Какарова Тұршақыз
Ендибаевна Сұлтанова Нұрсауле Жұмамұратқызы
Қазақстан. М.Б.Сапарбаев атындағы ОҚГИ
Қазақстан
табиғатын зерттеушілердің еңбектерінде
тарихи-географиялық идеялар мен тұжырымдардың дамуы
География ғылымының
тарихы өткендегі белгілі бір фактілерді жіпке тізгендей жинаудан
гөрі қазіргі кезең үшін, болашақ үшін көкейтесті
маңызы бар зерттеулерді, идеяларды және жетістіктерді іздеп тауып,
жан-жақты ғылыми талдау жасауды өзінің басты
мақсаты деп санайды. Өткендегі географиялық идеяларды
зерттегенде олардың бір тарихи дәуірде, нақтылы тарихи
жағдайларға байланысты туғанын есепке алып, оларды кейінгі
кезеңдермен сабақтастыра
қарауды естен шығармау керек.
Физикалық географияның
дамуына қарай идеялардың да мазмұны өзгеріп,
олар жаңа қырынан танылады. Сондықтан ғылымды тарихи тұрғыдан зерттеушілер
бұрынғы ізденістерді оқтын-оқтын әшейін қайталап қоймайды, ертеден
мәлім құжаттарды белгілі бір ғылыми мақсатпен пайдалана отырып, өткенге
жаңа мәселелер қояды.
Міне сөйтіп жаңадан алынған нәтиже бұрын істелген
істі құр қайталау
емес, оның жаңа қырларын, ғылымды дамытудың соның заңдылықтарын ашу болып
табылады.
Ф.Энгельс XIX ғасырдың
аяқ шенінде жасаған ғалымдардың ойларына талдау жасай
келіп, әр дәуірдегі, яғни соның ішінде біздің
дәуіріміздегі де теориялық ойлау түрліше уақытта
әр түрге өзгеріп тұратын, сонымен бірге мазмұны
да өзгеріске ұшырайтын тарихи құбылыс екенін
атап көрсеткен.
Физикалық-географиялық
теориялық ойлаудың қандай тарихи түрде, қалай
және қашан пайда болатынын, сондай-ақ
қоғамдық сананың діни, философиялық
дүниетанымға мүлде үйлеспейтін айрықша түрі
ретінде физикалық-географиялық ғылымның
қалыптасуын анықтау осы ғылым тарихының міндеті. Алайда
бұл міндет әлі күнге дейін
толық шешіліп келе жаткан жоқ.
Зерттеу объектілерінің
табиғаты туралы идеялар мен тұжырымдардың тууы мен
дамып өрбуі жөніндегі мәселе бойынша марксизм принципті шешім
ұсынады: физикалық-географиялық идеялар адамның
табиғат күштерін игеруге және қоршаған
дүниені кайта өзгертуге бағытталған
материалдық–практикалық қызметі негізінде дамиды.
Сөйтіп, адам тек өзін ғана емес, сонымен бірге
өзінің сана–сезімін де түбірімен өзгертеді.
Қазақстан
жерінің табиғаты туралы ғылыми білімнің қалыптасу
барысында адамның практикалық өндірістік қызметі,
қоғамдық құрылыс, философия және дін
әрдайым ықпалын тигізіп
отырды.
Жалпылама түрде
айтқанда, «географиялық идеялар» дегеніміз «Жер бетін» зерттеулер
арқылы туған болжамдар мен теориялар.
Соның өзінде
Қазақстан тарихының әр түрлі кезеңінде,
ғасырлар бойына, физикалық–географиялық идеялар мен
тұжырымдардың дамуына бұл ықпалдардың
әсерлері де түрліше болды.
Қазақстан табиғатын танып-білудің шын
мәнісінде өз тарихы бар және оның әрбір
кезеңі бір–біріне мүлде ұқсамайды.
Қазақстан территориясын физикалық–географиялық
тұрғыдан зерттеуді дамытудың
әр кезеңіндегі түбегейлі жаңа міндеттер мен
мәселелер жаңа идеялар ойлап тауып, әдістер қолдануды
талап етті. Бұрынғы қалыптасқан
қағидалар мен жасалған тұжырымдарды жақсарту
қажет болды.
Бұл
айтылғанды Қазақстанды физикалық-географиялық
зерттеу тарихында
туған тұжырымдап қорыту процесінен айқын
байқауға болады. Мұны
физикалық-географиялық идеялар мен тұжырымдар дамуының заңдылығы ретінде
қарастырғанда, белгілі бір идеялар мен тұжырымдардың ғылымға бұрын белгісіз
болып келген жаңа мазмұнға байланысты туатынын ерекше атап
көрсеткен жөн. Сондықтан
физикалық-географиялық идеялардың дамуын
Қазақстан территориясын
танып білу процесімен байланыстыра талдаудың аса зор маңызы бар.
