341. 231. 14:316. 344. 5:34. 07
Қоғамдағы
құқықтық білім берудің
маңыздылығы
Бисенова Маржан Қылышбайқызы заң ғылымдарының
кандидаты
Алмешова Алтынай Қасымбекқызы аға оқытушы
Мүсірәлиева Үміт
Ю-14-1 оқу тобы
Ақмешіт
гуманитарлық-техникалық институты
Қазақстанда құқықтық мемлекет
құру азаматтардың құқықтары мен
бостандықтарын қорғаумен байланысты арнайы институттарды одан
әрі жетілдіруді талап етеді. Адам және азамат
құқықтары мен бостандықтарын қорғау
жүйесіндегі маңызды тетігі aдам құқықтары
жөніндегі уәкіл институты болып табылады. Бұл мемлекеттік
құқық қорғау институтын құру
Қазақстандағы демократияның дамуындағы
үлкен қадам болды. Осы институт қызметінің
нәтижелігін арттыру мәселесін қарау керектігін тәжірибе
көрсетіп отыр.
Құқықтық
түсіндіру жұмысы, құқықтық
мәдениетті қалыптастыру, азаматтарды
құқықтық оқыту мен тәрбиелеуді
қамтамасыз етуде мемлекеттік органдардың, қоғамдық
бірлестіктердің күш-жігерін үйлестіру жөнінде біршама
жұмыс атқарылғанын атап өткен жөн. Өзекті
құқықтық ақпараттардың
қолжетімсіздігі жағдайында азаматтардың жоғарғы
мемлекеттік органдарға шағымдануы артуы мүмкін.
Қазақстандық Интернет кеңістігінде
қолданыстағы заңнамаға түсіндірме беруді
және осыған ұқсас заңды мәселелерді шешуде
шетелдік тәжірибені айтпағанда нормативтік
құқықтық актілердің басым көпшілігі
жоқ. Бүгінгі таңда қазақстандық Интернет
кеңістігінде тиімді жұмыс істеп отырған жеке-меншік
ақпараттық-құқықтық порталдар
жұмыс жасауда [1]. Сонымен қатар, қазіргі кезде орталық
мемлекеттік органдардың web-ресурстарында азаматтарға салық,
кеден, еңбек заңнамалары бойынша заңгерлік кеңес беру
үрдісінің дамуы байқалуда.
Құқықтық түсіндіру процесін жетілдіру,
өзекті құқықтық ақпаратты тарату
және алу, оң тәжірибемен алмасу, Министрлік қызметі
туралы ақпаратқа қол жеткізу мүмкіндігін кеңейту
мақсатында интернет-ресурстың жұмыс істеуі жыл сайын
жетілдірілуде: айдарлар жаңартылуда, материалдарды орналастыру нысаны
өзгертілуде және т.б. Құқықтық
ақпараттың қолжетімділігі тұрғысында еуропа
елдерінің тәжірибесі қызығушылық тудыруда. Нормативтік
құқықтық актілер мен заңгерлік
әдебиеттерді Интернет жүйесі арқылы қолжетімділігі
жасалған.
Қазақстанда
болып жатқан азаматтардың құқықтары мен
бостандықтарын толық іске асыру негізі болып табылатын
құқықтық мәдениетті дамыту процесін
назарға ала отырып, азаматтардың құқықтары
мен заңды мүдделерін қамтамасыз ететін
құқықтық институттар қызметінің
нысандары мен әдістерін одан әрі жетілдіру қажеттігі
туындайды.
Сондықтан,
елімізде тәуелсіздік алған жылдар ішінде жүзеге
асырылған саяси және әлеуметтік-экономикалық
қайта құрулардың әсерімен
мемлекеттік-конфессионалдық қатынастар саласында елеулі
өзгерістер қалыптасқанын ескере отырып, Қазақстан
Республикасы азаматтарының құқықтық
мәдениет деңгейін арттыру мақсатында мемлекеттік саясатты
құқықтық түсіндіру жұмысын
ұйымдастыру саласында қоғамдық бірлестіктермен тиімді
іс-қимылды жүзеге асыра отырып, іске асыру қажет. Қойылған
мақсаттарға қол жеткізу
құқықтық түсіндіру жұмысы саласында
мынадай міндеттерді шешуге ықпал етеді: Қазақстан
заңнамасын түсіндіру жұмыстарын жүргізу;
мемлекеттік қызметшілердің және жалпы халықтың
құқықтық сауаты деңгейін арттыру; бұқаралық ақпарат
құралдарымен өзара іс-қимыл жасау,
құқықтық түсіндіру жұмысында
дүниежүзілік "ИНТЕРНЕТ" желісін қоса алғанда,
жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану; құқықтық
түсіндіру жұмыстары және
құқықтық оқыту жұмыстарының
өзекті мәселелері бойынша ғылыми зерттеулерді жандандыру[2].
