Филологические науки\1. Методика  преподавания

 языка и литературы

Темирхан С.С., Нуржанова Ж. Ж.

Евразийский Национальный Университет им. Л.Н. Гумилева, Астана, Казахстан

БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ЭЛЕКТРОНДЫҚ ОҚЫТУ                             (E-LEARNING)

Электрондық оқыту – теориялық материал, білімнің көрсеткішіне қарай біліммен жаттықтыруды қамтамасыз ететін, оқу үрдісін үзіліссіз дидактикалық материалдармен қамтамасыздандыратын, сонымен қатар ақпараттық іздеу, математикалық және компьютерлік визуалдаумен имитациялық моделдеу интерактивті кері байланыстармен шарт бойынша функцияларды үйренуге арналған бағдарламалық кешенді жүйе. Электронды оқыту - барлық негізгі функцияларды, теориялық материалдарды көрсету, бірінші білімді алып қабылдауды көрсету, өзіндік білім алудың жаттығулары мен бақылау көрсеткіштерін қамтамасыз етеді. Дидактикалық цикл үрдісін бірыңғай компьютердің көмегімен оқу үрдісін ұйымдастырып, оқушылардың білім алуда уақыттарын үнемдеп, автоматты түрде дидактикалық циклді бір ғана жұмыспен – электрондық оқулықпен орындау керек. Оқыту үрдісін жаңаша түрде орындау үшін компьютермен диалогтық қатынасты дұрыс орынға қою керек. Мультимедианың әдістемелік күші оқушыны дыбыспен, көрермендік бейнемен тез қызықтырып, ақпараттық және көңіл күйіне де көмек береді [1].

E-learning – күндізгі семинарлардың инновациялық баламасы, сонымен қатар қызметкерді оқыту құралы, кез келген адамның жеке және кәсіби өсуіне тиімді, өз бетімен және жан-жақты дамуына бағытталған құрал. Электронды білім беру жүйесі – болашақта жаппай ағарту саласын қамтитын жаңа үрдісті шығармашылық еңбек. Ағылшын тілі сабағында электрондық оқытуға сәйкес, бұл оқыту үрдісі компьютерлер мен компьютерлік желілерді қолданып оқыту болып табылады. Сабақты қашықтықтан оқытуға (мысалы, материалдарды пошта арқылы жіберу) қарағанда электрондық оқыту заманауи үстелдік ЖК артығырақ болып келеді: графика, дыбыс, үш өлшемді сценалар мен анимациялар, виртуалды жаттығулар және т.б. Ағылшын тілі пәнін компьютерлік оқытуға (CBT, computer-based training, пайдаланушы ЖК өзі ғана жұмыс істегенде) қарағанда электрондық оқытуда желілік мүмкіндіктер қолданылады: оқытудың нәтижелерінің жетекшіге берілуі, бірге жұмыс істеудің нәтижелері, кеңестер мен талқыланулар, тәжірибе алмасу, ұстазды қолдау және т.б[2, б. 79].

  Ағылшын тілі пәнi бойынша электрондық оқулықты құрудың кейбiр принциптерi:

Кванттық принциптерi: көлем бойынша минимальды, бiрақ мазмұны көрiнбей тұратын материалдарды тарауға бөлу.

Толықтыру принципi: кез-келген модульды келесi компоненттерге бөлу керек.

1. Теоретикалық негiз;

2. Теория бойынша бақылау жұмысы;

Мысалдар, өзiндiк жұмыс үшiн тапсырма мен жаттығулар, барлық модульге арналған бақылау сұрақтары мен жауаптары, бақылау жұмысы, қосымша анықтамалар, тарихи пiкiрлер.

Көзқарас принциптерi: мұнда әр модуль аз мәтiн мен визуализация арқылы құрылуы керек, ол жаңа түсiнiктер, қағидаларды, әдiстердi оңай есте сақтау керек.

Тармақталған принциптерi кез келген модульге еркiн енетiндей етiп, әр модуль келесi модулге гипермәтiндiк сiлтеме арқылы байланысу керек.

Сәйкестендiру принципi: оқушы кадрдың ауысымын өздiгiнен басқара алады, экранда кез келген мысалды шақыра алады, тапсырманың шешуiн, сонымен қатар өзiн-өзi тексеру, бақылау сұрақтарына жауап беру және бақылау жұмыстарын орындай алады.

