Кирбасова Ләйлә
Ғабитқызы
Ш.Есенов
атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар
және инжиниринг университеті
ҚАЗАҚСТАНДА ИННОВАЦИЯЛЫҚ
КӘСІПКЕРЛІКТІ ДАМЫТУ
Индустриалдық дамыған елдерде
экономиканың нақтылы секторы кәсіпкерлікті мемлекеттік
деңгейде дамыту мақсатымен инновациялық іс-әрекеттерді
жандандыру мәселелеріне үлкен көңіл бөлінуде.
Сонымен қатар, кез-келген елдегі инновациялық белсенділіктің
негізгі қозғаушы күші жоғары технологиялармен
қаншалықты қамтамасыз етілетіндігімен анықталады.
Дағдарыстан кейінгі кезде
нарықтық реформалардың нәтижелері инновациялық
дамуға жаңа көзқарас қалыптастырумен
анықталуда. Қазіргі қалыптасқан жағдайда ғылыми-техникалық
прогресті жеделдетуде ерекше өнімнің ғылыми-техникалық
жобалары, озық технологияларды басқарудың қазіргі
заманғы жүйесін жасаумен шұғылданатын
ғылыми-зерттеу, конструкторлық және жобалық
ұйымдар ерекше рол атқарады. Қазақстан тек табиғи
ресурстарды ғана пайдалана отырып дамитын емес, сондай-ақ
өзінің интеллектуалды капиталын да пайдаланып дамитын елге
айналғаны белгілі. Қазақстанның алдында нарық
субъектілерінің өзара тауарлар мен қызметтерді
өндірудегі бәсекелестікті қолдап және дамыту міндетімен
қатар елімізде ғылыми сыйымды технологиялар саласындағы
әлемдік бәсекелестіктің толыққанды
қатысушыларына айналу үшін білім экономикасын дамытуға
арналған іс-әрекеттерді жандандыру міндеті тұр.
Жалпы экономикасы дамыған
елдердің тәжірибесі бізге олардың глобальды
бәсекелестік жағдайындағы әлеуметтік-экономикалық
дамуы, өндіріске жаңа технологиялар мен зерттемелерді
енгізудің негізінде екенін дәлелдейді. Әр түрлі
бағалаулар бойынша осы елдердегі өндірістегі өсулердің
70-100 пайызы инновацияларды қолданудың негізінде болатынын
көрсетеді. Міне, сол себепті инновациялық кәсіпкерлікті
зерттеп, оның даму стратегияларын жасаудың Қазақстан
экономикасының тұрақты дамуын қамтамасыз ету үшін
маңызы зор.
Инновациялық
кәсіпкерліктің басты қызметтерінің бірі болып
ғылыми-техникалық және өндірістік сфералардың
арасында делдалдық. Инновациялық кәсіпорындардың
қызметі инновациялық өнім жасаумен немесе жаңа
ғылыми - техникалық шешімдерді коммерциялық
қолдануға дейін жеткізуімен байланысты ғылыми -
техникалық ұйымдар және шаруашылық субъектілерімен
амалсыз жасалған шығындардың қысқартуына
жағдай жасайды.
Қазіргі күні
Қазақстандағы инновациялық кіші кәсіпкерлік
субъектілерінің қызметін қалыптастыру мен дамытуда кедергі болатын факторлары келесідей:
-өз қаржыларының
жетіспеушілігі негізінде инвестициялық қорлар арқылы
несиелерге қол жеткізудің қиындығы;
-инновациялық кәсіпкерлік
қызметті жүзеге асыру үшін қажетті сәйкес
инженерлік-транспорттық инфрақұрылыммен қамтамасыз
етілген өндірістік қойма орындарының жеткіліксіздігі;
-инновациялық кіші
кәсіпкерлік субъектілерінің қолданыстағы заңдардағы
өзгертулер туралы хабарсыздығы, әкімшілік кедергілер
және кәсіпкерлік қызметпен айналысу кезінде билік
органдарының нақты тәртіптерінің жоқтығы;
-инновациялық кіші
кәсіпорындардағы жұмыскер мамандықтарының білікті
мамандарының жеткіліксіздігі. Кіші кәсіпкерлік
субъектілерінің өңдеуші өндірістерінің ірі
және орта ұйымдарымен өзара әрекеттесу және
кооперациялануын дамыту туралы мәселе ерекше зер салуды талап ету
қажеттілігі.
