Базарбаева Заказ
Оспановна
Қарағанды, №66
ЖББОМ, мұғалім
Аккизова Мадина
7 сынып
оқушысы
ҚАЗАҚ
ЖӘНЕ АҒЫЛШЫН ТІЛДЕРІНДЕГІ
КИЕЛІ САНДАР: ЛИНГВИСТИКАЛЫҚ СИПАТЫ
Ғылыми кеңесші: Мажитаева Ш.,
ф.ғ.д., профессор
Күнделікті
өмірімізде қолданылатын сандар шамамен бұдан 1500 жыл
бұрын Үндістанда пайда болған деген мәлімет бар.
Әуелі сандар сызықшамен белгіленген. Кейін қалыптаса келе
қазіргі таңдағы біздер қолданып жүрген сандар
пайда болған. Алғаш олар табиғи сандарды (1, 2, 3, 4, 5, 6,
7, 8, 9) меңгерсе, нөлдің пайда болуынан сандарды игеруде
жаңа жүйелер өмірге келді.
Бүгінгі таңда
ұлттық құндылықтарымызды қайта
қалыптастыру, жандандыру, мемлекеттік тіл мәртебесін көтеру –
тіл саясатының маңызды бағыттарының бірі болып
саналады. Тілімізде «қасиетті
сандар» немесе «киелі сандар» ұғымы – наным-сенім
негізінде пайда болған құбылыс.
ХХ ғасырдың
50-90-жылдары аралығында жарық көрген С.Кеңесбаев,
К.Аханов, А.Ысқақов, М. Балақаев тәрізді көрнекті
ғалымдардың қазақ тілінің грамматикасына қатысты оқулықтары мен оқу құралдарында,
Т.Сайрамбаев, Н.Оралбаева, Ә.Хасенов т.б. зерттеу еңбектерінде сан есімдердің өзіндік ерекшеліктері (Ж.Ахметова)
қарастырылып, сан есімді фразеологиялық бірліктер
құрылымдық-мағыналық тұрғыдан
(А.Елешова) зерттеу нысанына алынды.
Сан атаулары – өте
көне заманнан келе жатқан сөздер, оларды барлық
көне жазба ескерткіштерден кездестіруге болады. Сан есімдердін
көнелігіне байланысты тілдегі барлық сан атауларының калай
жасалғаны анық көріне бермейді. Жалпы сандық
ұғымның қалыптасуы ақиқат өмірмен
байланыстырылады. Екіншіден, белгілі бір құбылыстьң
өткен тарихын қазіргісімен салыстыра, оның қазіргі
формаларын зерттей отырып ашуға, тануға болады дейтін марксистік
қағиданы басшылыққа алсақ, қазіргі тілдік
фактілер, мәселен, жоғарыда келтірілген сандық мағыналы
есімдер мен сөз тіркестері, түрік тілдеріндегі негізгі сан атаулары
зат есімдерден бөлініп шықты деген жорамалымызды жоққа
шығармайды, қайта растайды», - деген тұжырымға келеді
Ә.Хасенов [1, 86].
Ағылшын тілінде де сөз таптарының бірі – сан есім
(the numeral). Сан есім – заттың санын, мөлшерін, ретін білдіретін
сөз табы. Ағылшын тілінде
сан есім тұлғасына
қарай simple (негізгі) және derivative (туынды),
құрамына қарай simple (дара) және compound
(күрделі) болып бөлінеді. Сан есім семантикалық
мағыналарына қарай Cardinal numerals (есептік сан есім), Ordinal
numerals (реттік сан есім), Fractional numerals (бөлшектік сан есім)
болып үшке бөлінеді. Сан есімнің өзіне тән грамматикалық
көрсеткіштері бар. Сөйлемде сан есім бастауыш, баяндауыш,
толықтауыш, анықтауыш қызметін атқарады. Сөйлемде
есептік және реттік сан есімдер әдетте зат есімнің алдында
қолданылып, анықтауыш рөлін атқарады: Give me three English
books. - Маған үш
ағылшын кітабын беріңіз.
