Психология/Психология развития

Магистрант Жандарбек Айгерім,

Психол.ғ.к., доцент Сабирова Ж.Н.

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті

Қазақстан Республикасы, Атырау қ.

ЖАСӨСПІРІМДЕРДІҢ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСЫ МЕН МАЗАСЫЗДАНУЫНЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

 

Психология ғылымында жасөспірімдік жастың жетекші іс-әрекеті құрбы-құрдастармен тұлғалық қарым-қатынас деп қарастырылады. Сондықтан жасөспірімдер мектепке көбінесе оқу үшін емес, ал құрдастарымен қарым-қатынас жасау үшін, яғни өздерінің коммуникативтік қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін келеді. Әрине оқу іс-әрекеті де бұл жаста басты орында. Алайда олардың жастық психологиялық ерекшеліктеріне байланысты оқу екінші орынға кетеді де, бірінші орында қарым-қатынас болады. Сонымен қатар, жасөспірімнің тұлғалық дамуының аса маңызды факторы – оның оның ауқымды әлеуметтік белсенділігі; ол белгілі-бір үлгілер мен игіліктерді игеруге, үлкендермен және жолдастарымен өзін қанағаттанарлық қарым-қатынас орнатуға бағытталады.

Жасөспірімдердің құрбы-құрдастармен, ата-аналармен, мұғалімдермен қарым-қатынасы мен өзара әрекетінің психологиялық ерекшеліктері және олардың тиімділігін арттыру мәселесі психологтар мен педагогтар үшін маңызды мәселелердің қатарына жатады. Жасөспірімдік шақтағы қарым-қатынас мәселесі қоғамның түрлі даму кезеңдерінде әлі де көкейтестілігін жоғалтқан жоқ және ғалымдардың қызығушылығын тудыратыны бәрімізге мәлім.

Қарым-қатынассыз адамның өзін-өзі жүзеге асыруы, өзін-өзі көрсетуі және өзін-өзі бекіту ұмтылысымен байланысты жеке қажеттіліктерінің  қанағаттануы мүмкін емес.

Жасөспірімдердің негізгі психологиялық жаңа құрылымы – ересектену сезімі. Бірақ та олар әлі материалдық және әлеуметтік тұрғыдан ата-анасынан тәуелді, кәмелетке толмаған жасөспірімдер болып табылады. Сондықтан оларда еркін әрекет ететіндей көп құқықтары болмайды. Жасөспірімдік шаққа аяқ басқан баланың жеке басының қалыптасуындағы түбегейлі өзгерістер сана-сезімінің дамуындағы сапалық өзгеріспен анықталады, осының арқасында бала мен ортаның арасындағы бұрынғы қатынас бұзылады. Жасөспірімнің жеке басындағы басты және өзіне тән жаңа құрылым оның өзі туралы енді бала емеспін дейтін түсініктің пайда болуы болады, ол өзін ересекпін деп сезіне бастайды, ересек болуға және өзіне жұрттың осылай деп қарауына ұмтылады. Ересектік сезімі деп аталған бұл ерекшеліктің өзіне тән белгісі жасөспірім өзін балалар қатарынан шықтым деп санайды, бірақ төңірегіндегілер менің ересек болға-нымды таныса, деген қажетсіну бар болғанымен, онда шынайы, толық ересектікті сезіну әлі болмайды.

Жасөспірімдер мінез-құлқы жағынан да ересектерге көп ұқсамайды: олар әлі де көп ойнап, көп жүгіреді, алысып-жұлысып, тентектіктер жасайды, өз дегендерін істеп, тыным таппайды, қызу да шамданғыш, әр түрлі салада белсенді, көбінесе ұшқалақ, ынта білдіріп, ден қоюы да, біреуді жақсы көруі, қарым-қатынасы да тұрақсыз, басқаның ықпалына оңай көнгіш болып келеді. Алайда балалығы қаз-қалпында болып көрінетін сырт көрініс алдамшы болады да, оның сыртында психологиялық жаңақұрылымдар қалыптасуының маңызды процестері жүріп жатады: жасөспірімтер көп жағынан әлі бала болып жүріп, елеусіз есейеді. Ересектіктің қалыптасу процесі көзге бірден түспейді. Оның көріністері мен нышандары әрі сипатты сан алуан.

Жасөспірімнің өзіне тән әлеуметтік белсенділігі ересектер дүниесіндегі және олардың қарым-қатынас-тарындағы бар нормаларды, құндылықтар мен мінез-құлық тәсілдерін меңгеру алғыр-лығы болып табылады.

