Заурбекова А.М.,
Тұрсынбекова А.
Тараз мемлекеттік педагогикалық институты,
Қазақстан
ТАРИХ- ҒАСЫРЛАР КУӘСІ
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Нұрлы
жол-болашаққа бастар жол» атты Қазақстан Халқына
арнаған кезекті Жолдауында атап өткендей, 2015 жыл-
ұлттық тарихымызды ұлықтау және бүгінгі
биіктерімізді бағалау тұрғысынан мерейлі белестер жылы
Қазақ хандығының 550 жылдығы,
Қазақстан халқы Ассамблеясына 20 жыл, Қазақстан Республикасы
Конститутциясының 20 жылдығы және Ұлы Абайдың 170
жылдығы сияқты мерейлі мезеттер дәл биылғы жылы аталып
өтілетіндігі дәлел болмақ.
2015 жылы Керей мен
Жәнібек Шу мен Талас өзендерінің арасындағы
аймаққа орналасып, Қазақтың туын көкке
көтергеніне 550 жыл толды. Бұл оқиға қазақ
халқының тарихындағы маңызды оқиға болды.
Тарихқа үңілетін болсақ, қазақ
хандығы XV ғасырдың ортасында құрылды. Ол
ұлан-байтақ өңірді мекендеген қазақ
тайпаларының басын қосып шоғырландыруда,
қазақтың этникалық аумағын біріктіруде,
қазақтың байырғы заманнан басталған өз
алдына жеке ел болып қалыптасуын біржолата аяқтауда аса
маңызды және түбегейлі шешуші рөл
атқарды.Ең маңыздысы, сол кезде мемлекетіміздің негізі
қаланғандығы, ал біздердің ата-бабалар ұлы
істерін жалғастырғаны. Қазақ тарихындағы
жаңа беттің ашылып, қазақ ұлтының
қалыптасуы еді. Хандық күшейген сайын халық саны да
артып, жер көлеміде ұлғайды. Мұхаммед Хайдар
Дулати-қазақ хандығын толығымен суреттеп
қағазға жазған алғашқы қазақ
тарихшысы. Дулат тайпасынан шыққан ол Кашмир елінде басшылық
ете отырып, Орта Азия елдері жөнінде көптеген мәліметтер
қалдырды. Қазақ хандығының құрылу
тарихына қатысты ең маңызды дәйекті деректі біз Мырза
Мұхаммед Хайдар Дуғлаттың «Тарих- и Рашиди» еңбегінен
аламыз. XVI ғасырдағы белгілі тарихшы Мырза Мұхаммед Хайдар
Дуғлаттың «Тарих-и Рашиди» шығармасы XIV-XVI
ғасырлардың басында Қазақстан аумағы мен
көрші аумақтарда өмір сүрген ірі мемлекеттердің
бірі Моғолстан тарихына арналған. Бұл еңбек -
Қазақ хандығының тарихын зерттеу үшін де аса
маңызды бастапқы деректеме. Қазақ
хандығы — қазақтардың XV және XIX
ғасырлар аралығында қанат жайған, тәуелсіз
ұлттық мемлекеті. Қазақ хандығы
қазақ халқының ғасырлар бойы сақтап,
қорғап келген мемлекеттігінің нышаны. Ол ұлан
– байтақ өңірді мекендеген қазақ
тайпаларының басын қосып шоғырландыруда,
қазақтың этникалық территориясын біріктуде,
қазақтың байырғы заманнан басталған өз
алдына жеке ел болып қалыптасуын біржолата аяқтауда аса
маңызды және түбегейлі шешуші роль атқарды.
Ұлан
байтақ Қазақ жеріндегі мемлекеттік тарихтың
басталғанына 3 мың жылдай уақыт болды.Қазақ
хандығы дәуіріндегі әрбір тарихи мәселенің
маңызы ерекше болып саналады. XVIII-XIX ғасырда халқымыз
еркіндікпен тәуелсіздігінен айрылды. Көмек күткен Ресей
қазақ халқын аздыра бастады, Ұлан-ғайыр даламыз
империя меншігіне айналды. Халқымыздың басынан қара
тұман серпілмеді. Қаншама қарсылық көрсеткендер
оққа ұшырады, қаншасы өз жерінде
қырғын көрді жаяу, үй-күйсіз
қаңғып қалды, адам айтқысыз ашаршылықта
аштық, жалаңаш, өлім, Атамекенді тастап кеткен.
Халқымыздың саны, адамзат тарихында болмаған алапат
соғыста жан қиған қазақ батырлары, 1986
жылғы Желтоқсан оқиғасымен де тікелей байланысты.
Халық бойынан қан мен тер көздерінен қан мен жас
қатар, ақты бірақ еш мойымады. Себебі: тәуелсіздік-ата
–баба рухын көтерді, сөнген үміт сәулесін маздатты
еліміз еңсесін түзеп, әлемдік қауымға енді. Ел
үмітін ақтау, ел болашағы- бүгінгі жас
ұрпақ, бүкіл адамзатты қорғап ерлік
көрсетті. Ел егемендігін аңсаған жастар ұлттық
намыс құдіретін әлемге паш етті. Біздің
Отанымыз-егеменді, тәуелсіз қазақ мемлекеті.
Халқымыздың қоғадық саяси, әлеуметтік ой-
санасы өсіп, түбегейлі өзгерістерге қол жеткіздік.
Әдебиеттер:
1.
Алматы.1986.Желтоқсан.-Қазақстан
Жазушылар одағының «Шабыт» 3
кітап/Құраст.Т:Айтбайұлы, Т.Зейнәбін, 1992-176 бет
2.
Сұлтанов Т.И. Қазақ мемлекетінің
құрылуы. Қазақ хандығының тарихы-(«Жетінші
сөз» сериясы).Алматы: Мектеп, 2003-160 бет
3. Жеменей И. Мырза Хайдар
Дулат (1499-1551) тарихшы-қаламгер (монография)-Алматы: «Зерде» баспасы,
2007-360 бет