Право/13. Международное право

 

з.ғ.м. Нуртай М.Н.

Тараз мемлекеттік университеті, Қазақстан

Қазіргі таңдағы азаматтық авиация  қауіпсіздігінің реттеу жолдары

Чикаго Конвенциясының реттеу аясындағы қауіпсіз ұшудың негізін қалаушы сұрақтарға тоқталып кетейік. Ол қаізргі таңда азаматтық авиация халықаралық ұйымының ең маңызды міндеттерінің бірі болып табылады. Оның нәтижелі қызметі жылдар бойы авиациялық көлікті жердегі жылдам және қауіпсіз көлік түрі болып табылатыны анықтады.

Осыған байланысты, осы уақытта Чикаго Конвенциясының 19 Хаттамасында көрініс тапқан стандарттар мен ұсынылған тәжірибесін өңдеу және қабылдау халықаралық авиация көліктің тұрақты дамуын қамтамасыз ету мақсатындағы мемлекеттердің ұлттық заңнамалық дамуының маңызды құралдарының бір бөлігі болып табылды.

Қазіргі таңда авиация адамзат қызметінің ең реттелген саласының бірі болды. Өйткені, ұлттық және халықаралық құралдармен бекітілген әуе кемелерін пайдалануды реттеудегі қауіпсіз ұшулар және авиациялық қауіпсіздік сұрақтары техникалық және пайдалану ерекшеліктері көрсетілген.

Чикаго Конвенциясы территориядағы үстемдігі әуе кеңістігін толық және ерекше мемлекеттердің егеменді қағидаларын танып, қабылдады. Дегенмен, халықаралық азаматтық авиацияны қауіпсіз және реттеу тәртібінің дамуы азаматтық авиация қызметінің өзге мемлекетте пайдалану стандарттарын, рәсімдерін және тәжірибесіне сәйкес жүзеге асыруы қажет. Сондықтан, Конвенцияға қол қойған және қосылған мемлекеттер халықаралық азаматтық авиацияны қауіпсіз және реттік тұрғыда дамуы үшін біртұтас ережелер, стандарттар, рәсімдер жетімді деңгейін қамтамасыз етудегі ынтымақтастық міндетін өзіне қабылдады [1].

ИКАО-ның рөлі ИКАО-ға мүше- мемлекеттердің Чикаго Конвенциясының қосымшасын қолдануға міндетті Халықаралық стандарттар мен рұқсатнамалық тәжірибесі коллегиалды өндеу мен қабылдаудан тұрады. Мемлекеттегі SARPs-ты енгізу осы саланы дамытуға заңнамалық негізді қажет ететін, авиациялық заңнаманың негізі шеңберінде жүзеге асыруы қажет.

Осындай жоғары заң шығарушылық деңгейде құқықтық құжат түрінде заңнамалық тәртіпте қабылданғанның заңнамалық негізі ғана азаматтық авиация ережелерін, рәсімдерін және қолдану ережелерін өңдеуді және жариялауды Чикаго Конвенциясының қосымшасында көрініс тапқан SARPs-қа сәйкес жүргізіледі. Сонымен қатар, азаматтық авиацияға жауапты мемлекеттік органдары да құруда қосылады.

Негізгі авиация заңнамасы мемлекет тарапынан қауіпсіз ұшуды қамтамасыз етуі бойынша нәтижелі бақылау элементі болып табылады. Сол кезде SARPs – ты заңнамаға қосу жеткілікті емес, өйткені көрсетілген стандарттарды қолдану механизмі анықтайтын осындай ережелерді өңдеуі қажет. Сонымен қатар, нормативтік құқықтық актілерде көрініс тапқан техникалық талаптарды уақытылы жөндеу енгізу рәсімін өңдеу және қамтамасыз ету қажеттілігі туындайды.

Мемлекет өзінің міндеттерін нәтижелі орындайтын құрамды бөлігі болып техникалық деңгейдегі құжаттарды қабылдауы, бейімделуі және өзгеруі болып табылады. Оларға жиі толықтырулар мен өзгертулер енгізіледі. Өйткені азаматтық авиация қарқынды дамып жатқан сала түрі болғандықтан, онда ғылыми – техникалық өндірістер, жалдамалы техникалар, бағалау әдістері және әр түрлі жаңалықтар енгізіліп тұрады. Олар ИКАО нормаларын сараптамадан өткізеді.

Ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етуді бақылауды қызмет ретінде анықталады. ИКАО құжаттарына сәйкес және Чикаго Конвенциясының қосымшасындағы рәсімдер мен SARPs – тың қауіпсіз ұшуына қатысты нәтижелі орындауды мемлекет қамтамасыз етеді.

Азаматтық авиация ведомствосының тарапынан қауіпсіз ұшуды қамтамасыз етудегі бақылауды жүзеге асыру мемлекеттің авиациялық саласын қауіпсіз деңгейде сақталуына мүмкіндік жасайды және олар әуе кемелерінің қауіпсіз ұшуына негіз болады. Сондықтан, бір мемлекеттегі қауіпсіз ұшуды қамтамасыз етудің болмауы толығымен азаматтық әуе кемесінің Халықаралық ұшу қауіпті жағдайда болады [2].

Сонымен қатар, негізгі авиация заңдарына тәуелсіз тергеуші қызметін қарастыруы қажет. Авиация саланы ғана емес, азаматтық авиация ведомствосының құзіреттілігі шеңберіндегі жүйенің жетіспеушіліктерін жоюға арналған объективті тергеуді жүргізуді қамтамасыз ету мақсатындағы болған оқиғаны анықтаумен айналысады.

Сондықтан ИКАО азаматтық авиация органдары ведомствосының қарамағындағы азаматтық авиация ведомствосы немесе мелекеттік органдардың бөлек тәуелсіз органды құруды ұсынады. Оның мақсаты мүдделер қақтығысын алдын алу және жоғары тұрған органның әкімшілік қосылу мүмкіншілігіне қарай тергеу ісін көрсетпей жауап тастауды көздейді. Мұндай тергеу бойынша органдар Премьер – министрге бағытталады, ал кейбір елдерде Президентіне бағынады.

Қауіпсіз ұшуды қамтамасыз етуді бақылау бойынша бақылау жүйесінің бір бөлігі ретінде ИКАО – ның бірнеше сыни элементтерін айтады. Олар қауіпсіз ұшулар және онымен байланысты рәсімдер саласындағы саясатты нәтижелі жүзеге асыру үшін азаматтық авиация ведомствосына сәйкес мемлекетпен қарастыруы қажет. Сыни элементтеріне кіреді:

-негізгі авиациялық заңнама;

-әуе кемесін пайдалану сұрақтары бойынша нақты нормативтік актілер;

-заңнамада бекітілген қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін азаматтық авиацияның мемлекеттік жүйесін және мемлекеттік қызметін бақылау;

-азаматтық авиация ведомствосының техникалық персоналының біліктілігін көтеру және дайындау;

-қауіпсіз ұшу тұрғысынан қарағандағы техникалық құралдардың материалдарын, құралдарын және маңызды ақпаратты ұсыну;

-куәлігін, сертификаттау бойынша міндеттерін қабылдау және бекіту;

-жеке және заңды тұлғаларды қадағалау бойынша міндеттемелерді сәйкес куәліктерін, сертификаттарын қабылдап, бекітілгеннен кейін жүзеге асыру;

-анықталған мәселелерді қауіпсіздікті қамтамасыз ете отырып шешу [3].

Қауіпсіз ұшуды қамтамасыз ету бойынша бақылауға құзіретті азаматтық авиация ведомствосында ИКАО тексеріс жүргізгенде және кемелерінің ұшуы кезінде қиындықтар туындатады.

Мемлекеттегі қауіпсіз ұшуды қамтамасыз ету бойынша жауапкершілік қағидасын назарға ала отырып, азаматтық авиация ведомствосы қауіпсіз ұшуға әсер ететін ешқандай қызмет реттелмей қалмауын қамтамасыз етеді. Олар осы қызметтің сертификаттауды және үнемі бақылауда ұстауды қарайды.

 

Литература:

1.    Proceedings of the International Civil Aviation Conference, Chicogo. III, November 1-Desember 7, The Departament of State, Vol.1. P.13. km.kazguu.kz/article/143

2.    Документ ИКОА DOC 9734 «Руководство по  организации контроль за обеспечением безопасности полетов: 2 –е издание, Монреаль,2006. С.2-1

  1. Браташвили Д.И. Принцип суверенного равенства государств в международном праве. – М., 1978.