ТЕРРОРИЗМ
ЖӘНЕ ДІНИ ЭКСТРЕМИЗМДІ АЛДЫН АЛУ ЖӘНЕ ОНЫМЕН КҮРЕС
ЖҮРГІЗУДЕГІ ҚҰҚЫҚ ҚОРҒАУ ОРГАНДАРЫ
ҚЫЗМЕТІНІҢ ТИІМДІЛІГІ
Аға оқытушы Омарбаева Лаззат
Қасымбекқызы, аға оқытушы Жақсыбаева Айгул
Есеналиевна, аға оқытушы Салыбек Назира Мұратқызы
М.Әуезов атындағы Оңтүстік
Қазақстан мемлекеттік университеті, Шымкент қаласы,
Қазақстан
Қазақстан
Республикасы аумағында 118-ден астам ұлттар мен этностар
тұрады және 47 конфессияға қарасты 4000 астам тіркелген
діни бірлестіктер өз қызметтерін жүргізуде.
Ұлтаралық және дінаралық татулықты сақтау –
мемлекеттің ең басты міндеті. Қоғам
болғандықтан әр түрлі қылмыстық
құқық бұзушылықтар болуы мүмкін. Тағы
да мемлекеттің өте қажетті міндеттерінің бірі –
мемлекет аумағында тұрып жатқан мелекеттің,
қоғамның және барлық азаматтардың
қауіпсіздігін, құқықтары мен заңды
мүдделерін қорғау.
Қазақстан
Республикасы әлемдік қауымдастықтың белсенді
мүшесі ретінде терроризм, сепаратизм, жалпы экстремизм түрлерімен,
оның ішінде діни экстремизммен Халықаралық
заңдарға сәйкес, Халықаралық ұйымдар
шеңберінде күресіп келеді.
Қазақстан
Республикасы Халықаралық заңдарға сай,
терроршылдыққа, сепаратизмге және экстремизмге қарсы
күрес туралы Шанхай конвенциясы
(Шанхай, 2001ж. 15 маусым ) негізінде қабылданған
Қазақстан Республикасы 2002ж. 18 сәуірдегі № 316 – ІІ
Заңы[8], Қазақстан Республикасы, Қырғыз
Республикасы, Тәжікстан Республикасы және Өзбекстан
Республикасы арасындағы Шарт (Ташкент қ., 2000 ж. 21 сәуір)
негізінде қабылданған Қазакстан Республикасы 2000 ж. 09
қараша № 97 – ІІ Заңы, Қазақстан Республикасы мен
Қытай Халық Республикасы арасындағы Келісім (Пекин қ.,
2002ж. 23 желтоқсан) негізінде қабылданған
Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 ж. 2
маусымдағы № 1098 Жарлығы және де басқа
Халықаралық заңдар сәйкес нормативтік актілері мен
Қазақстан Республикасының « Экстремизмге қарсы
іс-қимыл туралы» Заңы[7], Қазақстан Республикасы
Қылмыстық кодексі мен басқа да нормативтік
құқықтық актілер негізінде діни
экстремизмнің құбылыстарына қарсы заңды
күрес жүріп жатыр[6].
Жалпы
ғылыми әдебиеттерде қылмыскерлікпен күрес туралы
теориялар мен ғылыми ұсыныстар, концепциялар мен тұжырымдар
жасалып келеді.
Қылмыскерлікпен
күрес дегеніміз жүйелік-құрылымдық қызмет,
ол үш жүйенің жиынтығынан турады: 1) күресті
жалпы ұйымдастыру; 2) қылмыскерліктен сақтандыру; 3)
құқық қорғау қызметі.
Қылмыскерлікпен
күресті жалпы ұйымдастыруға мыналар жатады: 1.
Ақпараттық-талдау қызметі. 2. Криминологиялық
болжаулау. 3. Қылмыскерлікпен күрес стратегиясын анықтау. 4.
Қылмыскерлікпен күреске бағдарлама жасау. 5. Қылмыскерлікпен
күрес саласында заң шығарушылық. 6.
Қылмыскерлікпен күрес бағдарламасын жүзеге асыру,
оған түзету енгізу және қылмыскерлікпен күрес
жөніндегі қызметті үйлестіру. 7. Қылмыскерлікпен
күресті ғылыми зерттеу жұмысын ұйымдастыру және
дамыту [3].
