Трудовое право и право социальное
обеспечение
ПАТРОНАТТЫҚ ОТБАСЫ – ЖЕТІМ БАЛАЛАРДЫҢ
ӘЛЕУМЕТТІК ИНСТИТУТЫ РЕТІНДЕ
Саниязова Еркемай Казбековна
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда
мемлекеттік университетінің
оқытушысы,
заңтану магистрі
Ерғабыл
Назерке
Ю-14-1 оқу
тобының студенті
Қазіргі таңда отбасылық мәселер
күрделеніп келеді: отбасылық қатынастардың
дәрежесі төмендеп, неке бұзылуының саны өсіп, отбасында бала
санының азаюы, жаңа
туылған сәбиден бас тарту,
отбасы мүшелерінің психологиялық және
эмоциялық күйзелісі
нәтижесінде ішімдікке салынуы, нашақорлық,
отбасылық зорлық, балаларға қатегездік таныту
және т.б келеңсіз
жағдайлар көбеюде.
Балалық шақ бұл адамның ерекше
кезеңдерінің бірі. Бала өзінің отбасында,
ата-анасының құшағында махаббатқа бөлініп
өсуі керек. Өкінішке орай баланың жетім болып алуына түрлі факторлар
септігін тигізеді, мысалы, ата-анасының қайтыс болуы немесе ата
–анасының баладан бас тартуы.
Жалғыздықты
ересек адамдар да көтере алмайтын жағдайлар болып
тұрады, ал балаларға бұл психологиялық
тұрғыдан тіптен қиын болады. Сол себептен мемлекет тарапынан жетім қалған
балаларға толыққанды көмек көрсетілуі тиіс.
Сонымен қоса жетім балаларды тәрбиелеу кезінде түрлі
қиыншылықтар туындауы мүмкін. Осындай жағдайда
патронаттық рөлі маңызды болады.
Біздің елімізде патронаттық отбасы институты
әлі толық дамымаған. Бұндай отбасылармен
әлеуметтік органдар, арнайы психолог мамандар, тәрбиеші –
оқытушылар тығыз жұмыс
істеу керек. Жетім балаларды патронаттық отбасыға
орналастырғанда оларға
максималды түрде психологиялық тұрғыдан
қолайлы жағдай жасау керек.
Статистикалық мәліметтерге сүйенетін
болсақ, соңғы жылдары ата–ана
қамқорлығынсыз қалған балалар саны
қарқынды өсуде. Әсіресе, әлеуметтік жетімдер,
яғни белгілі себептерге байланысты ата–аналары
құқығынан айырылған балалар саны көбейіп
келеді. Жетімдер үйіндегі балалардың 95% әлеуметтік
жетімдерді құрайды. Осындай қиын жағдайға тап
болған бүлдіршіндер балалар үйлерінде, балалар ауылында,
психологиялық – педагогикалық реабилитациялық
орталықтарында, дағдарыс орталықтары және уақытша
пана мекемелерінде тәрбиеленеді. Статистика аталған мекеме
түлектерінің 40% - қылмыскер, 30% - маскүнем,
нашақор, 10% - өз–өзіне қол салуға баратынын
көрсетеді. Ал мемлекеттік жетім балалар мекемелерінде әр
балаға айына отбасына асырандылыққа алынған
балаларға қарағанда 10 – 15 есе артық қаражат
қаржы бөлінеді. Сонда бұл балалардың проблемалары
материалдық шеңберінде емес, психологиялық сипатта екендігі
айқын. Әлеуметтік жетімдер саны күннен күнге өсіп
отырса бұл тығырықты мәселеден қалай шығуға
болады?
Әлеуметтік жетімдікті болдырмаудың тиімді
әдістері қандай? Осындай сұрақтар осы саладағы
мамандардың көпшілігін толғантуда. Біз осы баяндаманы
дайындау барысында осы текті сұрақтарға жауап табуға
тырыстық. Бүгінгі қоғамда әлеуметтік жетімдерді
орнықтырудың тиімді бірнеше формалары бар. Мысалы, отбасы
үлгісіндегі ауылы, бала асырап алу және патронаттық
тәрбие, т.б. Соның ішінде бүгінгі таңда
патронаттық тәрбие өзекті мәселелер қатарында. Патронат
– жетім балаларды мемлекеттік мекемелер қаржысымен қызмет иелері
отбасында тәрбиелеудің түрі. Аталған орнықтыру
формасының негізгі мақсаты – баланы әлеуметке қосу,
өмірде, отбасында керекті тәжірибе алу мен арнайы мекемеде емес,
өзіндік отбасында өмір сүруге мүмкіндік беру.