Бала өз жолдастарымен және ересектермен арасындағы қарым-қатынасты белгілі-бір дәрежеде құруға, әлеуметтік болмыстың түрлі жақтарымен таны-суға, белсене ұмтылатын жасөспірімдік шақта дамыған қоғамдық пайдалы қызметті қалыптастыруға жағдай жасайды.

Жасөспірімтермен қарым-қатынас жасауда кездесетін қиыншылықтар осы жастың психологиялық ерекшеліктерімен байланысты: қозудың жоғары болуы, нерв жүйесінің тұрақсыздығы, организмде болып жатқан өзгерістердің жылдамдығы, талап дәрежесінің, өзін-өзі бағалауының жоғары болуы, өзіне сенімділігін т.б.

Жасөспірімдердің бір-бірімен қарым-қатынасында мына жағдайлар дамиды:

- идентификация (ұқсату);

- бір-бірін түсіну қабілеті;

- бір-біріне қажет екендігін сезіну.

Бір-бірімен қарым-қатынас орнату келесі қажеттіліктерді жүзеге асыруға ықпал етеді:

- өзін таныта білу (ересектер өміріне қатынасып сезіну, өзіне сенімділігі);

- өзімен-өзі қатынас орнату (нақты «мен» және қиялдағы «мен»);

- жауапкершілік;

- сезімді қорғаныс.

Жасөспірімдердің өз құрдастарымен қарым-қатынас жасау мотивтері де өзгереді:

- 4 сыныпта өз құрдастарымен бірге болу ықыласы пайда болады (мысалы, бірге ойнау, бірге бір нәрсені орындау, жасау...);

- 5-6 сыныптарда қарым-қатынас мотиві - өз құрдастарының арасында ар-найы орын табу болып табылады;

- 7-8 сыныптарда негізгі мотив жасөспірімнің құрдастарының тобында дер-бес болуға ұмтылуы (өзінің бағалы екен-дігін мойындауға ұмтылыс).

Жасөспірімдер мына жағдайларды меңгереді:

- 5-6 сыныптағы жасөспірімдер – ересектерді сыйлау ептілігі, бағыну ептілігі (айтқанды орындау);

- 7-8 сыныптағы жасөспірімдер - кішілерге қамқорлық жасау, ілтипаттылық, лидер болуға ұмтылыс [1].

Жасөспірімдер сенімді қарым-қатынасты мұқтажданады, содан кейбір қыздар күнделік арнай бастайды. Зертеу-лерге қарағанда, күнделік жазу стрессті түсіруге ықпал етеді, эмоциялық дис-комфорттан құтылуға көмектеседі.

Жасөспірім жасындағы жаңа құры-лым бұл өзін-өзі бағалауы. Адамның өз дене күшін, ақыл-ой қабілетін, іс-әрекет мотивтері мен мақсатын, айналасындағы адамдармен қарым-қатынасын сезінуі өзін-дік бағалау арқылы жүзеге асырылады. Өзіндік бағалаудың ерекшелігі көптеген сезімдердің ерекшеліктеріне, жеке тұлғаны тәрбиелеу қарым-қатынасы мен талаптану деңгейіне тәуелді.

Жеке адамның дұрыс қалыптасуы үшін жасөспірімнің өзін-өзі бағалауы дұрыс болуы қажет.

Өзін-өзі бағалаудың пайда болуы және оның қалыптасуы жасөспірімнің басқа адамдармен қарым-қатынасында көрініс береді. Басқа адамдармен қатынас жасауда жасөспірім өзін басқалармен салыстырады, осының негізінде өзін таниды. Басқалармен қатынаста жасөспірім бағаланады. Басқа-лардың бағалауы, өзін-өзі бағалауды қалыптастырады.

Жасөспірімнің өзін-өзі бағалауы құрдастарының пікірінің, олармен қарым-қатынас қасиеттерінің негізінде қалып-тасады. Жасөспірімтердің өзін-өзі бағалау-ының дамуы былайша көрініс береді:

- өзін тану - өзінің ішкі дүниесіне деген қызығушылықтың нәтижесі;

- өзіне анализ жасау (ол кім, кім болғым келеді);

- өзін тануға жақын адамдардың көмектесуі (жолдастары, жақын туыстары);

- жасөспірімдік рефлексия («мен» бейнесінің пайда болуы – сыртқы пішіні, қабілеті, ақыл, мінезі, қарым-қатынас деңгейі).

