Мирзалиева Э.Б., Абдраимова А.Б.
Казахстан
Қазақ хандығы және
Қазақстан Республикасының ЭКОНОМИКАЛЫҚ жаңғыруы
Жәнібек және Керей
сұлтандар басқарған Қазақ хандығы XV
ғасырдың ортасында жаңа казақ мемлекетінің
негізін қалай бастағаны жақсы мәлім.
Қазақтың
алғашқы Бас ханы болып Керей сайланды. Ол Жәнібек хан екеуі
Қазақ хандығының аумағын
ұлғайтуға барынша атсалысты. Сол күрделі заманда
Өзбек, Сібір, Ноғай хандықтарының
кұрамындағы әртүрлі көшпенді ру-тайпаларды бір
тудың астына біріктіріп, қазақтың дербес мемлекетін
құру осы ұлы хандарға оңайға түскен
жоқ. Қазақ хандығы алғаш достық
қарым-қатынас орнатқан мемлекет Моғолстан
болатын. Мұхаммед Хайдар Дулати қазақтар мен
моғолдар арасындағы «достық және бейбіт
қатынастар» Есен-Бұға ханның кезінен басталғанын
басып айтады.
Қазақ хандығы ең
жоғарғы қуаттылығына XVI ғ. бірінші ширегінде,
Қасым хан тұсында жетті. Қасым
хан тұсындағы хандықтың алғашқы
әкімшілік, сауда-экономикалық орталығы –
Сығанақ. Сырдарияда
берік орнығу үшін Қасым хан Орта Азиядағы саяси
жағдайды тиімді пайдаланды. Ноғай Ордасындағы саяси
дағдарысқа байланысты көптеген ру мен тайпа Қасым
хандығына көшіп келді.
XVI ғасырдың басында
Қазақ хандығымен дипломатиялық байланыстар
жасаған Ұлы князь III Василий (1505-1533) басқарған
Мәскеу мемлекеті болды. Осы кезде Қазақ хандығы
Мәскеуге келген австриялық
дипломат Сигизмунд Герберштейннің жазбалары арқылы Батыс Еуропаға
таныла бастады. Қасым хан әдет-ғұрыптарды бір
жүйеге келтіріп, алғаш рет заңдар жинағы «Қасым ханның
қасқа жолын» шығарды. Сауран қаласы сауда
орталығына айналды.
Қасым ханнан кейінгі тартыстан әлсіреген
хандықты қайтадан нығайтып, біріктіруге Хақназар хан
(Қасымның баласы) әрекет жасады. Негізгі мақсаты:
Қасым хан кезіндегі иелікті қалпына келтіру. Деректерде
Хақназарды «қазақтар мен қырғыздардың ханы»
деп атайды. Хақназар хан тұсында орыс мемлекетімен саяси және
сауда қатынастары дамыды. Орта Азия халқымен сауда қатынасы
жақсарды, Хан өкіметі нығайды.
Тәуекел хан басқарған жылдары
Қазақ ордасы өзінің әскері, саяси қуаты
артқан іргелі елге айналды. Моғолстан мен
Бұхар хандығына соғыстар жүргізіп, шекарасын
кеңейтті. Ташкент, Самарқан, Ходжент өңірін
бағындырды. Тәуекел хан Ресеймен байланыс орнатты. 1594-1595
жылдары Мәскеуге екі рет елшілік жіберіп, мылтық, зеңбірек
алу үшін келіссөздер жүргізді. Тәуекел,
сондай-ақ, Сібірдегі, Ресей шапқыншылығына
ұшыраған түркі тайпаларына қолдау көрсетті.
Туған ағасы Тәуекел ханнан кейін ел
билігін қолға алған Есім хан Қазақ ордасын
1598-1628 жылдары басқарды. 1599
жылы Есім хан Бұхар хандығымен шарт жасасып, Ташкент қаласы
мен оның айналаныс Қазақ хандығына қосып алды.
Осы кезден бастап екі ғасыр бойы Қазақ хандығы
билігінде болды. Есім хан ойрат
қалмақтарымен күресте ерлік пен батылдықтың
өнегесін көрсетіп, «Еңсегей бойлы ер Есім» атанады.
Қалмақтарға қарсы күресте Есім хан Батыс
Қазақстан жеріндегі ноғайлармен арадағы
қарым-қатынасты күшейтті. Ел билеудегі жол-жобалар мен
әдет-ғұрыптар туралы ережелер жинағы – «Есім
ханның ескі жолы» қазақ елінде ХХ ғасырға дейін
сақталып, қызмет етті.
Әз-Тәуке
Жәңгір ханның ұлы хандық билікті билерге сүйеніп жүргізеді.
