Право/13. Международное право
з.ғ.м. Нуртай М.Н.
М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті, Қазақстан
Қазақстан
Республикасының ғарышты игерудегі халықаралық ынтымақтастығы
Қазақстан Республикасының
дамуының қазіргі кезеңінде ғарышты игеру саласында
бірқатар мемлекеттермен халықаралық
ынтымақтастығын белсенді дамытып жатыр. Бұл
ынтымақтастық бір жағынан сыртқы саясаттың
принциптерін іске асыруға, екінші жағынан республиканың
ұлттық-мемлекеттік мүдделерін ескеруге негізделген.
Көптеген мемлекеттер, оның ішінде
Қазақстан да ғарыштағы геосаяси мүдделердің
маңыздылығын түсіне бастады, соның нәтижесінде
ғарыштық кеңістікті игеру мен пайдалану бүгінде ұлттық
саясаттың басымдықтарының бірі болып табылады [1].
Ғарыштық кеңістікті зерттеу мен пайдалану біздің
мемлекетіміздің экономикалық, ғылыми-техникалық жіне
ілеуметтік дамуында рөлі артып келеді. Республика үшін
бүкілілемдік ғарыш жүйесіне кірігу және
бағдарламаның өзінің техникалық және
қаржылық мүмкіндіктеріне сай келетін бөлігін орындау
аса маңызды. Қазақстанның ғарыштық
бағдарламасын дамыту жан-жақты халықаралық
ынтымақтастықсыз мүмкін емес. Ғарыш алып және оны
жалғыз игеруге ұмтылу мінсіз.
Бүгінде Байқоңыр ғарыш
айлағы жетекші халықаралық ғарыштық
айлақтардың бірі болып табылады. Әлемде ғарыштық
аппараттарды ұшыру саны бойынша үшінші орынды алады. Оның
үлесіне ұшырулардың төрттен бірі келеді. Оның
үстіне ғарыш айлағына ресейлік бағдарламалардың
70% -дан астамы жіне халықаралық ғарыштық
бағдарламалардың едіуір бөлігі байланысты.
Осы ұшулар Қазақстанның
ғарыштық қызметінің мақсаттарын, міндеттерін,
негізгі бағыттарын айқындайтын 1998 жылы қабылданған
Ұлттық ғарыш саясатын дамыту концепциясына толығымен
сай келеді. Ғарыш техникасы мен технологиясын қолдану арқылы
әлеуметтік-экономикалық міндеттерді шешуге айрықша мін
беріледі. Олар, мәселен, ғарыштық байланыс пен телевизия,
навигация жіне картография, Жерді қашықтықтан шолу мен
табиғи ресурстарды зерттеу, адам басқаратын ұшулармен
байланысты ғарыштық технология жүйелері. Бұл
міндеттердің біразы ғылыми тәжірибелердің
қазақстандық ғалымдар жасаған үш
бағдарламасын «Мир» орбиталық бекетінде орындау барысында
ойдағыдай шешілді.
Кеңестік космонавтиканың
алғашқы қадамдарынан бастап-ақ тағдыры
ғарышты игерумен тікелей байланған Қазақстан
дұрыс жолды таңдады. Ол екі жақтың ешқайсысына да
оңай болмағанын мойындау керек. 1990-шы жылдардың
алғашқы жартысы алға ұмтылыстармен жіне шегіністермен
сипатталды, ынтымақтастық шарттарын бітуаласу үрдісі
күрделі болып шықты. Дегенмен соның нітижесінде пірменді
ынтымақтастықтың ТМД елдерінде әлі ешбір
ұқсасы жоқ бірегей пошымы пайда болды. Оның
үстіне, Байқоңырды бірлесіп пайдалануға жетекші
рөл берілген ғарыш саласындағы байланыстар болашағы жарқын
Қазақстан-Ресей ынтымақтастығының басым
бағыттарының біріне айналды.
Қазақстан Президенті тек Ресеймен
ауқымды ынтымақтастық ғарыш айлағын сақтап
қана қоймай, оны ойдағыдай пайдалануға мүмкіндік
беретініне сенімді болды. Ғарыш айлағының тірлік-тынысын
басқару жүйесін жаңа құрылым жасауға
бағыттап шұғыл бұзу сол тұста оның басынан
өткеріп жатқан қиыншылықтарын тек ушықтырып, бой
бермес үрдістерге ұласып кететінін жақсы сезінген ол кешенді
Ресей Федерациясына жалға беру туралы саяси шешімге келді. Осы жылдар
ішінде Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының
арасындағы «Байқоңырды» пайдалану мәселелеріне
қатысты қатынастар бірнеше сатыдан өтті. Біздің
ойымызша, ғарышты игеру саласындағы Қазақстан
Республикасының халықаралық
ынтымақтастығының дамуын былай кезеңдеуге болады:
1 кезең 1994-1998 жж. - Қазақстан
Республикасының тәуелсіз Қазақстанның ғарыш
айлағын жалға ала бастаған Ресеймен халықаралық
ынтымақтастығының басталуы. АҚШ-пен, Ресеймен үш
жақты келісімдер жасалды.
