Кафедра доценті Кизимбаева
А.Б.
Коммерциялық
банктердің пассивтік операцияларының мәні мен
құрылымы.
Коммерциялық банктер бір жағынан, шаруашылық
субъектілердің уақытша бос ақшалай қаражаттарын
тартатын болса, екінші жағынан, бұл қаражаттар есебінен кәсіпорындар,
ұйымдар мен әртүрлі қажеттерін
қанағаттандыратын спецефикалық икемі болып табылады.
Коммерциялық банктердің пассивтік операциялық негізде
оның қызметінің жүзеге асырылуы үшін банктік
ресурстар жинақталады.
Банктік ресурс - бұл несиелеу ресурсына қарағанда
кең ұғымды білдіреді. Банктік ресурстар тек несиелеуге
ғана емес; сол сияқты басқадай активтік немесе комиссиондық
операцияларды қаржыландыру үшін де пайдаланылады.
«Қаржы - несие
сөздігінде» банктік ресурсқа келесідей түсінік береді:
Банктік ресурс - бұл банктік несиелік және
басқадай операциялары үшін пайдаланылатын банктің иелігіндегі
қаражат жиынтығы болып табылады.
Қандай
артықшылығы болмасын бұл, себебі мұнда банктік
ресурстардың құрылу көздері жайлы айтылмайды.
Экономиканы әкімшіл және әміршіл басқару
жүйесі жағдайында, елдегі банк ісінің ұйымдастырылуында
мемлекеттік монополия болды.Барлық кәсіпорындар, ұйымдар және
мекемелер заңды түрде мемлекеттік банкмекемелерінде
өзінің ресурстарын міндетті түрде сақтауға тиіс
болды. Банкке кәсіпорындар мен мекемелердің ресурстары іс
жүзінде ақысыз алынды.Тек кооперативтік кәсіпорындарға
ғана жартылай мөлшерде төленді.Осындай жағдайларда
жалпы мемелекеттік ссудалық қор деген экономикалық
түсінік пайда болды.Жалпы мемлекеттік қор халық
шаруашылығын несиелеу үшін банк жүйесі арқылы
мемелекетпен жинақталған қаражаттар жиынтығын
білдіреді.Демек банктердің ресурсы болып саналады.
Ссудалық қорды
орталықтан болу сипаты
банк ресурстарының құрылымдарына
тікелей әсер етті.Банк ресурстары меншікті және сырттан
тартылған қаражаттар болып бөлінді. Меншікті
қаражаттарға: жарғылық,резервтік, негізгі құралдар,амортизациялық
және банк ісін дамыту қорлары кіреді.
Тартылған
қаражаттарға: мемлекеттік бюджет қаражаты, кәсіпорындардың,
ұйымдардың есеп айырысу және ағымдық
шоттардағы қаражаттары және халықтың
ақшалай қаражаттары жатады.Осындай жағдайларда, несиелік ресурстар
нарығы қалыптасып, мемлекеттік қарыз қоры осы нарықтың
бір бөлігін құрады.
Бүгінгі таңда
несиелік ресурстар нарығының кұрылуында көптеген ерекшеліктер
бар десем болады. Коммерциялық банктердің қызметінің тұрақтылығы
үшін ең бастысы, олардың баланстары өтімді болу керек, ал
оның қамтамасыз етілуі, несиелік ресурстар мен несиелік
жұмсалымдар арасындағы тепе-теңдікті уақыты және
мерзімі бойынша сақталуын талап етеді.
Коммерциялық банктердің қызметінің
ауқымдылығы оның алатын пайдасына, яғни банктің
қарыз нарығында алған ресурстарының мөлшеріне
тікелей байланысты, міне, осы жерден келіп, банктер арасында ресурстарды
сырттан тартуда бәсекелес туындайды.
