УДК 685.759.45

 

АЯҚ КИІМДІК ТІГІСТЕРДІ БЕКІТУ БЕРІКТІГІНЕ ӘСЕР ЕТЕТІН ФАКТОРЛАРДЫ ТАЛДАУ

 

Жұмабаев Ғ.Ә., Джумабекова Г.Б., Әзімбай Е.К.

М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті,

Қазақстан Республикасы, Тараз қаласы

 

galymzhan_g@inbox.ru, gulzira_jumabek@mail.ru, erke_96-02@mail.ru

 

Аннотация

Мақалада аяқ киім үстінің бөлшектерін біріктіру беріктігіне әсер ететін факторлар қарастырылған.Аяқ киімді жіпті тігіспен біріктірудегі технологиялық параметрлердің былғары өндірісі технологиясындағы тигізетін әсерін зерттелген. Жіпті тігіс түрлері мен әртүрлі жіптер ассортименті қарастырылған.

 Түйінді сөздер: жіптер, тігістер, аяқ киім бөлшектері, аяқ киім үсті дайындамасы, тігіс беріктігі.

 

Аяқ киім өндірісінің негізгі бағыттары бұйымның сапасына жоғары дәрежелі технологиялар, материалдар, сонымен қатар дайындамаларды жинау технологиялары қарастырылып отыр.

Аяқ киім үсті бөлшектерінің тігістерді бекіту жоғары дәрежелі зерттеуді қажет, әрбір фактор тігістердің беріктігіне тікелей әсер етеді.

Бұйымдағы тігіс үзілуі кемшілік нәтижесі емес, ол көптеген тігіс  қалыптасуымен бұйымның пайдалануы нәтижесінде болады. Тігістік біріктіру түрі материалдардың бекітуімен анықталады.  Біріктіру түрі кешенді факторлар негізінде сипатталады.

Табиғи былғары химиялық полимердің және синтетикалық материалдардың дамығанына қарамастан , қазіргі уақытта гигиеналық талапқа сай, берік сипаттағы материал болып табылады. Өңделген былғарының физ-механикалық және химиялық қасиеттері тағайындалуына қарай қаралады.

Өзара былғарыларды біріктіру тұрғысында тігістердің технологиялық параметрлері әлі нақты анықталмады. Дегенмен көптеген зерттеулер жүргізілседе, бұл өзекті  мәселелердің бірі.

Аяқ киімнің сапалық көрсеткіштерінің бірі - бөлшектердің өзара бекітілу нәтижелері. Ол эксплуатация уақытында киілу дәрежесімен, тігістің беріктігімен сипатталады. Құрылымдық талдаулар көрсеткендей қайта қайтаралған аяқ киімдердің 15-20% тігістердің бекітілуінде кемшіліктер мен ақаулардың болуына байланысты болады. Олар бұйымдарды жасауға және қолнаыс барысында әсер ететін өзіндік факторлар болып табылады. Сонымен қатар біріктірілетін материалдардың қасиеттері де әсер етеді.

Нарықтағы жаңа материалдарды, олардың қасиеттерін үнемі бақылап отыруды қажет етеді. Сонымен қатар кешенді параметрлер аяқ киім дайындамаларын бекітуде бұйым сапасына әсер етеді.

Қазіргі уақытта жасалып жатқан зерттеулерде былғары өндірісіне қатысты зерттеулер қаралмаған. Яғни материалдардың майлануы және иленуі, тігістердің біріктірілуі барлығы аяқ киім үсті бөлшектірінің бектілу беріктігіне әсер етеді. Сондықтан зерттеуді қажет етеді.

Бекітілу беріктігін анықтауда стандартты әдістер толық мәлімет алуға мүмкіндік  бермейді. Сондықтан жіптердің деформациясы және материалдардың өзара біріктірілуі, оларға әсер ететін күштердің барлығы бекітуге әсер ететін факторлар. Кешенді өңдеу әдістерін бағалап, талдау жоғарыда аталған мәселелерді шешуге негіз болады.

