Сейдрахманова Раушан Избасаровна, Қазбекова
Әйгерім Ерғалиқызы
М.Х.Дулати
атындағы Тараз Мемлекеттік Университеті, Қазақстан
«Қиын»
баланы қайта тәрбиелеу және әлеуметтік –
психологиялық көмек көрсету жолдары
Қазіргі ХХІ ғасыр табалдырығын аттап
отырған кезеңде «қиын балалар» мәселесі бізді әлі
де ойландыруда. Қазір таңда
бұл мәселе ғылымда нақты орын алып отыр. Әрине,
бұл мәселемен көптеген ғалымдар айналысқан,
қиын балалар мінезін, өмірін жан-жақты зерттеген. Қазір
де мұндай жасөспірімдер көп.
Қиын балалар қайдан шығады?- деген
сұраққа былай жауап берсе де болады. Олар мектеп, тарапынан
ерекше, қосымша бақылауды талап ететiн, тәрбиелеуге
қарсылық бiлдiретiн оқушылар. Ең басты себеп отбасы
тәрбиесінде жатыр: ата-ананың ішімдікке салынуы немесе
екеуінің біреуі болмауы. Осының бәрі баланың
мінез-құлқына, ішкі жан дүниесіне әсер етеді.
Сонымен қоса, бiлiм деңгейi төмен, тәртiбi нашар,
сабақтан көп қалатын, педагогтердiң талабын
орындамайтын, адамгершiлiк деңгейi төмен, топтастарымен үнемi
тiл табыса алмайтын, ал кейде психикалық дамуы, ойлау қабiлетi
кейiн қалған, ашуланшақ (әр түрлi жүйке
ауруларына шалдыққан, тәрбиеге әрең
көнетiн) оқушыларды қиын балалар қатарына
жатқызып жүрмiз.
Сонымен қатар қиын баланың шығу
пайда болу себептері: көбінесе, ата-аналардың ішімдікке салынуынан;
отбасының қаражатының төмендеуінен,
жұмыссыздықтың пайда болуынан.
Қиын жасөспірімдермен жұмыс істегенде,
психолог, сынып жетекшісі мен әлеуметтік педагог оқу шебері оны
жеке тұлға ретінде тани біліп қана қоймай мынадай үш кезеңді ескеруі,
оның дамуын, өткенін көре білуі қажет:
бұрынғысы, қазіргісі, болашағы.
Жазалау және
көтермелеу
әдістерін қатар қолдану-әлеуметтік
мамандардың негізгі құралы болуы тиіс. Таңдап
алынған әдіс-тәсілдер
баланы өз
қылығына басқаша қаратып, мінезі-құлқын жақсы
жаққа өзгертуі тиіс. Орынды, жүйелі қолданылған әдіс-тәсілдер оқу-тәрбие жүйесінің деңгейін көтеріп, қиын оқушымен әлеуметтік
қызметкердің қарым-қатынасын жақсартатыны сөзсіз[1].
Тағы бір бағыт- ата-анамен істелетін
жұмыстың сапалылығы. Ол үшін ата-аналардың
әр түрлі ерекшеліктеріне қарай топтарға бөліп алу
қажет.
Белгілі психолог
А.В.Петровский «қиын» баланың шығу себептерін
отбасындағы қатынастармен сабақтай келе, бес типке
бөледі. Олар мыналар:
1.
Үстемдік
жағдайда баланың өз бетімен іс-әрекет жасауына жол
берілмейді, өзінің өміріне немесе отбасына байланысты
бірде-бір мәселені шешуде үй іші кеңесіне қатыспайды.
2.
Қамқоршылық
жағдайы – ол балаларды желге, күнге тигізбей, мәпелеп
өсіру. Бұлай өскен бала түрлі қиыншылықытармен
кездескенде дұрыс шешім таба алмай, өмірдің шынжыр торына
түстім деп үрейленіп, қайғыра бастайды.
3.
Қақтығысушылық
отбасы мүшелерінің арасындағы қайшылықтан туады.
Отбасында бір-біріне наразылық
білдіру, бірін-бірі табалаушылық
отбасы мүшелерін шиеленістіруге ықпал жасайды, олардың ауыз
бірлігі бұзылады.
4.
Араласпаушылық
жағдайда үлкендер мен балалар әрқайсысы өз
беттерінше бір-бірімен ақылдаспай томаға тұйық
өмір сүреді. Бұндай отбасында қатыгездік,
селқостық сезімдер байқалады.
5.
Ынтымақтастық
үлкендер мен балалар арасындағы сыйласушылық принципіне
сүйенеді. Мұндай отбасында балалардың пікірлері де
тыңдалып, барлық мәселе бірігіп шешіледі.
Ынтымақтастық
отбасының айырмашылық белгілері - әдептілік,
сыпайылық, төзімділік, дау-жанжалдан ебін тауып, абыроймен
құтылу[2].
Егерде зерттелу
нәтижесінде мінез-кұлқында киындығы бар
оқушылармен белгілі бағытта
жұмыстар жүргізсе, баланың психикалық даму
деңгейі калыпты болады. Мінез құлқы қиын
балалармен жұмыс істеу барысында олардың психологиялық
ерекшеліктерін есепке алып отыру керек. Мінез-құлқында қиындығы бар
балалар үшін жоғары деңгейдегі
эмоционалды қозғыштық тән екендігін
байқауға болады.
