Утепова А.К., Бимурзаев Е.К
М.Х. Дулати
атындағы Тараз мемлекеттік университеті, Қазақстан
БҮГІНГІ
ҚАЗАҚ КИНОСЫНДАҒЫ ӘЙЕЛ БЕЙНЕСІ
Әйел –болмысының
өмірде алатын орны ерекше. Әйел – ана, ару,
сұлулықтың символы болған табиғаты нәзік
жан. Мұхтар Әуезовтің: «Адамның негізі - әйел»
деген ойына жүгініп айтар болсақ, ұлттық болмыс пен
тәрбие ананың сүтімен, махаббатымен бала бойына берілетін
асыл қасиеттің бірі. Мұсылман халқы әйелдер
қауымына ерекше құрметпен қараған.
Қазақ әдебиетіндегі – ардақты ана, ақылды жар,
сұлу да сенімді қалыңдық, байсалды да мейірімді
ана-әжелердің үлгі боларлық бейнелері бар. Мысалы: Қарашаш,
Құртқа, Назым, Торғын, Баян Сұлу, Қыз
Жібек, Ақтоқты, Еңлік, болмаса біртұтас
халықтың анасына айналған Ұлжан, Зере
әжелердің бейнелерімен қазақ әйелдерінің
толық галереясын көреміз.
«Әйел
заты- адам баласының ұрғашыға ортақ атауы, ер
адамның өмірлік серігі, зайыбы. Отбасындағы
және жалпы қоғамдағы орнының өзіндік
ерекшеліктерімен байланысты Әйел затының әлеуметтік
жағдайы мен жасына, қандастық, некелік туыстыққа
қатысты этикалық мәнді әлеуметтік
қарым-қатынасты білдіретін ғұрыптық атаулар халық
тілінде аса мол кездеседі:әже, ана,шеше,ене, (қайын ене),
қыз, абысын, шешей, жеңге, aпa, қарындас, сіңлілі, қайын
сіңілі, балдыз, бөле, келін, келіншек, нағашы әже,
нағашы aпa, нағашы жеңге, нағашы қарындас, жиен
aпa, жиен қарындас,құдағи, өкіл
шеше, өгей шеше, кіндік шеше, бойжеткен, қалыңдық,
бәйбіше, тоқал, жар, жұбай, зайып, жесір, қатын, тамыр,
көңілдес, күндес, кемпір, кейуана» - [1] сынды сан қыры
мен өмірде атқаратын қызметі және кезеңдік
дәрежесі болады. Жоғарыда
көрсетілген ғұрыптық атаулары мен бейнелерін
әдебиетте, кинода, сахнадағы кейіпкерлері арқылы танып
жатамыз.
Әйел
бейнесінің кинематограф шығармаларының көркемдік
құрылымында атқаратын рөлі мен
орны жайлы ғылыми тұрғыда
зерттей келе, қазақ
киносының ұлттық бет-бейнесін режиссердің
азаматтық көзқарасы мен, актерлік бітім-болмыс танытады
десек, ондағы әйел образдары сол ұлттық бояуды
қоюлата түседі. Қазақ киносында да өзіндік
қазақы келбетімен көрермен көңілінің
төрінен орын алып жүрген әртістер жетерлік.
Кинодағы қыздарға деген
көрермен махаббатының ерекше үдеген тұсы Меруерт
Өтекешованың «Қыз Жібегінен» басталады, бұл эстафетаны Жанна Қуанышованың Салтанаты
(«Гауһартастағы») асқақтатса, Гүлнар
Досматованың –Айкерімі («Бандыны қуған Хамиттегі»)
ажарландыра түсті. Ибалығына – ұяңдығы, сымбатына
сұлулығы сай қазақ арулары осылайша қазақ
киносындағы әйел образдарын қарапайым халыққа
әдемі жеткізіп жүр. Буын алмасуды уақыт заңдылығы
десек, ол заңдылық бұларға да қатысты.
