АЗААТТЫҚ
ҚҰҚЫҚТАРДЫ ҚОРҒАУДА СОТ ОРГАНДАРЫ
ҚЫЗМЕТІНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Есенбекова
П, Сарсенова М, Ержигитов С.
М.Әуезов атындағы
Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті,
Шымкент қ., Қазақстан
Жеке құқықтар мен
бостандықтарға адам
азаматтығына қарамай – ақ ие болады. Бұл тумысынан
тиесілі құқықтар, олар мемлекеттің не басқа тұлғалардың
еркі бойынша аластатылуы мүмкін
емес. Бұлар адамның өмірімен, бостандықтарымен,
ар-ожданымен және басқа табиғи
құқықтарымен байланысты
құқықтар.
Қазақстан
Республикасы Конституциясының
15-бабына сәйкес
әркімнің өмір сүруге
құқығы бар. Ешкімнің өз бетінше адам өмірін қиюға
қақысы жоқ.
Өмір
сүру құқығы
әркімнің құқық субъектісі ретінде
танылуына құқығы бар және өзінің
құқықтары мен бостандықтарын заңға
қайшы келмейтін барлық
тәсілдермен қорғауға хақылы деген
конституциялық нормалармен
бекітіле түскен (13-б).
Салауатты өмір сүру
құқығына
әркімнің өз құқықтары мен
бостандықтарын сот арқылы қорғауға, білікті
заң көмегін алуға құқығы бар деген
сияқты конституциялық нормалармен кепілдік беріледі.
Адамның
жеке басының бостандығы
және еркі жүріп –тұру
құқықтары конституциялық түрде
бекітілген. Кез келген конституциялық мемлекеттердегі сияқты
Қазақстан Республикасында заңда көрсетілген реттерде
ғана және тек соттың
немесе прокурордың санкциясымен
тұтқындауға немесе қамауға және
қамауға алуға жол беріледі. Бұл жағдайда тұтқындалған адамның
сотқа шағымдануға, тұтқындалған
сәттен бастап адвокаттың
көмегі пайдалануға
құқығы бар.
Конституциялық
құқықтарға бекітілген және бір
жаңалыққа
Қазақстан
Республикасы аумағында
заңды түрде
жүрген әрбір адамның оның аумағында еркін
жүріп – тұруға
және тұрғылықты
мекенді өз қалауынша
таңдап алуға құқығы бар барлығын
жатқызуға болады. Әрбір адамның Республикадан тыс
жерлерге кетуіне және Республика азаматтарының Республикаға
кедергісіз оралуына
құығы бар.
Адамның
қадір-қасиетіне қол сұғылмайтындығы конституциялық
құқық болып табылады.
Адамдық қадір-қасиеттерге құрметпен
қарау азаматтық қоғамның басты белгілерінің
бірі.
Конституция жеке
тұлғаның аса
маңызды, әлеуметтік құқықтары мен
бостандықтарын бекітеді. Олар ерікті
адами тән ар-ожданы
мен қадір –
қасиетін қамтамасыз етеді.
Конституциялық құқықтары
мен бостандықтар қоғамды құру және
басқару ісі
мәселелерін шешуге
қатысуға табиғи
құқықтарды бекітеді. Сонымен қоса
конституциялық құқықтар
мен бостандықтарды жүзеге
асыру мемлекеттің конституциялық бастауларды іске асыруды
қамтамасыз етеді.
Жеке адамның қоғамдағы жағдайы
мемлекет думуының
деңгейін сипаттайды.
Адамның өміріне, жеке
бостандығына, ар-намысы мен қадір- қасиетіне қол
сұғуға
ешкімніңде құқығы жоқ.
Сондықтан, Қазақстан Республикасының Конституциясы, басқа
да заңдары азаматтың
жеке бостандығын қамтамассыз етуге айырықша назар
аударады. Егер
өміріне,
денсаулығына,
азаматтық қадір- қасиетіне қауіп
төнсе әр адам мемлекеттік органдардан
көмек сұрауға,
заңмен қорғалуға құқылы. Жоғарыда айтылғандай, ол
үшін арнаулы органдар
жұмыс істейді. Адам өзінің
құқы мен бостандығын бұзушылардан қорғанып Республика Президентіне
жүктеуге
құқылы. Бірде- бір
мемлекеттік орган, бір де бір лауазымды адам азаматтың құқығын шектей
алмайды. Бұл, адам құқығы мен
бостандығы шектелген жағдайда, оған
қай заңды бұзғаны, қандай
құқық
бұзушылық
жасағаны туралы хабарлануы
тиіс.