Компьютерлiк қолдау принципi: кез келген уақытта оқушы компьютерлiк қолдау көре алады, ол оқуға берген материалдарды тез игеруге, есептердi және мысалдарды тез шешу жолдарын көруге мүмкiндiк бередi. Сонымен қатар компьютердегi үлкен жұмыстарды атқарып қана қоймай, әртүрлi есептеулер мен графикалық салуларды орындайды, және кез келген деңгейдегi математикалық операцияларды орындайды [3, б. 85].

Жинақтау принципi: Электрондық оқулық форматта орындалуы керек, оларды бiр электронды комплекске бiрiктiрiп, үлкейтiп және жаңа тараулар мен тақырыптарды толықтырып, сонымен қатар әр пән бойынша электрондық кiтапханаларға немесе оқушының, оқытушының және зерттеушiнiң жеке электронды кiтапханаларына талдау керек.

Орта білім беру жүйесін ақпараттандырудың негізгі мақсаты- оқушылардың ақпараттық мәдениетін қалыптастыру. Осы мақсатты орындау барысында оқушылардың ақпараттық мәдетиетін қалыптастыруда жаңа әдістерді қолдану қажеттілігі туындайды [4, б. 93].

Онлайн күйдегі интерактивті тақтамен жұмыс жасау мамандардың түрлі ақпарат көздерімен, сонымен бірге Интернет желісімен белсенді өзіндік жұмыстарын ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Негізгі мақсаты ақпаратпен сауатты жұмыс жасау, яғни дамыту:

– пәнге зейіннің шоғырлану қабілеті;

– ақпаратты қисынды өңдеуге қабілеттілігі;

– алынған ақпараттың ақиқаттығы мен пайдалылығын бағалау ептілігі;

– дербес маңызды ақпаратты таңдау ептілігі;

– қажетті ақпаратты ана тілінде және шет тілінде, сонымен қатар оны өңдеу әдістері туралы білімді меңгеру ептілігі [5, б. 50].

Бұл принциптерді және әдістерді қолдана отырып, мектеп оқушыларында нәтижелердің көтерілуін байқауға болады. Әсіресе, жобалау әдісін қолдану барсында, сабақтың негізгі тақырыбы ашылып, терең түсініктер қалыптасады. Мәліметтерді талдау мен іздеудің мақсаттарымен интернет-ресурстарымен жұмыс істеу қабілеттерін қалыптасады, аудиторияның алдында оқушылардың сөйлеуінің коммуникативті қабілеттері дамиды.

Қорытындылай келе, бүгінгі таңда электрондық оқыту жүйесі ғылымның кез-келген саласынан ерекше орын алатынын байқадық. Себебі электрондық оқыту оқушылардың уақытын үнемді қолдануға мүмкіндік береді. Жаңа заман талабына сәйкес, енді сабақтар оқушыларға қызықты өтіп, олардың сол саланы меңгеруге деген құлшынысын арттырады. Қазіргі кезде бұл оқыту жүйесінің жаңа түрлері ашылып, заманауи құрылғылардың көмегімен жетілдіріліп келеді. Мұның бәрі оқушылардың осы салада жасайтын еңбектерінің өнімді, әрі сапалы болуын талап етеді. Осыған орай, еліміздегі жаңа ұрпақтың мамандары да сәйкесінше білім дәрежесіне ие болуы қажет.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1.     Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2011 жылғы 28 қаңтардағы Қазақстан халқына Жолдауы.

2.     Цифровые образовательные ресурсы в учебном процессе // Мат. межд. научн.-практ. конф. «Проблемы перспективы инновационного развития системы непрерывного профессионального образования на современном этапе». 1 том. – Алматы: АГТУ, 2009. – С.113.

3.     О зарубежном опыте информатизации образования. // Сб.: XII Вишняковские чтения «Социально-экономическая концепция вузовской науки в регионе»: мат. междунар. науч. конф. / под общ.ред. проф. В.Н. Скворцова. – СПб.: ЛГУ им. А.С.Пушкина, 2009. – С. 174.

4.     Захарова И.Г. Информационные технологии в образовании. М.: «Академия», 2003. - 192с.

5.     Зарубежный опыт использования информационно-коммуникационных технологий в образовании // Сб. научн. статей межд. научн.-практ. конф. «Инновации в образовании на основе информационно-коммуникационных технологий». – Алматы, АО НЦИ, 2009. – С.238.