2 кезең 1998-2004 жж. -
халықаралық ынтымақтастықтың одан ірі даму
кезеңі. Қытаймен келіссөздер жүргізілді.
3 кезең 2004 ж. – бүгінгі күнге
дейін Қазақстанның ғарыш айлағының
елдің бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету факторы
ретінде қалыптасу кезеңі. Осы кезеңде сондай-ақ,
Қазақстанның Еуропалық Одақ және Израильмен
ғарышты бірігіп игерудегі туралы келіссөздер жүргізілді. 2005
жылы Қазақстан Республикасының ғарыштық
қызметін дамытудың Мемлекеттік Бағдарламасы қабылданды.
Осы Мемлекеттік бағдарламада түрлі мақсаттағы отандық
ғарыштық аппараттар жасау мен оларды ұшыруды
көзделгендіктен Қазақстан мен Ресей арасында осы жобалар
көрініс тапқан келісімдер жасалды. Қазақстан мен Ресей
арасында Байқоңыр ғарыш айлағының мерзімін
ұзарту туралы келісім жасалды. Осы кезеңнің маңызды
оқиғасы Kazsat серігінің ұшырылуы болды. Алдағы
уақытта екінші осындай серікті ұшыру жоспарланып отыр. Осының
бірі Қазақстанның ғарыштығы
халықаралық ынтымақтастығы дамудың жаңа
кезеңіне қадам басқанын ділелдейді [2].
Қазақстанның
ғарыштағы халықаралық ынтымақтастыққа
қатысуының қазіргі келешегін сараптауды қазіргі
қазақстандық қоғам өміріндегі
ғарыштық қызметтің орны мен рөлін
анықтаудан бастау керек.
Ынтымақтастық шарты мемлекеттер
арасындағы келісіммен орнатылуы жіне олардың ішкі
құзырлы саласына жатуы тиіс.
Отандық ғарыштық қызмет
үшін ынтымақтастықтың жаңа идеялары мен
жаңа тақырыптарын қабылдаудың жоғары
деңгейі тән. Қазақстан Республикасының
үкіметі қазақстандық ғарыштық
өнеркісіпті дамыту үшін керекті шешімдерді, жаңашыл ідістерге
сүйеніп қабылдай білу қабілеті мен даярлығын
көрсетеді.
Қазақстанның шетелдік
әріптестермен тең құқылы және өзара
тиімді жағдайда табысты халықаралық
ынтымақтастығын қамтамасыз етудің маңызды
құралы айқын талап етілетін қазақстандық
ғарыштық өндірістің салаларымен шектелуімен қатар
(яғни ынтымақтастықтың жалпы
құқықтық негіздері мен параметрлерін
анықтайтын), арнаулы тақырыптық мәселелер бойынша да
үкімет аралық келісімдерді жасау болып табылады.
Бүгінде біздің республика
әлемнің ғарыштық державаларының қатарынан
өзінің орнын иеленуге ұмтылады. Қазіргі уақытта
Қазақстан Республикасының зымырандық технологияларды бақылау
Режиміне қосылуының халықаралық процедуралары
жүріп жатыр. Бұл Қазақстан Республикасына
халықаралық ғарыштық қызметтің тең
құқылы қатысушысы болуға мүмкіндік береді.
Соңғы уақытта
ғарыштық қызметті коммерцияландыру мен
жаһандандыруға ұмтылған ғарыштық
кеңістікті игеру мен пайдалану саласындағы халықаралық
ынтымақтастықтың ауқымының өсуімен
байланысты ілемдік ғарыштық индустрияда үлкен
өзгерістер жүрді.
Халықаралық болжамдар ХХІ ғасырда
ғарыштық қызметі кеңейе түскен
халықаралық ынтымақтастық жағдайындағы
қарқынды коммерцияланумен сипатталатынын айтады [3] .
Қорыта келгенде, өткен жылдар ішінде
«Байқоңыр» ғарыш айлағы өзінің
әлемдік мәнін сақтап қана қоймай, АҚШ,
Ресей, Франция, Қытай сияқты және басқа да елдердің
ынтымақтастық объектісіне айналды. Осылайша, Қазақстан
өзінің ғарыштық индустриясын дамытуға
мүдделі.
Литература:
1.
Иватова Л.М.
США во внешней политике Республики Казахстан. – Алматы: Стека, 1999. – 310 с.
2.
Премьер-Министр
Н. Балғымбаевтың ҚХР-ға ресми сапары // Дипломатия
жаршысы. - 2005. - №4 (6). – 105-106 бб.
3.
Мақала
www.kisi.kz үшін ұсынылған.