П.С.Куненова, Н.Ниязалы

М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті. Қазақстан

 

ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР – ҰЛЫ МҰРАМЫЗ

 

Ұлттың ұлт болып қалыптасып дамуы үшін ұлттық құндылығымыздың маңызы ерекше. Ұлттық құндылыққа – ұлтымыздың мәдениеті, әдебиеті, өнері, музыкасы, спорты, салт-дәстүрі жатады десек, қазақта «ата-қоныс» деген ұғым бар. Яғни, «ата-қоныс» қазақ үшін киелі жер болып саналады және осы көшіп-қонып жүрген жерлерінің тауы мен даласы, өзен мен көлдері, орманы мен құмы қазақ халқының  аңыз-әңгімелеріне, өлең-жырларына,  шығармашылығына  арқау болған. Соның негізінде қазақ халқы өз алдына, тәуелсіз мемлекет болып өмір сүргенде оның тілі, мәдинетімен қатар әдебиеті де қалыптасып дамыған.

Біздің ұлттық мұрамызда халықтың ғасырлар бойы басынан өткерген тарихи тағдыры, арман-мұраты, мұң-мүддесі жатыр.

Қазақтың мәдени құндылықтарының ішінде ұлттық өнер ерекше дамыған.  Өнердің дамуы негізінен сол ұлттың күнделікті өмір салтына байланысты  халықтың тұрмыс-тіршілігіндегі қажеттіліктен туындайды. Сол сияқты күнделікті тұрмыс қажеттілігінен туындыған қол өнерін айтуға болады. Оның ішінде – ағаштан, теріден жасалған  ыдыс-аяқ; жүннен, теріден істелінген киім-кешек; асыл тастармен әшекейленіп, алтын күмістен жасалынған зергерлік бұйымдар; кілем, алаша тоқу, киіз басу т.б. Мұнан басқа қазақ ұлтының рухани мәдениетіне байланысты – сөз өнері, күй өнері, сән өнері сияқты өнердің басқа да түрлері жоғары дәрежеде дамыған

Ұлттық құндылықтар еліміздің кешегісі ғана емес, бүгіні және ертеңі. Қазақстанның азаматы қазақтың салт- дәстүрімен сусындаған, осы ұлттың тәрбиесімен жетіліп, туған тілімен санасы оянған болуы қажет.

Ал, ұлттық құндылықтар ұлттық әдебиеттен бастау алып, әдет-ғұрып, салт-дәстүр, ұлағатты қағидалар, шешендік сөздер, өнеге-өсиеті бар мақал-мәтелдер, туған топырағымызда дүниеге келген ойшыл ғұламаларымызды еңбектеріндегі тәрбие қағидаларында кездеседі. Сонымен бірге отбасы тәрбиесінің ұлттық ерекшеліктері, туыстық қарым-қатынас, жеті ата туралы түсінік, перзенттік парыз бен қарыз, ұлттық адамгершілік, отансүйгіштік, еңбексүйгіштік қасиеттер, ізгілік сынды сапалық белгілерін ұлттық тәрбиенің негізгі бағыттары болады. Ұлттық құндылықтардың тағы бір діңгегі – ана тілі. Қазақ тілі мен тарихын, мәдениеті мен ділін, салт-дәстүрі мен дінін құрметтеу әрбір қазақтың адами борышы. Айта берсек, ұлттық құндылықтың ауқымы кең, мағынасы да зор, әлем күннен- күнге қарыштап дамып барады. Біздің жастарымыз, елді бәсекеге қабілетті ету үшін тың технологиялар мен барлық ілім-ғылымды игеріп отыруы керек.

Жылдан-жылға ұлыстың ұлы күні мерекесі ұлттық нақышта тойланып келеді. Мерекені тойлау кезеңінің өзінде қаншама қазақтың құндылықтары көпшіліктің назарына ұынылды. Қаламызда наурыз мерекесін 14- бастап-22 не дейін (қауышы, шапағат күні, жаңару күні, наурыз шашу т.б) ұласып отыр. Елбасы Н.Н.Әбішұлы әрбір жолдауында жастарды өз Отанының патриоты етіп тәрбиелеу қажеттігін баса назарға алады және ұлттық құндылықтар ұрпақтан-ұрпаққа берілетін асыл мұра болуы қажет деген болатын қазақ жастары ата-баба құрметтеген құндылықтар арқылы өсу керектігін, біздің жастарымыз ұлттық ерекшеліктерімен мақтану қажеттігін баса айтты.

Сол сияқты қазақтың ұлттық ойындарын жаңғыртып, ой-өрістерін дамытуда, патриотизмді қалыптастыруда бірден бір үлес қосуда.

Наурыз халықтық мерекелердің ішіндегі шоқтығы биік, рухы асқақ атаулы күндердің бірі. Қазақ ұлтының сан ғасырлардан бері болмысына сіңіп, қазақпен біте қайнасып келеді.

