А.Сопыбековтің
«Желкілдек батыр» поэмасының тақырыптық-идеялық
ерекшелігі
Өтеш Асылзат К-13-1 оқу тобы студенті
Ғылыми жетекші ф.ғ.к Айтбаева Айман Ералықызы
Абылай хан
туралы тарихи жырлар мен аңыздардың шындыққа ара
қатынасы турасында М.Әуезов қазақ тарихи жырларын
зерттеуге арналған еңбегінде: «Қазақтың
нағыз тарихи өлеңдерінің басталған кезі Абылай
заманынан бері қарай. Абылай заманынан әңгіме
қозғайтын тарихи өлең-жырлар мен
аңыз-әңгімелер қазақ халқының ХУІІІ
ғасырдағы қилы тарихының оқиғаларын баян
етеді. Бұл ғасырда
қазақ елі өзінің тәуелсіздігіне аса үрейлі
қатер төнген ең ауыр кезеңді басынан өткізген
болатын. Шығыстан Қытай, батысынан Ресей империясы қауіп
төндірген. Солардың желіктіруімен жоңғар
шапқыншылары қазақ жеріне тынымсыз шабуыл жасаған.
Қазақ елі 1729-30 жылы Жоңғар
қалмақтарының жойқын шабуылына ұшырап, тарихта
«Ақтабан шұбырынды алқа көл сұлама»
қайғысына ұшыраған. ХУІІІ ғасырдың екінші
жартысында қазақ пен қырғыз арасында да
қақтығыстар болған. Қабанбай батыр туралы тарихи
жырлар мен аңыздардан сол жаугершілік заманның шындықтарын
көреміз» [1,132] деп көрсетеді.
Қабанбай
батырлармен бірге Абылай
ханның ел қорғау
жорығына жасөспірім кезінен араласып, туған жерді
шапқыншылықтардан қорғау жолындағы талай
ұлы шайқастарға қатысып, ірі ерлік көрсеткен
қаһарман тұлға,
қартайған шағында да ат үстінен түспеген
айбынды батырлардың бірі-Желкілдек Бөлтекұлы.
Академик, филология
ғылымдарының докторы, профессор Р.Бердібай: «Біз бала күнімізден Желкілдек батыр
жайлы естіп өстік, сондай саңлақ бабалардың рухына
сыйынып өстік. Ер мінезі ел тілегі Отанының бүтін
болғанын қалады. Олар елдің бейбіт өмір кешкенін
күйттеді. Бұл бүгінгі Тәуелсіз Егемен еліміз үшін
күрескен алғашқы аттаныстар мен талпыныстар болды,
сөйтіп дербес мемлекет құрудың іргесін сол
дәуірлерден бекіте бастаған едік.
Желкілдек бір әулеттің батыры емес,Қаратау етегіндегі
елдер мен Түркістан төңірегінің тұтастығы
үшін жан алысып, жан беріскен ірі сардар. Әлемге әйгілі
Қожа Ахмет Иассауи кесенесіне батырдың жерленуі тектен-тек емес,бұл
тарихи оқиға,ел билері мен хандарының үлкен
құрметі еді. Біз осындай қазақ батырын ұмытпай,
ардақтай беруіміз керек» [2.,3].
Көріп отырғанымыздай, тарихта есімі аталғанымен бүгінгі
күнге дейін еліміздің тарихынан өз орнын алмаған
батырлардың бірі - Желкілдек Бөлтекұлы. Желкілдек батыр туралы ең басты
айғақ - оның мүрдесінің Қожа Ахмет Яссауи
кесенесіне жерленгендігі. Елінің тәуелсіздігі жолындағы
күрескер. 1771 жылдың
күзінде Түркістанда Абылайды ақ киізге көтеріп, хан
сайлағанда Желкілдек батыр Орта
жүздің ықпалды тұлғасы ретінде оны
қолдаушылардың бірі болды.
