Кереева Нұргүл Жасқайратқызы,

қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

№35 мектеп-лицейі

Орал қаласы

БҚО

Критериалды бағалау – оқушылардың білімін әділ бағалау

Бүгінгі білім беру мақсаты – әрбір окушыларға түбегейлі білім мен мәдениеттің негіздерін беру және олардың жан-жақты дамуына колайлы жағдай жасап, жеке тұлға қалыптастыру. Ол үшін қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озык технологияларын терең меңгеру керек.

Жаңа технологиялардың педагогикалық негізгі кағидалары: баланы ізгілік тұрғысынан қорғау, оқыту мен тәрбиенің бірлігі, баланың танымдық күшін қалыптастыру  және дамыту, баланың танымдық және шығармашылық икемділігін дамыту, әр оқушының қабилеті мен мүмкіндік деңгейіне орай оқыту, барлық окушының дамуы үшін жүйелі жұмыс істеу, оку үрдісін оқушының сезінуі.

Бүгінгі таңда XXI ғасырдың білім беру саласы негізгі үш ерекшеліктен тұратынын байқауға болады. Олар: біріншіден, адамдар өмір бойы алған білімдерін жаңғыртып, дамытып отырады; екіншіден, оқушының жас, ой, мүмкіндік ерекшеліктеріне қарай білім беріледі; үшіншіден, бүкіл білім беру жұмысы халықаралық деңгейде басқалармен қатар, қат-қабат іске асырылады. Былайша айтқанда, білім бәсекеге сәйкес, қазіргі кезеңнің талабына сай жұмыс істеуге бағытталады. Бұл ерекшеліктер қазірдің өзінде бізге байқалып келеді.

Осы талаптар негізге алына отыра заман талабына сай биылғы 2011-2012 оқу жылынан бастап Назарбаев  Заяткерлік мектептерінде оқушының білімін критериалды бағалаудың жаңа жобалық жуйесі енгізілді.

Критериалды бағалау арқылы не бағаланады? Оны енгізудегі мақсат не? Оған жауап беру үшін алдымен критериалды бағалау анықтамасына тоқталып кеткіміз келеді.

Критериалды бағалау – бұл білім берудін мақсаты мен мазмұнына негізделген оқушының оқу-танымдық құзырлығын қалыптастыруда алдын-ала белгіленген жетістіктермен салыстыру үрдісі.

Критериалды бағалауды енгізудің мақсаты:

Ø  мектепте оқыту сапасын жоғарлату;

Ø   мектеп бітірушілердің білімін халықаралық стандартқа сәйкестендіру.

Критериалды бағалаудың басты ерекшелігі:

Ø  критериалды жүйе арқылы бағаның қойылуы;

Ø  алдын-ала ұсынылған бағалау шкаласының дайындалуы;

Ø  бағаның анық, әділ, айқындылығы;

Ø  оқушыға өзін бағалауға мүмкіндіетің берілуі;

Ø  байқалған кемшіліктерді оқушінің өзі түзетуіне мүмкіндіктің берілуі;

Ø  оқушының өзін-өзі және басқаны бақалауы және бағалауы;

Ø  критериалды бағалаудың әрбір баланың оқу үлгерімінің жоғарлауына, көніл-күйінің жақсы болуына көмектесуі;

Ø  бағалаудың негізгі дидактикалық қызметі мұғалім мен оқушы арасындағы кері байланысты қамтамасыз етуі;

Ø  оқушылардың материалды қалай түсінгендігі туралы мұғалімнің күнделікті қадағалап отыруы.

Критерий арқылы бағалағанда оқушының оқу жетістіктері пән бойынша денгейлі белгіленеді. Әрбір критерий бойынша дескриптор дайындалып, баллмен бағаланады. Бағалау жүйесінде критериалды  бағалаудың екі түрі колданылады. /1, б 54/

Қалыптастырушы бағағлау. Бұл бағалау оқушының күнделікті алған білімінің меңгеру деңгейін аныктайды. /1 б 41/

Ø  Жиынтық бақылау жұмысына дейін оқушының білімін жүйелейді.

