ӘДЕБИ ТIЛ, ОНЫҢ СТИЛЬДIК ТАРМАҚТАРЫ МЕН НОРМАЛАРЫ
Аскарбаева
Зеркул, Урункаева Балгын, Сагимбекова Гулсая
Қарағанды,
Қазақстан
Ғылыми
жетекші: ф.ғ.д., профессор Ш.Мажитаева
Әдеби тіл - белгілі бір қалыпқа түскен, өңделген,
сұрыпталған, диалектілер мен қарапайым сөйлеу тіліне
қарағанда жалпыға бірдей міндетті және «дұрыс»
қабылданған нормасы бар тіл. Әдеби тіл тарихын зерттеушілердің
арасында әдеби тіл анықтамасына байланысты бірыңғай
пікір жоқ. Көптеген зерттеушілер әдеби деген
терминнің латынның lіteratura (грекше
грамматика дегеннің баламасы) сөзінен
шыққандығын негізге алып, әдеби тілді тек жазумен,
жазба әдебиетінің шығуымен байланыстыра қарайды,
яғни жазудың болуын әдеби тілдің негізгі үлгісі
ретінде санайды. М.М.Гухман, Н.Н.Семенюк т.б. ғалымдардың тұжырымдауынша,
әдеби тілді тек жазудың, жазба ескерткіштердің пайда болуымен
байланыстыра қараудың дұрыс болмайтындығын, жазу
шықпай тұрған дәуірлерде де ауызша әдеби
тілдің болуы мүмкін деген пікірлерді кездестіруге болады
(Сыздық Р., Исаев С. т.б.).
Әдеби
тіл халық тілінің негізінде, соның ыңғайында
қалыптасатындықтан да көпке түсінікті болып
қалыптасқан нұсқаларын өз бойына жинап,
нормаға айналдырып отырады. Қазақ әдеби тілінің
негізгі арқауы - бұрын да,
қазір де халық тілі. Әдеби
тілдің сөздік құрамының қоғам
өмірінде толассыз болып жатқан жаңалықтарға
байланысты толығады, байиды.
Әдеби тіл лексикалық қоры жағынан да, грамматикалық
құрылысы, дыбыстық жүйесі жағынан да жетіліп,
кемелденіп мәдениетті де оралымды, икемді әдеби тілге айналды.
Әр кезеңнің әдеби тілінің сапасы, бірдей бола
бермейді. Мәселен, ерте дәуірдегі қазақ әдеби
тілі мен бүгінгі қазақ
әдеби тілін
салыстырыңыз, тіпті ХХ ғасыр басындағы қазақ
әдеби тілінің нормасы қазіргі әдеби тілімізден
көп өзгеше.
Әдеби
тіл ұғымын міндетті түрде жазудың болу фактісімен
байланыстыру дәстүрі бай және ертеден келе жатқан
әдеби тілдер үшін табиғи да заңды. Ал жазуы кенже
қалған халықтардың әдеби тілдерін осы
көзқарас тұрғысынан бағалау дұрыс емес
екені мәлім. Белгілі бір кезеңдегі әдеби тілдің
анықтамасын түзіп, негізгі белгілерін айқындағанда,
әр дәуірдегі әдеби тілдің нақтылы
мүмкіндігі, қызмет ету аясы, оған жүктелген міндет
ескерілуі қажет. Ал әдеби тілдің өмір сүру
формасы (жазбаша не ауызша) әр халықтың экономикалық,
қоғамдық және мәдени тарихымен тығыз
байланысты. Әдеби тіл атаулыға тән
ортақ белгілер болады. Сонда әдеби тіл дегеніміз: 1) халықтың
сөйлеу тіліне қарағанда оның өңделген,
сөз шеберлерінің қолдануынан өткен түрі; 2)
қоғам мүшелеріне ортақ әрі міндетті нормасы бар
тіл; 3) сол халықтың ұзақ тарихи бойына
сақталған тұрақты, жүйелі дәстүрі
бар тіл; 4) диалектілер мен әр
түрлі жаргондық тілдерден
жоғары тұрған тіл (Б.Әбілқасымов).