Құқық қорғау
институттары жүйесіндегі жетекші рөлге азаматтарға
заңгерлік көмек көрсету жүйесінің негізі болып
табылатын адвокатура ие. Азаматтардың білікті заңгерлік көмек
алуға конституциялық құқығын іске асыру
әділ сот төрелігіне қол жеткізудің шарты мен кепілі
болып табылады. Заңгерлік
көмек көрсету жүйесінің өзі де жетілдіруді талап
етеді. Ең алдымен табыс деңгейі төмен адамдарға
құқықтық көмек көрсету жүйесін
жақсарту қажет. Қалалық және ауылдық
жерлерде біркелкі емес адвокаттық қызмет көрсетумен
қамтудың мәселесін бірте-бірте шешу қажет. Ақысыз
заңгерлік көмек көрсететін адвокаттардың еңбегіне
ақы төлеуге әкімшілік ету жүйесі де түзетуді
қажет етеді. Аталған жүйені шоғырландырылған
және ашық ету қажет, бұл бюджет қаражатын тиімді
пайдалануға мүмкіндік береді. Адвокаттардың жауапкершілігін
міндетті сақтандыру институты енгізілген елдер тәжірибесін ескере
отырып, мұндай сақтандыруды біздің елде енгізу
мүмкіндігін қарастыру қажет. Маңызды міндеттердің
бірі нотариат қызметінің жүйесін жетілдіру болып табылады.
Нотариаттың азаматтық айналымдағы қатынастардың
қосымша тұрақтылығын және заңдық
қауіпсіздігін, азаматтар мен ұйымдардың
құқықтары мен заңды мүдделерін сапалы қорғауды
қамтамасыз ететін құқықтық
инфрақұрылымның бір бөлігі ретіндегі рөлін
нормативтік-құқықтық айқындау қажет.
Нотариаттың ұлттық моделі нотариаттың көмегіне
барлық ел аумағында қол жеткізуді қамтамасыз етуге
тиіс. Құқықтық саясаттың
құрамдас бөлігі, елдің индустриялық-инновациялық
дамуын қамтамасыз етудің, оның зияткерлік әлеуетін
арттырудың маңызды шарты болып табылатын ғылыми және
білім беру қызметін құқықтық реттеу болмақ.
Ғылым-білім беру қызметінің құрамдас
бөлігі, өз кезегінде, құқықтық білім беру,
құқықтық насихат, яғни
құқықтық мәдениет мәселелері болып
табылады. Осыған орай, азаматтардың
құқықтық санасын, оның ішінде мемлекеттік
қызметшілер арасында заңгерлік сауаттылықты арттыру
жөніндегі жұмысты жалғастыру қажет. Халық
арасында Интернет-ресурстарды қоса отырып, бұқаралық
ақпарат құралдары арқылы
құқықтық насихаттың сапасын арттыру мен
көлемін кеңейту, заңнаманы және құқық
қолданудың өзекті проблемалары бойынша, атап айтқанда,
азаматтардың күнделікті өмірінде жиі қолданылатын
құқық салаларында ғылыми зерттеулерді жандандыру
қажет. Ұйымдастырушылық-құқықтық
сипаттағы іс-шаралармен тығыз байланысты мәселелердің
бірі заңгерлік білім мәселесі болып табылады [4].
Қоғамға
және мемлекетке адамның және азаматтың
құқықтары мен бостандықтарын, қоғам
мен мемлекеттің мүдделерін қорғауға бағдар
ұстанған және патриоттық бағыттағы
жаңа сипаттағы заңгерлік кадрлар керек. Нақ осындай
тәсіл заңгерлік білім жүйесінің негізі болуға
тиіс. Қазіргі жағдайда түрлі бейіндегі заңгер кадрларды
дайындаудың проблемаларын шешудегі мемлекеттің мүмкіндіктерін
шоғырландыру жолымен өту орынды. Мұндай тәсіл
мемлекеттік ресурстардың ысырап болмауына және заңгер кадрлар
даярлаудың сапасын арттыруға мүмкіндік береді. Жастар
арасында құқық
бұзушылықтың алдын алуға,
қоғамдық тәртіпті сақтауға, заңды
жауапкершілікті сезінуге өз үлесін
қосатын, атсалысатын субъектілердің бірі - оқу
орындары болып табылады. Оқу орнында жасөспірімнің
азаматтық, патриоттық, адамгершілік, салауаттық,
құқықтық, мәдени,
шығармашылық т.б. қасиеттерін дамыту
және қалыптастыру процесі жүзеге асырылады.