Несиелік ресурстар нарығының пайда болуымен қатар
бағалы қағаздар нарығы қалыптасады. Ендеше банктер
жаңа қызмет түрлеріне бағалы қағаздармен,
факторинг,лизинг және басқадай операциялармен тікелей жұмыс
жасайды.Бұл яғни банктік ресурстың құрамына, тек қана
ақшалай қаражаттар емес, сол сияқты тауарлы- материалды
құндылықтар және бағалы қағаздар
кіреді дегенді білдіреді. Қаншалықты ұлттық банкіміз «банктердің
банкі» болып табылатындықтан коммерциялық банктердің
ресурстарының бір бөлігі сол банктен алған ресурстардан да құралады.
Демек, коммерциялық
банктер ерекше бір кәсіпорын ретінде делдалдық қызметке байланысты,
несиелік ресурстар нарығында ресурстарды сатып ала отырып. оны
қажет ететін кәсіпорындарға, ұйымға және
халыққа сатып отырады.Бұл жағдайда банк үшін
активті және пассивті операциялары да ең маңызды болып
табылады. Пассивтік операцияларға банк ресурстарының мөлшері тәуелді.
Өз кезегінде банктер
саясатын дұрыс жүргізе алмаса, онда оның клиенттері
басқа бір банктерге кетіп қалуы мүмкін.
Жоғарыда айтылғандардан
келіп, коммерциялық банктердің ресурстарының анықтамасы
шығады. Коммерциялық банктердің ресурсты - бұл
пассивтік операциялары үшін пайдаланылатын банктің меншікті және
тартылған қаражаттарын білдіреді.
Нарықтық қатынастарға өту барысында банктік
ресурстардың құрылымында біршама өзгерістер болуда.
Меншікті қаражаттар қаржы ретінде, біріншіден коммерциялық
банктердің акционерлік капиталы, резервтік қор, сол сияқты
арнайы қорлар кіреді. Сырттан тартылған қаражаттардың
жаңа түріне: ұлттық банктен және басқадай
несиелік мекемелерден алатын несиелер, басқа банктердің, қор
шоттағы, депозиттік шоттардағы қаражаттар, облигацияларды
сатудан түскен қаражаттары, лизингтік операцияларды жүзеге
асыру үшін алынған тауарлы- материалдық құндылықтар
жатады.
Коммерциялық банктердің ресурстарының құрылымы,
мамандалуы,әмбебаптылығы, қызметінің ерекшеліктеріне
қарай ерекшелінеді.
Қаншалықты банк ресурстары
пассивтік операциялар нәтижесінде құрылатындықтан,
оған да анықтама беру керек. Қаржы және несие
сөздігінде: «пассивтік операциялар- олар несиелік және активтік операцияларды
жүзеге асыруға арналған банктің өз ресурсын
құрау операциялары» - делінеді. Бұл түсініктемелерге
негізінен алынған толық еместігін білдіреді, себебі бір банктік операциялар
арқылы түсінуге болады.
Соңғы оқулықтарға сүйенсек,
банктің операциялары-бұл нәтижесінде пассивтік немесе активті
пассивтік арту формасын білдіретін операциялар болып табылады.
Пассивтік операциялар негізінде
банктік ресурстар жинақталады.Сондақтанда, пассивтік
операциялардың коммерциялық банктер қызметіндегі рөлі
жоғары.
Пассивтік операциялар көмегімен банктер
нарықтан несиелік ресурстарды сатып алады.
Пассивтік
операциялардың төмендегідей формалары болады:
-
коммерциялық банктердің бағалы қағаздары
алғашқы эмиссиялау:
-
банк пайдасынан капиталдарды немесе қорларды ұлғайту
және құру,
-
басқадай заңды тұлғалардан несиелер алу;
-
депозиттік операциялар.
Пассивтік операциялар айналыстағы
ақшалай құжаттарды банктерге таратуға мүмкіндік
береді.Алғашқы пассивтік операциялардың екі формасы негізінде
несиелік ресурстардың бірінші ірі тобы, яғни меншікті ресурстар құрылады.