Белгілі журналист
Қаныбек Әбдуов «Тарихтан тартқан тағылым» атты
еңбегінде батырдың өскен ортасы, ел үшін жасаған
ерлік істері, ұрпағы жайында мол мағлұмат береді: «Желкілдек
батыр Бөлтекұлы 1723 жылы Қызылорда облысы,
Жаңақорған ауданындағы Жайылма ауылында дүниеге
келген. Ел қорғау жолында талай қанды шайқастарды
басынан өткізіп, жасы алпыстардан
асқан шағында Желкілдек батыр Түркістаннан туған Жайылма
ауылына би болып оралады. Желкілдек батыр 1796 жылы 73 жасында дүниеден
өтеді. Сүйегі Түркістандағы Ахмет Иассауи кесенесіндегі
хандар мен батырлардың, билердің жамбасы тиген жерге жерленген.
Желкілдектің қазасын арулап көмуге Түркістанда хандар кеңесін өткізуге үш
жүздің белгілі билері
қатыстырылады. Олардың шешімі бойынша:«Желкілдек
батырдың денесі А.Иассауи
кесенесіне жерленеді» деп бекітіледі. Шешімде : Әбілмәмбет пен
Абылай хандар тұсында ел мен туған жерді қорғауда
асқан ерлігі және Түркістан шаhары қауіпсіздігін
сақтаудағы қайраткерлік қызметі үшін
Бөлтекұлы Желкілдек батыр Қожа Ахмет Иассауи кесенесіне
қойылсын. Ол осындай мәртебеге лайықты» [3.,117],-делінген.
Поэманың кіріспе бөлімі
«Құрбан ата» деп аталады. Құрбан ата әлде
кімдердің бет-жүзіне қарамай көзі көрген
шындықты айтқаны үшін өз туған жерінен кетуге
мәжбүр болады. Қарабура әулие қамқор болып,
Жансая анамызға жолығады. Анамыздан Киікші, Тіней, Сары, Көт
ен, Сасық деген балалары дүниеге келеді. «Ұрпағым ел
болады жұрт білетін қарқаралы» деп Құрбан ата
төбе басына шығып, рахаттана кең дүниеге бір
қарайды. Ертеңіне бұл дүниеден қиналмастан
жүріп кетеді. Балалары мәйітін көтеріп келе жатып, бір
төбе басына тоқтағанда мәйіт жоқ болып кетеді.
Сол күні қазан қайнап,ел
күттіргентшай тасыпты,
«Жақсылап шығарып
салайық » деп ойласыпты.
Ал демі біткен кезде Құрбан ата
бабамыздың
Мәйітін Қарабура өзі кеп
әкетіпті...[1.,9].
Сыртта қалған Құрбан ата
топырағын ұрпақтары туған елге жеткізеді. Сол
аруақты кісінің Бөлтек атты немересінен Желкілдек батыр ер
болып туады. Жас та болса ел намысы үшін , өз жанынан елдің
амандығын артық көріп, ел мен жерді қорғау
үшін атқа қонады. Дастанның кіріспесінде оның
жүректілігі, батырлығы былайша суреттеледі:
Жүрегі жаудан қайтпаған
бірі-Алланың құлы,
Өз жанын бағып өтпепті бір
елпектеп күні.
Бұл ұлың да
ұрпағың еді жүрегі түкті-
Ел қорғаған Желкілдек Бөлтектің
ұлы...[1.,10].
Бірінші
тарау «Аян» деп аталады. Абылай ханның кеңесінен кеш
қайтқан Желкілдектің көзі ілініп кетеді. Түсінде
ақ сақалды, ұзын бойлы қария кісі келіп батырға:
«Тұр балам!» деп дауыстайды.
-Біледі
мына тау мен жатқан далаң,
Естуің
бар да шығар, жоқ та күман.
Жаманбай
деген батыр бабаң болам,
Кеп
тұрмын Қаратаудың шоқтығынан[1.,11].,-дейді.
Содан
әрі қарай түсінде аян беруші ақсақал өз
тарихы мен жұртының жүріп өткен қилы
тағдырын сөз етеді. Он бесінде жауға аттанып «Жаманбайлап»
ұрандағанын, Желкілдектің бабалары Жауғашты,
Ноғай,Құрбан,Шоқпарлы, Қира сол кісінің
кіндігінен тараған ұрпақтары екенін білдіртіп, Аса мейірімді,
аса рахымды Алланың атымен бастап, түсінде бата береді:
-Би-исми-л-ла
һир-Рахмани-р-Рахим
Батырлық
бағың құтты болсын,
Жүрегің
де түкті болсын.
