Муратова Д.Б. –
э.ғ.к., доцент м.а., Сейткерей
А.- магистрант
М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік
университеті, Қазақстан
ӘЛЕМДІК
ҚАРЖЫ ЖҮЙЕСІНДЕ БАНКАРАЛЫҚ КОРРЕСПОНДЕНТТІК ҚАТЫНАС
НЕСИЕ НАРЫҒЫНЫҢ ҚОЙЫЛЫМДАРЫ
Банкаралық
корреспонденттік қатынас несие мен қаржы нарығының
1-ден 7 күнге дейінгі мерзімге несие берілетін «қысқа
ақша» секілді нарықтар да байланысты. Осылай бір күндік
несиелер (пайдалану мерзімі «бүгіннен ертеңге дейін»,
«ертеңнен бүрсігүнге дейін», «бүрсігүннен одан
әрі бір күнге», «овернайт») банкаралық корреспонденттік
қатынас несие нарығында шешуші роль атқаратын болды. Сонымен
бірге апталық («бүрсігүннен бір аптаға»), екі,
үш, төрт апталық несиелер де қолданылады. Оған
қоса біздің елде 0,1 жыл, 2 және 3 жылға берілетін
біріккен несиелер пайдаланып жатыр.
Бұл несиелердің тартымдылығы олардың
ұзақ уақыт бойы арзан несиелік ресурс ретінде болғандығымен
түсіндіріледі. «Несиелік ақшалар» сатып алушыларға да,
сатушыларға да қолайлы болды. Банкаралық корреспонденттік
қатынас несиенің қалыптық сипаттамасын
қарастырғанда, оның жеке жағдайына, яғни
қамтамасыз етуші қарызға назар аударамыз. Бұл
қайтарымдылық, төлемділік шартымен берілетін, кепілзатпен
қамтамасыз етілетін және тағайындалуы бойынша
жұмсалатын банкаралық корреспонденттік қатынас несие мерзімі
бірден 30 күнге дейін беріледі. Егер қарыз беруші немесе банк
қарызды мерзімнен бұрын қайтарып алғысы немесе
қайтарғысы келсе, аталмыш келісім шартта көрсетілген мерзімге
дейін қайтарылуы мүмкін.
Екінші деңгейдегі банктерде осындай
несиені қамтамасыз ету үшін негізінен бағалы
қағаздар, мемлекеттік бағалы қағаздар
сияқты қаржылық институттар пайдаланады. Банкаралық корреспонденттік
қатынас несиелеу кезіндегі қолданылатын санаттар, кейбір ерекшеліктерді
ескермегенде, банктердің өз клиенттерін несиелеу кезіндегісіне
ұқсас.
Мысалы, халықаралық
тәжірибе price drawing credit – банкаралық корреспонденттік
қатынас пайыздық қойылым сияқты ұғым
пайдаланады. Мұны банкаралық корреспонденттік қатынас несие
нарығындағы несиенің пайыздық қойылымы деп
атайды. Әдетте,
нарықтағы негізгі несиелеушісі елдің Орталық Банкісі
(Қазақстан Республикасының Ұлттық банкісі) болып
табылады. Коммерциялық банктер басқа коммерциялық
банктердің қарыз алушы немесе несие беруші ретінде болады.
Әдетте, қаражаттарды қарызға беру бір реттік несие
келісімшарты негізінде немесе басқа банктерде депозит орналастыру
түрінде жүргізіледі.
Банкаралық корреспонденттік қатынас несие нарығы
жұмысының бүкіл тарихындағы мәселелер домино
әсеріне саяды. Бұл қаржылық теріс әсер
банкаралық корреспонденттік қатынас нарықта, бір немесе бір
жүйеге байланысқан бірнеше банктердің несиені қайтару
шартын орындамау кезінде, орын алады.
Әлемдік қаржы жүйесінде банкаралық
корреспонденттік қатынас несие нерығының қойылымдарын
ажыратады. Дамыған елдердің банкаралық корреспонденттік
қатынас несие нарығының келесі қойылымдары белгілі:
LIBOR – Лондондық банкаралық
корреспонденттік қатынас депозит нарығының ұсыныс
қойылымы (1, 3, 6 айға
және 1 жылға берілетін қарыздар). Соңғы жылдарда
6-7 % деңгейде сақталып тұр, халықаралық
қаржы нарықтары үшін негіз болып табылады.
FIBOR- Майндағы Франкфуркттегі
қор биржасының қойылымы;
PIBOR – Париждік банкаралық
корреспонденттік қатынас нарықтың қойылымы және
т.б.
Мәскеудегі банкаралық
корреспонденттік қатынас нарықта келесі қойылымдар
қолданыста:
МИБОР – қысқа мерзімді
қарыздар орналастыру;
МИБИД, ИНСТАР-
несиелік ресурстарды тарту.