ХХ
ғасырдың басынан бастап көркем әдебиеттің
әр түрлі жанрлық салаларының пайда болуына орай
олардың әрқайсысының өзіндік тіл өрнектері
қалыптаса бастады. Зерттеушілер кез-келген жетілген әдеби тілде 4
түрлі тілдік стиль болатынын көрсетеді. Олар: 1) ресми іс
қағаздары стилі; 2) публицистикалық стиль; 3)
көркем әдебиет стилі; 4) ғылыми-техникалық әдебиеттер
стилі. Әрбір тілдік стильдің пайда болып, қалыптасуы
әдеби тілді байытады, жаңа сөздер мен синтаксистік конструкциялардың
өмірге келуіне жағдай жасайды, кейбір грамматикалық
тұлғалардың тұрақталуына, ал кейбірінің
жоғалуына септігін тигізеді.
Қайта
құру кезеңінен бері қазақ әдеби тілінің,
әсіресе әдеби тілдің жазба түрінің жетілген
шағында оның қоғамдық қызметі өсіп, қолданылу
аясы кеңейгенін көреміз. Қазақ тілі мемлекеттік тіл
дәрежесіне жеткелі ол қоғамның, өмірдің
барлық саласында қолданылады, ресми іс
қағаздарының, көркем әдебиетінің,
баспасөздің, оқу-ағарту жұмысының,
ғылымның тілі болып қызмет атқарады.
Әдеби
тілдің дамуында бұрын көркем әдебиет айрықша
рөл атқарды, әдеби тілді, оның ішінде
ұлттық әдеби тілді қалыптастыруда белгілі
ақын-жазушылардың ықпалы күшті болды, әдеби
тілдің ғылым негізіндегі әліпбиі, емлесі, терминологиясы,
грамматикасы, сөздіктерінің жасалуы оны дамытуға,
мәдениетін арттыруға септігін тигізсе, соңғы жылдары публицистикалық
стиль доминант стильге айналды.
|
Жалпыұлттық тіл |
Әдеби
(нормаланған) тіл |
Кодификациаланған әдеби тіл |
Іс-қағаздар
стильдері |
Ғылыми-техникалық
стильдер |
Көркем әдебиет тілі |
|
|
|
Газет, теледидар, радио
тілі Ауызша
публицистикалық тіл Ауызекі сөйлеу тілі |
|||||||
|
Кодификациаланған әдеби тіл |
|||||||
|
Әдеби емес тілдің өмір
сүру формалары |
Қарапайым
сөз |
Жастардың арго, сленг |
|||||
|
Территориялық
диалектілер |
Профессио налдық қарапайым
сөз, әлеуметтік арго |
||||||
|
|||||||
А. М. Пешков
өзінің «Тілге объективті және нормативті көзқарас»
атты классикалық жұмысында: «жаратылыстық
қалыптағы тілде сөйлеуші адам өзінің не айтып
жатқанына ойланбайды. Өйткені ойлаудың өзінде әр
түрлі сөйлеу мүмкіндіктері
жоқ. Басқалар түсінбесе, ол қайта қайталап
айтады, басқаша айтқанда, бұл тілдік фактілердегі ойдың
еш кедергісіз, барлығы бүтіндей биологиялық
құбылыс болып табылады. Мектепке бармаған шаруа адамында
сөз «дұрыс» немесе «бұрыс» болады деу ойына да келмейді.
Бұл тілдің тіршілік ету, тууы немесе, яғни халықта
әдеби, үлгілі үстеулерінің болуымен байланысты» деген
пікір айтады.