        Адамды тұлға ететін ол, ең алдымен – қарым-қатынас. Тұлғаның әлеуметтік ортада дамып-жетілуі көбінесе қарым-қатынас пен іс-әрекет барысында жүзеге асады. Д.Б. Элькониннің анықтауынша, жасөспірімдік кезеңдегі негізгі жетекші іс-әрекет - ол құрбы-құрдастарымен жеке-тұлғалық қарым-қатынас [2].

Кез-келген адам дүниеге келісімен екінші бір адаммен қарым-қатынасқа түсуді қажетсінеді. Адам қарым-қатынас арқылы айналасындағы дүние жайлы мәлімет алады, еңбек пен тұрмыс дағдыларына машықтанады, адамзат жасап шығарған түрлі құндылықтарды меңгереді. Әрине, қарым-қатынас ақпарат алумен ғана шектелмейді, оның шеңбері аса кең, бұл көп қырлы ұғым. Өмірдегі сан алуан тыныс-тіршілікте адамдар бір-бірімен тікелей, жүзбе-жүз не жанама (хат жүзінде, радио, теледидар арқылы),не біреу арқылы қарым-қатынасқа түседі.Адам қоғамнан тыс өмір сүре алмайды. Өйткені оның психикасы тек айналасындағылармен қарым-қатынас жасау процесінде ғана қалыптасады, қоғамдық тәрбие арқылы адам белгілі мазмұнға ие болады. Тұлғааралық қатынас дегеніміз – қарапайым да күрделі мәселе. Осындай қарым-қатынастың мән-мағынасы, олардың түрлі көріністері жеке адамдармен топтық ұйымдардың тіршілігінен жақсы байқалып отырады /1/.

Адамдар арасындағы қарым-қатынастардың қалыптасуы, әдетте олардың бірін-бірі қабылдай алуы, түсінуі және бағалануына байланысты, яғни тілдесу нәтижесінде бір адамның екіншісінің образы жөнінде топшалаған ой-пікірі. Екінші адамның тұлғалық образын оның сырт пішіні мен психологиясын және әрекет – қылығын байланыстыра, салыстырып тануға болады. Ал психологиялық бейне әр адамның қажетсінуінен, қылық мотивтерінен, мінез бітістерінен, әртүрлі өмірлік жағдайлардағы көңіл-күй толғаныстары мен әрекеттерінен көрінеді /2/.

Қарым-қатынастағы кез келген қажеттілік тұлға белсенділігінің қайнар көзі болып табылады. Қарым-қатынастағы қажеттілік – күрделі құрылымдық жиын болып табылады. Бізді оның екі құрылымы қызықтырды: эмоциялық байланыстағы қажеттілік және танымдық қажеттілік.

Тұлғалық белсенділік адамдардың басқалармен қарым-қатынас процесінде айқын көрінеді. Сондықтан қарым-қатынас іс-әрекеттік тұрғысынан, С.М. Жақыпов көрсеткендей, бұл - бірлескен іс-әрекетке деген қажеттіліктен туындайтын және ақпарат алмасуды, өзара әрекеттің, басқа адамды қабылдау мен түсінудің ортақ стратегиясын өндіруді қамтитын, адамдар арасында байланыс орнату мен дамытудың күрделі, көп жақты процесі болса, кез келген қарым-қатынас бірлескен іс-әрекетке қатысушылардың өзара әрекеттесу, ынтымақтастық формасы.

Ресейлік әдебиеттерде мазасыздану мәселесіне арналған зерттеулер аз. Олар фрагменттік сипатта. Бұл көбіне әлеуметтік себептерге байланысты. Сонымен қатар ресей психологиясында бұл мәселенің жете зерттелмеуінің ceбeбi батыстың психиология және психиатрия ғылымдарында психоанализ, экзистенциалды  бағыттардың  өpic  алып  дамуы әсер етуде. Соңғы  он жылдықта ресей   психологтарының   мазасыздану мәселесін зерттеуге деген қызығушылықтары қоғам өміріндегі өзгерістерге байланысты күрт арта түсті. Сонымен қатар, қaзipri заманда Ресей елінде мазасыздану нақты колданбалы мәселелер шегінде зерттелетінін ескерген жөн. (емтихан, жарыс алдындағы мазасыздану, психиатриядағы мазасыздану, спортшылардың, ұшқыштардың мазасыздануы). Мазасыздану мәселелерін зерттеудегі мұндай жағдайдың ceбeбi Ресейдің психологиялық ғылымдарының даму логикасымен байланысты. Онда эмоция және эмоциялық күйлерді зерттеу психофизиологиялық деңгейде жүргізіледі.

