п.ғ.д.,
профессор С.М. Кенесбаев, 2-курс
магистранты А.Б. Курмангалиева Қазақ
мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті,
Қазақстан
Колледж
студенттерінің шығармашылығын дамытуда ақпараттық
технологияларды пайдаланудың психологиялық және
педагогикалық негіздері
XXI
ғасырда кәсіби еңбектің интеллектуализациялау
тенденциясы белгіленіп, кәсіби білім берудің
маңыздылығы көтерілді. Өйткені қазіргі кезде әлеуметтік-экономикалық
құрылымдағы,іскерлік, экономикалық, әлеуметтік
қатынастары жүйесінде қоғам болашақ маманды
дайындаудың сапасына жоғары талаптар қоюда. Осыған орай
жаңаша ойлайтын маманды қалыптастыруға бағытталған
кәсіби дайындаудың жаңа парадигмасы өзекті болып келеді
де, яғни қоғамның осы кездегі қалыптасуының
талаптарына жауап беретіндей колледждердегі білім беру студент
тұлғасы дамуының жоғарғы деңгейін
жеткілікті түрде қамтамасыз ету қажеттілігі туындайды.
Қоғамның
жаңа типін құру барысында, жаңа
құндылықтар жүйесіне бағытталған, білім
берудің негізгі мақсаты жоғары шығармашылық
мүмкіншілігі бар болашақ маман тұлғасын
қалыптастыру болып табылады.
Кәсіптік
оқыту мен кәсіби даярлық күннен-күнге
өзекті мәселелердің біріне айналуда. Бұған төмендегідей
қатар ықпалы себеп болады:
v Кәсіп
әлемінің өсімі: әр жыл сайын кәсіп пен
мамандық түрлері көбею үстінде;
v Кәсіптік
білім өсімі: соңғы он жылдық кәсіптік білім
өсімімен сипатталады.
v
Тіпті, нақты мамандық шеңберінде де әртүрлі
және үнемі жаңарып тұратын білім мен дағдылар
қажет;
v Нақты мамандықтың
заттық қорының өзгерісі: көп жағдайда
мамандардан жаңа технологияны, жабдықтар мен
кәсіптік түсініктің игеруін талап етеді.
Ғылымның және технологияның
қазіргі жағдайын бейнелейтін іргелі білім беру болашақ
мамандардың тек тәжірибені белсенді қабылдауды ғана
емес, сонымен бірге интеллектуалдық шығармашылық
қабілеттілігін анықтайды. Бұл орайда шығармашыл
тұлға тәрбиелеудегі педагогикалық-психологиялық
ерекшеліктерді анықтау маңыздылығы туындап отыр. Болашақ
мамандардың, яғни студенттердің зерттеу біліктерін
меңгеру қажеттілігі, бір жағынан, Мемлекеттік
стандарттың талаптарымен айқындалады, онда бітірушінің осы
кәсіби аспектісі нақты анықталған; екінші
жағынан, қазіргі мамандардың кәсіби іс-әрекетімен
айқындалады. Мысалы, «Бағдарламашы» мамандығында оқитын
болашақ маманды дайындауда іс-әрекеттің техникалық
табиғатына сәйкес соның ішінде оны меңгеру және қолдану мәселесіне
көңіл бөліп қарау талап етіледі. Сондықтан да
колледж студенттерін ЭЕТ-мен таныстыру, ЕТ құрылымымен таныстыру,
оларды жасау т.б. дағдылар мен білім қорын меңгеру керек.
Осы бағыттағы тиімді жұмысты қамтамасыз
етудің бірінші шарты ретінде
бүкіл кәсіби дайындықтың жүйесін жүзеге
асыру барысындағы зерттеушілік білімдердің тиімді қалыптасу
процесінің үздіксіздігі мен тұтастығын ерекше атап
өту керек. Оған аудиториялық сабақ пен студенттің
өз бетінше жұмысы (студенттің оқу-зерттеу
жұмысы), аталған біліктерді саналы және
шығармашылық меңгерудегі түрлі әдістер мен
тәсілдерді пайдаланумен байланысты тәжірибе жатады. Мысалы:
«Ақпараттық жүйелер» мамандығы үшін «Дербес
компьютер құрылымы», «Мәтіндік редакторлар тарихы»
сияқты тақырыптарды реферат ретінде беру керек.