Ø  Кездескен киыншылықтарын қалыпқа келтіруге оқушыға мүмкіндік береді

Жиынтық бағалау. Жиынтық бағалау арқылы оқушының нақты оқу жетістігі бағаланады. Жиынтык бағалау жұмысының мазмұны оқылған материалды қамтуы керек. Жиынтық бағалаудағы оқушының алған бағасы тоқсандық баға болып табылады.

Жиынтық бағалау жұмысында барлық критерийлер толық қолданылады.Критерий бекітілген нормаға сай алынады.Жиынтық бағалауға дейін оқушы алдын-ала дайындалған дескриптормен танысуы керек.Жиынтық бағалау жұмысының негізінде оқушының тоқсан соңында білімі бағаланады.Орташа баллдың жүйе есептелінеді.

Бағалаудың негізгі қызметі-оқыту,тәрбиелеу,дамыту,ынталандыру.Бағалаудың мақсаты-оқушылардың білім деңгейін,оның сапасын,оқу еңбегінің көлемін анықтау.

Қазақ тілі сабағында жиынтық бақылау жұмысында оқушының оқу жетістігін критерийалды бағалау үлгісі.

Оқушының оқу жетістігі бекітілген төрт критерийге сай бағаланады.

Критерий

Дескриптор

Жетістіктердің ең жоғарғы деңгейі

А

Тыңдалым

6

В

Оқылым

6

С

Жазылым

6

D

Айтылым

6

 

Көрсетілген критерийлерге тапсырма түріне байланысты дескрипторлар ауысып отырады.Дескриптор бойынша оқушының білімі пайыздық көрсеткішпен аңықталып,5 баллдық баға жүйесімен бағаланады.

Ұпайларды мектеп бағасына айналдыру шкаласы төмендегі кестеде көрсетілген.

Критерийлер бойынша ұпайлар

0-12

13-17

18-21

22-24

Критерийлер бойынша жетістік ұпайларының пайызы

0-50%

51-74%

75-89%

90-100%

5-ұпайлық шкала бойынша баға

2

3

4

5

Критериалды бағалаудың маңыздылығы:

Мұғалім үшін:

▪ әрбір оқушының өзгешелігін ескере отыра жеке білім алу траекториясын құру;

▪ оқушының біліміндегі олқылықты қадағалап,уақытында бағыт беру.

Оқушы үшін:

▪ Берілген бағалау критерийлерін түсіну,қолдану,дескриптор бойынша өз жұмысын бағалай білу;

▪ өз білім деңгейін әр уақытта бағалап,анықтап отыруы.

Ата-ана үшін:

▪Баланың білім алуындағы өсу деңгейін қадағалап,уақытында олқылықтарын аңықтап отыру мүмкіншілігінің туындауы.

 

Дескриптор

 

Мәтінді мұқият тыңдап,мәтіндегі негізгі ойды түсінген.Автордың көзқарасын айқындайтын сұрақтарға жауап берген,бірақ 5 қате жіберген.

 

Мәтінді мұқият тыңдап,мәтіндегі негізгі ойды түсінген.Автордың көзқарасын айқындайтын сұрақтарға жауап берген,бірақ 4 қате жіберген.

 

Мәтінді мұқият тыңдап,мәтіндегі негізгі ойды түсінген.Автордың көзқарасын айқындайтын сұрақтарға жауап берген,бірақ 3 қате жіберген.

 

Мәтінді мұқият тыңдап,мәтіндегі негізгі ойды түсінген.Автордың көзқарасын айқындайтын сұрақтарға жауап берген,бірақ 2 қате жіберген.

 

Мәтінді мұқият тыңдап,мәтіндегі негізгі ойды түсіне білген.Автордың көзқарасын айқындайтын сұрақтарға жауап берген,бірақ 1 қате жіберген.