Мына ұланғайыр далада, төрт түлік малмен күн кещкен біздің ата-балаларымыз табиғат сырын ерте түсіне алмаса, мүмкін алып далаға ие болып қалмас еді. Мал өсіп, дән егілер, қар еріп, жер көгерер табиғаттың сыйы -22 наурыз. Күн мен түннің теңелген күні. Сондықтан ұлттық дәстүрді ұлы мейрамға айналдырған.    Әр ұлттың өзінің ұлттық құңдылықтары болады. Бір ұлтты екіншісінен ерекшелендіріп тұратын оның: тілі, ертегілері, мақал-мәтелдері, лиро-эпостық және батырлар жырлары, әдет-ғұрпы,салт-санасы, менталитеті, мәдениеті, өнері, тағамдары, ұлттық қолөнері, тұрмыстық бұйымдары, ұлттық ойындары т.б өзгелерге ұқсамайтын қасиеттері. Осылардың бәрі – ұлттық құңдылықтарға жатады. Ұлттық құңдылықтарды әр ұлттың ата-бабалары өздерінің өмір сүру салтына байланысты шығарып, пайдаланып, дамытып ұрпақтарына сақтап, заманына қарай дамытып отырулары керек. Ұлттық құңдылықтар ғасырдан ғасырға жалғасқан, өмірдің сынынан өткен, пайдалы екені дәлелденген. Мысалы, қазақ халқының ұлттық ойындарының бірі – асық ойыны. Асық ойнау: баланың ойлау қабілетін дамытады, адамдармен тез тіл табыса білуге үйретеді, денені шынықтырады,баланың көзі қашықтықтан көруге дағдыланады, мергендікке баулиды, бойдың жылдам өсуіне көмектеседі, таза ауада тері жасушалары ашылып, ағза тынығады. Ал, қазақтың ұлттық бұйымы бесіктің пайдасын өмірдің өзі дәлелдеп, осы уақытқа дейін жетіп отыр. Баланың таза болуы, ұйқысының тыныш болуы өз алдына, баланың ана құрсағынан жарық дүниге келген соң табиғи өсуіне әсер етеді.   Жапонның әйгілі медицина ғалымы Гау Щияу Иде Илаң қазіргі заманғы аспаптарды қолдана отырып, зерттеу жүргізген. Оның зерттеуі бойынша «сәби өмір есігін ашпас бұрын, ана құрсағында жүріп тербеліске түседі. Алайда  өмір есігін ашқан соң жарық дүниеге бірден үйлесе алмайды. Сондықтан оны ана құрсағындағыдай әлдилеп, тербетіп отыру керек» деген қорытынды жасайды. Міне, қазақ халқының ұлттық құндылығы!

Әр ұрпақтың өмір сүрген уақытына қарай оларға жүктелетін тарихи миссиясы болады. Ә.Бөкейханов: « Әр ұрпақ өзіне артылған жүкті жетер жеріне апарып тастағаны дұрыс, әйтпесе болашақ  ұрпағымызға аса көп жүк қалдырып кетеміз. Кейінгі ұрпақ не алғыс, не қарғыс беретін алдымызда зор шарттар бар»- деген. Абылай хан дәуірінде қазақ ел болып қалу үшін жоңғарлармен айқасты. Ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен, елдігімізді сақтап қалды. XX ғасырдың басында Ә.Бөкейханов бастаған арыстарымыз  жоқ дегенде автономиялы республика болу үшін күресіп, қанын төгіп, жанын берді. Ұлттың болмысын, басқалардан ерекшелендіріп тұратын маңызды рухани табиғатын түсінген Алаш қайраткерлері әрқашан тіл мәселесін ұлттан бөліп қарамаған. Мәселен, А.Байтұрсынұлы «Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да  себеп болатын нәрсенің ең қуаттысы – тіл. Сөзі жоғалған жұрттың өзі де жоғалады, М.Шоқай «Ұлттық рухтың негізі – ұлттық тіл», М.Жұмабаев «Ұлттың ұлт болуына бірінші шарт – тіл. Ұлт үшін тілінен қымбат ешнәрсе жоқ» деген құнды ой-тұжырымдар жасайды. Егеменді еліміздің баянды болып,  ұлттық құндылығымызды дамытып, Мәңгілік ел болып қалу үшін рухани - мәдени құңдылықтарымызды сақтап, қорғай білуіміз керек. Себебі, ұлттық құңдылық – ұлттың тірегі!

 

Әдебиет:

1.       М. Жұмабаев. Педагогика. Алматы, Ана тілі, 1992, 154 б.

2.       Ж.Аймауытов. Бес томдық шығармалар жинағы. 5-том, Алматы. Ғылым, 1999, 301 б.

3.       А.Байтұрсынов. Тіл тағылымы, Алматы, Ана тілі, 1991 ж, 444 б.

4.        Жастар: тәрбие, жауапкершілік, парыз  Ө. Нүрғалиев. Алматы: Қазақстан, 1988. - 45 с. - Б. ц.

5.       Идеологиялық күрес және жастар  = Идеологическая борьба и

молодежь / 3. Исмағүлов. - Алматы: Қазақстан, 1978. - 54 с. - Б. ц.