Э.ғ.к. Тлеужанова Д.А, магистрант Самархан
Ұ.Қ
С.Сейфуллин атындағы ҚАТУ,
Қазақстан Республикасы
Қазақстан
Республикасының экономикалық дамуындағы
шағын
және орта бизнестің рөлі
Шағын және орта бизнесті дамыту
елдің экономикалық дамуының маңызды
факторы болып табылады. Кәсіпкерлік
қызмет – еліміздің экономикасы үшін халықтың әлеуметтік
тұрмыс жағдайының жақсаруына әрекет ететін қажетті
буын. Кәсіпкерлік – азаматтар мен олардың бірлестіктерінің
пайда немесе өзіндік табыс алуға бағытталған
бастамашылық дербес қызметі.
Қазақстан Республикасы
Президентінің «Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық
өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері»
деп аталатын халыққа арнаған Жолдауында «Әртараптандырудың
өзегі кәсіпкерлік болады. Біз тәуекелдерді өз мойнына
алуға, жаңа рыноктарды игеруге, инновациялар ендіруге дайын
қуатты кәсіпкерлер тобын көргіміз келеді. Нақ осы
кәсіпкерлер экономиканы жаңғыртудың
қозғаушы күші болып табылады. Осыған байланысты Үкіметке
2010 жылдан бастап өңірлерде шағын және орта бизнесті
дамыту жөнінде бірыңғай бюджеттік бағдарлама енгізілуін
қамтамасыз етуді тапсырамын», – деп атап көрсеткен болатын[1].
Кесте-1
ЖІӨ Шағын және орта кәсіпкерліктің үлесі[2]
|
2012-2014 жылдарға Жалпы өңірлік өнімдегі
шағын және орта кәсіпкерліктің жалпы
қосылған құнының үлесі |
||||
|
Атауы |
Пайызбен |
|||
|
|
2012 |
2013 |
2014 |
|
|
Қазақстан
Республикасы |
17,5 |
17,3 |
16,9 |
|
|
Ақмола |
23,4 |
20,1 |
19,5 |
|
|
Ақтөбе |
13,8 |
14,1 |
13,5 |
|
|
Алматы |
25,9 |
24,9 |
23,7 |
|
|
Атырау |
6,9 |
7,3 |
5,8 |
|
|
Батыс
Қазақстан |
12,6 |
11,0 |
10,7 |
|
|
Жамбыл
облысы |
18,1 |
16,9 |
15,3 |
|
|
Қарағанды |
10,7 |
11,1 |
11,1 |
|
|
Қостанай |
20,2 |
17,7 |
16,6 |
|
|
Қызылорда |
8,7 |
11,3 |
10,6 |
|
|
Маңғыстау |
10,7 |
10,2 |
9,7 |
|
|
Оңтүстік
Қазақстан |
18,7 |
16,6 |
16,1 |
|
|
Павлодар |
11,8 |
11,9 |
12,1 |
|
|
Солтүстік
Қазақстан |
25,3 |
25,6 |
25,6 |
|
|
Шығыс Қазақстан |
16,7 |
15,4 |
14,6 |
|
|
Астана
қаласы |
31,5 |
28,6 |
29,1 |
|
|
Алматы
қаласы |
25,8 |
25,4 |
22,3 |
|
*Дерек көзі: ҚР Статистика агенттігінің мәліметтері
негізінде құрастырылған
Сондықтан да қазіргі кезде
кәсіпкерлікті, соның ішінде шағын және орта
кәсіпкерлікті дамытуға
ерекше назар аударылып отыр. Осы аталғандарды ескере отырып, шағын
және орта кәсіпкерлікті дамыту және оның дамуына
жан-жақты жағдай жасау, қызмет тиімділігін арттыру объективті
қажеттілік болып отыр.
Шағын және орта бизнесті дамыту
тұрғындардың әлеуметтік жағдайын жақсартып,
басым бөлігін жұмыспен қамтудың негізі болып табылады.
Қазіргі
таңда еліміздегі шағын және орта кәсіпкерліктің
даму қарқынының көрсеткіштерінің бірі - жалпы
өңірлік өнімдегі шағын және орта
кәсіпкерліктің жалпы қосылған құнының
үлесін 1 кестеден көруге болады.
Кестеден көрсетілгендей, еліміздің бірнеше облысында
соңғы жылдары кәсіпкерлік қызметтің
ЖІӨ-дегі үлесі төмендеген, осыған байланысты
қалыптасқан мәселенің орын алуының түрлі
себептерін атап өтуге болады. Бірінші кезекте ол – әлі де болса
қағазбастылықтың жоғары болуы, бұл ретте
әкімшілік кедергілерді жою арқылы элоктронды
құжаталмасу жүйесін жетілдіру маңызды. Сонымен
қатар, кәсіпкерлік пәнінің түсінігін, нақты
маркетингтік жоспарлардың жетіспеушілігі, кез-келген шағын және орта бизнеспен
айналысушы үшінші заңды тұлға қарапайым бизнес
жүргізу тәртібін білмеуі айтарлықтай әсерін тигізеді.
