ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ТУРИЗМ
ИНДУСТРИЯСЫНА ИННОВАЦИЯНЫ
ЕНГІЗУДЕГІ КЕЙБІР МӘСЕЛЕЛЕР
Кудабаева Л.А.
М.Х.Дулати
атындағы
Тараз мемлекеттік
университеті, Тараз қ.
Туризм жылдан
жылға әртүрлі
бағыттар бойынша даму үстінде. Соның салдарынан туризм
индустриясына да жаңа
өзгертулер енгізіліп жаңаруда.
Жалпы туризм индустриясы - әрбір туристің шыққан
нүктесінен сол нүктеге қайта оралғанға дейінгі
саяхат барысында қажеттіліктерін қамтамасыз етуші барлық
мекемелердің құрылымын айтамыз. Осы мақсатта туристерге
сапалы да, әрі тез қызмет көрсету мақсатында туризм
индустриясына инновацияларды пайдалана отырып тиімді қызмет көрсету
қазіргі таңдағы әрбір мекеменің негізгі
мақсаты болып отыр деуге болады. Туризм индустриясына инновацияларды
ендіру қазіргі таңдағы ғаламдық маңызды
мәселелердің бірі. Сол
себепті әрбір мекеме өзіне қажетті инновацияларды толық
түрде анықтап оны тиімді әрі пайдалы құрал
ретінде пайдаланғаны мекеме үшін алғашқы жемісті
қадамдарының бірі болып саналады.
Жалпы инновация
туризм индустриясы үшін және халықтың күнделікті
тұрмыс тіршілігі үшін қажет заманауи жаңа
құралдар. Қазіргі таңда туризм индустриясында
жаңа технологияларды пайдалану өте тиімді. Өйткені жаңа
технологияны пайдаланушы көптеген кәсіпорындардың басшылары
өздерінің бірқатар мәселелерін тез және
нақты шешіп жүрсе, екінші жағынан өз мекемелеріне
өзгерістер енгізуге көмек береді. Сонымен қатар инновация
ескі нарықты кеңейтіп жаңа нарықты
қалыптастыруға көмектеседі. Қазіргі таңдағы
инновациялардың алғашқы мүмкіншілігі маркетингтік
зерттеу жүргізуге, электрондық пошта тарату мен бәсекелік
алдындағы ерекшелігін біліп отыруға көмектеседі. Ал әуе
компаниялар үшін негізгі маңызды электронды жаңа технология
арқылы билеттерге тапсырыс немесе алдын-ала орын сақтау жүйесі арқылы жұмыс
барысын тез орындауға жәрдем береді. Елімізде туризм индустриясына
инновацияларды толық енгізбеудің салдарынан туып жатқан
қиыншылықтары кеңірек айтылып өтілген. Республикамызда
туризмнің дамуын жетерліктей мүмкіншіліктер болғанымен, оны
пайдаланудағы артықшылықтарымыздан кемшіліктеріміз көп.
Қазіргі
таңда Қазақстан туризм индустриясы әлемдік
тұрғыда дамыған мемлекеттердің қасында даму
жағдайы әлі де төмен көрсеткіштерді көрсетуде.
Оның негізгі себептерінің бірі еліміздің әлемдік
индустрияда имиджінің қалыптаспағандығында.
Туризм индустриясы – туристердің тұрақты
жерінен шығып қайтқанға дейінгі уақыт ішіндегі саяхатқа қажетті
көлік, қонақ үй, тамақтандыру орындары,
ойын-сауық және басқа қажеттіліктерді қамтамасыз
ететін іс-әрекеттердің барлығын айтамыз. Осы заманға
сай туризмнің индустриалды формасы бар, ұлттық
экономиканың дамуының негізгі катализаторы, жаңа жұмыс
орнын пайда болдыратын, ұлттық кірістің өсуіне
әсер етуші, жергілікті халықтың тұрмысын
көтеретін экономикалық құбылыс. Бірақ та осы
таңда көптеген мемлекеттерде туризм индустриясын өркендету
жөніндегі үлкен мәселе туып отыр. Ол үшін туризм
индустриясын дамыту үшін келесідей шаралар атқарылуы тиіс:
-
туризм индустриясын экономиканы дамытудың негізгі бағыты ретінде іс
жүзінде қолға алу;
-
туризм индустриясын дамыту саясатының мақсаттары мен
қағидаларын жүзеге асыру.