Қиын баланы қайта тәрбиелеу процесіне
қойылатын шарттар:
1.
Әрбір
қиын баланы жан-жақты зерттеп,
мінез-құлықтарының бағыт-бағдарын
айқындау, оның ішіндегі адамгершілік ниеттегі қасиетін
іріктеп алу.
2.
Әрбір
оқушының адамгершілік сынды тәрбиелерін құра
біліп, соның негізінде тәртіпті, айналасындағы өмірге
дұрыс көз-қарасты ұжымшылдық
қарым-қатынас қалыптастыруды ұйымдастыру.
3.
Әрбір
жеке адамның ерекшеліктері мен мүмкіндіктерін және
шығармашылық талап-тілектеріне орай қабілетті мен
икемшіліктерін дамыту, қоғамдық жұмыстарға
қатыстыру.
4.
Кейбір
қиын оқушылардың оқу-тәрбие процесінде және
ұжымшылдық өмір қатынастарында ұсқынсыз
ауытқушылықтар болса, дер кезінде қол ұшын беріп, одан
сақтандыру, оны туғызатын себептерді жою.
Тәрбие ұғымы мәнді де
мағыналы ұғым, Әл-Фарабидің «Тәрбиесіз
берілген білім, ол адамзаттың қас жауы»[3] дегені дәл
бүгінгі күнге айтылған секілді. Тәрбие халықтың ғасырлар бойы
жинақтап, іріктеп алған
озық тәжірибесі мен
ізгі қасиеттерін жас
ұрпақтың бойына сіңіру, баланың қоршаған ортадағы қарым-қатынасын, дүниетанымын, өмірге деген
көз қарасын және
соған сай мінез – құлқын қалыптастыру болып
табылады.
Тәлім-тәрбиенің мақсаты - баланың жасы
мен жеке басының ерекшелігін, психикалық процестерін
ескере отырып, салауатты
ұрпақты
тәрбиелеу.
Қоғамдық
тәрбие
халықтың
педагогикадан бастау алып,
ғылымда
дәлелденген нәтижелерге сүйенсе, тәрбие құралдары мен
әдістері дұрыс таңдалып жүргізілсе, игілікті
тәрбиенің негізі қаланып, қиын бала, құқық бұзушы
бала, қиын жасөспірім тәрбиесі дұрыс жолға
қойылуы анық. Тәрбие тәсілдері әрбір жастың
жеке адам ретінде ерекшелігін ескертуге, оның шексіз мүмкіндігін
пайдалануға бағытталуы тиіс.
Қазіргі уақытта дәрігерлердің,
психологтар мен әлеуметтік педагогтардың және
инспекторлардың есебінде осындай балалардың пайызы жоғары
болып отыр. Бұл қоғамның алға басуына өз
кесірін тигізетін де белгілі. Осы жоғарыда айтылып өткен қиын
балалармен әлеуметтік жұмыс жасау бүгінгі күннің
қажетті және өзекті ісі болып табылады. Осы
іс-шаралар мен тәрбиелік жұмыстар мына төмендегі нәтижені береді:
1.
Бала
тәртібінің алға қадам басуы байқалады.
2.
Адами
қасиеттері ашылып, қоғамдық борышын түсіне
бастайды.
3.
Психолог+әлеуметтік
педагог+ата-ана+оқушы арасында түсіністік, сыйластық пайда
болады.
4.
Сана
салауаттылығына бет бұрылып, қиын бала тәрбиесі
дұрыс жолға қойылады[4].
Сондықтан біз тәрбиелеу мен оның
тәсілдеріне арналған мақсатты жұмыстар баланың
жеке қасиеттерін, сыртқы орта мен өз ортасындағы
әр түрлі ықпал, әсерлерді қалай
қабылдайтынына қарай жүргізілуі тиіс деген
қорытындыға келдік. Біздің «қиын» балалармен жүргізіп отырған жұмысымыз:
Мектептің отбасымен ынтымақтастығы, ата –аналар арасында
жүргізілетін жеке және ұжымдық жұмыстарды
ұштастыру, оқу-тәрбие ісін
жүйелі жүргізу, әрбір «қиын» оқушыға
сергек те мұқият қарау – оқу-тәрбие
жұмысының табысты болуының басты кепілі болатынын
көрсетіп отыр.
Әдебиеттер:
1.
Рамазанова
П. ««Қиын» балалардың тағдыры қинап тұр», Шымкент
келбеті, 3 желтоқсан, 2004.
2.
Жарықбаев
Қ., Қалиев С., Қазақ тәлім-тәрбиесі:
Оқу құралы. –Алматы: Санат. 1995. – 352б.
3.
Жумабаев Қ. ,,Қиын,,
оқушыларды мектеп жағдайында тәрбиелеу мәселелерi. А.,
1974
4.
Батталханов Е. ««Қиын»
оқушылармен жұмыс ерекшелігі», тәрбие құралы, №4,
2003.