Келесі бір екі формасы екінші бір ірі топ, яғни заемдық немесе сырттан
тартылған несиелік ресурстар құрамын
білдіреді. Банктің меншікті ресурстарына
қатарына меншікті капиталымен оған сай келетін баптар
кіреді.коммерциялық банктердің меншікті капиталының
рөлі мен шамасы, басқа қызметпен айналысатын кәсіпорындар
және ұйымдарға
қарағанда өзіндік ерекшеліктерге ие.Банктің осы меншіктегі
капиталы арқылы оның барлық қаражаттарға деген
қажеттілігінің 10% жабылады.Шын мәнінде,
меншікті және сырттан таратылатын
қаражаттардың арасында шектің ең төменгі
мөлшерінде шекарасы болады.
Банктің
меншікті қаражаттының үнемі тұрақтылығын ұстап
отыру да өте маңызды банктің бастапқы құрылым
барысында, осы меншікті қаражаттары алғашқы шығындарды,
яғни жерге, ғимаратқа, жабдықтауға, жалақы
жұмсалатын шығындарды көтереді. Себебі,
меншікті қаражатсыз банктің қызметін бастау мүмкін
емес.Осы меншікті қаражаттар есебінен банкте қажетті резервтер
құрылады. ең соңында банктің меншікті
қаражаты бұл ұзақ мерзімді активтерге жұмсалымдардың
басты көзі болып табылады.
Акционерлік капиталдың құрылымы
әр банктерге әр түрлі келеді.
Акционерлік капитал келесідей болып бөлінеді:
а) меншікті
акционерлік капитал, яғни бұл жай және
артықшылығы бар
ақцияларды сатудан түскен қаражаттардан, үнемделген капитал
және
бөлінбеген пайдадан тұрады:
б) банктік резервтер, яғни алдағы уақыттағы әр
түрлі шығындарды
жабуға, дивиденттер төлеуге, қайтарылмаған
қарыздың орнын жабуға
арналады.;
в) банктің ұзақ мерзімді
міндеттемесі,(ұзақ мерзімді вексельдері,
облигациялары).
Банктің сырттан тартылған қаражаттары активтік
операцияларды оның ішінде несиелік операциялардың 90%-ке
жуықтайы ресурстарға деген қажетін
қанағаттандырады.Олардың рөлі біршама жоғары
тұрады.
Заңды және жеке тұлғалардың
уақытша бос жатқан қаражаттарын тарта отырып,
коммерциялық банктер халық шаруашылығының қосымша
айналым қаражаттарына деген сұранысы мен қатар
халықтың тұтыну қажетін қанағаттандырады.
Меншікті және сырттан тартылған коммерциялық банк ресурстары
ұлттық банкке ашылатын корреспонденттік шотта көрсетіледі. Бұл
актив шот, сондықтан да, дебет бойынша ресурстары, ал кредит бойынша
несиелік жұмсалымдары беріледі.Демек, дебеттік
қалдықтың шамасы банктің бос резервінің
мөлшерін көрсетеді.
Банктің бос резервінің
мөлшері активтік операцияларға жұмсалған оның
ресурстарының шамасын білдіреді. Осы бос жатқан резервтер сомасы
қаншалықты жоғары болса, онда банктің
тұрақтылығы жоғары, бірақ пайдасы төмен болады.Керісінше,
егер бос жатқан қаражаттары төмен болса, онда тұрақтылығы
төмен, пайдасы жоғары болып келеді.Сондықтан да, әр коммерциялық
банк өзінің корреспонденттік шоттағы қалдығын
үнемі ықшамдауға ұмтылады.
Банктің меншікті қаражаттары және оларды қалыптасу
көздері. Банктің меншікті қаражаттары деп банктің
экономикалық дербестігін және қызмет ету
тұрақтылығын қамтамасыз ететін әр түрлі
қорлар мен бөлінбеген пайданың жиынтығын түсінуге
болады.