 

Мәтінді мұқият тыңдап,мәтіндегі негізгі ойды түсінген.Автордың көзқарасын айқындайтын сұрақтарға дұрыс жауап берген.

 

 

Мәтіндегі қажетті сөздердің баламасын қолдана алады.Теория мен практиканы байланыстары алады.Мәтіннің мазмұнын,тақырыбын,негізгі идеясын,құрылымын,баяндау тәсілдерін толық ажырата алмайды.Сұрақтарға жауап берген,бірақ 5 қате жіберген.

 

Мәтіннің мазмұнын,тақырыбын,негізгі идеясын,құрылымын,баяндау тәсілдерін толық ажыратады. Мәтіндегі қажетті сөздердің баламасын қолдана алады. Теория мен практиканы байланыстары алады. Сұрақтарға жауап бергені,бірақ 4 қате жіберген.

 

Мәтіннің мазмұнын,тақырыбын,негізгі идеясын,құрылымын,баяндау тәсілдерін толық ажыратады. Мәтіндегі қажетті сөздердің баламасын қолдана алады. Теория мен практиканы байланыстары алады. Сұрақтарға жауап берген,бірақ 3 қате жіберген.

 

Мәтіннің мазмұнын,тақырыбын,негізгі идеясын,құрылымын,баяндау тәсілдерін толық ажыратады. Мәтіндегі қажетті сөздердің баламасын қолдана алады. Теория мен практиканы байланыстары алады. Сұрақтарға жауап берген,бірақ 2 қате жіберген.

 

Мәтіннің мазмұнын,тақырыбын,негізгі идеясын,құрылымын,баяндау тәсілдерін толық ажыратады. Мәтіндегі қажетті сөздердің баламасын қолдана алады. Теория мен практиканы байланыстары алады. Сұрақтарға жауап берген,бірақ 1 қате жіберген.

 

Мәтіннің мазмұнын,тақырыбын,негізгі идеясын,құрылымын,баяндау тәсілдерін толық ажыратады. Мәтіндегі қажетті сөздердің баламасын қолдана алады. Теория мен практиканы байланыстары алады. Сұрақтарға дұрыс жауап берген.

 

 

Өз ойын жазбаша жеткізуге ұмтылған.Мәселеге баға бере алады.Авторлық ой қорытуы бар.Дербес көзқарасы аздау.Автор өз тұжырымдамаларындағы жаңалықты,сонылықты ұғынғануда қателеседі.Қазақ тілінің емле және тыныс белгі ережелерін сақтауға тырысқан.Жазба тілі сауатты болғанымен 6-7 емлелік,5-6 тыныс белгісінен қате жіберген.

 

Өз ойын жазбаша жеткізуге ұмтылған.Мәселеге баға бере алады.Авторлық ой қорытуы бар.Дербес көзқарас танытуға әрекет еткен.Автор өз тұжырымдамаларындағы жаңалықты,сонылықты ұғынған.Қазақ тілінің емле және тыныс белгі ережелерін сақтауға тырысқан.Жазба тілі сауатты болғанымен 4-5 емлелік,3-4 тыныс белгісінен қате жіберген.

 

Өз ойын жазбаша жеткізуге ұмтылған.Мәселеге баға бере алады.Авторлық ой қорытуы бар.Дербес көзқарас танытуға әрекет еткен.Автор өз тұжырымдамаларындағы жаңалықты,сонылықты ұғынған.Қазақ тілінің емле және тыныс белгі ережелерін сақтауға тырысқан.Жазба тілі сауатты болғанымен 4-5 емлелік,3-4 тыныс белгісінен қате жіберген

 

Өз ойын жазбаша жеткізе білген.Мәселеге баға бере алады.Авторлық ой қорытуы анық және мазмұны айқын.Дербес көзқарас танытқан.Автор өз тұжырымдамаларындағы жаңалықты,сонылықты ұғынған.Қазақ тілінің емле және тыныс белгі ережелерін сақтаған.Жазба тілі сауатты болғанымен 2-3 емлелік,1-2 тыныс белгісінен қате жіберген.