Кешегі Өтекешова, Қуанышова,
Досматованың биігін бүгін Аянат Есмагамбетова, Аша Матай,
Әсел Сағатова секілді сіңлілері жалғастырып жүр. Ұлттық
тамырын іздеу, ұлттық дәстүрлердің нәзік
бастауларын тануға ұмтылу - болашағына бағдар,
алдағы күнге бағыт алған халықтың ісі. Міне
осы ретте қыздарымыз әрбір кейіпкерін жіті зерттеп, барынша сомдап
келеді.
Алғашқы
кинематографиядағы әйел бейнесі және оның әлемдік
кино өнеріне әсер, кинодағы танымал әйелдер бейнесі қазақ
кино өнері өзінің бастауын 1938 жылдардан бастаса, сол
жылдары ұлттық кейіпкерлердің
болмысы мен қазақ әйелдерінің бейнесін жасауда бірден –
бір ерекшеленген, алғашқы қарлығаштарының бірі –
Шара Жиенқұлова. Қазақ кино тарихында актерлік
өнердің алатын орны ерекше. Алғаш экрандық өнерге
актерлік шеберлік, көркем туынды
«Амангелді»
фильмімен 1938 жылы орыс режиссері М.Левин шығармашылығында
дүниеге келді. Фильмнің сценарийін - Б.Майлин,
Ғ.Мүсірепов және Вс. Иванов жазған. Бас кейіпкер Амангелді бейнесін -
актер Елубай Өмірзақов, жары Балымды – Шара Жиенқұлова
сомдады. Фильмнің түсірілімінен бөлек, актерлер
сомдаған кейіпкерлерді көре отырып, театр актерлерінің
экрандағы алғашқы дебюттерінен театрландырылған
қойылымды көргендей әсерде боламыз. Десе де фильм
соңында актерлік ойын барша актердің кинодағы негізгі
мақсаттарының ақталғанын жеткізеді.
Балым
бейнесіндегі - Ш.Жиенқұлованың нәзік үні мен
сұлулығы, фильмдегі ұлттық орындауындағы биі
барша қазақ әйелдеріне тән ізеттілікті суреттеген.
«Амангелді» фильмінде тұңғыш рет Балым бейнесін
сомдаған актриса өз естелігінде: «Роль была очень ответственная и
сложная. Я до этого играла в спектаклях казахской драмы «Майдан» Майлина,
«Енлик – Кебек» и «Карагоз» М.Ауэзова и других. Но в кино! Да еще в такой
картине! В ту пору, когда развивались действия фильма, женщине Востока было не
просто стоять рядом с полководцем, борющимся за народные права. Но мне, как,
впрочем, и всем казахским актерам, помогали всячески. У каждого был сценический
опыт, но как держать себя перед камерой, мы не знали. Помню эпизод, где мне
надо было заплакать. Мне говорять: «Ну, давай, Шара плачь! А мне в это время
смешно. Мне обьясняють, что в этой сцене уводят Амангельды, и, возможно
расставание это навсегда. Но ведь на площадке – то я одно, и никак мне не
плачется. Тогда Моисей Зеликович Левин, наш режиссер – постановщик, спрашивает:
«Было ли когда – нибудь в твоей жизни что-то трагическое, тяжелое?» - Я
отвечаю: «Папа недавно умер» И от этого воспоминания слезы начинают катится
сами собой». «Вот – вот, подхватывает режиссер, - и воображай, что ты
прощаешься с отцом!» [1] – кино өнерінің құдіреттілігі
шығар, эпизодтарды бөліп түсіру арқылы әрбір
артистке шеберлігін көрсетуге еркіндік берілетін. Бір эпизодтың
қысқаша тарихын өз ойымен суреттеген актрисаның ойын
тәсілі осындай небір қызықты да қиын тапсырмалармен
іске асқан. Десе де Ш.Жиенқұлованың кейіпкерін фильмде
- батыр қыз, сүйікті жар, сұлу да өнерлі келіншек ретінде қабылдаймыз.