Зерттеу біліктерін қалыптастырудың
маңызды шарты ретінде зерттеу іс-әрекетінің мотивациясы болып
табылады: қызығушылықтарын қалыптастыру, зерттеу
жұмысы қажеттілігін, кәсіби өсу үшін зерттеу
біліктер жүйесін меңгерудің маңыздылығын
негіздеу. Мысалға, осы жұмыстың бастамасы ретінде 1-ші
курстан бастап практикалық сабақтарда өзін-өзі тану,
өзіндік қызығушылықтары мен қабілеттерін талдау,
олардың таңдаған кәсіпке сәйкестілігін
анықтау үшін жағдайлар жасалынады.
Конференцияға рефераттарды дайындау барысында
студенттер жаңашыл-зерттеушілердің жетістіктерімен танысады:
мәліметтерді диаграммаға салады, графиктер құрастырады,
презентациялар жасайды, бейнероликтер түсіреді, оларды монтаждайды,
шартты түрде айтқанда, «өзіне салып көреді», шеберге
лайықты кәсіби біліктер мен тұлғалық
қасиеттерді дамытады. Оның барысында келесідей зерттеу біліктерін
меңгеру қажеттілігін саналы түрде ұғынады:
ü
бар тәжірибені
талдау;
ü
проблеманы
тұжырымдау;
ü
өз
жұмысының нәтижесін жүйелеу.
Аталған біліктердің қалыптастыру
мен зерттеу жұмысына қызығушылықты тудыру шарасына
түрлі кәсіби жағдайларды талдау мен диагностикалауды
өткізу, жоғары курс студенттерімен орындалатын тапсырмалардың
зерттеушілік сипаты және
басқа әдістері жатады. Сонымен қажетті білімдер жүйесі
және қалыптасқан зерттеу біліктерімен бірге зерттеу іс-әрекетіне оң
көзқарастың болуы болашақ маманның тиімді
кәсіби іс-әрекетке дайындығын қалыптастырады.
Екінші шарты колледждердегі
студенттердің кәсіби-тұлғалық мәдениетін
қалыптастыру болады. Маманның
кәсіби-тұлғалық мәдениеті оның
іс-әрекетінің бүкіл жүйесін қамту керек.
Осыған орай колледж студенттерінің білім беру мазмұнын
қалыптастыруда жүйелілік құндылық
көзқарасы өзекті болады. Болашақ маманның
мәдениетін қалыптастыру проблемаларын тиімді шешу, оның
әлеуметтік қасиеттерін дамыту, оқу-тәрбие және
ұйымдастырушылық жұмысты талдау, теориялық және
нақты-әлеуметтік зерттеулердің, тұлғалық
және мәдениет теориясы нәтижесін жалпылау негізінде
анықталады. Мысалы, Ә. Табылдының пікірінше:
«Ұлттық мәдениеттің қайнар бастау – оның
(ұлттың) рухани азығының асылдық
қасиеттеріне байланысты. Халықтың рухани қуатын арттыратын қозғаушы күш –
оның әдебиеті, өнері, әдебі мен эстетикалық
болмысы» [1; 11-12]. Осы
анықтамаға сүйене айтатынымыз, мәдениет білім берушілік
құндылық ретінде студенттерді дамыту мен тәрбиелеуде
тұрмыстың, ойлаудың, сауықтырудың
мәдениетінде, қатынасында, қарым-қатынасында,
дүниетанымдық мәдениетінде, эстетикалық іс-әрекетінде
көрініс береді.