Мазасыздану жалпы мағынасында қayiптi сезінумен байланысты жағымсыз эмоция. Мазасыздану құбылысына тән қayiптi алдын-ала сезіну ерекшелігі, оньң басқа эмоциялық құбылыстар арасындағы маңыздылығын көpceтeдi. Мұны гештальтерапияның негізін калаушы Ф. Перлз бейнелеп көpceттi. "...Мазасызданудьң формуласы ете қарапайым.  Мазасыздық қaзipгi мен бұрынғы арасындағы шығын" [Перлз Ф.С., 1994 стр.145].

Мазасыздануды эмоциялық күй (жағдайлық мазасыздану) ретінде және үнемі мазасыздық күйге бейімділіктен  көрінетін жеке психикалык ерекшелік, тұрақты қасиет ретінде беліп қарастырады.    Психикалық деңгейде мазасыздану күштену, уайым басу, тынымсыздану невроздык, жалғыздык, шeшiм қабылдай алмаушылық байқалады.  Физиологиялық деңгейде мазасыздану ерекше реакциялық жағдай. Мазасыздану кезінде жүрек қағысы, тыныс алу жиілеп, қан қысымы көтеріледі, жалпы қозу күшейеді.   Кез-келген сферадағы (тестік тұлға аралык, экологиялық) тұрақты мазасыздануды — генеранизацияланған мазасыздану деп атау қалыптасқан. Ол адам өміріндегі маңыздылығының өзгеруіне  байланысты еркін түрде объект iciн өзгертеді. Мазасыздану қayiптi жағдайда сигнал ретінде, мүмкін болатын қиындықтар мен мақсатқа жетудегі кедергіліктерді жеңу үшін бар күшті жұмылдырып, жақсы нәтижеге жетуге мүмкіндік береді.  Сондықтан мазасызданудың қалыпты (оптимальды) деңгейі ақиқат жағдайына нәтижелі бейімделу үшін қажет болып табылады, ал мазасызданудың жоғарғы деңгейі кepiciншe  дезадаптивтік  реакция  ретінде  қарастырылады.

Мазасыздану мәселесін зерттеуде, қалыпты бейімделуге кедергі келтіретін кұбылыс ретінде мазасызданудың тіптен жоқ болуы және ic-әрекеттің өнімділігімен қалыпты дамуына кедергі келтіретін тұрақты мазасыздану қарастырылады.

Мазасызданудың тұлға дамуына әcepi әлі де нақты  анықталмаған,  дегенмен мұны ең алғаш айтқан С. Кьеркегор болды. Оның пікірінше мазасыздану адамзат өмірінің тарихын анықтаушы негізгі фактор. Кейінен бұл көзқарас экзистенциалистердің философиялық жұмыстарында, психоаналитикалық  зерттеулерде  дами  бастады.

Мазасызданудың тұлға дамуына әcepi жөнінде қaзipri замандық пікірлер негізінен клиникалық зерттеулердің мәліметтеріне сүйенеді. Сонымен қатар, осылайша эмпирикалық зерттеулерде орныққан мазасыздану және тұлғаның ерекшеліктері, мысалы: мазасыздану және талаптану деңгейі [Рейковский Я., 1979],  мазасыздану және акцентуация типтері  [Захаров Л.Н., 1994] арасындағы байланыстар талданады.

Бұл мәселені зерттеуде тұрақты мазасызданудың себептері туралы сұрақтар басым болып табылады. Бұл сұраққа жауап мазасыздану қай аспектіде қарастырылуына байланысты болып табылады.

Мазасыздануды темперамент қасиеті ретінде (В.С. Мерлин терминологиясы бойынша психодинамикалық мазасыздану) ұғынған жағдайда — жүйке жүйесі процестерінің касиеттерінің алғы шарттары негізін фактор ретінде көрініс табады. (Данилова Н.Н., 1992;  Мерлин B.C., 1986;  Рейковский Я., 1979;  Стреляу., 1982; және тағы басқалар).  В.С.Мерлин мектебінде психодинамикалық мазасыздану мен әлеуметтік қарым-қатынастағы мазасыздануды салыстыратын зерттеулер қатарында бұл сұрақ мазасыздық күйді тудыратын себепті және себепсіз факторлардың екі типін қарастыру арқылы шешіледі. ( Мусина И.А., 1993;  Рейковский Я., 1979;)

Белгіленген фактор типтері көpiнic тапқан жағдайдың немесе уақиғаның бірнеше рет қайталануы мазасызданудың тұрақты қасиеті ретінде орнығуына әкеледі. (Ч.Д. Спилбергер жіктемесі бойынша мазасыздану қасиеті ретінде).