Батырлардың
тарланы бол
Жау
аяғын бастырмайтын,
Ел-жұртыңның
қорғаны бол ...[1.,12],-деп көк сүңгілі найзасын
беріп жатқанда, Желкілдек батыр оянып кетеді. Дәл осы уақытта
түс мезгілі болып қалған екен аттың дүрсілі
естіледі. Хан: «Тез ордаға жетсін!»,- деп жол бастар батырларымен бірге
Желкілдек батырды да шақыртады. Оқиға былай болған еді.
Абылайдың Ескендір деген Қарашықтағы әкім
інісінің төрт баласын бауыздап, әйелін алып кетеді. Бұл
сұмдықты естіп ел дүрбелеңге түседі. Сонымен
бірге, Қабанбай батыр, Көкжал Барақ, Қанжығалы
Бөгенбай, Саурық, Баян батырлар да Желкілдек сөзін
қоштайды. Поэмада аты аталған батырлардың барлығы да
тарихта болған, Абылай ханның сенімді серіктері. Қанды
оқиғаның кімнің қолынан болғанын, не ерегіс
екенін хан Абылай бірден біледі де,
қасындағы билері мен батырларын жинап алып,
Қоқан ханы Ердана-Бектің өзіне қойған
талабын айтады:
Өткен
жыл-бір мың жеті жүз алпыс алты,
Жаушыдан
қолға тиді жазған хаты
Қойыпты
маған соңда қатаң талап:
«Қоқанға
бағынсын деп қазақ халқы!» ...[1.,18],-деп хабарлай
отырып, қоқан бегіне айтқан жауабын келтіреді:
Жайына
жүрсін ханың, берік іргем,
Маңымы
жоламайды мені білген.
Тимесін
намысыма! Дедім-дағы
Жаушысын
жібергенмін қуып бірден...
Яғни,
Ескендірді өлтіріп отырғаны маған істеген
қысастығы екенін біліп отырмын. Не дейсіңдер?,-деп
көпке мойын бұрады. Сонда Абылай ханның кеңесші биі
Бұқар жырау біраз толғайды. Бұқар толғауы
арқылы Абылай бейнесі ашылады. «Жиырма
беске келгенде басыңа бақыт қонды, астыңа тақыт
берді бір Құдай жар болып. Отыз жасқа келгенде, қара
судың бетіне шайқалып шыққан сең едің,Отыз
беске келгенде, дүниеге кең едің. Қырық
жасқа келгенде, Жақсы жаман демедің, Елу жасқа
келгенде,Үш жүздің басын құрадың.
Баяғы сол ұраның, Биіктеп ұшты қыраның. Елу
бес жасқа кеп тұрсың, Қылығына
қоқанның, Не істеймін деп тұрсың. Халық
үшін лі де, Суынарсың, тоңарсың, Тағы да
атқа қонарсың, Батыр мен билер біз қосшы,
Өзің басшы боларсың. Қаракерей Қабанбай,
Қанжығалы Бөгенбай, Батырың бар Баяндай, Желкілдек
отыр-жас батыр, Жауға шабар аянбай, Сай тасындай әскерің
Қаймығатын түгі жоқ!» дей келе, кегіңді ал деп
қамшылайды. Бекболат би де жігерлендіреді. . Бұл суреттеулер тарихи
шындыққа үйлеседі.
Желкілдек батыр Бұқар сөзін
қолдауға шақырды. Қайткенде де қоқаннан
кегіміз аламыз деп ант-су ішісті. Қазақ
елі шабындыға
ұшырағанын естіген батырлар Абылай ханға көмек беруге
жедел жетеді. Әйгілі батырлар бастаған қазақ жасақтары бір тудың - Абылай туының астына жиналып, бірігіп
қимылдап, басқыншы қалмақтардың
тас-талқанын шығарады.
