Сейлхан Индира Жомартқызы

Төленді Жандос Болатұлы

Қарағанды Мемлекеттік Медицина Университеті,Қарағанды қаласы

Ғылыми жетекші аға оқытушы Кусайнова М.А

Мамандық таңдау – өмір талабы

Мамандық таңдау деген өзің айналысқың келетін жұмысты таңдау ғана емес, өзің араласқың келетін ортаны да таңдау. Қазақ "Адам екі түрлі жағдайда қателеспеу керек: бірі - жар таңдағанда, екіншісі - мамандық таңдағанда" деп бекер айтпаса керек. 

"Мамандық" сөзі латын сөзінен шыққан, "жұрт алдында сөйлеу, жариялау" дегенге саяды. Есте жоқ ескі заманда мамандықтың қазіргідей түр-түрі болмады. Әр адам барлық жұмыспен өзі ғана айналысатын. Дегенмен, әйелдер мен ерлерге деп бөлінетін жұмыстар болған. Ерлер аң аулап, үй тұрғызып, қару-жарақ жасаса, әйелдер жеуге жарамды өсімдіктерді жинап, тамақ пісірген, киім-кешек тігіп, бала тәрбиелеген. Заман өзгерген сайын, адам да жетіліп, нарықтық қарым-қатынас пайда болды. Қоғам дамып, дүниеге түрлі жұмыстар, сәйкесінше, түрлі мамандықтар келді.Кез келген еңбек мамандық емес. Еңбектің мамандық деп аталуының өзіндік шарттары бар: бірі - маман атануыңыз үшін білім алып, қолыңызға сол саланың дипломын, куәлігін, аттестаты не сертификатын алуыңыз керек болса, екіншісі - еңбегіңізге ақының төлені қажеттілігі. Өз ісінің нағыз маманы атану үшін ең алдымен мамандығыңызға деген махаббат керек. Мамандыққа деген махаббат пен карьерист болу екеуі біздіңше екі бөлек нәрсе. Махаббатпен істелген жұмыс қана нәтиже бермек. Екінші сөзбен айтқанда, мамандығыңыз сіздің сүйікті ісіңізге айналуы қажет. Бұл жағдайда адам жұмысқа ерекше құлшыныспен кірісіп, жұмысынан ләззат алады.Адамның өзін-өзі тәрбиелеуі, жар таңдап, отау құру, сөйтіп жұрт қатарына енуімен өзектесіп жататын мәселенің бірі- мамандық таңдау. Соңғы кезекті жүргізілген зерттеулер (анкета, сүхбат, т.б.) жастардың мамандық таңдай білуге байланысты ой-пікірлері мен тебіреніс-толғаныстарында бүл мәселенің қоғамдық-әлеуметтік жағынан гөрі жеке бас мүддесіне көбірек қатыстылығы байқалып жүр. Әрине, бүл қазіргі нарық экономикасына көшу кезіндегі отпелі кезең тудырған жәйт болса керек. Жеке мүдде қазіргі кезде ел-жүрт психологиясына елеулі әсер етіп түрған фактор екендігі белгілі. Заман талабы жастардың тек мал шаруашылығы, ондіріс, қүрылыс маманы  болмай, сауда, алыс-беріс, бизнес ісіне де коптеп мамандануын қажет етіп отыр.Үлкен омірге енді  аяқ баскан жас үланның алдында мыңдаған мамандықтан озіне лайықты біреуін таңдау міндеті түрады. Әр адамның бірнеше кәсіппен айналысуға қабілеті болғанымен, соның біреуіне ынтасы ерекше ауады. Ойткені, эр кәсіпке қажетті қабілеттілік деңгейі түрлі дорежеде болады. Мәселен, үшқыштық қабілет тек үшу немесе оған жаттығу кезінде емес, спорт ойындары кезінде, математикалық қабілет шахмат ойыны үстінде қалыптаса бастауы мүмкін. Мамандықтың белгілі бір түріне бағыт-бағдар беру -кэсіптік бейімделу, (адаптация) мәселесіне келіп тіреледі. Бүл жонінде откен тарауда азды-копті айтылды. Мәселен, ондіріске жаңадан келгендерге тәжірибелі жүмыскерлер . алғашқы кезде кобірек коңіл боліп, олардың әрқайсысына қамқорлық корсетіп, жүмыстағы кемшілік-олқылықтарын түзеп, қабілеттерін сүйеп, демеп отырады. Бүл жәйт жас адамның омір жолын дүрыс таңдай алуына, оз мүмкіндігіне сенімін нығайтып, бекіте түседі. Кәсіпке бейімдеудің сан алуан жолдары мен әдістері бар. Солардың ішінде "Жұмысшы қатарына кабылдау", "Өмірге жұмысшы жолдамасын беру", т.б. салт-дәстүрлердің маңызы ерекше.