Құқық
қорғау қызметінің екі жағы бар: 1) жазалаушы –
қылмысты айқындау, тойтару, ашу, қылмыс жасаған
адамға қылмыстық шара қолданып оны жазалау немесе
заң негізінде оны алмастыратын шара қолдану; 2)
құқықты қалпына келтіруші – қылмыс
нәтижесінде бұзылған құқықтар мен
заңды мүдделерді қалпына келтіру, зиянды өтеу
жөніндегі қызмет.
Құқық
қорғау органдары құқық қорғау
қызметінің субьектісі болып табылады. Дәстүр бойынша
оған тек мемлекеттік органдар: прокуратура, ішкі істер, ұлттық
қауіпсіздік комитеті, кеден, салық полициясы органдары, соттар
(бұл біршама даулы) және бірқатар басқа органдар
жатқызылған[5].
«Құқық
қорғау қызметі» мен «құқық
қорғау органдарының қызметі» ұғымдарын
шатастыруға болмайды, себебі соңғының мазмұны кең:
құқықтық
қорғау органдарына
қылмыскерліктің алдын алудан, онымен күресті жалпы
ұйымдастырудан туындайтын функциялар да жүктеледі.
Қазақстан
Республикасы аумағында құқық қорғау
органдарытерроризм және діни экстремизмен күресу үшін
әуелі Конституцияға, «Экстремизмге қарсы іс-қимыл
туралы» заңына, ҚР қылмыстық кодексіне және де
өзге де нормативтік құқықтық актілерге
сүйенеді. Қазақстан Республикасы Үкіметінің
бекіткен Қаулысымен қылмыскерлікпен күресу бағдарламасы
әр екі жылдық мерзімге жасалады. Қазақстан
Республикасының ұлттық қауіпсіздік стратегиясы 2010 –
2020 жылдар аралығына арналып жасалды. Қазақстан
Республикасында терроризм және діни экстремистік бағыттағы
қылмыстық құқық
бұзушылықтардың ақпараттық-талдау қызметі
әлі толық қамтылмаған. Яғни бұл
қылмыс түрінің тіркеуде латенттік жағдай бар.
Криминологтардың бұл қылмыстың
заңдылықтарын, оның детерминациясын, себептілігін білуге
және онымен күрестің әр түрлі шараларына
ұсыныстар мен тұжырымдар жасауға бағытталған
ұжымдық болжаулары өте аз. Терроризм және діни
экстремизммен күрес стратегиясы, онымен тиімді және нәтижелі
күрес жүргізу тактикасы қажетті деңгейде
жетілдірілмеген. Ал діни экстремистік бағыттағы
қылмыстық құқық бұзушылықтармен
күресу бағдарламасы ешқандай толық іске асып
жатқан жоқ. Діни экстремистік бағыттағы
қылмысқа қарсы күрес саласындағы заң
шығарушылық шаралары толық жетілмеген.
Ақпараттық-талдау
қызметінде діни экстремистік бағыттағы қылмыстық
құқық бұзушылықтардың
латенттігінің жоғары болуымен қатар, құқық
қорғау органдары арасындағы аталған
қылмысқа қарсы бірлескен іс-қимыл жұмыстарын
үйлестіруді ұйымдастыру жағы төмендеу, тек жалпылама
ғана нұсқау бар. [4].
Терроризм
және экстремизмнің алдын алу үшін, оған қарсы
күресуші субьектілерді екі топқа бөлінеді: 1) мемлекеттік
институттар (заң шығарушы, атқарушы, сот жүйесі ); 2)
саяси партиялар, қоғамдық және діни бірлестіктер,
бұқаралық ақпарат құралдары, сонымен
қатар экстремизмді ескертуге, алдын алуға мүмкіншілігі бар
тұлғалар.
Терроризм
және діни экстремизммен күресуде ең басты орынды
әрқашанда – құқық қорғау
органдары алады. Себебі арнайы қызмет органдары (ІІМ терроризм,
сепаратизм және экстремизмге қарсы күресу комитеті,
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің арнайы бөлімшесі )
бар. Әрі материалдық-техникалық, қажылық, кадрлік
әлеуеті бар болғандықтан негізгі күш осы
органдарға түседі.
Ішкі істер
Министрлігінің терроризм, сепаратизм және экстремизмге қарсы
күрес комитеті басшылығымен, барлық ішкі істер
органдарының қоғамдық қауіпсіздік
бөлімшелері діни экстремизмге қарсы пәрменді жүргізуі
тиіс. Үшіншіден, бұл арнайы құрылымдар (ІІМ және
ҚР ҰҚК) экстремистік ұйымдардың
әрекеттерінің жолын кесуге нақты шаралар
қолдануға мүмкіншіліктері бар. Төртіншіден,
жоғарыда айтылғандай барлық материалдық-техникалық,
қаржылық, кадрлік әлеуеті бар огандар болып табылады[7].