Біз ғылыми жобамызда қазақ
және ағылшын тіліндегі киелі сандарға қатысты тұрақты
тіркестердің этномәдениетпен сабақтастығын этнолингвис-тикалық
аспектіде арнайы зерттеп, төмендегідей нақты нәтижелер
қорытындыладық: киелі
ұғымды беретін үш, жеті, тоғыз, қырық
сандары бар тұрақты тіркестер аңыз-әңгімелерде,
жыр-дастандарда, салт-дәстүрлерде көптеп кездеседі; киелі ұғым беретін
сандардың таныммен, мәдениетпен, этнос болмысымен
сабақтастығы бары
дәлелденді; туыс емес екі тіл
тұрақты бірліктерінің құрамындағы киелі
сандар қолданысы бір-бірімен
салғастырыла зерттелінді; жұмыста рухани және
материалдық мәдениеті әр басқа екі ұлт
танымдарындағы ортақ және ерекше ұғымға
ұйытқы болған мақал-мәтелдердегі киелі
сандарға мәтін арқылы
этнолингвистикалық талдау жасалынады.
Тілдің ішкі кұрылымының
халықтың рухани өмірімен, ой санасымен, мәдениетімен,
тарихымен байланыс дәрежесін жан-жақты талдап, ол туралы идеяны
алғашқы рет теория ретінде қарастырған,
этнолингвистиканың негізін қалаушы ғалым Вильгельм фон
Гумбольдт болды.
В. Гумбольдт "әр тілде ұлттық
дүниетаным, ұлттық көзқарас болады.
Сондықтан да тіл мен ұлттың, оның
мәдениетінің арасында тығыз байланыс бар", - деп
есептеп, тілдің басталуы мен ішкі өмірі туралы
сұрақтарға ұлттың өзіндік ерекшелігі мен
рухани күші тұрғысына дейін көтерілмей жауап беру
мүмкін емес" деген ой айтты [2, 47]. В. Гумбольдттың ойынша, тіл рухтың
жемісі, рухтың әрекеті. Тілдің шығуы мен рухани
күштердің шығуына бірдей себептер әсер етеді.
Әйтсе де тіл рухтың шығуына жағдай жасаушы болып
қалады.
А.А.Осипованың
тұжырымынша, ағылшын тілінде екі, үш, жеті, тоғыз
сандары «көп, бірнеше» ұғымын білдіреді.
Шондуг
Баясгалан өз еңбектерінде монғол, орыс және
ағылшын тілдерінде сан есімдердің қолдану (тарихи,
мәдени, мифологифлық) ерекшеліктерін қарастырған. Соның ішінде
монғол тілінде — 5, 7, 9, 11, 13 сандары, орыс тілінде - 7, 9 сандары, ал ағылшын тілінде - 4,
7, 9, 10 сандарының киелі ұғымы бар екенін айтып кеткен.
Әр халықтың сөздік қорында
ерекше топ болып саналатын киелі сандардың қазақ және
ағылшын тілдеріндегі қолданылу ерекшелігін анықтап,
ұлттық таныммен тығыз байланыста «ұлт пен тіл
біртұтас» деген
қағидаға сәйкес этнолингвистикалық
тұрғыдан зерттеу жүргізуге талпыныс жасадық.