Үш жүзге
билігі жүрген Тәуке хан тұсында Қазақ
хандығы саяси жағынан, бір орталыққа
бағынған мемлекет болды. Ордасы
Түркістан қаласы еді. Халық зердесінде Тәуке
заманы Қазақ хандығының ең бір өркендеген
«алтын ғасыры» саналады. Ол 1690 жыл шамасында
«Қасымқанның қасқа жолы», «Есім ханның ескі
жолы» сияқты әдет өлшемдерін жаңғыртып, «Жеті
жарғы» аталатын жаңа заң жүйесін енгізеді.
1771 жылы үш жүздің өкілдері
жиналып Абылайды бүкіл қазақтың ханы
етіп сайлайды. Оның хан атағын Қытай
императоры да, орыстың ақ патшасы да бекітеді. Абылай ханның
тұсында қазақ мемлекеті өзінің ішкі,
сыртқы саясатын ешкімге
жалтақтамай дербес жүргізді. Ол өз мемлекетінің
дербестігін бәрінен де жоғары санады. Абылай кезінде
қазақ хандығының саяси және экономикалық
жағдайы жақсарды. Қазақ халқы бірлікке,
тәуелсіздікке, бейбіт өмірге ұмтылды. Абылай сұлтан
болған кезінде ақыл–айласымен, сабырлы салмақтылығымен
маңайына Төле би, Айтеке би, Қазыбек би, Байдалы би,
Сасық билерді, Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы
Бөгенбай, Шақшақұлы Жәнібек, Шапырашты Наурызбай
т.б. батырларды, Бұхар жырау,
Ақтамберді жырау, Үмбетей жырау сияқты сыншы-жырауларды
топтастыра білді. Ал сауда–саттық жүргізу
ісіне көп көңіл бөлгені де орынды еді. Бұрын
айырбас сауда тек Орынборда ғана жүргізілсе, енді 1760-шы жылдары
Троицкіде, Семейде, Қызылжарда жүргізілетін болды. Ертіс
өзенінің сол жағын бойлай шығысқа –
Қытайға қарай «Абылай жолы» атты сауда жолы салынды.
Қазақ хандығы мен Қытай арасындағы
сауда–саттық биік дәрежеге көтерілді. Тарбағатай мен Құлжада
жәрмеңкелер ашылып, олар қазақтарға малын,
қолөнер бұйымдарын Қытай тауарларымен
айырбастауға мүмкіншілік тудырды және Ресей мен Орта Азия
мемлекеттеріне де Қытаймен сауда қарым–қатынасын орнатуға жол ашты.[1]
ХҮІ
ғасырдың соңына қарай Ресей мемлекеті,
Қазақ хандығы және Орта Азия мемлекеттерімен сауда
байланыстары Жібек жолы арқылы жүргізілді. Сырдария қалалары
арқылы халықаралық сауда және көшпенділерімен
дәстүрлі сауда дамыды. Бүгінгі
күні еліміздің геосаясаты мен экономикасын дамытуда өткен
тарихымыздың сабақтарын үнемі естен шығармауымыз керек.
Еліміздің Тәуелсіздікке
қолжеткізген жылдарына бүгінгі күннің биігіне көз
салғанда, осы ұлы қағидат бірден көзге шалынады.
Өткенге көз жүгіртсек, осыдан 24
жыл бұрынғы Қазақстанды
көз алдымызға елестетсек, ең алдымен аумалы —
төкпелі экономика, саяси белгісіздік,
сансыратқан тапшылық, жұмыссыздық, т.б. есімізге
түседі. Бұрынғы ҚСРО елдің тарауына байланысты
экономикалық төмендеу болды.
1995 жылы реалды жиынтық ішкі өнім 1990 жылдың
деңгейінен 61,4% -ға төмендеді. Бұл төмендеу 1930
жылғы ұлы депрессия уақытындағы кезеңдерден де
төмен болды. [3]
1990 жылдардың басында және ортасында
болған экономикалық төмендеу кедейшілік проблемасының
болуына, жұмыссыздықтың өсуіне, табыс
деңгейіндегі тепе-теңсіздіктің өсуіне, бір қалыпты емес регионалдық
дамуға, медициналық және білім беру қызметінің,
мәдени шараларының нашарлауына әкелді. 1998 жылы
еліміздің ауыл тұрғындарының жартысынан көбі және қаланың үштен
бірінде күн көру
минимумынан төмен табыс болды. Демографиялық көрсеткіштер
де төмендеу тенденцияны көрсетеді. Мысалы, 1990-98 жылдар
аралығындағы орташа өмір сүру 68,3 тен 64,4 жылға
төмендеді. Эмиграция деңгейі жоғарылады. Табиғи туу
деңгейі төмендеді. 1990 жылы 1000 адамға туу саны 22-ден
келген болса, 1999 жылы – 14 болды, бұл Ұлы Отан соғысынан
кейінгі ең төмен деңгейді көрсетеді. 1999 жылы
Қазақстандағы өнім деңгейі 1991 жылмен
салыстырғандағы 26% -ға жоғары болды.