Терроризм
және діни экстремизмге қарсы күрес аясындағы негізгі
ұстанымдар мыналар болып табылады:
-
заңдылық
– қарсы күрес шараларын қолданғанда
Қазақстан Республикасы Конституциясының,
Қазақстан Республикасының халықаралық шарттар мен
келісімдерді және өзге де ұлттық заңнама мен
нормативтік құқықтық актілердің талаптарын
қатаң түрде сақтау;
-
кешенділік –
терроризм және діни экстремизм құбылыстарына қарсы
күресте алдын алу жұмыстарында негізгі күресуші
субьектілердің бірігіп күресуіне күш салу;
-
тиімділік – діни
экстремизмге қарсы күресте неғұрлым материалдық,
қаржылық, ресурстық шығындарды азайту
нәтижелеріне жету;
-
оперативтілік –
адекваттық криминологиялық жағдайларға ескерту
шараларының қолданылуы.
Терроризм және діни экстремизм
құбылыстарын болдырмау мақсатында ішкі істер органдары
қызметкерлері мына жағдайларды анықтауы тиіс:
-
террористік
және діни экстремистік ұйымдардың көшбасшылары мен
мүшелерін, сонымен қатар, экстремистік бағыттағы
қылмыстарды жасауға бейім тұлғаларды анықтау;
-
террористік
және діни экстремистік әрекеттерге қатысқан
тұлғаларға байланысты жекелеген профилактикалық
шараларды пайдалану.
Террористік
және діни экстремистік ұйымдардың мүшелері тарапынан
нақты құқыққа қарсы әрекеттерді
жібермеу үшін кешенді шаралардың өткізілуі тиіс[7].
Террористік
және діни экстремизм құбылыстарына қарсы күрес
аясында ішкі істер органдары қызметінің
құқықтық қамтамасыз етілуі тиіс. Яғни
заңға қайшы діни экстремистік әрекеттерді ескерту,
алдын алу, болдыртпау, жолын кесу
және профилактика аясында ішкі істер органдары мен оның
құрылымдық бөлімшелерінің қызметін
реттейтін нормативтік құқықтық актілерде
және де ведомствалық нормативті актілерде, бұл
органдардың қызметінің принциптері туралы айқын
көрінуі қажет.
Террористік
және діни экстремизм құбылыстарына қарсы күрес
аясында ішкі істер органдары қызметінің негізгі бағыттары
мыналар болып табылады:
-
экстремистік
сипаттағы қылмыстарды анықтау, жолын кесу және тергеу,
сонымен бірге олардың салдарын азайту;
-
террористік
және діни экстремистік құбылыстарға қарсы
күрес жолында құқық қорғау органдары,
діни және қоғамдық ұйымдардың бірлесіп
әрекет етудің құқықтық базасын
жетілдіру;
-
Қазақстан
Республикасы аумағында террористік және діни экстремизмнің
туындауына мүмкіншілік беретін факторлар мен жағдайларды саралау
және оның таралу мен даму тенденциясын болжау;
-
діни
фанаттарға жаппай қырып жоятын қарулар, радиоактивтік,
токсилогиялық және өзге де қауіпті заттар, материалдар
мен технологияларды қауіп төндіруге пайдалануға немесе
қолдануға жол бермеу;
-
террористік
және діни экстремистік ұйымдарды қаржыландыруға
қарсы күресу:
-
локальдық
немесе жаһандық компьютерлік желілерді экстремистік
мақсаттарға қауіптендіруге пайдалануын немесе қолдануын
болдыртпау;
-
террористік
және діни экстремизм құбылыстарына қарсы
күрестің эффектісін көтеру мақсатында
қоғамдық ұйымдар және бұқаралық
ақпараттық құралдарымен бірігіп жұмыс жасау;
-
террористік
және діни экстремизмнің үгіттеріне қарсы күресу;
-
халықаралық
қауымдастықтың антиэкстремистік әрекеттеріне, сонымен
бірге халықаралаық ұйымдар және мемлекетаралық
шеңберде антиэкстремистік операцияларға қатысу.
Террористік
және діни экстремизм құбылыстарына қарсы күрес
аясында ішкі істер органдарының аса маңызды қызмет
бағыттарының бірі, әрі ішкі істер органдарының
оперативтік мүдделерінің бірі, тұлғалар мен фактілерді
анықтау болып табылады[4].