Банктің меншікті
қаражаттарына жататындар:
-
Банктің акционерлік капиталы:
-
банктің резервтік қоры;
-
басқадай қорлар;
-
сақтандыру резервтері;
-
бөлінбеген пайда.
Меншікті қаражаттар құрамында
банктің меншікті капиталын бөліп қарауға болады.
Меншікті капиталға: жарғылық капитал; құрылтайшылық
пайда; өткен жылдардағы бөлінбеген пайда кіреді.
Банктің меншікті капиталы
басты үш қызмет атқарады:
1.
Қорғаныс.
2.
Реттегіш.
3.
Оперативтік.[1,189]
Қорғаныс қызметі банктің зиян
кешу немесе борыштық тұрақсыздыққа
ұшырау жағдайында салым иелерімен
кредиторлардың мүддесін қорғауды: құрылған
резервтер есебінен банктің төлем қабілеттілігін
сақтауды: банк қызметінің зиянға байланыссыз
жалғаса беруін білдіреді. Қорғаныс қызметі бұл
меншікті капиталдың негізгі қызметі болып саналады.
Оперативтік қызметі - банк қызметінің
қаржылық негізін қамтамасыз етуге бағытталған. Бұл
қызметі екінші дәрежелі қызмет ретінде, өйткені
активтік операцияларды жүргізу үшін негізгі ресурстар ретінде
банктің сырттан тартылған қаражаттары маңызды рөл
ойнайды.
Банктің меншікті капиталының бұл
қызметі активті операциялардың өсуінің негізін,
яғни банктің міндеттеріне сай келетін банктік операциялардың
көлемі мен сипатын қолдай отырып, қамтамасыз етеді.
Реттегіш қызметі - қоғам
банктердің жетістіктерімен қызмет етуіне мүдделік танытуда,
сол сияқты коммерциялық банктер мен басқадай несиелік
мекемелердің қызметтеріне орталық банк тарапынан заңдар
және ережелер бойынша бақылау жасап отыруына байланысты сипатталады.Бұл
ереже негізінен жарғылық капиталдың ең төменгі
мөлшерін сақтау, банк қызметі үшін рұқсат
қағаз алу, бірақ қағаз алушыға келетін тәуекелдің
ең жоғарғы мөлшерін бұзбауға
бағытталған.
Демек, банктің меншікті капиталы
оның жұмысының тиімділігі және банктің
тұрақтылығын
қамтамасыз етуде бірінші дәрежелік мәніне ие болады.
Акционерлік капитал банктің қызметінің бастапқы
кезеңінде, яғни банктің
әр жұмысын бастау
барысында бірінші кезектегі шығындар жұмсалуы қажет.
Меншікті қаражаттардың негізгі элементі - бұл
банктің жарғылық капиталы болып табылады.
Жарғылық капитал - бұл банктің ұйымдастырудағы
бастапқы нүктесі болып табылады. Банктің ұйымдастырылу
формасына байланысты жарғылық капиталды құру әр
түрлі болады. Егер банк акционерлік қоғам формасында
құрылатын болса, онда оның жарғылық капиталы ашық
түрде жазылып таратылатын ақциялардың номиналдық
құнының сомасында ( банк егер ашық типтегі акционерлік
қоғам түрінде болса), кейде
құрылтайшылардың арасында жарғылық капиталдағы
үлесіне байланысты барлық ақциялар таратылады (банк жабық
акционерлік қоғам болса), кейде құрылтайшылардың арасында
жарғылық капиталдағы үлесіне байланысты барлық
акциялар таратылады (банк жабық акционерлік қоғам болса).