Әр түрлі
нормалар арасында (әдеби тіл мен диалект, әдеби тіл мен
қалалық қарапайым тіл, кәсіби-нормативті тіл мен
кәсіби қарапайым тіл, әңгіме тілі мен жастар аргосы)
«шекаралық аймақ» бар. Әр түрлі нормалар өзара
әрекеттесіп, өзара сіңіседі. Сондықтан да қандай
нормада болмасын, әдеби тілде
дублетті, вариантты тұрақсыздық болады. Нормативті немесе
нормативсіз нақты тілдік фактілердің екі ұшты болатыны
әрқашан белгілі жайт.
Кейінгі кезде әдеби тіліміздің
қолдану қызметі мен аясы кеңейіп, нормалары тұрақталып
қалыптанып келеді. Бұқаралық
ақпарат құралдары және көптеген ана тілінде
оқытатын мектептердің көбеюінің арқасында
әдеби тілдің нормалары кеңеюде, сол арқылы
қазіргі өмірде әдеби тіліміздің өмір
сүруінің негізгі формасы болып, әлеуметтік қызметі
жағынан әр түрлі болып жетілуде.
Жалпы тілдік норма дегеніміз ауызекі және әдеби тілдің
қалыптасқан үлгісі, халықтың бәріне
түсінікті, бәрі де қолданылатын тілдік амалдардың
(сөз қолдану, сөйлем құрау т.б.) жиынтығы.
Тілдік норма, негізінен, әдеби тілдің барысында жүйеге
түседі, орнығады. Тілді нормалау – тіл мәдениетін
арттырудың шарасы. Ол тек жазба тілде ғана емес, сөз
қолдануда, сөздің айтылуында, грамматиканың сөз
тұлғаларын пайдалануда жүзеге асып отырады. Әдеби
тілдің сараланып, жазу мәдениетінің белгілі жүйеге
түсуі ұзақ жылдар бойы жүріп жатады. Осыған
орай, жазба тілдің нормалары тұрақты болады. Әдеби
тілде кейде стильдік ауытқу, сөз вариантының жарыса
қолданылуы болып тұрады. Оларды әдеби тілдің даму үдерісіне,
тіл заңдылығына үйлесімді етіп, барды таңдап,
талғап қолдана жүруі арқылы тиімділерін жалпы
халықтық қасиетке ие ету мақсаты көзделеді. Мұның
фонетикаға да, орфографияға да, лексикология мен
грамматикаға да қатысы бар. Тілдік норма әдеби тілге
тән құбылыс, ол мынандай
4 нәрсеге сүйенеді: 1. Лексикалық норма. Тілдегі
сөз байлығының жұмсалу аясы бірдей емес.
Әдеби тілдің лексикалық нормасына жатпайтын сөздер
деп диалектизмдерді, жаргон мен дөрекі, былапыт сөздерді айтамыз. Кәсіби
сөздер бара-бара әдеби нормаға айналатыны
жоқ емес. Лексикада бірізділікті көбірек тілейтіндер – терминдер. 2.Орфоэпиялық нормаға сөздердің
жалпыға бірдей қалыпты айтылу
нормасы жатады. 3. Орфографиялық нормаға емле
қағидасына, ережелер жинағына сәйкес жазудағы
бірізділікті сақтау жатады. 4. Грамматикалық нормалар грамматикалық
ережелер негізінде әдеби тілдің қалыптасу барысында жасалады.
Сөз тұлғаларының, сөйлем
құрылысының алуан түрлі бөлшектері қиюын
тауып, қалыпқа түсіріп, жұртқа дағдылы болады.
Сонымен тілдік норма – үздіксіз
жетіліп отыратын үдеріс. Сондықтан ғылым
Академиясы тілді жүйелеп жинақтау мақсатында сөздіктер
мен академиялық грамматикалар құрастырып, солар арқылы
тіліміздің нормаларын кодификациялады, әлеуметтік жоғары
мәртебеге ұмтылғандар “дұрыс” сөйлеп, жазу
үшін бұл нұсқаны жаттауы тиіс.
Әдеби
тілдің қалыптанған (кодификацияланған) нұсқасы
барлық мемлекеттік қызметте (басқару
заң шығару, ғылым, білім беру салаларында) жұмсалуы
тиіс.