Кесте 2-
2010-2014 жж. Қазақстан Республикасындағы шағын
және орта кәсіпкерлік көрсеткіштерінің мәліметтері[2]
|
№ |
Көрсеткіштер |
Мәліметтер |
||||
|
2010 |
2011 |
2012 |
2013 |
2014 |
||
|
1 |
Кәсіпкерлік нысандарының саны |
31005 |
38504 |
39353 |
41505 |
45411 |
|
2 |
Кәсіпкерлік нысандарда жұмыс істейтіндер саны,
мың адам |
105084 |
119617 |
121078 |
125014 |
126809 |
|
3 |
Кәсіпкерлік нысандарының өнімінің көлемі,
млрд. Тг |
50,982 |
64,675 |
74,307 |
73,504 |
70,606 |
|
4 |
Кәсіпкерлік нысандардан бюджетке түсім, млн. тг |
6161,5 |
6000,2 |
5925,2 |
56,775 |
56,504 |
*Дерек көзі: ҚР Статистика агенттігінің мәліметтері
негізінде құрастырылған
Қазақстан
Республикасындағы шағын және орта кәсіпкерлік даму
қарқыны бойынша мәліметтер негізінде 2010 жылмен
салыстырғанда бірқатар көрсеткіштер бойынша өсімді
байқауға болады, алайда кәсіпкерлік нысандардан бюджетке
түсімі 2010 жылдан бастап әр жыл сайын төмендегенін көруге болады.
Қазіргі уақытта елімізде
өндірілетін тауарлар мен қызметтердің саны мен сапасын
арттыруға, менеджмент деңгейін
жоғарылатуға бағытталған іс-шаралар кешенін
жүргізу қажет болып отыр. Бұл бағытта, дамыған
мемлекеттердің тәжірибесі көрсеткендей, шағын
және орта бизнесті дамыту арқылы жаңа жұмыс орындарын
ашу, нарықта отандық тауарлар мен қызметтер үлесін
арттыру, қаржылық қамтамасыз етілуі, шаруашылық
субъектілердің инновациялық белсенділігін жоғарылату
мемлекеттің қатысуынсыз жүзеге асыру мүмкін емес.
Кәсіпкерлік мемлекеттік қолдаудың
толық жүйесін қалыптастыру күрделі және
ұзақ уақытта жүргізілетін үрдіс. Оның
негізіне келесі бағыттардағы
ұйымдастырушылық-құқықтық шаралар
кешенін жүзеге асыру қажет:
-
заң шығарушылық және нормативтік базамен
қамтамасыз ету;
-
заңдық нормалардың орындалуының сақталуына
кепілдік беретін құқық қорғау механизмін
қалыптастыру;
-
кәсіпкерлерді әртүрлі қылмыстық
іс-әрекеттерден қорғауды қамтамасыз ету;
-
арнайы мамандандырылған институттар жүйесін жетілдіру;
-
мемлекеттік бағдарламалармен қамтамасыз ету;
-
бизнесті қолдауға бағытталған шараларды
ресурстық және қаржылық қамтамасыз ету.
Ұлттық экономикада шағын
және орта кәсіпкерлікті дамытуда микроқаржыландыру
жүйесін жетілдірудің қажеттілігі туындайтыны анық.
Халықаралық тәжірибе көрсетіп отырғандай, дамыған микроқаржыландыру
жүйесі кедейшілікпен күресу, жұмыспен қамту және
халықтың әл-ауқатын арттыру
құралдарының бірі болып табылады. Мемлекет елдің кредит
жүйесінің үшінші деңгейі ретінде микроқаржы
секторының ортамерзімді және ұзақмерзімді
перспективаға сапалы дамуына, сонымен
қатар оларды қорландыру механизмдерін мемлекеттік
даму институттары арқылы енгізу жолымен жәрдемдесуге барынша
талпынуымыз қажет.
Кәсіпкерліктіқолдау
инфрақұрылымын
қалыптастыру
кезінде жас кәсіпкерлердің
Start-up жобаларына идея әзірлеуден
бастап, оның
коммерциялануына
дейінгі
кезеңде қолдау
көрсететін
бизнес-инкубаторлардың
рөлі ерекше.
Келешекте жастардың кәсіпкерлік әлеуетінің жоғарылығын ескере отырып
және тұрғындардың
шағын және орта бизнесті қолдау
құралдары
мен барынша
жоғары
деңгейде қамтылуын қамтамасыз ету
мақсатында Қазақстана аумақтарында
бизнес-инкубатор
желілерін
құруды
қарастыру керек. Бизнес-
инкубаторларды бастапқы кезеңде, егер
пилотты жобалар
тиімді болатын болса, бизнес-инкубатор
желілерін келешекте
барлық
аймақтарда
құрып, әрі дамыта
отырып,
Қазақстанның
оңтүстігінде, шығысында,
батысында, солтүстігінде және
орталық бөлігінде аумақтық
орналастыру
жүзеге асыруда елімізде сапалы
кәсіпкерлер ұйымы қалыптасатыны сөзсіз.
Әдебиет:
1.Жаңа онжылдық - жаңа
экономикалық өрлеу - Қазақстанның жаңа
мүмкіндіктері - ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың
Қазақстан халқына Жолдауы
2. /stat.gov.kz/
3. «Кәсіпкерлік қызметті 2020
жылға дейін мемлекеттік реттеу тұжырымдамасын бекіту туралы»
Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының
жобасы туралы