Кәсіпке бейімделу элементтері мектептегі оқу-тәрбие процесінде де жүргізілсе қүба-қүп. Мәселен, сабақ үстінде, әр түрлі үйірме жүмыстары кезінде шәкірттерді практикалық мәні бар қызметпен жәй таныстырып қоймай, оларды бүл іске тікелей араластырған абзал. Мамандық таңдауға ерекше көңіл бөлетін әрбір жас өскін мектепте оқып жүрген кездерінің өзінде-ақ бүл жөнінде жазылған әдебиеттермен танысып отыруды ойластырады. Бүл жерде оған мамандық таңдау жайлы жазылған психологиялық кітаптар көп көмек көрсетеді. Мүндай басылымдарда — жастарды кәсіптік бағдар, оларды жеке икемділіктеріне қарай іріктеу, тиісті кеңестер беру, әртүрлі мамандықтарды психологиялық жағынан сипаттау, бүлардың профессияграммасын жасау, әр жастағы адамдардың еңбектің түр-түріне қабілеттіктерін ажырату, еңбек экспертизасының мәселелері қарастырылады. Мүнда сондай-ақ әртүрлі мамандыққа қажетті білім жүйесі мен дағды, икемділіктердің қалыптасу жолы, жүмыс устінде түрлі бақытсыз жағдайға душар болмаудың профилактикасы, адамның еңбек үстіндегі қолайлы көңіл күйінің бірқалыпты болуын қамтамасыз ету мәселелері, еңбек үжымдарындағы жарасты моральдық-психологиялық ахуалдың қалыптасу факторлары жүмыс үстіндегі шаршау мен болдыруға қарсы күрес, техникалық қүралдарды гуманизациялау (өндірістік эстетика), мастерлер мен үстаздардың, инженер-техниктердің психологиялық білімдерін жетілдіру, т.б.-мәселелері жайлы сөз қозғалады. Мәселен, оның психологиялық профессиография дейтін бөлімінде адамнын мамандыққа қажетті ерекшеліктері профёссияграммага (түрлі мамандыққа қажетті, талаптардың сипаттамасы) түсіріледі.] Психологиялық профессиограмма (психограмма) -мамандықтың бір түрінің адам психикасына қоятын талап-тілегінің жинақ мәліметі. Іс-эрекеттің өр саласына тән өзіндік профессиограммалары болады. Оларға техника (мамандықтың технологиялық аспектілерін сипаттау), экономика (экономикалық мәнін сипаттау), социология, педагогика, медицина, т.б. профессиограммаларын жатқызуға болады. Профессиологияныц айналысатын мәселелерінің келесі бір саласы-кәсіби бағдарлау. Бүл мамандықты дүрыс таңдап алмау жағдайынан туатын қателіктердің алдын алып, болдырмау жағына бағытталған еңбек экспертизасы.Кәсіби бағдардың (профориентация) мынадай түрлері бар: а) кәсіби сауат ашу; ә) кәсіби насихат; б) кәсіби адаптация (төселу); в) кәсіби ақыл-кеңес беру (консультация), кәсіби іріктеу (проф. подбор).Мамандық таңдауда қазақ жастары Ж. Аймауытовтың "Жан жүйесі жөне өнер тандау" (1926) атты еңбегінен де жақсы акыл-кеңестер алуына болады. Автор мамандықтың жаманы жоқ, бірақ, мүның кез-келгеніне икемділік қажет, бүл жәй күнелту, тамақ, асыраудың  жолы емес, үлкен өнерді, зор шеберлікті қажет ететін нәрсе дейді. "Кімде-кім өзіне біткен ыңғайына қарай өз жолымен қызмет етсе өз басына да, әлеуметке де үлкен пайда келтірмек. Өз орнында істеген адамның жүмысы да өнімді, берекелі болмақ... әр өнер, әр қызмет мемлекетке, әлеуметке керек. Әлеумет те, мемлекет те әр адамның еңбегі берекелі, пайдалы болуын тілейді: неғүрлым өр мүшесінің еңбегі жемісті болса, соғүрлым әлеумет түрмысы да тез оңалмақ".Қазіргі-жастар төрбиенің енжар объектісі емес, олар өз өмір жолын заман талабына орайластыра қүруға қабілеті жететін, шығармашылық істің өкілдері. Олар нарықтық қатынастарға өтудің небір сүйініш-күйініштеріне ересек адамдармен бірге ортақтасып, мүны өз бастарынан кешіруде. Бүл жөйт оларды бүрынғыдан гөрі ертерек есейте түсуде. Бірақ та, қоғамдағы әр түрлі проблемаларды жеңе білуде жастарга аға үрпақтың көмегі мен ақыл-кеңестері әлде де бүрынгыша қажет бола бермек. Сондықтан қазіргі бозбалалар мен бойжеткендердің психологиялық ерекшеліктерін ескере отырып, олардың үмтылыс талап-тілектерін үнемі демеп отыру - үйдегі, түздегі тәлімгерлердің абыройлы парызы.

Қолданылған әдебиеттер тізімі:

1.Жарықбаев Құбығұл «Психология негздері» Алматы,2012