Ең маңыздысы, адамның
табиғи
құқығы - өмір сүру құқығы . Әркімнің өмір сүру құқы бар. Ешкімнің
өз бетінше адам өмірін қиюға қақысы
жоқ. Өлім жазасы ерекше ауыр
қылмыс жасағаны үшін
ең ауыр жаза ретінде заңмен белгіленеді, ондай жазаға кез
келген адамға кешірім жасау туралы арыздану
құқығы беріледі”(Конституцияның 15-бабы).
Өлім жазасы ауыр қылмыс жасаған адамның ерекше
қауіптілігіне байланысты және жауаптылықты ауырлататын
мән-жайларды қолданылады. Өлім жазасын қолдану туралы
үкім шығармас бұрын сот мұндай ең ауыр жазаны
қолданудың мән-жайын жан-жақты дәлелдеп,
өлім жазасына кесілген адамды мейлінше толық сйпаттап көрсетуі тиіс. Соны мен бірге сот
сотталушының психикалық дертке ұшырамағанын да
анықтау керек. Мұндай дертке ұшырағандарға жаза
мүлдем қолданылмайды. Өлім жазасына кесілген адам кешірім жасау туралы өтініш пен
Қазақстан Республикасының Президентіне жүінуіне
құқылы.Кешірім жасау туралы шешім шығарған кезде,
сотталған адам қандай кісі ,бұрын соталған
ба,бұрын оған кешірім жасалған ба,жасы ,от басылық
жағдайы және басқа мән- жайлары ескеріледі.
Жеке
адамның өміріне қол сұқпаушылық Конституция
арқылы қорғалады.“ Ешкімді азаптауға, оған
зорлық-зомбылық жасауға, басқадай қатігездік
немесе адамдық қадір-қасиетін қорлайтындай жәбір
көрсетуге не жазалауға болмайды ”(17-бап).
Конституцияның
осы қағидасы, негізінен, лауазымды адамдарға қатысты.
Қазақстан Республикасының заңдары денеге жарақат
түсіретін, адамның қадір-қасиетін қорлайтын
мұндай шараларды қолдануына үзілді-кесілді тыйым салды.
Азаптау ұрып-соғу, төбелесу, дене жарақатын салу
түрінде көрінуі мүмкін.
Қорлау-жеке
басын, ұлттық қадір-қасиетін қорлау және
басқа әрекеттер түрінде көрінуі мүмкін.
Айыпталушыға, күдік келтірушіге, куәгерге, сарапшыға
қатысты мүндай әдістерді қолданған милиция,
прокуратура қызметкерлері қылмыстық жауаптылыққа
тартылады.
Заң
адамның бостандығын басқа жеке адамдардың да
зорлық-зомбылықтары қорғайды. Егер кімде-кім адамды
өз бетімен бостандығынан айыру әрекет етсе ол адам
қылмыстық жауаптылыққа тартылады. Мұндай
іс-әрекет күш қолдану (жеке бөлмеге
қамау,психологиялық ауруханаға жатқызу және
басқалары) не күш қолданумен деп қорқыту жолымен
жүргізілуі мүмкін. Егер адам қылмыскерді ұстау
және оны құқық қорғау органдарына
тапсыру мақсатында күш қолданса, әрине, бұл
жауаптылыққа тартылмайды. Өйткені ол өзінің
азаматтық міндетін орындайды. Егер де лауазымды адам (милиционер,
тергеуші) өзінің қызмет бабын пайдаланып, адам
бостандығына заңсыз айырса, онда ол билігін теріс және асыра
пайдаланбағаны үшін жауаптылыққа тартылады. Оның
үстіне айыпталушыдан, куәгерден күштеу жолымен алынған
жауаптың заңдық күші болмады.