Жұмыстың мақсаты болып, аяқ киім дайындамаларын тігіспен біріктіруде беріктігіне әсер ететін факторларды анықтап, олардың бұйым сапасына тигізетін әсерін зерттеу.

Бұл мақсатқа жету барысында келесі тапсырмалар алға қойылды:

-  аяқ киім үсті үшін арналған табиғи былғарының физика – химиялық сипаттамасын анықтау;

-  аяқ киімді тігіспен біріктірудегі параметрлердің былғары өндірісі технологиясын тигізетін әсерін зерттеу;

-  аяқ киім жіптерінің құрылысын бағалау және зерттеу әдістерін талдау жүргізілді;-

-  «материал – жіп» жүйесін бағалап, дайындау;

-  «былғары – жіп» ішкі жүйесінің өзара байланысының зерттеу әдістерін дайындалды;

-  өңдеу және эксплуатация үрдістерін әсерінен, тігістердің беріктігі анықталды;

-  тігістік біріктіру өндірістік технологиясын өңдеуде былғары құрылымының көрсеткіштері талданды.

Зерттеу нысандары мақсатқа сай және зерттеудің әр кезеңіндегі жұмыс нәтижесінде: әртүрлі өңделген аяқ киім үсті үшін былғары түрлері жіптен тігістер таңдалды.

Ғылыми жұмыстың ғылыми жаңалығы төменде көрсетілген:

-  бірінші рет тігістердің беріктігін былғарыны илеуде қосатын қоспалардың, тигізетін әсерлері анықталады.

-  аяқ киім бөлшектерін тігіспен бекітуде нақты тігііс парамертлері анықталып, математикалық модель құрылды.

-  жұмыс нәтижелері аяқ киім материалдарының классификациясына өзгерістер енгізуге мүмкіндік береді, бұл бізге аяқ киім өндіріс технологиясын өзгертуге мүмкіндік береді.

-  былғарыны майлау және илеу қоспаларының ара-қатынасын анықтадық, олар былғары өндірісінде және тігістік біріктіруде қолданылады. Бұл тігіс  параметрлерін таңдауға мүмкіндік береді, өз кезегінде аталған істер тігіс беріктігін арттырады.

Ғылыми зерттеу жұмысының тәжірибелік маңыздылығы:

-  өндірушілер мен тұтынушылардың талабына сай, жіпіті қосылыстардың тігіс беріктігінің параметрлерін қамтамасыз ететін былғарыларды алуға мүмкіндік беретін былғарыны өңдеу технологиясын таңдауда;

-  жіптің ескіру үдерісін ескеретін, жіпті тігістің беріктігіне  әсер ететін критетийлерді анықтауда;

-  «материал–жіп» жүйесін бағалау үшін өндірістік–зертханалық жағдайларда зерттеу мүмкіншіліктерін анықтауда;

-  аяқ киімді қайтаруға себеп болатын, тігіс қосылыстарының ақауларын жою мақсатында зерттеу жұмысының нәтижелерін іс-жүзінде қолдану мүмкіншілігінде.

1. Былғарыны тігістік біріктіру беріктігіне былғары мен жіптің физика – химиялық құрамы, тігу технологиясы және бұйымның эксплуатациясы әсер ететіні көрсетілді.

2. Тігіс беріктігіне былғары құрамындағы май мен хром әсерін тигізетіндігі анықталды:

-       май құрамының артық болуы тігістік біріктірудің қатаңдық құрамын арттырады;

-       хромның 2,5 % пен 3,8% аралығында былғары құрамында болса, керісінше төмендетеді.

3. Тігіс беріктігіне былғары құрамындағы майдың мөлшері ғана емес, тіпті оның сипатыда әсер етеді.

4. Эксплутация кезінде сумен жуылатын қоспаларда тігіс беріктігін төмендететіні анықталды.