Сондықтан инновациялық
кәсіпкерлік субъектілерінің дамуына қол жеткізу үшін
мына мәселелерді шешу қажет:
-инновациялық кәсіпкерлік
субъектілерін ақпараттық қолдау;
-инновациялық кәсіпкерлік
субъектілерін заңнамалық қолдау;
-инновациялық кәсіпкерлік
субъектілері алдында тұрған әкімшілік кедергілерді азайту.
Бұл мақсатты орындау үшін
мынадай шараларды қолдану болжамданады:
-инновациялық жеке
кәсіпкерлікті қолдау орталықтарын, бизнес-инкубаторларын,
технологиялық парктер, индустриалдық өңірлер және
басқа да жеке кәсіпкерлікті дамыту объектілерін құру
және дамыту;
-инновациялық жеке
кәсіпкерлік субъектілерінің қызметін
оқу-әдістемелік, ғылыми-әдістемелік және
ақпараттық қамтамасыз ету;
-инновациялық шаруашылық
етуші субъектілердің реттеуші және қадағалаушы
қызметтермен және жергілікті билік органдарымен өзара
әрекеттесу әдістерін жетілдіру;
-тиімді бәсекеге қабілетті
орта үшін жағдайлар жасау;
-инновациялық кәсіпкерлік
ахуалды жақсартуға жәрдемдесу, өңір экономикасына
салымдардың тартымдылығын мақсатты жоғарылату.
Шағын және орта
инновациялық кәсіпорын ғылыми ұйымдар аумағында
құрылуы мүмкін, сонымен қатар шағын
кәсіпорынның басшысы аталмыш ұйымның қызметкері
болып қалады, ал инновациялық идеяларды дәлелдеу және
дамыту жөніндегі жұмыстар ғылыми ұйымдардың
жабдықтарымен жүргізіледі. Осындай шағын ұйымның
аясында қол жеткізілген инновациялық жетістіктер шағын
кәсіпорынға да, сондай-ақ ғылыми ұйымға да
тиесілі болуы мүмкін. Шағын кәсіпорындар инновациялық
өнімдерді нарыққа жылжыту үшін делдал қызметін де
атқарады.
Қазақстандағы
инновациялық кәсіпкерлік ахуалын жақсарту үшін:
-білікті кадрлар және жұмыс
күшін дайындау жүйесін бекіту: кадрларды кәсіби біліктілігі
тұрғысынан дайындау және қайта дайындау, кіші бизнес
және өзін жұмыспен қамту саласында оқыту;
-инвестициялық үрдістерді
басқаруды ұйымдастыруды жақсарту: басқару
кадрларының кәсіби біліктілігін бекіту, қоғамдық
бақылау үшін биліктің ашықтық дәрежесін
көбейту, шенеуніктердің қызметін реттеу деңгейін
жоғарылату керек.
Қазақстанда ғылымды
қаржыландыруға соңғы бес жыл ішінде ЖІӨ-нің
0,2% жұмсалады. Бұл, әрине, төмен көрсеткіш. Алайда,
Қазақстанның стратегиялық мүдделеріне орай, 2010
жылға дейін кезең-кезеңмен аталған көрсеткішті
ЖІӨ-нің 2% дейін көтеру, ал 2015 жылы 2,5-3,0% жеткізу
көзделген. Инновациялық қызметтегі мемлекеттің орны
оның ғылымға бөлген қаражаттарымен
анықталады. Атап айтсақ, 2000 жылы ғылыми зерттеулерге
жұмсалған мемлекеттік шығындар келесідей көрсеткіштерге
ие: АҚШ – 246 млрд. долл. (ЖІӨ-нің 2,9%), Жапонияда – 94,2
млрд. долл. (ЖІӨ-нің 3,0%), Германияда – 45,8 млрд. долл.
(ЖІӨ-нің 2,35%), Францияда – 28,0 млрд. долл. (ЖІӨ-нің
2,25%), ал Швецияда – 7,6 млрд.долл. (ЖІӨ-нің 4,0%).
Ғылыми зерттеулерді
қаржыландыруда мемлекеттің жəне коммерциялық
құрылымдардың қатысу деңгейі Еуропа мен одан тыс
жерлерде əртүрлі: егер Жапония мен АҚШ-та
ғылымдағы коммерциялық құрылымдардардың
үлестері сəйкесінше 75 жəне 77%-ы құраса, Еуропада
66%-ды құрайды. Еуропа елдерінің ішінен ҒЗТКЖ-ды
мемлекеттік қазынадан қаржыландырудан келесілер алдынғы
орындарды алып отыр: Португалия (70%), Италия мен Греция (50%-ға
жуық), Польша (58%), Венгрия (53%),Словакия (48%) жəне Чехия (42%).
