
қабылдауды үйренеді. Студенттер чаттар, видеоконференциялар,
форумдармен электронды пошта арқылы тілдесе алады. Олар өмір жайлы
жан жақты мәліметтер алады. Мысалы; тарих, әдебиет және
басқада құндылықтар. Бұл әсіресе студенттер
үшін үлкен пайда, себебі бізде шетел тілін күнделікті
қолдану мүмкіншілігі өте аз [4, 103].
Интернет ресурстары арқылы тапсырма жасамас
бұрын, сіз өз мақсаттарыңызды негіздеп алуыңыз
керек. Келесі сұрақтарды қойыңыз:
1. Тапсырмаларды
орындау барысында студенттерініз нені пайда қылады?
2. Неліктен сіз құралдар
емес Интернетті қолданғыңыз келеді? Сіз осындай
нәтижеге қарандаш пен қағазды қолдану
арқылы жете аласыз ба?
3. Бұл шаруаға қанша
уақытыңызды жұмсайсыз? Бірнеше сағат немесе
күнбе?
4. Сіздің
шәкірттеріңіз кімдермен қарым қатынас
құрады: студент бір бірімен, өзге жоғарғы
оқу орнымен, өзге қала жастарымен, өзге елдегі
студенттермен, тіл таратушылармен, компаниямен немесе ұйыммен.
Дид
Тилер және Пита Грей Интернет ресурстары көмегімен тапсырма
дайындаудың ретін былай тұжырымдайды:
1. Оқу үрдісін қарап
шығып, студенттердің қызықтырмайтын жаттығуды
белгілеңіз.
2. Бұл тапсырмалардың
кемшіліктерін бағалаңыз және оны Интернет ресурстары
арқылы жақсартуға болатынын байқаңыз. Мысалы:
электронды пошта негізіндегі хаттар шынайы мекен-жайы жоқ, ескі газет
мақалалары немесе ескі фильмдерді талқылауды ойлаңыз, қалай интернет
ресурстар сізге бұл жағдайда септігін тигізеді. Сол себепті
тәжірибе жасаңыз.
3. Қолданылу аясын белгіленгеннен
соң келесі қадам чат және веб сайтпен жұмыс жасау. Веб
сайт таңдауда сізге белгілі бір бағыттар қажет сол
арқылы сіз веб сайтты бағалайсыз. Ол сіздің жағдайыңызға
және Интернет ресурсты қолдану барысына байланысты. Бұл
бағыттар өз ішіне: инструкциялық элементтері қосады
және онда мазмұнды болуы қажет, сонымен қатар мақсаттарды
іске асыру да құнды және қызметтік элементтер мен
бейнелеу элементтері, жылдамдығы және қолдануға
ыңғайлылығы кіреді.
4. Сайтты таңдаған соң
сіз жоспарлау бөліміне өтуіңізге болады, және ол
бөлім сіздің мақсаттарыңызға сай жұмыс
жасайды. Тапсырманы құру кезінде ол интернетсіз ақ жасалатын
жұмыстай көрінбеуі қажет. Егер бұл тапсырмалар
студенттерді ғылымдағы әр түрлілікке жаттықтырса
бұл коммуникацияларға нақты мүмкіндіктер беріп, жергілікті
және ел аралық серіктестікке мүмкіндік жасайды. Тапсырмалар студенттерге мынадай
мүмкіндіктер беруі қажет: бағалауды үйрену, салыстыру,
жариялау, моделдеу, жаңадан құру, зерттеу, гипотезелар
ұсыну, ұйымдастыру есептеу, салғыласу, сұхбат алу,
тыңдау, көру және бақылау, мазмұндау,
тәжірибе жасау, ойнау, сауалнама жүргізу және баяндама жасау.
Бұл жағдайда осы текті тапсырмалар студенттердің ақпараттық және
грамматикалық құзыреттілігін
дамытады [1].
Интернет
тапсырмаларын дайындау үш қадамнан тұрады: 1. дайындық
2. Ресурстармен Интернет желісінде жұмыс жасау 3. сыныпта Интернет
желісінсіз жұмыс жасау.
1. Дайындық – сөйлеу
негіздерін дамыту, мұның алдында алған білімдерін
қолдана білу, сөздерді оқу, тақырыпқа кірістіру.
2. Ресурстармен интернет желісінде
жұмыс жасау - интернетте іздеу бағдарламаларымен жұмыс істеу,
оқу мен жазу, арнайы мәліметтерді іздеу және оны жауап
парақтарына енгізу, сұрақтарға жауап іздеу, және
т.б. Осы қадамда студенттер өздерінің не істеу керектігін
және оған қанша уақыттары бар екенін білу керек.
3. Сыныпта Интернет желісінсіз
жұмыс - алынған мәліметпен алмасу және желіден жұмыс
жасау уақытында көрген білгенін талқылау [5, 45].