Куәгер-тергеушілік
және сот ісі жүргізілуінде маңызды
тұлға.Заң бойынша ол тергеу (алдын-ала анықтама алу),
сот процесінде куәлік беруден бас тарта алады.Ол кім кімге де
түсінікті болуы тиіс. Егер адам жеке адамның,
қоғамның және мемлекеттің заңды
мүддесін нұқсан келтірілген мән-жайға
куәгерлік күйде болса,онда шындықты ашу үшін тергеу
және сот органдарына көмектесу адами және азаматтық
міндеті. Қылмыстылықтың өрісі кең жағдайда
ақиқат жауап бергені қылмыскерлер тарапынан болуы
мүмкін кек алу әрекетінен
сақтануды сот және тергеу органдары естен шығармауы
тиіс.Куәгердің өзінің азаматтық міндетін орындауы
үшін оның қауіпсіздігін қамтамасыз ету керек.
Сондай-ақ
ар-намыс бостандығы да адам бостандығының көрінісі
болып табылады. Әр адам, өз еркі бойынша, өзінің дінге
қатысын өзі белгілеуге құқылы. Егер адам
қайсы бір дінге сенетін болса, оның діни рәсімдерді,
әдет-ғұрыптарды орындауына ешкімнің кедергі
келтірмеуіне құқы жоқ. Әине, діни
рәсімдерді, әдет-ғұрыптар мен дәстүрлерді
орындау басқа адамның, қоғамның заңды
мүдделеріне кесел келтірмеуі тиіс. Заң дінге сенетіндердің
құқы мен бостандығын тікелей және жанамалап
шектеуге немесе оларға жеңілдіктер мен артықшылықтар
беруге тыйым салынады. Конституция бірде-бір
діннің артықшылығын көздемейді. Діни
көз-қарастары үшін жаулық пен кекшілдікті қоздыру
адам құқын бұзу болып есептеледі. Дінге сенетіндер
қасиетті деп есептейтін құрылыстар мен орындарды, заттар мен
бұйыдарды қорғау мен арамдау құқық
бұзушылық болып табыады.
Қазақстан
Республикасының Конститутциясы адамның ең сапалы
қасиеті- ар-намыс пен қадір-қасиетті жоғары
қояды. Ар-намыс барлық халықта да жанның
бекзаттығының көрінісі ретінде есептеледі. “Басыңда
арың сақтайды”, “Ардан ақыл туады,ақылсыздық
ең соңғыңды қуады ”, “Дүрленсең де
арыңды сақта” дейді орыс мақалы. Қазақ атамыздың
да “Арым үшін жан пида”, “Малым жанымның садағасы, жаным
арымның садағасы” деген қанатты сөздері ақылым
заманнан бүгінгі күнге жетті. Ізгілікке негізделген
қоғамда ар-намыс пен ар-ождан заңмен қорғалады.
Сондықтан Қазақстан Республикасы Конституциясының 17-
бабында: “Адманың қадір- қасиетіне қол
сұғылмайды” деп жазған.
Бұл
қағида қылмыстық және азаматтық
заңдарда нақтыланды. Егер кімде-кім адамның ар-намысына,
қадір-қасиетіне нұқсан келтіретіндей мәліметтер
таратса және оның ақиқаттығын дәлелдей
алмаса, онда ол қылмыстық, мүлікік жауапылыққа
тартылады. Жәбірленуші, егер мұндай мәліметтер жалған
деп есептесе, сот арқылы беделін қалпына келтіруіне,
сондай-ақ келтірілген моральдық зардап үшін мүліктік
құн талап етуге құқылы.
Заң
адамның ар-намысы мен қадір-қасиетін кемсітетін халық
ретінде қорлауға тыйым салады. Қорлау- жағымсыз, жалпы
адамзаттық мораль принциптері тұрғысынан бұған
жол берілмейтіндей нысанда көрінген іс-әрекет болсын заңсыз қол
сұғушылықтан қорғайды. Мысалы,
азаматтыққа қатысты ақпаратты оның келісімінсіз
жинауға, сақтауға, пайдалануға және
таратуға болмайды. Ол үшін тек азаматтың ғана келісімі
емес, сондақ-ақ мұндай ақпараттың заңды
қарастырылған сақтау, пайдалану тәртібі де
сақталуы тиіс. Егер ол заңдық жауаптылыққа
татылған болса, ақпаратты құқық
қорғау органдары (милиция, прокуратура, сот) азаматтың
келісімінсіз жинай алады. Егер адам жауаптылыққа тартылмаған
болса, аталған органдардың ол туралы ақпарат жинауға,
сақтауға, пайдалануға және таратуға
құқы жоқ.