Қазақстан Республикасында банктер акцияны шығарған
сатуға құқысыз, яғни жабық акционерлік
қоғам формасында құрылады. Ал мемлекеттік банктер мемлекеттік
кәсіпорын формасында құрылады. Ашық типтегі акционерлік
қоғамға банктердің (жабық типтегі акционерлік
қоғам формасындағы) өтуі үшін, ұлттық
банктен банктік операцияларды жүзеге асыруға рұхсат
қағазын алғаннан кейін бір жыл бойына ұлттық банк
тарапынан бекітілген пруденциалдық нормативтерді және
басқадай міндеттемелерді сақтауды қажет. [1,265]
Егер де банк жауапкершілігі шектеулі қоғам түрінде
құрылған болса, онда оның қаржылық
қорының әр құрылтайшыға тиетін үлесі
құрылтайшылық құжатта анықталады және
бұл банктің қатысушылары немесе құрылтайшылары
өздеріне тиісті үлес шегінде ғана оның міндеттемелеріне
жауап береді.
Банктің ұйымдастырылуы және құқықты
формасынан байланыссыз.Оның жарғылық капиталы оның
қатынасушылары, жеке және заңды тұлғалар есебінен
құрылады.Және оларды міндеттемелерінің қамтамасыз
ету құралы болып табылады.Жарғылық капитал оның
қатысушыларының меншікті қаражаты есебінен ғана құрылуы мүмкін.
Банктік несиелер есебінің жарғылық капиталы тек ақшалай
қаражаттар есебінен де құрылуы мүмкін.
Тіркеуге алынатын уақытта
жаңадан құрылған банктің жарғылық капиталы,
құрылтайшылық құжатта хабарланған,
оның акционерлерінің сомасының 50% төленуі тиіс, ал
тіркеуге алған кезінен бастап бір жыл ішінде оның жарияланған
сомасы толық төленуге тиісті. Жарғылық капиталының
сомасы заңдылықтармен шектелінбейді. Банктердің
тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін
жарғылық капиталдың ең төменгі мөлшері
белгіленеді.
Жарғылық
капиталға үлес қосқан акционерлер банктің таза пайдасы
есебінен дивидент алып отырады. Дивиденттің мөлшері, кезектілігі және
есептелу тәртібі акцияның шығарылу тәртібіне және
түріне байланысты анықталады.
Банктің пайдасы болмай
қалған жағдайларда, артықшылығы бар-акциялар
бойынша дивидент резервтік қор есебінен төленеді.
Жарғылық капиталды ұлғайту
көздеріне төмендегілер жатады:
- жаңадан
акция шығару немесе айналыстағы акцияның номиналдық
құнын өсіру арқылы;
- жаңадан жарғылық капиталға үлес
қосушылар есебінен;
-
пайдадан аударымдар есебінен.
Жарғылық капиталдардың азаюы
акционерлердің жалпы шешімі бойынша акцияларды сатып алып, оларды жою
барысында сол сияқты жарғылық капиталға үлес
қосушылардың кетуіне байланысты болуы мүмкін.
Банктің жарғылық капиталдан
басқа резервтік қорда құрады.
Резервтік қор - бұл
активті операциялардан туындайтын зияндардың орнын жабу үшін
тағайындалады және пайда жеткіліксіз болған
жағдайларда, банктің акция және облигациялар бойынша дивидент
төлеу барысында қызмет етеді. Резервтік пайдаға салық
салмағанға дейінгі сомада, яғни банктің
жарғылық капиталының төленген сомасының 25% -тен 100%
- ке дейінгі сомасы мөлшерінде құрылады. Пруденциалдық
нормативтердегі меншікті капиталдың жеткіліктілік коэффициентін есептегенде,
халықаралық тәжірибеде де резервтік капитал бірдеңгейлі
капиталға жатады.
Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі
1. Б.И. Лисак «Основные методы оценки и
управления риском ликвидности в банках» //Банки Казахстана, 2006. – №11. – 7 с.
2. Б.И. Лисак. Ипотечные операции банков, как путь
дальнейшей диверсификации // «финансы», 2008 г. – 126 с.
3. Развитие банковской системы// Рынок
ценных бумаг Казахстана. — 2010. -№4 /102 c./