 

Өз ойын жазбаша сауатты жеткізе білген.Мәселеге дербес баға бере алады.Авторлық ой қорытуы анық және мазмұны айқын.Дербес көзқарас танытқан.Автор өз тұжырымдамаларындағы жаңалықты,сонылықты айқын ұғынған.Қазақ тілінің емле және тыныс белгі ережелерін сақтаған.Жазба тілі сауатты.1 емлелік,1 тыныс белгісінен қате жіберген.

 

Өз ойын жазбаша сауатты жеткізе білген.Мәселеге дербес баға бере алады.Авторлық ой қорытуы анық және мазмұны айқын.Дербес көзқарас танытқан.Автор өз тұжырымдамаларындағы жаңалықты,сонылықты айқын ұғынған.Қазақ тілінің емле және тыныс белгі ережелерін сақтаған.Жазба тілі сауатты.

 

Критерий

Жетістік

Дескриптор

 

1

Ауызша өз ойын жеткізуге тырысқан.Сөйлесу мәдениетін төмен деңгейде меңгерген.Мәтіндегі әрекеттерге байланысты құптау немесе қарсы пікірлерді білдіруде қиналады,ақпараттарды қолданып өз ойын жеткізгенімен 5-6 дәлсіздіктер жіберген.Сөздік қорын аз пайдаланады.

D

Айтылым(мах6)

 

2

Ауызша өз ойын жеткізе алған. .Сөйлесу мәдениетін орта деңгейде меңгерген.Мәтіндегі әрекеттерге байланысты құптау немесе қарсы пікірлерді білдіре алды,ақпараттарды қолданып өз ойын жеткізгенімен 4-5 дәлсіздіктер жіберген.Сөздік қорын аз пайдаланады.

 

3

Ауызша өз ойын жеткізе алған. .Сөйлесу мәдениетін орта деңгейде меңгерген.Мәтіндегі әрекеттерге байланысты құптау немесе қарсы пікірлерді орынды білдіре алды,ақпараттарды қолданып өз ойын жеткізгенімен 3-4 дәлсіздіктер жіберген.Сөздік қорын пайдалана алған.

 

4

Ауызша өз ойын жеткізе алған. .Сөйлесу мәдениетін орта деңгейде меңгерген.Мәтіндегі әрекеттерге байланысты құптау немесе қарсы пікірлерді орынды білдіре алды,ақпараттарды қолданып өз ойын жеткізгенімен 1-2 дәлсіздіктер жіберген.Сөздік қорын пайдалана алған.

 

5

Ауызша өз ойын толық жеткізе алған. .Сөйлесу мәдениетін жақсы меңгерген.Мәтіндегі әрекеттерге байланысты құптау немесе қарсы пікірлерді орынды білдіре алды,ақпараттарды қолданып өз ойын жеткізе алады.Сөздік қорын пайдалана алған.

 

6

Ауызша өз ойын толық жеткізе алған. .Сөйлесу мәдениетін өте жақсы меңгерген.Мәтіндегі әрекеттерге байланысты құптау немесе қарсы пікірлерді орынды білдіре алды,ақпараттарды қолданып өз ойын дәлелді түрде толық  жеткізе алады.Сөздік қорын тиімді пайдалана алған.

Қолданған әдебиеттер:

1.Красноборова А.А.,Критериальное оценивание в школе, учебное пособие,Пермь,2010 г.

2.Красноборова А.А.,Оценка проектных заданий школьников,учебное пособие,Пермь,2010 г.

3.Оценивание учебных достижений учащихся.Методическое руководство.Бишкек.2012 г.

4.Критериальное оценивание в начальной школе:Пособие для учителя(Из опыта работы)Е.И.Матвеева,О.Б.Панкова,И.Е.Патрикеева-Москва,2011