Жеке
өмірге араласпау тұрғын жайға қол
сұқпаушылықты белгілеуді де білдіреді. Үй иесінің
келісімінсіз ешкімнің де басқа адамның пәтеріне басып
кіруіне құқы жоқ. Тұрғын үйге
өз бетімен басып кіруге: Үй иесінің еркінен тыс ашық
немесе үй иесі жоқ кезде жасырын басып кіру жатады. Бұл
үшін заң тіпті қылмыстық жауаптылық та
белгілейді. Мұндай жауаптылық билікті теріс пайдалану жолымен басып
кірген жағдайда, басқа адамның үйіне екі немесе одан да
көп адам басып кірген жағдайда, заңсыз (прокурордың
рұқсатынсыз) басып кірген жағдайда қозғалады.
Тұрғын үйге милиция қызметкерді
қылмыскердің ізіне түсу және қылмыскердің
тарапынан қоғамдық тәртіпке, адамдардың
қауіпсіздігіне төнген жағдайда кіреді.
Адамды
тұрғын үйден айыруға тыйым салынады. Егер адам
тұрғын үйге меншік құқына ие болса, онда ол
оны иеленуге, пайдалануға және оған билік етуге
құқылы.
Қазақстан
Республиксы Конституциясының 13-бабының 2-тармағында
және Азаматтық іс
жүргізу кодексінің 8- бабында көрсетілгендей әрбір
азамат бұзылған немесе даулы конституциялық
құқықтарын, бостандықтарын немесе заңмен
қорғалатын мүдделерін қорғау үшін
белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге
құқылы.
Қазақстан Республикасының
сот жүйесі мен судьялардың мәртебесі туралы
конституциялық заңының нормаларына сәйкес
азматтық құқықтар мен бостандықтарды
соттық қорғалуда көзделетін негізгі мақсаттар:
-
Әркімге мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, лауазымды
және өзге де адамдардың Республиканың Конституциясында
және заңдарында көзделген
құқықтарға, бостандықтар мен заңды
мүдделерге нұқсан келтіретін немесе оларды шектейтін
кез-келген заңсыз шешімдері мен іс-қимылдарына сот арқылы
қорғалуға кепілдік беріледі.
- Ешкімді де
оның ісін заңның барлық талаптары мен
әділеттілікті сақтай отырып құзіретті тәуелсіз
және алаламайтын соттың қарау
құқығынан айыруға болмайды.
- Сот ісін қарау тәртібімен қаралуға тиісті
өтініштерді, арыздар мен шағымдарды басқа ешқандай
органның лауазымды немесе өзге де адамдардың қарауына
немесе бақылауға алуына болмайды. Судья Қазақстан
Республикасында сот билігін жүзеге асырушы лауазымды тұлға.
- Өз құзіретін
жүзеге асыруы кезінде қойған талаптары барлық
мемлекеттік органдар мен олардың лауазымды тұлғасына
және жеке, заңды тұлғаларға міндетті т.б. Сот
жүйесі және соттың мәртебесі туралы Заңнын 3-бабы
3 –тарамағы сәйкес сотың талаптарын орындамаған
тұлғаларға заңда көзделген жауапкершілік
көзделеді деп көрсетілген.
- Істі қараушы сот объективтілікті және әділдікті
сақтауы тиіс. Әділшілікпен сот актісін шығаруды
қамтамасыз ету үшін заң сотқа қарсылық
білдіру құқығы негіздерін қарастырған. Ол
Азаматтық іс жүргізу
кодексінің 40,43 –бабында көзделеген.
Пайдаланған
әдебиеттер тізімі
1.
Қазақстан
Республикасының Конституциясы.
2.
Қазақстан
Республикасының Азаматтық Кодексі (жалпы бөлім)Алматы «Жеті
жарғы» 2003ж.
3.
Қазақстан
Республикасының
азаматтық
құқығы. Төлеуғалиев Ғ.И.,
Мауленова К.С., Сарсембаева М.А., оқу құралы
( Жалпы бөлімі 2-ші шығуы) — Алматы 1999ж.
4. Қазақстан Республикасының Азаматтық
құқығы. Ғ. Төлеуғалиев. Алматы,
2001ж.
5.
Гражданское право. Учебник/ под ред. Сергеева А.П., Толстого
Ю.К.-Т.1, 2и З.-М, 2001-2003 гг.
6. Қазақстан
Республикасының «Жер туралы» Заңы