Қазақ
киносында алғашқы ұлттық әйел бейнесін суреттеген
биші Шара Жиенқұлованың қазақ кино өнеріне
қосқан үлесі зор. Амангелді фильмінен кейін, қазақ
экранында әртүрлі характердегі
әйелдер мен аналар бейнесі -1938 жылдан бастап 1970 жылдар аралығына дейін –
«Амангелді» 1938 ж, «Райхан» 1940 ж, «Жамбыл» 1952 ж; «Абай әндері» 1945 ж; «Ана туралы аңыз» 1963 ж;
«Тұлпардың ізі» 1964 ж; «Тақиялы періште» 1968 ж;
«Мәншүк туралы ән» 1969 ж; «Қыз Жібек» 1970 ж – сынды
бірнеше фильмдерде қазақ аналары мен әйелдері, батыр
қыз бейнелері сомдалды.
Ш.
Жиенқұлова бастаған дара жолды ерекше сарынмен
дамытқан, қазақ экранына «Ұлы ананың» болмысын
сомдауда ерекшеленген, актриса – Әмина Өмірзақова болды. 1963 жылы
жарық көрген режиссер А.
Карповтың «Ана туралы
аңыз» фильміндегі актерлік
өнеріне тоқталар болсақ, тек бас кейіпкер Ана бейнесіндегі
Әмина Өмірзақованың
шеберлігімен толық фильмді талдап шығуға болады. «Егер
орыс кинематографиясында ананың рөлiн ерекше сомдаған Вера
Марецкая, итальян киносында - Анна Маньяни болса, қазақ
киносындағы ана образы - Әмина Өмiрзақовамен
тығыз байланысты».
Актриса
өзінің бір естелігінде: Киноөнеріндегі алғашқы
қадамдарымнан кейін, күндердің бірінде Шәкен
әзілдей тұрып, мен үшін комедиялық роль жазылып
жатқанын айтты. Содан кейін ешқандай ойын-қалжыңсыз
«Тақиялы періштенің» сценарийімен танысып шығуға
ұсынды. Бұл мені қуантты, әрі қобалжытты,
өйткені комедиялық рольде ойнап көрмеп едім.
Шәкең көңілімді демеп, «сен сан алуан типаждар
жасауға жаралғансың» деп күлді [2, 61]. Осы тұрғыдан сипаттар болсақ - Ш.Айманов өз
фильмдеріндегі кейіпкерлерге актерді тағайындауда аса бір
ұқыптылық пен көрегендік қасиетін шебер
қолданған. Осы ұтымдылығын «Тақиялы періште»
фильміндегі көрерменді баурайтын нәрсенің біріншісі
комедияға тән табиғилық болса, екіншісі – сол
әзіл-қалжыңды бермен қарай жеткізуші актерлік
шеберліктің мықтылығы болды. Өмірзақованың
керемет сомдауындағы Тана жеңгей, сүйікті ана бейнесі сол
уақытта көрерменге қажет болғаннан туған
кейіпкер. Ауылдан - қалаға келген Тана ана, баласы
Тайлақтың
бойдақтығына төзбей, «ер бала жалғыз тұра
алмайды, оның қасында қолдаушы –анасы, және
сүйікті әйелі болу керек» -деген ұранмен қала ішінде
келін іздеп баласына жеңгетай болады. Бірақ, анасының
таңдауындағы қыздарға көңілі толмаған
Тайлақ сүйіктісін өзі
іздеп табады. Баласына жар іздеймін деген Тана апай, өзінің
алғашқы махаббатымен бірнеше жылдан соң кездеседі. Ол
ғашығы, Тайлақтың болашақ жары Айшаның
әкесі – Тайыр еді. Шытырман оқиғалар мен естеліктерге
арналған фильмнің соңы сәтті кездесу, қос
тойдың қуанышымен аяқталады. Бодандықтың құрсауындағы
түрлі ұлттар араласқан кеңестік кезеңде туса да,
фильмдегі Тайлақ пен Тана – ұлттық шеберханадан туған
бейнелер. Қазақи комедияның ұлттық кейіпкерлері[5].