Болашақ маманды дайындау жүйесінде
студенттердің үнемі өз кәсіби дәрежесін
көтеру қабілетін дамыту шеңберінде
жүйелілік-құндылық көзқарасының
маңыздылығы оқу-тәрбие процесі барысында
анықталады. Осыған байланысты орта кәсіби білім беру
іс-әрекет ретінде қарастырылады, оның мақсаты –
болашақ маманның интеллектуалдық-адамгершілік
тұлғасын дамыту, тұлғалық өсуінің
қамтамасыз ету ретінде анықталады.
Болашақ маманды дайындаудағы
жүйелілік-құндылықтық көзқарасы
жүйе ретінде түсініледі, ол жаңа ғасырдың
мәдени және гуманистік құндылықтарын есепке алу
негізінде құрылады: субъектіліктің,
диалогиялықтың, дамытушы бағыттылықтың,
кіріктірушіліктің, іргеліліктің, үздіксіздіктің.
Сонымен, қазіргі білім беру парадигмасын
әлеуметтік-тұлғалық, тұлғаға-бағдарлаушылық,
гуманистік білім берумен анықталады. Орта кәсіптік білім беруде
әдетте парадигманың келесі өзгермелі түрлері айтылады:
«...мәдени-құндылықтылық парадигмасы,
академиялық парадигма, кәсіби парадигма, технократиялық
парадигма, гуманистік парадигмасы» [2;85-91]. Жетекші білім берушілік
парадигмасының әсерімен кәсіптік
білім берудің басқа
моделдері қалыптасады: а) дәстүрлі немесе классикалық;
б) рационалистік.
Кәсіби білім берудің
әлеуметтік-тұлғалық аспектісін іске асырудың
негізгі тәсілі ретінде ақпараттық технологияларды пайдалану
деп түсінеміз.
Шығармашылықтың объектісі ретінде
маманның бейнелері мен мақсаттары, символдары мен
ұғымдары, қылықтары мен қатынастары,
құндылықтары мен сенімдері қарастырылады. Болашақ
маман шығармашылық ізденіс барысында өзі үшін
маңызды жаңалықтар ашады,
адамтану мен құрметтеу аумағындағы
коммуникативтік мәдениет көрсеткіші ретіндегі гуманистік құндылықтарымен
танысады.
Болашақ маманды дайындау жүйесіндегі
жүйелілік-құндылықтық көзқарасы маман біліктілігінің жоғары көрінісі және кәсіби құзырлылығы
болып табылады. Осы кәсіби-тұлғалық мәдениеті
деңгейінде толығынан маманның адами жеке даралығы
көрініс беруі мүмкін [3;72-75]. Болашақ маманның
тұлғалық және кәсіби мәдениеті
жүйесіндегі құрылымында басты компоненттері ретінде
құрастырушылық, ұйымдастырушылық, коммуникативтік
аймақтары анықталады. Студенттер іс-әрекетінің
құрастырушылық аймағы ұйымдастырушылық
іс-әрекетімен нәтиже шығарады, өйткені әрбір
кәсіби әрекет соңғы нәтижесінде кешенді
ұйымдастырушылық іс ретінде қаралады.
Колледж студенттерінің шығармашылығын дамытуда
ақпараттық технологияларды пайдаланудың психологиялық
және педагогикалық ерекшелігі оқытудың тиімділігін
жүзеге асыратын жоғарыда көрсетілген екі шартқа
негізделіп жасалады.
Пайдаланған әдебиеттер
1. Ә. Табылдиев. Қазақ
этно-педагогикасы және оқыту әдістемесі. Алматы, 2004 ж.;
2.
Шығармашылық –
жеке тұлғаны қалыптастыру кепілі //Білім берудегі
менеджемент, 2007. -№3. –Б. 85-91;
3. Білім берудегі өзекті мәселе //Қазақстан мектебі,
2007. -№3. –Б. 72-75. (бірлестікте: Алдияров
Қ.).