Зерттеу материалдары оқулықтардан,
энциклопедиялардан, ғылыми зерттеулерден, ақын-жазушылардың
шығармаларынан, ауыз әдебиетiнiң мол мұрасынан,
әр түрлi сөздiктерден, анықтамалардан, сондай-ақ
мерзiмдi баспасөз беттерiнен, ғаламтор беттерінен, күнделiктi өмiрде
қарттардың әңгiмесiнен терiлдi. Сонымен қатар
көне, орта ғасырда жарық көрген ескерткiштерден
(Күлтегiн, Бiлге қаған, Тоныкөк, Оғызнама),
арнайы еңбектерден (М. Қашқари, М.Ж.Көпеев), арнайы
оқулықтардан жинастырылды. Тақырып бойынша ағылшын тілі
мақал-мәтелдері, фразеологизмдері, көркем мәтін
үзінділері жиналып, соның iшiнде басым көпшiлiгiне талдау
жасалды. Осы мақсатқа байланысты жұмыстың мынадай
нақты нәтижелер алынды:
1. Сан есiм қатысқан
фразеологизмдер, мақал-мәтелдер, жұмбақтар ауыз әдебиетi үлгiлерiнен,
әр түрлi сөздiктерден, ақын-жырау шығармаларынан
жиып талданды.
2. Сан
есiм қатысқан фразеологизмдер, мақал-мәтелдер,
жұмбақтар табиғи
жүйе бойынша жiктеліп, топтастырылып өзара сала-салаға
бөлiп қатыстырылды.
3. Сан есiм
қатысқан
мақал-мәтелдердің, фразеологизмдердiң мотивтiк негiздерi, олардың пайда
болуына себеп болған этнолингвистикалық және т.б. факторлар
айқындалды.
4.
Қасиеттi сандардың
мақал-мәтелдер, фразеологизм жасаудағы әсерi
анықталды.
5.
Сандарға байланысты үғымдар және түрлi
құбылыстар айқындалды.
Киелі сандар адамзат баласының даму
жолындағы жетістіктерінің бірі – санаудың пайда болуы.
Алғашқы адамдар өз ойы мен сезімін ым,
қимыл-қозғалыс арқылы білдіріп, тарихи дамудың
екінші сатысында табиғат құбылыстарында болып тұратын
әр түрлі дыбыстарды меңгеру арқылы сезуді шығарды.
Бір-бірімен қарым-қатынас жасап, айырбас арқылы зат алмасу
әсерінен санада санау қалыптасты. Жүздеген,
мыңдаған сандардың ішіндегі халық ауыз
әдебиетіне, соның ішінде эпостық жырлардың
көркемдік сапасына үлкен құндылық
қосқан киелі сандар болып табылады.
Қорыта айтқанда, қазақ және
ағылшын тілдерінің сөздік қорында сандарға қатысты
қалыптасқан тұрақты тіркестер – ұлт болмысы мен
мәдениетін сипаттайтын негізгі этномазмұнды ақпарат
көздерінің бірі. Қазақ және ағылшын
тілдеріндегі киелі сандарға қатысты тұрақты тіркестерді
толық жинақтап, олардың жасалу уәждерін ашып
көрсету – этнолингвистика мәселелерінің бірі. Киелі
сандарға қатысты қалыптасқан тұрақты тіркестер
екі халықтың дүниетанымы мен наным-сеніміне,
салт-дәстүріне, әлеуметтік-қоғамдық факторларға байланысты бейнесін жасауға
қатысты тілдік бірліктер.
Пайдаланылған әдебиеттер
1.
Хасенов
Ә. Қазіргі қазақ тіліндегі сан есімдер. – Алматы, 1998.
– 94 б.
2.
Гумбольдт
В. фон. Избранные труды по языкознанию / Пер. с нем. – М.: ОАО НГ Прогресс,
2000. – 400 с.
3.
Мажитаева Ш.,
Абдразакова А. Сан компонентті кейбір киелі
ұғымдардың қалыптасу тарихынан// ҚарМУ Хабаршысы. Филология сериясы.
–2012. –№3. –Б.22-27
4.
Mazhitayeva Sh.,
Abdrazakova A. Ethnolinguistics
character of sacred numbers// European Researcher. 2012, Vol. (35), №11-3.
–Р.2028-2031.
5.
Mazhitayeva Sh.,
Abdrazakova A . Sacred numbers on Kazakh and English languages:
ethnolinguistic aspect// Literature, language and culture influenced by globalization: Monograph
Volume 2/ed. By L. Shlossman. –