Оның қызметі тағдыр талқысына ұшыраған
кәмелетке толмаған жасөспірімдерге көрсетілетін
медициналық, психологиялық және заңдық
қызмет бойынша кеңес беруге бағытталған.
Патронаттық тәрбиенің жетімдіктің алдын - алуға
және баланың ересектермен, айналасындағы адамдармен
тұрақты түрде қарым-қатынас жасап отыруына
және олардың психикасының дұрыс дамуына әсері мол.
Патронат - ата-анасының қамқорлығынсыз
қалған балалар қорғаншы және қамқоршы
орган мен баланы тәрбиелеуге алуға тілек білдірген
тұлға жасасқан шарт бойынша азаматтардың отбасына
берілетін тәрбиенің нысаны. Қорғаншы және
қамқоршы органдар балаларды патронаттық тәрбиешілерге
тәрбиелеуге беру кезінде оның этникалық шыққан
тегін, белгілі бір дінге және мәдениетке қатысын, ана тілін
ескере отырып, баланың мүддесін басшылыққа алады.
Ағайындыларды, олардың мүдделеріне жауап беретін
жағдайларды қоспағанда, ажыратуға жол берілмейді.
Баланы патронаттық тәрбиешілерге беру пікірі ескеріле отырып, ал он
жасқа толған баланы беру оның келісімімен жүзеге
асырылады. Патронаттық тәрбиешілерге берілген бала алиментке, зейнетақыға,
жәрдемақыға және басқа да әлеуметтік
төлемдерге құқығын, сондай-ақ
тұрғын үй-жайға меншік құқығын
немесе тұрғын үй-жайды пайдалану
құқығын сақтайды. Тұрғын үй -
жайы болмаған жағдайда тұрғын үй заңдарына
сәйкес оған тұрғын үй-жай берілуге
құқығы болады. Патронаттық тәрбиешілерді
іріктеуді қорғаншы және қамқоршы органдар
жүзеге асырады. Әрбір баланы асырап-бағуға ай сайын
Қазақстан Республикасының Үкіметі белгіленген
тәртіппен және мөлшерде ақшалай қаражат
төленеді. Қызылорда облысы бойынша қазіргі таңда 338
бала патронаттық тәрбиеге, 323 бала қорғаншылыққа,
186-ы қамқоршылыққа алынған [1] Қорғаншы және қамқоршы
органдар патронаттық тәрбиешілерге қажетті көмек
көрсетуге, баланың өмірі мен тәрбиесі үшін
қалыпты жағдай жасауға жәрдемдесуге міндетті және
патронаттық тәрбиешілерге жүктелген баланы
асырап-бағуға, тәрбиелеу және білім беру жөніндегі
міндеттердің орындалуын бақылауды жүзеге асыруға
құқылы. Аталған тәрбие – кез-келген жетім бала
мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған
баланы отбасыларға орналастыруға мүмкіндік беретін икемді
және қолайлы тәсіл. Бала толыққанды жеке
тұлға ретінде қалыптасуы үшін патронаттық
тәрбиедегі ресми емес қарым-қатынастар мен
тәрбиешінің бақылауы баланың жеке өміріне
қажетті қасиеттерді бойына сіңіруге, сонымен қатар
кәсіби мамандардың көмегіне де қол жеткізе алады. Жалпы
патронаттық тәрбиенің екі функциясы бар. Ол - ата-аналық
және кәсіптік болып табылады. Соған сай, ата-ана балаға
деген терең махаббат орнатып, өзара байланысын нығайта
түседі. Енді бір жағынан, аталған міндетпен
мақсатқа жету үшін өзінің жинаған білімін,
іс-тәжірибесін, дағдысын және іскерлігін пайдаға асыра
алады. Әрине, әрбір баланың жағдайы әртүрлі
болып келетінін жасыра алмаймыз. Осыған орай, туындаған
мәселені тәрбиеші қорғаншы және
қамқоршы орган бірлесе отырып шешеді. Бұнда
қамқоршы орган баланың нәсілі, тілі, діні және
талап-тілегі мен қызығушылығын негізге ала отырып, оған
үйлесімді патронатты тағайындайды. Ал, патронат келісімшартқа
сай, бағып- қағуға алған баланың дене
қабілетін дамытуға бағытталған тәрбиені
және қауіпсіздігі мен кепілдендірумен бірге,
құпиялықты сақтауға міндетті. Патронат отбасы
психолог, логопед сияқты мамандардың көмегіне жүгіне
отырып, тәрбиеленушіге психологиялық көмек көрсетеді.