Əлемдік нарыққа ғылыми өнімді шығарудан
көшбасшы тұрған елдер ЖІӨ есебінен ғылымға
бөлінген қаражаттарға қатаң бақылау
орнатады. Ол үшін мемлекет тарапынан салықтық
жеңілдіктер, бюджеттік қолдау, инвестициялар тарту, құрал-жабдықтар
лизингі сияқты экономикалық механизмдер қолданылады.
Əдетте əлсіз дамыған елдерде ЖІӨ есебінен
ғылымға бөлінетін үлес- 0,5%-ды құрайды.
Қазақстан да осындай елдердің құрамына кіреді.
2005 жылы Қазақстан зерттеулер мен əзірлемелерге
ЖІӨ-нің 0,29%-ын бөлді, соның ішінде бюджеттің
қатысуы 51,2%-ды құрап отыр. Осындай шектеулі
қаржыландырудың арқасында Қазақстанның
əлемдік нарыққа ғылыми өнімді шығару
деңгейі нөлге тең болады. Басқа елдермен
салыстырсақ, ғылыми өнімді шығару жағынан
əлемдік нарықтағы Ресей үлесі 0,3-0,5%, Еуропа
Одақ елдері-35%, АҚШ-25%, Жапония-11%, Сингапур-7%,
Оңтүстік Корея-4%, Қытай-2%.
Көптеген мемлекеттерде
инновациялық саясат шағын жəне орта кəсіпкерлікті
қолдауға бағытталған. Өйткені бұл сфера
жаңа өнімдерді енгізуге тез икемделеді жəне қолайлы
инновациялық бəсекелі ортаны қалыптастырады.
Қазіргі кезеңде
Қазақстанда инновацияларды құру және енгізу
аясында кәсіпорындардың белсенділігінің төмендеуін
көреміз. ҚР статистика агенттілігінің бағалауы бойынша,
01.01.2010ж. мерзіміне сәйкес республикада кәсіпорындардың
инновациялық-белсендігінің меншікті салмағы жалпы
респонденттік санының 3,9% құрайды (10096 бірлік) (сурет 1).
Салыстырма бойынша Ресей кәсіпорындарының
инновациялық-белсендігі 13% (2008 ж.), ал Шығыс Европада – 40%-ға
дейін (Румыня – 28%, Словения – 32%, Польша – 38%).
Аймақтық кескін бойынша
инновациялық дамуда көш басында: Алматы қаласы –
инновациялық белсенділік 6,7%, Қарағанды облысы – 6,2%,
Шығыс Қазақстан – 5,9%. Соңғы тізгін бойынша: Ақмола
облысы – 1,2%, Алматы – 1,4%, Маңғыстау – 1,4%, Қостанай –
1,5%, Қызылорда – 1,5%.
Экономиканың кез келген секторында
инновациялар қаржы салымдарын қажет етеді. Қосымша пайда
табу, шағын кәсіпкерлік қызметінің тиімділігін
жоғарылату, әлеуметтік-экономикалық нәтижені алу
үшін де қаржы салымдары керек. Сонымен қатар тәжірибе
жүзінде келесідей байланыс анықталды: шағын кәсіпорын
болашақта неғұрлым үлкен табысқа жетуді
көздейтін болса, ол соғұрлым көп шығын
жұмсауға дайын болуы керек.
Қазақстан Президенті
өзінің Жолдауында инновациялық дамуды стратегиялық
міндет ретінде белгілеп, оған осы заманғы ғылым мен
техниканың барлық мүмкіндіктерін тиімді пайдаланып, елдегі
әлеуметтік-экономикалық міндеттерді шешуді осыған негіздеді.
Ал мұның өзі әрбір азаматтың белсенділігін,
іскерлігін арттырады. Соның нәтижесінде еліміз таяудағы жылдар ішінде дүние жүзіндегі
бәсекеге қабілетті 50 мемлекеттің қатарына
қосылады.
Пайдаланылған
әдебиеттер тізімі
1. Ә.Ж.
Сапарбаев «Инновациялық экономика», монография, Алматы-2011 ж
2. Лапин Н.И.
Теория и практика инноватики. М:2008 г.
3. Н.Ә.Назарбаев
«Қазақстан-2050» (Үміт жаршысы)
4. Федотенков
Д. Г. Инвестиционно-инновационный потенциал как основа развития экономики
региона [Текст]/Д. Г. Федотенков, А. А. Падалко // Молодой ученый. - 2014.-
№3.- С. 565-572.
5. Балабанов
И. Т. Инновационный менеджмент. СПб.: Питер. 2001