Қазақ батырлары бір тудың асына
жиналғаннан кейін, дұшпанға қалай соққы
берудің әдіс-амалын ақылдасып алады да, ұлы
жорыққа атанады. Қалың қолды Абылай өзі бастайды.
Қазақ жасағы мен қалмақ жасағы бетпе-бет
кездеседі. Кескілескен қанды шайқас болады. Осы соғыста
қазақ батырлары дұшпанға үлкен соққы
беріп, жеңіске жетеді. Жаудан туған жерді азат етеді,
тұтқындағы ағайындарын құтқарады,
қалмақтың талауына түскен мал-мүліктерін
қайтадын алады. Сонымен қатар, қалмақтарды өз
жеріне дейін қуып апарып талқандап, көп олжаға ие
болады. Желкілдек батыр Абылай ханның 1760 жылы Дулат және
Қоңырат руларының қоныстарына шабуыл жасаған
қырғыздарға қарсы жорығында қол
бастаған. Сол сияқты Абылай ханның
Қазақстанның Оңтүстік өңірін
қайтарып алу үшін қарақалпақтарға қарсы
жасаған жорығында да Желкілдек батыр бастаған қол аса
белсенді қимыл жасаған. Осындай әскери қимылдар
барысында халқымыздың 1762 жылдан бері ата қонысы болып
кеткен Сыр өңіріне қайта иемдене алды. Поэмада Абылай ханның Ташкент пен
Ходжентке, одан әрі Жизаққа жорығы барынша табысты
болып, Түркістан, Сайрам, Шымкент, Созақ қалаларының
қазақ хандығына түпкілікті өтуімен бірге Ташкент
салық төлейтін бағынышты қалаға айналғаны
жырға қосылады. Осы жорықта ерлігі мен ақылдылығы
байқалған Желкілдек батыр Абылай ханның сенімді серігіне
айналғаны тарихтан белгілі.
1771 жылы
қалмақтарға қарсы «Шаңды жорық»басталады.
«Шаңды жорық» қалмақтардың басын
жұтқан «Қанды жорыққа» айналады. Мұнда да
Желкілдек батыр, Көкжал Барақ, Батыр Баян, Бөгенбай батыр, Саурық,
Қалбағай(Желкілдек батырдың інісі) батырлармен бірге
үлкен ерліктер жасайды.
Ақын Адырбек Сопыбеков «Желкілдек батыр»атты бұл тарихи
поэмасын осы деректемелерді негізге ала отырып көркем кестелейді.
Бұл күндері тәуелсіз ел
болып шаңырақ көтердік. Қоғамдық
өмірде түбегейлі өзгеріс болды. Халқымыздың
өткен тағдыр-тарихын, рухани дүниесін зерттеуге
мүмкіндік туды. Бұл жөнінде Елбасы Н.Назарбаев:
«Ұлттың рухани өмірі, оның мәдениетіне байланысты
әлі де болса көпшілік қауымға жетпей жатқан
тарихи, әдеби асыл мұраларымызды игеру жолында еңбектену,
бұрын мән бермей келген халықтану, шығыстану,
түркітану ілімдерін барынша дамытуға көңіл қою,
ұлттық мәдени ерекшеліктерімізді сақтау, жинау, зерттеу
ісін жетілдіре түсу – бүгінгі маңызды міндеттеріміздің
қатарына кіреді»[6] деген болатын. Бүгінгі күннің кезек
күттірмес міндетіне айналған бұл іс барша қауымға
да үлкен міндет жүктегені белгілі.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1.Әуезов М. Шығармалары.11 том. Мақалалар,
зерттеулер. –Алматы:-Жазушы, 1969.-53
2.Бердібай Р. Кіріспе сөз.
Желкілдек батыр. Алматы: Арна,2012.-200б
3.Әбдуов Қ.Тарихтан
тағылым.-Алматы:Арқас,2010.-117б
4.Аманбайұлы Ж. «Қыстата»-Желкілдек батырдың
қыстауы.
5.Сопыбеков А.
Желкілдек батыр. Алматы: Арна,2012.-200б
6.Назарбаев Н.
Заман
зердесі және зиялылар парызы \\ Егемен Қазақстан.-2010,
7 тамыз