5. Тозу үрдісінің былғары тігіс беріктігіне әсерінен бағалайтын кешенді критерийлер құрылды. Яғни кешенді тозу факторларының  әсерімен, соның ішінде терлеу, ультрофиолетті сәулелену, теапература нәтижесінде беріктігі 60% төмендейтіні анықталды.

6. Жіптің өзара біріктірілетін материалдарға әсері анықталып, жүйе құрылды.  Ол жіп және былғары материалдарының беріктігінің өзгеру жиілігін анықтауға мүмкіндік береді. Тігістің беріктігін анықтау әдісі, бұл жүйеде тігістік біріктіруді және маталарды зерттеуге мүмкіндік береді. Жасалған зерттеу әдісі «материал – жіп» жүйесінің беріктігін жылдам әрі нақты анықтауға мүмкіндік береді. Жүйе контрукциясы технологиялық және эксплуатациондық талаптарға сәйкес жіптерді таңдауға мүмкіндік жасайды.

7. Зерттеуден алынған нәтижелер материалдар мен жіптерді бөлуге мүмкіндік береді. Жаңадан бөлу жұмыстары материалмен жіпті таңдауда маңызды критерий негізінде қарауға болады.

8. Параметрлерді оңтайландырудан математикалық модельі құрылды.Ол былғарыдағы май мен хромның эксплутация жағдайында тігіс беріктігіне тігістің эксплутация жағдайындағы күйін анықтап қорғауға болады.

9. Полиамидті және полиэфирлі жіптерді қолдануда, эксплутациянның модельді жағдайында тігістің беріктігін оңтайландыру мәмілесі төменде аталып көрсетілді.

Зерттелген жіпті қосылысты былғарының құрамында хромды илегіштің оңтайлы мөлшері Сr2О3  3,2-4% аралығында, ал тігіс жиілігі полиамтид жіптері үшін 4 ине шаншым/см болды. Полиэфир жіптері үшін хромды илегіштің Сr2О3 оңтайлы мөлшері 3,3-6% аралығында, тс жилігі – ине шаншым/см блды.

Полиамид жібімен біріктірілген былғары үлгінің құрамындағы май 6,6-11% құрағандықтан тігілу тығыздығы 4-5 ине шаншым/см болды. Майлы құрамы бірдей полиэфир жіптері үшін тігіс тығыздығы 3,5-5 ине шаншым/см құрады.

Зерттелген жұмыс нәтижелері бірдей өлшенетін экономикалық тиімділік алуға мүмкіндік береді. Аяқ киімдерді қайтаруға негіз болатын бірде бір көрсеткіш болғандықтан,  тігілетін былғары үлгілерінің қасиеттері мен технологиялық параметрлердің  дұрыс таңдалуы жіпті қосылыстардың ақаулар санын азайтады. Зерттеу жұмыстары Тараз қаласындағы «Теңізбаев С.» ЖК және «ELLIT SHUE» ЖШС кәсіпорындарында жүргізілді. Жүргізілген сынақтар нәтижесінде жоғарыда аталған оңтайландыру әдісі:

- эксплуатациялық тағайындалуына сәйкес былғарыларға тапсырыс беруге;

- былғары қасиеттеріне қатысты тігу технологиясын дұрыс таңдамау нәтижесінде пайда болатын, жіпті қосылыстардың ақаулар санын азайтуға мүмкіндіктер береді.  

 

Әдебиеттер:

1.   Зурабян К.М., Бернштейн М. Материаловедение изделий из кожи. М., Легпромбытиздат, 1988.

2.   Справочник обувщика  (Технология ) под общей ред. Михеева Е.Я., Мореходов Г.А., Швецова Г.П.,  и др./ – М.: Легпромбытиздат, 1989, – 416 с.

3.   Стронгин Б.М.. Морева В.Н. Справочник мастера – обувщика . – 3-е издание. – М.:  Легпромбытиздат, 1990, – 336 с.