Басқаша бағыттың негізін қалаған Р.Б.Кеттел және оның серіктестері болды, олар бұл мәселені математикалық модельді қолдану арқылы шешуге тырысты. Бұл зерттеулердің  басты нәтижесі мазасызданудың жеке феноменінің ажыратылуы болды. Сонымен қатар мазасыздану күйіне тән физиологиялық  және  биохимиялық  көрсеткіштері  бөлініп  керсетіледі.

Мазасызданудың себептерін түсінудегі басты мәселелерінің бipi — оның қайнар көзi болып табылатын себебін табу. Қазipгi уақытта тұрақты мазасызданудың себебінің 2 типі айтылып жүр: бipiншici, үрейлік күйді жиі бастан кешіру нәтижесінде пайда болған ұзақ мерзімді сыртқы стрестік жағдай (Ю.Л.Ханин, Ч.Д. Спилберг тағы басқа) ал екіншісі iшкi психологиялық жағдай. Осындай әртурлі себептердің әсерінен мазасызданудың да әр түрлі типтері бола ма? деген сұрактың қазiргi уақытқа дейін нақты шешімі жоқ.

Жасөспірімдік шақта мазасыздану әсіресе қарым-қатынаста байқалады.

Кейбір  авторлар мысалы А. Фрейд себептерге байланысты мазасызданудың әртүрлі типтерін айта отырса да феноменалды деңгейде бұл типтерді  бөлудің  мүмкін  еместігін ескертті.

И.А. Мусина (1993), С.Я. Рубинштейнің "сыртқының ішкі арқылы әрекеті  туралы танымал ой желісіне сүйене отырып, мазасызданудың пайда болу себептері әртүрлі болатындығына байланысты мазасыздну типтері де әртүрлі деген пікірді  қолдай отырып "ішкі" және "сыртқы" тұлғалық мазасыздану деген терминдерді енгізуді  ұсынды.

Қажеттіліктің қанағаттандырылмауының тұлға аралық сенімсіздіктегі басты рөлі К. Хорнидің жұмыстарында көрсетілген. Баланының негізгі кажеттіліктерінің  қанағаттандырылу  мүмкіндігі  қоршаған  адамдарға тәуелді. Баланың белгілі бip тұлға аралық   қажеттіліктері бар: қамқорлыққа, махаббат, басқалардың мақұлдауына деген кажеттілік. Егер бұл кажеттіліктер ерте балалық тәжірибеде қарастырылса, егер бала қоршағандардан махаббат, қолдауды  сезінсе  онда балада өзiнe    деген сенім, қауіпсіздікті   сезінеді.  Бipaқ көбіне баланың ең жақын адамының өзі бала үшін ондай атмосфера жасай алмайды.  Нәтижесінде балада "бізді" сезіну емес сенімсіздік, күйзеліс ceзiмi дамиды.  Мұны түсіндіру үщін Хорни К   "базистік мазасыздану" ұгымын қолданады. Бала қоршаған ортада әлсіздік, қорғансыздық,  бөлектенгендігін сезінеді, қоршаған ортаны өштес ретінде қабылдайды.  Мазасыз бала қоршаған ортаға қиындықпен бейімделеді,  ал бұл оның қалыпты  даму мүмкіндігін шектейді. Мазасыз тұлға оқшаулану және қорғансыздық сезімімен күресудің стратегияларын дамыта бастайды.  Тұлға сезіміндегі кемшіліктерді    компенсациялау үшін шынайы емес,  идеалды өзінің бейнесін қалыптастырады.

"Идеалды-менді" жүзеге асыруға тырысу эгоцентриялық құрылымды құра отырып, ішкі дау-жанжалды, невротикалық кажеттіліктерді күшейтіп соның   нәтижесінде   мазасыздану  деңгейін күшейтеді.

Г.С. Салливанның алғашқы мазасыздануы мен К. Хорнидің "базистік мазасыздану" түсініктері ерте балалық шақтан көрініс табатын,  тұлғаның келешек дамуына әсер ете отырып,  сақталатын сезім прототипі ол қоршаған ортадағы адамдардың    қарым-қатынасынан қайта  көpiнic табады.