Сонымен бірге түрлі бағдарламалар арқылы әр түрлі жұмыстар жасауға мүмкіншіліктер бар. E-mail Project- әр түрлі елдің студенттері көп ұлтты топ құрады және үш жобаның біреуін таңдайды:
Қоршаған
ортаның мәселелерін шешуде қолдануға болатын
жобалар: 1) Қала
жобасы; 2) Халықаралық
мәселелер жобасы.
Іздену барысында топтар әр түрлі
құжаттар дайындайды: мақалалар, техникалық есептер,
шығармалар.
K-12
project - бұл сайтта түрлі жобаларды көруге болады және
студенттің жобасын енгізуге болады. Project Icon – студенттер белгілі бір
тақырыпта (демографиялық бақылау, глобалдық жылыну)
өз елдерінің атынан келісім жүргізеді. Топтар
электрондық хат арқылы мәліметтерін алмастырып,
халықаралық келісімдер жүргізеді.
City Net
– арқылы түрлі елдердің сабақтарын, ескерткіштерін,
көрнекі жерлеріне саяхаттауға болады. Бұл жерден елдің
ескерткіштерін. Суреттерін табиғи ресурстарын тіпті өнерге
байланысты мәліметтер алуға болады. Студенттерге туристтер ретінде
саяхаттауға ұсыныс беруге болады. Олар жүктерін жинап,
авиакомпания мен қонақ үйлерге телефон соғып, билет пен
бос орындар жөнінде сұрауларына болады.
Жасалған
жұмыстың қорытынды бөлімінде студенттерге
өздерінің саяхаттары жайлы фотоальбом немесе күнделік
жасауға тапсырма беруге болады. Сайттарда әлемнің үлкен
қалаларында жер асты темір жолымен саяхат жасау нұсқамаларын
қолдануға болады. Олар ағылшын тілінде ұсынылады.
Студенттер қандай қалада жүргені туралы, сол
қаланың көрнекі жерлері жайлы, қаланы аралауға
қанша уақыт жұмсағаны жайлы ағылшын тілінде есеп
бере алады.
Сонымен
қатар интернетті стіденттердің тілдік дағдыларын дамыту
мақсатында қолдануға болады. Мұнда түрлі
лексикалық, граматтикалық, фонетикалық жаттығулар,
тесттер, IQ тесттері бар [6].
Интернет
ресурстарын қолдану – мәдениетаралық-қатысымдық
құзыреттілігін дамыту; түрлі мәдениеттермен танысу,
қарым қатынастың белсенді жүргізуге бағыттау.
WWW көптеген сайттармен шетел тілі
сабағында түрлі бағытта жүмыс істеуге мүмкіндік
береді. Кейбір сайттар ленгвистикалық материалдар жиынтығын
құрайды. Мәдениетаралық құзыреттілікті
меңгеру жоспарында онлайн газеттер – таптырмайтын көмекші. Ол
студенттерді дәл осы сәтте болып жатқан әлемдік
жаңалықтардың ортасына түсіреді. ВВС, World Service (http://www.bbc.co.uk/worldservice);
CNN World News (http://cnn com/world) және тағы басқа
ақпаратық агенттіктер ағылшын тілінде берілген
жаңалықтарды тек оқуға ғана емес, көп тілде
берілетін жаңалықтарды тыңдауға да мүмкіндік
береді, тіпті ағылшын тілін меңгерудің өзіңе
қолайлы деңгейін таңдап, жаңалықтарды Learning
English режимінде тыңдауына болады [7,45]. Шетел тілі сабағында
қаралатын елдің мәдениеті жайлы ақпарат ала аласыз.
Студенттер басқа елге барған жағдайда жинай алмайтын
ақпараттарды Интернет көмегімен алып,
сабақта қолдануға
болады.
Қорыта келгенде, шетел тілі сабағында
компьютер және т.б. жаңа ақпараттық
құралдарды пайдалану заман талабы. Білім саласындағы табыстар мамандардың
біліміне, біліктілігіне тікелей
байланысты.
Сондықтан біз тек әлем деңгейіндегі бәсекеге
қабілетті жастарды дайындай білуіміз керек. Ал қазіргі кездегі
заманның сабағы жаңа ақпараттық технологияны
меңгерусіз мүмкін емес.
Әдебиеттер:
1.
http://www.readingmatrix.com/articles/april_2010/tseng.pdf
2. Клейман Г.Б., Леонов А. Г., Кузьменко
М.А. Что Такое Интернет? Информационные и коммуникационные технологии в
образовании. 1998.
3 Johnson L. Internet
Options in the Classroom // www.clta.net/lessons/class.html.
4.Полилова Т.А., Пономарева В.В.
Внедрение компьютерных технологий в преподавание иностранных языков // ИЯШ. – 1997.
5. Поляков Т.Ю. Английский язык для
диалога с компьютером. Совет по культурному Сотрудничеству; Совет Европы Пресс,
1995.
6.
http://www.camsoftpartners.co.uk/lspinet.htm
Updated 4 April 2006
7. Внедрение дистанционного обучения и
информатизация управления учебным процессом в КарГУ им. Е.А. Букетова // Под
общ. ред. Ж.С.Акылбаева. - Караганды, 2003.