Бұл ұжым мүшелеріне үлкен
жауапкершілік пен міндет жүктейді. Құқық
бұзушылық пен келеңсіз
жағдайларды барынша болдырмау және алдын
алу, оның зияндылығы мен қауіптілігін
түсіндіруде - өскелең
ұрпаққа құқытық тәрбие
беру, оның мақсат – міндеттерін
дұрыс түсіндірудің маңызы
ерекше.
Құқықтық тәрбие беру жан -
жақты тәрбиелеудің маңызды бір
саласы. «Құқықтық
тәрбие мақсаты – оқушыларда құқықтық
мәдениет пен құқықтық әрекет –
қылық қалыптастырып, оларды
құқықтық заңдылық
талаптарын түсінуге әрі мойындауға баулу», - деп
анықталған [5].
Қазіргі «Білім
туралы» Заңның талаптарын орындау әлі
де көптеген экономикалық – материалдық,
құқықтық – нормативтік базаны
нығайтуды, құқытық тәрбиені
шығармашылықпен ұйымдастыруды, жаңа
технологияларды тәрбие жұмысында кеңінен қолдануды,
шеберлікті қажет етеді. Сондықтан мұғалім
жаңа заңдылықтармен танысып, оны
жұмыс барысында басшылыққа алып пайдалануды,
оқу-тәрбие үрдісінде ұтымды, тиімді, мақсатты
қолдану жолдарын, тәрбиенің әдістерін,
түрлі формаларын біліп, жаңа
технологияларды кеңінен қолданғаны жөн. Жастарды
құқықтық сауаттылыққа
тәрбиелеу – олардың қылмысқа
ұрынбауына, өздігінен өмірдегі мәселелерді шешуде
дұрыс шешім қабылдауына, келеңсіз, жағымсыз
жағдайлардан тартынуына, қоғамға пайдалы
іспен шұғылдануларына жәрдемдеседі. Құқықтық
тәрбиені ұстаздар
қауымы оқушымен қатар ата –
аналармен, құқық қорғау
органдары қызметкерлерімен, салауаттылық және
денсаулық сақтау мекемелерімен, спорттық
ұйымдармен, қоғамдық бірлестіктермен
бірлесіп, тәрбиенің өзге түрлерімен
байланыстырып жүйелі жүргізер болса,
нәтижелі болмақ. Құқықтық
мәдениетті қалыптастырып дамыту еліміздің
болашағын айқындаушы көрсеткіштердің
бірі десек, өскелең
ұрпаққа сапалы
құқықтық білім мен саналы
тәрбие беру ұстаздар қауымынан білімділікті,
құқықтық білімдерін үнемі
жетілдіруді, нормативтік - құқықықтық
құжаттармен үздіксіз танысып, жұмыс
барысында оларды басшылыққа алуды үрдіске айналдыруды,
салалық мекемелермен, отбасымен тығыз
ынтымақтастық қарым – қатынас
орнатуды және қажырлы еңбекті қажет
етеді. Келелі жұмысты атқаруда бала
құқығын қорғау, балаға
қарым - қатынас мәдениетін көтеру, оның талабын
ескеру де нәтиже береді деп ойлаймын.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Г.Искакова, Н.Ғазизова,А.Сембаева, Қазақстан
Республикасындағы адам құқығы, оқу
құралы, Астана, 2008 ж.
2. Ғ.Сапарғалиев, А.Ибраева, «Мемлекет және
құқық теориясы», Алматы, 2007ж.
3. Ғабитов Т.Х., «Заңгер этикасы», оқу
құралы, Алматы, 2006 ж.
4. Қ.Жоламан, А.Мұхтарова,
А.Тәукелев, «Мемлекет және құқық теориясы»,
Алматы, 1999ж.
5. Ғ.Сапарғалиев, А.Ибраева, «Мемлекет және
құқық теориясы», Алматы, 2007ж.
6. А.Ә.Маханбетова,
Р.С.Егізбаева, «Кәмелетке толмағандарды
құқықтық мәдениетке тәрбиелеу», Алматы, 2010 ж.