К. Хорни мен Г.С. Салливанның тұлға психологиясы мен мазасыздануды психикалық зерттеуге қосқан  үлестері орасан зор. Ал олардың  мазасыздануға байланысты ұсынған концепцияларына келетін болсақ, бұл концепцияларда мазасызданудың   пайда болу  және мазасыз тұлға типінің  қалыптасу процестері дәл баяндалған.

Мұндағы ең маңыздысы алдымен балалар үшін тұлға аралық қауіпсіздік, сенім қажеттiëiãiíi» қанағаттандырылмауы - мазасызданудың нeгiзгi ceбeбi ретінде көpiнyi.

Мұндай көзқарасты жалпы формасында Э. Флоремда ұстанды.  Оның айтуынша мазасызданудың нeгiзгi ceбeбi адамның жеке тұлға ретіндегі жатырқаушылық сезімін және осыған байланысты табиғат пен қоғам күштері алдында өзін әлсіз сезінуі Э. Фромм мұны жеңудің негізгі жолы адамдар арасындағы махаббаттың түрлі формалары деп білді.  Өзінің "Искусство любить" атты еңбегінің бipіншi бөлімін "Махаббат-адам өмipiндегі мәселелердің  шeшiмi" деп текке атамаған.

Отандық және шетелдік зерттеушілер мазасызданудың пайда болуы мен орнығуындағы қарым-қатынас тәжірибесінің маңыздылығын қолдайды. Мазасыздану балаға мазасыз анадан беріледі немесе мазасыздану бала ата-анасының оған деген махаббатына, қолдауына сенімсіздік танытқан жағдайда пайда болады деген пікірді  ұстанады.

Ресейдің танымаë психиатры және психиатерапевті А.И. Захаров "Әйелдің жүктілік кезінде мазасыздануы нәрестенің мазасыздануының алғашқы тәжірибесі болып табылады.  Жүктіліктің екінші кезеңінде нәрестенің кан тамырлар жүйесі қарқынды дамиды және нәресте плацента арқылы ананың мазасыздануының белгілі бip бөлігін сезінеді. Ананың мазасыздануы нәрестенің  сәйкес  реакциясын туғызады. 

Сонымен қатар мазасыздықтың анадан балаға берілу жөніндегі түciнiктiң   қaзipгi   уақытта   кең   таралуына   қарамастан   бұл   түсініктің теориялық концепциялар мен клиникалық бақылауларға сүйенетіндіктен жеткілікті түрде дәлелді бола  алмайтындығын  ескерген жөн.

Көпшілік зерттеулердің көрсетуінше баланың жақын адамдарымен қалыптасқан эмоциялық қарым-қатынасының сипаты баланың мектеп өміріне енуінде және болашақ өмірінде үлкен әсерін тигізеді жағдайлық мазасыздануды зерттеудің нәтижесінде алынған қарым-қатынас ерекшелігінің әсер ету мәселесіне арналған мәліметтер көп. ППсихологиялық зерттеулерді талдау негізінде балалық шақтың әртүрлі кезендерінде мазасыздануды тудыратын жағдайлар типі бөлінген. Оларға мына жағдайлар жатады: ата-анадан айрылу, қалыпты әдеттегі жағдайдың күрт өзгеруі, алғаш рет бала бақашаға немесе мектеп табалдырығын аттау, басқа сыныпқа немесе мектепке ауысу және тағы басқа. Осындай мәселелерден жасөспірімдер жиі топтан оқшауланп, сыныптастармен еркін қарым-қатынасқа түсе алмайды. Қарым-қатынастағы негізгі қиындық – ол мазасыздық. Ф. Перлздің айтуынша кез-келген мазасыздық  -  көпшілік алдындағы қорқыныш.  Ғалымдардың мазасыздануды алғашында жағымсыз жағдайларға реакция ретінде туып, кейіннен тұрақты мазасыздануға айналатын құбылыс ретінде зерттеуі iшкi тұлғалық факторларды қарастыруды талап етеді.

 

Литература:

1.  Панин Л.Е., Соколов В.П.   Психосоматические взаимоотношения при  храническом  эмоциональном   напряжении. - Новосибирск, 2012

2.  Левитов  Н.Д.    Психическое    состояние    беспокойства    тревоги // Вопр,псих. 1998. № 8.

3.  Лисина М.И. Проблемы онтогенеза общения - М. Педагогика 2014

4.  Морган И.П.,  Эниксон К.А.   Ситуативная      тревога      и результативность деятельности // вопросы психологии 1990. № 3

5.  Волков Б.С. Психология подростка. - М., 2001.