Қазақстанда нарықтық экономикаға
көшудің алғашқы кезде үш кезеңі белгіленді.
Бірінші кезең — 1991—1992 жылдар, екінші
кезең — 1993—1995 жылдар аралығы болып, осы мерзімде
жүргізілетін іс бағдарламасы Жоғарғы
Кеңестің сессиясында мақұлданып, Президенттің
Жарлығымен бекітілді. Ал үшінші кезең — 1996—1998 жылдарды
қамтуға тиіс болды. Осыған байланысты көптеген
жаңа заңдар, реформаны жүзеге асыруға қажет басқа
да құжаттар қабылданды. Ал 1999 жылдан бастап елімізде экономикалық өсу кезеңі басталды,
оны жалпы ішкі өнімнің өсуінен көреміз. Ондай
көрсеткіш динамикасы мынандай: 1999 жылы – 2,7%. 2000 жылы – 9.8%, 2001 жылы – 13,5% жетті.
Мұндай өсу негізінен дүниежүзілік рынокта
мұнайға және тағы басқа байлықтарға
бағаның өсуінен, сонымен бірге Қазақстан
экспортының көлемінің ұлғаюымен байланысты болды.
ТМД
кеңістігіне тән өтпелі кезең Қазақстанда
1991-2000 жылдар аралығын қамтыған еді. Елбасының сара
басшылығы және елдің кемеңгер ерін қолдануы
арқасында күл-талқаны шығып қираған
ұлан-байтақ жерде еңселі мемлекет құра білді.
Екінші, сонау жылдары ел өз тәуелсіздігін жариялағанда,
қазақ даласы ешбір халықаралық
құжатпен рәсімделмей,
көршілеріміздің көзтүрткісіне айналып,
ашық-шашық жатқанымызда қазақ шекарасын
құжаттармен біржолата мәңгілікке шегендеп бекітті.
Үшіншіден, ел тәуелсіздігін алғанда,
Қазақстанның өз валютасының шығуы.
Бұған қоса, «Қазақстан-2030» деген атпен белгілі
Қазақстанның стартегиялық жолын айқындап,
бүгінгі дүние жүзіне мәлім болған елорданы
Сарыарқаның жүрегіне қондырды. Елдің экономикасын
өрге сүйреп қана қоймай, бүкіл мұсылман
мемлекеттері арасынан суырылып алға
шығып, туған халқының даңқын асырып, айбынын асқақтатып
ЕҚЫҰ-ға төраға болып, еуропацентристік
көзқарас басым құрлықтың басшыларын
қазақ жеріне келтірді. [4]
Бұған
қоса, Экспо-2017 көрмесін Елордамызда өткізуді жеңіп
алғандығы да
Елбасының мықты саясаткер, әлемнің кәдімгі
үлкен жүректі азаматы ретінде жеке абырой-беделі көп
ықпал екенін жергілікті де, шетелдік те саяси сарапшылар бірауыздан
мойындап жатыр.
Экономикасы қарыштап дамып, әлемдегі
бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарынан табылды.
Бүгінде дамыған 30 елдің қатарына қосылу жолында
алғы шарттар жасалуда. Бұл-еліміздегі жарасымдылықтың, ынтамақтастықтың айқын
көрінісі. Ұлтқа бөлінбей сенім мен тіл мәселесінде
түсіністікпен бір шаңырақ астында жарасымды өмір
сүрудің қазақстандық үлгісі бүгінде
шет мемлекеттер сүйсінетін өнегеге айналды. Көршілермен
достық қарым-қатынаста мазмұнды байланыс орнатып,
алыстағы мемлекеттермен де
сауда-экономикалық тұрғыда тең құқылы
келісім-шарттар жасасып, алға басқан еліміздің келешегіне
сенеміз және ол жақсы күндердің қызығып осы
аумақты мекен еткен барлық ұлттардың ұрпағы
бірлесе көреді деп ойлаймын.
Әдебиет:
1. Т.Жұмаханов. Б. Жұматаев
«Қазақ хандығы»
Алматы, Аруна Ltd 2009 ж.
2. Қазақстан жоғарғы мектебі
-2004 № 4 – 439 б.
3. Қазақстан жоғарғы мектебі
-2004 № 4 – 438 б.
4. Назарбаев Н.Ә. «Қазақстан-2030»
Ел президентінің Қазақстан халқына жолдауы. Алматы
61-62 б.