Қазақстан
жерінен гөрі Ресей территориясы туралы физикалық-географиялық
идеялардың қалыптасуын талдау әлдеқайда жеңіл,
өйткені Ресей жөнінде қолда бар деректер неғұрлым
көп әрі
нақтылы. Міне осы себепті Ресейде географиялық идеялардың даму тарихы Қазақстан физикалық
географиясының идеялары қалай
туғанын зерттеу үшін белгілі дәрежеде бізге бағдар
сілтейді. Еуропа мен Ресейде
физикалық-географиялық идеялар мен тұжырымдардың қалыптасу тарихы
жөнінен қолда бар нақтылы мол материалды зерттеу Қазақстан физикалық
географиясының теориялық
мәселелеріне талдау жасау үшін негізгі арқау болып табылады.
XVII ғасырда
орыс географиялық әдебиетінде негізгі географиялық атаулар мен ұғымдар
жеткілікті болса, ал осы ғылымның жалпы теориялық мәселелері бойынша ауыз тұшырлық
бірегей өрелі еңбектер тым аз еді. Сондықтан көбіне
аударманы немесе қолда бар деректер құрастырып қайта
өңделген жазбалары тура келді. Егер XVII ғасырдағы орыс
география ойшылдары жалпы география
саласында көзге түсерлік ілгері теориялық еңбектер тудыра алмаса, ал енді Ішкі Азияның
ұлан-ғайыр территориясын зерттеп, танып-білу жөнінен орыс
ғалымдары мен саяхатшылары орасан зор іс тындырды. Бұл саладағы
жұмыстардың бәрі
картаға түсіру бойынша да, сол сияқты Оралдың
арғы, шығыс жағынан
жаңадан ашылған жерлерді сипаттап жазу жөнінен де соны әрі тыңғылықты істер еді.
XVIII ғасырдың
географиясы өзінің тарихи дамуындағы «сипаттау кезеңін»
бастан кешірді. Алайда аса көрнекті ғалымдардың еңбектерінде
географиялық түсіндіру мен болжамдар нық орын ала бастады. Бұл
орайда Қазақстан табиғатын физикалық-географиялық
тұрғыдан зерттеу ісіне, тікелей немесе жанама түрде болса да, М.В.Ломоносов
идеяларының сөзсіз ықпалы тигенін атап өткен жөн.
Табиғатты танып-білу
тарихының сол бір бетбұрыс кезеңінде, М.В.Ломоносовтың
көрегендікпен мәлімдегеніндей, ішкі және сыртқы
күштердің әсерімен жер бетінде үзіліссіз
өзгерістер болып жатады деген жаңа көзқарас
қалыптасты. Ұлы орыс ғалымының айтуынша, жер бетіндегі
ірі таулар, теңіздер жер қыртысының жылдам немесе баяу
қозғалысқа келуінен пайда болады, соның өзінде жердің
көтерілуі мен төмен түсуі өзара тығыз байланысты.
XVIII-XIX ғасырларда
Қазақстан табиғатын зерттеуші орыс ғалымдары мен
саяхатшыларының арасында Жер бедері өзгеріп тұрады деген
көзқарасты жақтаушылар көбейе бастады. Сөйтіп мұның
өзі метафизикалық көзқарастан бірте-бірте арылуға
мүмкіндік
туғызды. Бұл жерде Ф.Энгельстің «Табиғат диалектикасында» айтқан табиғатты тануға
жаңаша көзқарас басталғаны, бұрын қатып
қалған деп түсіндірілетін нәрселердің жылжымалы
екенін, қозғалмайтын деп
ұғылған заттардың қозғалатыны
жайындағы пікірдің
дәлелденгенін орынды атап өтеді.
М.В.Ломоносовтан кейінгі орыс
ғалымдары ұлы оқымыстының өзімізді
қоршап тұрған дүниені тарихи түрғыдан
әрі жан-жақты зерттеу қажет деген
кемеңгер өсиетін тек бұлжытпай орындап қана қойған
жоқ, сонымен қатар өз еңбектерінде онан сайын
өрбітіп жүзеге асырды.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1
Геродот. История
в девяти книгах. Перевод и примчания Стратновского Т.И,-Л.: Наука,1972.
2
Птоломей Клавдий.
Руководство по географии.-В кн.: Античная география. М., 1953.
3
Книга к Большому
чертежу М.-Л., 1950.,94 бет
4
Чертежная книга
Сибири, составленная татарским сыном боярским Семеном Ремезовым в 1701 году Спб.1882.20 –бет.
5
Эверсман Э.А. Естественная
история Оренбургского края . Ч. I- Оренбург, 1840,ч. II,Казань,1850.
6
Гумбольд А.
Центральная Азия.т.1.-М., 1915.
7
Левшин А.И.
Описание киргиз-казачьих или киргиз –кайсацких орд и степей. Спб.,1832.
8
Северцов Н.А.
Путешествия по Туркестанскому краю и исследование горной страны Тянь Шаня. – Спб., 1873 (с
кратой),Изд.2-ое,М., 1947.
9
Ч.Ч
Валиханов Собрание сочинений в пяти
томах.т.1.Алма-Ата,1961,
10 499 бет