Террористік
және діни экстремизм құбылыстарына қарсы
күрестің эффектілі болуы үшін, ішкі істер органдары
қызметінің құқықтық қамтамасыз
етілуіне мыналар ұсынылады:
-
террористік
және діни экстремистік ұйымдарының әрекеттерінің
жолын кесу үшін, ішкі істер органдары қызметін реттейтін
нормативтік құқықтық актілерді қайта
жасақтау, қабылдау және шығару;
-
террористік
және діни экстремистік бағыттағы қылмыстарды
профилактика, ескерту, болдыртпау және оның жолын кесуге
құқық беретін, ішкі істер органдары
қызметінің нормативтік-құқықтық
базасын бекіту.
Террористік
және діни экстремизм құбылыстарына қарсы күресте
ішкі істер органдары қызметінің ұйымдастырылуын жетілдіру
үшін қосымша ұсыныс етіледі:
-
террористік
және діни экстремизм құбылыстарына қарсы күрес
бойынша барлық ішкі істер органдарын басқарудағы эффектілі
ұйымдық құрылымдарды жасақтау және ендіру;
-
ақпараттық,
аналитикалық, кадрлік, материалдық және де өзге де
нәрселерді қамтамасыз етілуін жетілдіріп, жақсарту;
Террористік
және діни экстремизм құбылыстарына қарсы күрес
аясында ішкі істер органдары қызметінің эффектілігін
арттыруға, адамдардың, қоғамның және
мемлекеттің құқықтары мен заңды
мүдделерін қорғайтын жағдайлар мыналар болып табылады:
-
«Экстремизмге
қарсы іс-қимыл туралы» заңына және
Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексіне
өзгертулер мен толықтырулар жасау, сонымен бірге « діни
экстремизмнің » құқықтық ұғымын
енгізу;
-
«Діни сенім
бостандығы және діни бірлестіктер» заңының баптарына
өзгертулер мен толықтырулар енгізу;
-
Қазақстан
Республикасының Білім министрлігіне қарасты мекемелерге және
кәмелетке толмағандар инспекциясына діни
құрылымдардың
кәмелетке толмағандарға қатынасын
қадағалау, әрі бақылау үшін
құқықтық негіздің берілуі.
Қазақстан
Республикасы Конституциясының 36 бабының 1 тармақшасы бойынша
Қазақстан Республикасын қорғау, ұлтына,
әлеуметтік тегіне, тұрғылықты жеріне, мүліктік және
лауазымды жағдайына, нәсіліне, тіліне, біліміне, дінге қатынасына,
кәсібінің тегіне және мінезіне, саяси және өзге
сенімдеріне, қоғамдық ұйымдар мен бірлестіктерге
жатуына қарамастан, оның әр азаматының ардақты
борышы және міндеті болып келеді[1].
Осы аса ауыр
қылмыстық құқық бұзушылық
жасаған адамдардың қылмыстық істерінде ең
маңыздысы қылмыстың мотивациясы діни өшпенділік немесе
араздықпен жасалғандығын дәлелдеу. Көбіне осындай
қылмыстық мақсатпен жасалған іс-әрекеттерде діни
өшпенділік немесе араздыққа байланысты тергеу амалдарында
ескерусіз қалады немесе бұл жағына еш мән берілмейді.
Яғни кінәлінің негізгі қылмыстық мотивациясы
латенттік жағдайда болуға мүмкіндік береді. [7].
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
1.Қазақстан
Республикасының Конституциясы. 1995ж.
2. Гомьен Д., Харрис Д., Звеак
Л. Европалық адам құқықтары туралы конвенциясы
және Европалық әлеуметтік
хартия: Құқық және тәжірибе. Москва,
МНИМП баспасы, 1998ж.
3. Криминология. Алауханов Е.О.
«Жеті жарғы » ЖШС 2005ж.
4.Ислам терроры туралы.
Авторлар ұжымы. ТОО «Көкжиек» баспасы. Алматы, 2011ж.
5. Қазақстан
Республикасының « Экстремизмге қарсы іс-қимыл туралы»
заңы ( 2005.08.07. № 67-ІІІ ҚР заңымен енгізілген
өзгерістерімен ).
6. ҚР 1999 жылғы 13
шілдедегі № 416-І «Терроризммен күрес туралы» Заңы (20.12.14
жылға дейінгі өзгертулер мен толықтырулар).
7. Саяси және діни
экстремизммен байланысты қылмыстарға қарсы іс-қимылдар
туралы криминологиялық мәселелері. М., 2009ж.
8. Терроризмге, сепаратизмге
және экстремизмге қарсы күрес туралы Шанхай конвенциясы (
Шанхай, 2001 ж. 15 маусым ).