«Тақиялы
періштедегі» актриса ойнаған Тана ролі көпшілікке
Тайлақтың анасы, әрі ерекше күлкісімен есте
қалып, әрі қалың жұртшылықтың
махаббатына әлі күнге дейін бөленіп келе жатқан фильм. Ә.Өмірзақованың
шеберлігін суреттеуде талдауға алынған - «Тақиялы періште» мен «Ана туралы аңыз»
фильмдеріндегі образдары актрисаның сан қырлылығы мен
ұлттық нақышта кейіпкер бейнесін сомдаудағы ерекшелігін
айқындап отыр. Аталмыш бейнелер
бір-біріне мүлдем ұқсамайды. Бұл жерде Ә.Өмірзақованың сан қырлы, кәсіби актриса
екендігін аңғаруға болады. Бұндай актриса енді туса
туар, алайда дәл қазіргі қазақ киноларынан Әмина
ананың жасап кеткен бейнелерінің көшірмелерін және актриса сомдаған өткен
уақыттың классикалық киноларынан көріп жүрміз. Қазақ кино
өнері пайда болып, қалыптасып, даму үрдісіне жеткенде – 1970
жылы режиссер Сұлтан Қожықов «Қыз Жібек» фильмі
арқылы, ұлттық бейне, қазақтың сұлу қызы
Жібекті дүниеге әкелді. Қыз Жібек бейнесін оқушы, жас
актриса Меруерт Өтекешова сомдады.
Әдебиет, кино, театр, бейнелеу, музыка
өнері болсын, «Ана» тақырыбын
жырламаған, суреттемеген өнердің түрі жоқ.
Қазақ кино өнері де өз алдына қалыптасып,
дамуға бет алғанда әйелдер бейнесінің болмысын жасауда
бірнеше фильмдерді түсірді. Қазақ киносында адамның
ұлылығы, ана – әйелдің жан сұлулығы мен
оның шексіз тереңдігін, ғажайып биіктігін ерекше
қастерлеп көрсетуде актрисалар сомдаған бірнеше кейіпкерлер
тарих беттерінде қалды [9].
Ендеше,
бүгінгі ұрпаққа қазақ халқының
қыздарының ибалылығы, әдемі ұяңдығы
мен салмақтылығын экран бейнесінен жастарымыз сусындап, тәлім
–тәрбие үрдісіне назар аударуы, көбірек насихатталуы тиіс деп
санаймын.Мемлекетіміздің тікелей болашағы текті ұрпақ
тарату десек, тарихымызға көз жүгіртіп, қазақилығымызды
жоғалтып алмайық дегім келеді. Бұл зерттеу
жұмысымның басы қылаң қаққан бет
бердесі іспеттес, әлбетте ана тақырыбы толғандырмай,
сүйсіндірмей қоймайды. Қазақ қызы болғанын
мақтан тұтсын қыздарым дей келе әдебіне, салт-санатына
лайық болғай қазағымның жанашырлары демекпін.
Сөз
соңын қазақ әйелінің бүгінгі негізгі
сипатына бұрғым келеді. Қазақ тіпті сұлу
қыздың өзіне тамсанғанда «анаңнан сені
тапқан айналайын» деп ән салған, қыздың
тәрбиесіне риза болғанда «шеше көрген тон пішер» деп
алғыс айтқан. Қазақ әйелі, жалпы, әйел заты
Құдай берген сол негізгі сипаты – аналық мейірімі,
аналық табиғаты арқылы өз үстемдігін
жүргізіп,«бір қолымен бесікті, бір қолымен әлемді
тербете» берер.
Әдебиет:
1.
Қ.Қуандықов. Тұңғыш ұлт
театры. А., 1969.
2.
Сығаев Ә. Сахна саңлақтары. А.
3.
Құндақбайұлы
Б. Театр туралы толғаныстар. А., 2006
4.
Тоқпанов А. Іңкәр дүние.
А., 1991.
5.
Сығай Ә.
Театр тағлымы. А., 2003;
6.
Қазақ үні. Қоғамдық-
саяси апталық.http://www.qazaquni.kz/9077.html
7.
Тоқпанов А. Бүгінгі күнге дейін.
А., 1976.
8.
Б.Құндақбаев. М.Әуезов және театр. А., 1997
9.
Қ.Мұхамеджанов. Өнер жайлы ойлар. А., 1978.