Абдугаффаров Ш., НД-15-1 тобының студенті.,
ҚарМТУ
Н.Ж. Сарсенбеков., з.ғ.м., ҚарМТУ
Қазақстан
Республикасы, Қарағанды қаласы.
Қазақстан
Республикасының тәуелсіздігіне-25 жыл!
Қазақстан Республикасының
тарих сахнасында айқын
көрініс беріп, өз тәуелсіздігін алғанына осы
жылдың желтоқсан айының он алтыншы жұлдызында 25 жыл
толғалы отыр. Тәуелсіздігіміз – біздің ең басты
құндылығымыз. Тәуелсіздігіміздің арқасында
біз ой еркіндігіне, сөйлеу еркіндігіне қол жеткіздік. Егеменді
Қазақстан осыдан 25 жыл алдын Ресейге тәуелді
мемлекеттердің бірі болатын, ал қазір Евроазияның
жүрегінде орналасқан, бір шаңырақ астына 130-дан
артық ұлт өкілдерін жинап, бейбітшіліктің туын
ұстап тұрған тәуелсіз мемлекет.
1991 жыл 1 желтоқсан
күні тұңғыш рет жалпыхалықтық дауыс
беру жолымен Қазақстан Президентін сайлау рәсімі
өткізілді. Сайлау нәтижесінде Нұрсұлтан
Әбішұлы Назарбаев көпшілік 98,76% дауыспен жеңіске жетті. Тәуелсіздіктің
алгашқы жылы Қазақстан үшін өзін әлемге
таныту жылы болды. Біріккен Ұлттар Ұйымына және басқа
да ірі халықаралық ұйымдарға мүше болып
қабылданып, көптеген ірі мемлекеттермен тікелей
саяси-экономикалық қатынас орнай бастады. Қазақстан осы
таңда 230-ға жуық мемлекеттермен саяси-экономикалық
қарым-қатынас жасайды. Еліміз
тәуелсіздігі орнаған күннен бастап, әлемдік сахнада тәуелсіз
Қазақстан өзін көпұлтты, бейбіт мемлекет ретінде
танытуда. Осыған дәлел ретінде Президентіміз, Нұрсұлтан
Әбішұлы Назарбаевтың Жарлығымен Қазақстан
халықтары Ассамблеясы сессиясы құрылды. Онда
қаралған мәселелер:
Президент Н.Ә.Назарбаевтың өкілеттігін 2000
жылға дейін ұзарту мақсатында бүкілхалықтық
референдум өткізу туралы ұсыныс енгізу. Елбасының бұл
қызметте болуының бірінші конституциялық мерзімі 1996
жылдың желтоқсанында аяқталатын еді.
1997 жылы қазан айында Президентіміз
Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан-2030»
стратегиялық жолдауы жарияланды. Жолдауда болашаққа болжам,
қазіргі жағдайға талдау жасалып, ішкі және сыртқы
саясаттың ерешеліктері айтылды. Бұл бағдарламада
еліміздің саяси, әлеуметтік-экономикалық дамуының
жақын арадағы және стратегиялық ұзақ
мерзімдегі даму жолдары көрсетілген. 2030 жылы Қазақстан
күрделі жолдан ойдағыдай өткен және дамудың
келесі кезеңіне нық қадаммен аяқ басқан ел болады.
2001 жылы Елбасымыз
Тәуелсіздіктің 10 жылдығына орай экономиканы өркендету,
халықтың тұрмысын жақсарту тұрғысында
барлық билік құрылымдарына міндеттерін нақтылап берді.
Сонымен қатар еліміздің 10 жылдық тәуелсіздік
мерейтойына байланысты халықаралық дәрежеде іс-шаралар
атқарылды. 21 ғасыр техника
ғасыры болғандықтан, Қазақстан бұл сала бойынша да өзіндік даму
жолын айқындай түсті.
Біздің мемлекетіміз өте бейбітшілікте және
қарқынды даму үстінде өмір сүріп жатыр.
Тәуелсіз еліміз осы 25 жыл ішінде бірнеше биік белестерді
бағындырды. Қай жақтан болмасын білім, мәдениет, спорт,
экономика Қазақстан алдыңғы қатарлардан
көрініп жатты. Мысал ретінде алатын болсақ, 2012 жылы Лондон
қаласында өткен жазғы олимпиада ойындарында әлі 21
жасқа толмаған тәуелсіз Қазақстан 230-ға
жуық елдердің арасынан 12-ші орынды алып, бүкіл әлемді
таң қалдырды. Өзге елде жалауымыз
көк аспанда желбіреп, рухымызды асқақтатар айбынды
әнұранымыз шырқалғанда әрбір
қазақстандықтың жүрегінде еліне деген
мақтаныш сезімі орнайды. Осындай жетістіктерге елбасымыз
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың әділ саясат
жүргізуінің арқасында жеттік деп ойлаймын.
Алда әлі ұзақ жол, үлкен асулар бар. Сол асулар мен
қиындықты жеңу үшін білектің күші
мен найзаның ұшы керек емес. Оған тек
жүрек пен білім, талант пен талап керек. Қазақ
елінің абыройын асырып, мерейін үстем етер, әлем таңғалардай, талай-талай
жаңалық ашар білімділер керек. Осы Тәуелсіз еліміздің
намысын қорғайтын, бүгінімізді ертеңіне
жалғайтын, қазақ елінің ертеңі, болашағы
үшін жауап беретін бүгінгі жас ұрпақ.