Пайыздық
қойылымдардың өзгеруі туралы ақпарат үнемі
баспаға шығып отырады. Несие бойынша пайыздық қойылымды
анықтау. Төленетін сомманың көлемін (өсірілген)
қарапайым пайыз қойылымын қолдану арқылы анықтау:
Z = K + V = K + m’ y’ K / 100 = K (
1+ m’ y / 100) ;
Мұндағы Z-несиенің
өсірілген соммасы
К –берілген қарыздың көлемі;
V – m жылға төленген
пайыздық ақшаның соммасы, ( егер m <1 болса, күнмен
есептелген несие мерзімін 360-қа бөлу керек),
y(%) –пайыздың жылдық
қой ылымы;
m- пайыздар төленетін мерзім.
LIBOR – негіздік қойылымы- бұл
банкаралық корреспонденттік қатынас нарықтағы
депозиттер үшін әлемдік валютамен (доллармен, евромен,
швейцарлық франкпен) берілген ұсыныс қойылымы, пайыз
есептеудің әрбір кезеңі үшін есептеу
Кезеңінің бірінші күнінде (немесе бастапқы есептеу
кезеңі кезіндегі пайыздық төлем күніне не пайыз
есептеудің осындай кезеңінің күнінде, не болмаса
пайыздық есептеудің бірінші күнінің алдында болатын
келесі күнінде) бағаланады және банкпен негізді
анықталынып, жылдық пайыздар ретінде көрсетіледі [4].
Банк қарыз
алушыны, пайыз есептеудің әрбір кезеңі үшін
анықталынатын LIBOR негіздік қойылымы және LIBOR
жиынтық спрэды туралы хабардар
етеді. «LIBOR» жиынтық спэды –
пайыздарды есептеудің әрбір кезеңі үшін: (а) бір
пайыздың жартысы (%-дан ½); (b) теріс (немесе оң) пайыздарды
есептеу кезеңі үшін орташа маржасы, Банктің төленбеген
қарыз қаражаттарына немесе бір валюталы несиелерді, Банкпен негізді
анықталатын және жылдық пайыздар ретінде көрсетілетін
несие бөліктерін қаржыландыруға Банкпен бөлінген
қарыз қаражаттарының бөлігіне қатысты алты
айлық депозиттері бойынша қойылымдарынан немесе Лондондық
банкаралық корреспонденттік қатынас ұсыныс қойылымынан
төмен (немесе жоғары).
Іс жүзінде
бұл Ұлттық банктің белгілі бір шарттармен немесе
белгілі бір қойылымдармен «overnight» несиелерін береді немесе
қабылдауымен асырылады. Банкаралық корреспонденттік қатынас
несие нарығының қатысушыларының құрамына
қаржылық жағдайдың өзгеруіне байланысты
өзінің операцияларын үнемі жүргізбейтін банктер кіріді.
Банкаралық корреспонденттік қатынас несие нарығының
ең белсенді операторлары-өз атынан және өз есебінен
әрекет ететін диллер-банктер, олар қарыз алушы немесе кредитор
ретінде болуы мүмкін. Олардың табысы-пайыздық маржа,
яғни қаражаттарды орналастыру мен тарту қойылымдарының
арасындағы айырмашылық. Оперативті жүйелерді, мысалы REUTERS DEALING 2000, қолдану
мәмілелерді оперативті жасаудың техникалық мүмкіндігін
қамтамасыз етеді: банктер стандартты ақпаратты
(ағымдағы бағамдар, шарттар, басқа да
анықтамалық деректер), сонымен қатар мәмілелерді
жасаудың белгілі бір құралдарды алады. Оперативті
жүйелерді пайдаланудан түскен табыс есептеуге
қатысушылардың абоненттік және коммисиондық
төлемдерден құралады.
Банкаралық
несие нарығы-коммерциялық банктердің несие ресурстарын
толықтыру көздерінің бірі және өзінің
өтімділігін реттеудің оперативті құралы
Коммерциялық
банк басқа банктің несиесін тікелей немесе делдал (басқа
банк, қор биржасы, брокерлік кеңсе) арқылы алуы мүмкін.
Банкаралық корреспонденттік қатынас несие-қымбат несиелік ресурс,
бірақ депозиттерге қарағанда, оларға резервті талаптар
қойылмайды, сондықтан банкке алынған банкаралық
корреспонденттік қатынас несиенің соммасын толығымен табысты
салымдар үшін қолдануға болады. Несиелік ресурстардың
бағасы – NIBK нарығындағы несие бойынша пайыздық
қойылым-ұсыныс пен сұраныс әсерінен қалыптасады.
ТМД-дағы Банкаралық корреспонденттік қатынас несие
жағдайы туралы төменде көрсетілген арнайы көрсеткіштер
ақпарат береді:
MIBOR (Moscow
Interbank Offered Rate) – сату бойынша ұсыныстың орташа
қойылымы, MIBID (Moscow Interbank
Bid) – сатып алу бойынша ұсыныстың орташа қойылымы.
MIACR (Moscow Interbank Actual Credit
Rate)-банкаралық корреспонденттік қатынас несие бойынша орташа
нақты пайыздық қойылым. Жоғарыда аталған
көрсеткіштер Қазақстанның ірі банктері-банкаралық
корреспонденттік қатынас несие нарығының қатысушылары
бойынша есептеледі.