Муратова Д.Б. –
э.ғ.к., доцент м.а., Аташева Д.О.- э.ғ.к., доцент м.а., Сейткерей
А.- магистрант
М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті,
Қазақстан
БАНКАРАЛЫҚ
КОРРЕСПОНДЕНТТІК ҚАТЫНАСТАРДЫҢ МӘНІ МЕН МАҢЫЗЫ
Қаржы
нарықтары іс-жүзінде тауарлық-шикізаттық
нарықтарға ұқсас функцияларды орындайды- олар
қатысушыларды ресурстарға сұраныс пен ұсыныс туралы
барлық қажетті ақпаратпен қамтамасыз етеді және
осы ресурстардың нарықтық бағаларын қалыптастырылады.
Бұл функцияларды іске асыру қаржылық нарықтарға
тұтынушылар үшін таңдау мүмкіндігін
туғызуға, тәуекелдерді басқаруға
көмектесуге, компанияларды басқаруға әсер етуге
жағдай жасайды. әр түрлі қаржылық
құралдардың, сонымен қатар оларды сату әдістерінің түрі мен
қалыптарының алуан түрлілігі салдарынан түрлі
қаржылық нарықтар бар. Оларды бірнеше сипаттарына қарай
жіктеугеболады.Ұсынылатын ресурстардың ұзақтылығына
байланысты қысқа
мерзімді және
ұзақ мерзімді капитал нарықтары деп бөлуге болады. Соңғы жағдайда,
әдетте, ақша нарықтары туралы айтады, оларға мерзімі 1
жыл мәмілелер жасасады.
Ақша нарықтары валюталық
нарықтарға және несие нарықтарына бөлінеді. Несие
нарықтарында кәсіпорындар мен банктер мерзімі қарыздарды ала
алады. Кәсіпорындар, әдетте, коммерциялық банктерде
несиеленеді [2].
Банкаралық
корреспонденттік қатынас несие ретінде бір банктің басқа
банкке береген несиесі немесе басқа банкте орналастырылған банк
депозиті бола алады. Берілген жағдайда несиелік қатынастардың
субъектілері коммерциялық және орталық банктер болып
табылады. Бос несие ресурстары бар банктер бұл ресурстарды
банкаралық корреспонденттік қатынас несие нарығында,
яғни ақша нарығында сатады. Банкаралық корреспонденттік
қатынас несиенің комегімен банктер өзінің өтімділігін
оперативті басқарып, керек болған жағдайдақаражаттарды
жедел тарта алады немесе бос несие ресурстарын уақытша орналастыра алады.
Банктердің
өздері қысқа мерзімді капиталды банкаралық
корреспонденттік қатынас несие нарығында тартады. Бұл тектес
несиенің бағасының нысанасы ретінде Лондон банкаралық
корреспонденттік қатынас нарығының (LIBOR) ұсыныс
қойылымы қызмет етеді.
Сәйкес
қойылымдар: EURIBOR – 50 ірі еуропалық банктердің
банкаралық корреспонденттік қатынас депозиттері бойынша орташа
пайыздық қойылым, MIBOR –ресейлік банкаралық корреспонденттік
қатынас несие нарығы, KIBOR–украйналық нарық. Сонымен
қатар, тартудың (сұраныстың) банкаралық
корреспонденттік қатынас қойылымдарын несиелік ресурстарға
және несие ұсынудың іс-жүзіндегі қойылымына
бөледі.
Қазақстандық банктер
несиені шет елдерден тартқан жағдайда, олар LIBOR
қойылымдарын қолданады.
Банкаралық корреспонденттік
қатынас нарық ( Interbank market ) – қарыз капиталдар
нарығының бөлігі,
мұнда несиелік мекемелердің уақытша бос ақша ресурстары
көбінесе қысқа мерзімді депозит түрінде өзара
банктермен тартылып, орналастырылады.
Банкаралық корреспонденттік
қатынас несие нарығын экономисттер құрамына
тнңгелік және валюталық несиелер, соның ішінде
қысқа мерзімді және өте қысқа, бойынша операциялар
кіретін банкаралық корреспонденттік қатынас қаржы
нарығының шешуші секторы деп атайды.
Банкаралық
корреспонденттік қатынас несие нарығы нарықтың
басқа секторларында банктердің активті операцияларына қажетті
құрал көзі болып табылады [3].
Банкаралық корреспонденттік
қатынас нарықтағы несие операциялар – банкілік
бизнестің аса маңызды бағыттарының бірі. Әлемдік
тәжірибе көрсеткендей, бұл қаражат көзінің
арқасында таза пайданың, резервті қорларға жіберілетін
және банк акционерлеріне дивидендтер төлеуге жұмсалатын
салмақты бөлігін қалыптастырады. Одан басқа,
коммерциялық банктердің басқа несиелік мекемелерден несие
алуы коммерциялық банк балансының төлемқабілеттілігін сақтауда
маңызды роль атқарады.
Бүгінгі күнде қолданылып
жүрген қаржы құралдарының ішінде банкаралық
корреспонденттік қатынас несиелер қаржы нарығы
конъюктурасының өзгеруіне өте сезімтал болады, өйткені
банктер әрекеттерге қажетті құралдардың оперативті
көзі ретінде жиі қарастырады. Сондықтан банкаралық
корреспонденттік қатынас несиелер бойынша қойылымдар-жалпы
қаржы нарығындағы жағдайдың барометрі.
Ивасенко А.Г.пікірінше, банкаралық
корреспонденттік қатынас несие-несие ресурстарының қымбат
емес көзі. Банкаралық корреспонденттік қатынас несие
көбінесе банктің ағымды өтімділігін сақтауды
немесе құралдардың пайдалы салынуын қамтамасыз ету
мақсатында қолданылады. Банкаралық корреспонденттік
қатынас несиеге тән ерекшеліктер-оның қысқа
мерзімге төмен пайыздық қойылымдармен (орнықсыз
қаржы жүйесі кезіндегі пайыздық қойылымдар күрт
өзгеруі мүмкін) берілуі және қаражаттарды беру
әдісінің оперативтілігі.
Қазақстан Республикасында
қалыптасқан қаржы-экономикалық жағдайында,
банкаралық корреспонденттік қатынас несие нарығын – ең
«арзан» және «қысқа» ақшалар нарығы ретінде
қарастыруға болады.
Осылай, банкаралық корреспонденттік
қатынас несие бір банктің басқа банкке жеделдік,
қайтарымдылық, ақылық шартпен берілетін несие ретінде
қарауға болады. Банкаралық корреспонденттік қатынас
несие коммерциялық
банктердің қалыптасу кезеңінде несие ресурстарының
негізгі көзі болды. Бос несие ресурстары, әдетте салмақты
несиелік саясатын жүргізетін банктерде болады.
Банкаралық корреспонденттік
қатынас несие нарығы несие ресурстары банкаралық
корреспонденттік қатынас несие және банкаралық корреспонденттік
қатынас депозиттер түрінде сатылатын және сатып алынатын
қаржы нарығының ең ірі сигменттеріне жатады.