Шетел және ішкі туризмнің дамуын ынталандыратын
экономикалық механизімдерді құру, осы салаға
инвестицияларды тарту және салық пен кедендік жеңілдіктер
қарастыру қазіргі кезде орын алуда. [1]
Туристік банктік құрылымдар көлік, қонақ
үй және сақтандыру кешендерінің бірлестіктеріне
ұтымды жағдайлар жасау, сол арқылы туристік
қызметтің жоғарғы технологиялық кешенін
қалыптастыру және саланың материалды-техникалық базасын
жасау.
Осы аталған
ұсыныстардың толық орындалуы арқасында көптеген
мемлекеттер өздерінің экономикасында туризмді ең
бастапқы салалары ретінде қолдануда. Атап айтатын болсақ
Франция, Египет, Түркия, АҚШ секілді мемлекеттер
өздерінің ұлттық табыстарын туризм индустриясынан алып
жатыр десек қате ой айтпаған болармыз. Шынында да туризм
индустриясы көптеген салаларды біріктірген үлкен бір кешен болып
табылады. Осы салалардың барлығы айтарлықтай сапалы әрі
тиімді жұмыстар атқара білсе әрбір мемлекеттің туризм
индустриясы, яғни экономика саласының бір маңызды
бөлшегі күмәнсіз көптеген жетістіктерге жетері
сөзсіз. Ал туризм индустриясының негізгі мақсаттарының
бірі де осы болып табылады. Әрбір мемлекет өзінің туризм
индустриясын дамыту барысында алдымен ішкі туризмнің қазіргі
жағдайын анықтап, сол арқылы өздерінің туризм
индустриясына қажетті дамыту жоспарларын құруы тиіс. Сонда
ғана әр жыл сайын туризм индустриясының көрсеткіштері
мен нәтижелері қандай деңгейде екенін анықтап, саралап
тұруға үлкен мүмкіншіліктер туады. [2]
Туризм индустриясы көпжақты. Көптеген кәсіпорындар,
мекемелер туристерге сапалы қызмет көрсетуге қатысады. Туризм
индустриясы саяхат барысында жеткілікті және әртүрлі
қызметтерді көрсете алады.
Туризм индустриясы әрбір
мемлекеттің негізгі салаларының бірі болып табылады. Еліміздегі
туризм индустриясының негізгі нысандары көбінен үлкен
қалаларымызда өз қызметін ұсына бастады. Соның ішінде
қонақ үйлер, көңіл көтеру орындары,
мәдени үйлер секілді туризм индустриясының нысандары
бірте-бірте ашыла бастады. Ол кезде ашылған туристік нысандар
алғашында адам күшін пайдалана отырып жұмыс атқарса,
бірте-бірте заманауи үрдіске еніп механизмді, одан кейін 90-жылдарынан
бастап өз кәсіпорындарында алғаш өзге де
технологияларды пайдалануға шешім қабылдады. Алайда еліміздің
тәуелсіздігін жаңа алған мемлекетімізде әлемдік
нарықтағыдай жаңа өзгерістер бола қойған
жоқ. Бұлай айтуымыз барлық кәсіпорындар өздеріне
деген жаңа өзгерістерді, яғни жаңа технологияларды
пайдалануға мүмкіншілік ала алмады. Жалпы инновация дегеніміз не,
ол біздің мелекетімізде қалай пайда болды деген сауалдар
көпшілікті қызықтыратыны анық.
Елімізде инновациялар туризм индустриясының нысандары
бойынша негізінен қонақ үйлер мен мәдени орындарда,
көңіл көтеру орындарында қолданыла бастады. [3]
Қорыта айтқанда туризм
индустриясының туризм саласында алатын орны ерекше. Ол арқылы
әрбір туристік кәсіпорындарда жұмыс жасай отырып, туристерге
қызмет көрсету мүмкіншіліктері туындайды. Сонымен
қатар, технологиялардың қолдануына қарай да
әртүрлі топтарға топтастырылады. Әрбір
топтастырылған технологиялардың өзіндік атқаратын
қызметтері анықталған. Соған қарай олар туризм индустриясында
қолданылу мүмкіншілігіне ие.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1.
Биржаков, М.Б. Индустрия туризма: ПЕРЕВОЗКИ / М.Б. Биржаков, В.И.
Никифоров. - СПб.: Издательский дом Герда -
2001 г. - 400 с.
2.
Ердавлетов, С. Р.Туризм географиясы: тарихы, теориясы,
әдістері,практикасы / С.Р.
Ердавлетов. - Алматы - 2000 г. - 336 с.
3. Кабушкин Н.И. Менеджмент туризма. Минск: Новое
знание, 2001.