Тастанды баланың санасына сіңісті болып кеткен сенімсіздік пен
қорқыныш-үрейді жоюға тырысып, отбасындағы
қалыпты өмірге үйренуіне жағдай туғызады. Жас
өркеннің бойына үлкенге құрмет, кішіге ізет
көрсету, ата-анасы мен бауыр-ларына қамқорлық таныту,
жауапкершілік сияқты адамгершілік қасиеттерді сіңіреді.
Патронаттық тәрбиенің басты артықшылығы – жас
өркен жаңа отбасында толыққанды өмір кешеді.
Сонымен қатар, Патронаттық
тәрбие - балалар үйіндегі жетім балаларды
әлеуметтендірудің және оларға отбасы жағдайында
тәрбие берудің бірден-бір көзі. Жетім балаларды жан-жақты әлеуметтендірудің
негізгі мақсаты етіп енді ғана қалыптасып келе жатқан
мемлекеттік құрылыстың демократиялық принциптеріне
берілген, білімді меңгерген, келер ғасыр талабына жауап бере
алатын, жоғары рухани ұлттық сезімі оянған, өз
бетімен ғылыми тұрғыдан ойлауға қабілетті, адам
құқығын құрметтеудің маңызын
түсінетін, өздігінен денсаулығын нығайтуға,
эстетикалық талғамын қалыптастыруға, әрдайым
әлеуметтік белсенділік танытуға дайын, нарықтық
қатынастар жағдайындағы әр қилы өмірде
өз бетімен іс істеуге мүмкіндігі мол интеллекті, мақсат-
мұраты және мүдделері, адамгершілік пен мінез-құлық
мәдениеті толық жетілген дүниеге берік
көзқарастағы өзін де, өзгені де
құрметтейтін, өзіне-өзі сенімді жеке тұлға
үлгісіндегі жаңа ұрпақты даярлау мақсаты
қойылады. Жас ұрпақты қоғамға
әлеуметтендіру барысында олардың бойына ізгі қасиеттерді
сіңіре отырып, олардың ар-намысына тимеуге, абыройларын,
ар-ождандарын құрметеуге рухани-адамгершілік пен әдептілікке
баулу, адамды сүйе, сыйлай, құрметтей, қадірлей білуге
үйрету, қоғамның шынайы иесі болуға талаптандыру
қажет. Ал осы мақсаттың орындалуының бірден-бір
дұрыс жолы - патронаттық тәрбиені дамыту. Патронаттық
тәрбие халық арасында әлде де кеңінен насихатталып,
дами түссе әлеуметтік жетімдерді мемлекеттік мекемелерге
орналастыруға қажеттілік болмайды. Мемлекеттің балалар
үйлеріне жұмсалатын қыруар қаржысын патронатық
тәрбиені дамытуға жұмсаса, бірте-бірте әлеуметтік
жетімдердің саны азаятындығына сенімдіміз. Сондықтан да
патронаттық тәрбие жетімдік мәселесін шешудегі тиімді
әдістердің бірі деп есептейміз.
Ата анасының қамқорынсыз және
жетім қалған балаларға патронаттық қызметті
кәсіби мемлекет тарапынан
жағдай жасалғанымен, олардың атқарып жүрген адал
қызметтері ата анасының, отбасы
мүшелернің мейіріне жетпейді. Сондықтан жүрегі
кең, тұрмысы жақсы азаматтар балалар үйінен
өздерінің қамқорлығына бала алып жатса, елімізде
жетім балалар саны азаяр еді.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1 Досмаганбетова Г.
Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігінің интернет
ресурсы
2 Жетімдерді, ата-анасының
қамқорлығынсыз қалған балаларды әлеуметтік
қамсыздандыруға құжаттар ресімдеу www.e.gov.kz