СӨЙЛЕУ МӘДЕНИЕТІ МУЗЫКА МҰҒАЛІМІНІҢ ІС- ӘРЕКЕТІНДЕГІ ҚАЖЕТТІ СЫҢАР

Қазақстан, Шымкент қаласы ОҚМПИ

Аға оқытушы Жақсыбекова С.С.

Музыка мұғалімінің сөйлеу мәдениеті Б.В.Асафьев, О.Апраксина, Л.Г.Арчажникова, Ш.Б.Кульманова, С.Ұзақбаева, М.Балтабаев, Т.Қоңыратбаевтардың еңбектерінде талқыланған. Музыка мұғалімінің сөйлеу мәдениетінің ерекшелігі:  шығарманың көркемдік, эстетикалық, өнегелік мазмұнын аша білу, балалармен байланыс орналастыра білу, олардың шығармашылық талабын дамыту, сөз сөйлеу тақырыбын меңгеру, оның мақсатын тура түсіну, орындаушылық деңгейдегі жеке қызығушылық, тыңдаушыларға психологиялық-жігерлі мақсатта әсер ету, орындау жоспарын дайындау, кезеңдердің реттілігі, тексті жазбаша көркемдеу, орындау процесінде дұрыс жүріс-тұрыс, логикалы-психологиялық өнегелік болып табылады. Адамның сөйлеу қасиеті, мінездің коммуникативтік белгілері, адамның мінезіндегі бір қасиет оның өзгелермен қарым-қатынас жасауды қажет ету болып табылады. Бұл қажеттілік оның көріну дәрежесіне, адамның темпераментіне және қарым-қатынас тәжірибесіне орай мінездің әрбір адамға тән коммуникативтік белгілерін қалыптастырады. Мұндай белгілерге көпшілдікті, тұйықтықты және мылжыңдықты жатқызуға болады.

Адамның ерекше бір қасиеті-сөзге шешендік деу керек. Бұл ерекшелік көбінесе қоғам қайраткерлерінде, оқытушыларда, актерлерде байқалады. Мұндай адамдарға ой мен сөз бірлігі тән. Ой бейнелі, айқын да көкейге қонымды сөз арқылы беріледі. Тілге шешен адам нысаналылығымен және сендіре білумен ерекшеленеді. Шешендік аз сөзбен көп мағына бере қысқа сөйлеуді жоққа шығармайды. Шын жүректен шыққан жалынды сөз үлкенді де кішіні де еліктіріп әкететін аеа ықпалды құралдардың бірі. Н.И.Красногорский: «Сөз сөйлеу қызметінің ерекшеліктерін игермейінше адамда жоғары нерв қызметінің типі болмақ емес»-деп жазды  [1]. Сабақ беру практикасында мұғалім монологты сөйлеудің барлық формаларын пайдаланады. Бастауыш мектепте мұғалім монологты сөйлеудің әңгіме формасы көбірек қолданады. Оқушылар есейген сайын олармен мектеп қабырғасында және одан тыс жерлердегі қарым-қатынаста мұғалімнің монологты сөзі басым орын алады. Өткен тарихымыз, халқымыздың әдет-ғұрыптары, дәстүрлері т.б. тіл арқылы жетеді, тіл арқылы кейінгі  ұрпаққа жалғасады. Мысалы, ұлы Абайдың   әсем де әсерлі,  мәнді де мағыналы   шығармаларын тек тіл арқылы оқып білеміз, үйренеміз, ғибрат аламыз. Сондықтан да халқымыз  «Өнер алды –қызыл тіл» деп тегін айтпаған. Жастайыңнан қиялыңды  қияға өрлеткен қиял-ғажайып ертегілер, сүйіп тыңдайтын шыншыл да  сыршыл аңыз-әңгімелер, ерлікті, елдікті ту еткен  батырлар  жырлары, шынайы махаббатты мұрат еткен  әсем де әсерлі  халықтық  , лиро-этикалық  жырлар, бірлікті, беректті мақсұт еткен өткір де өміршең  шешендік  сөздер,  халық даналығы мақал-мәтелдер  ана тілінде  дүниеге келіп, әрбір адамға  сол ана тілінде  дүниеге келіп, әрбір  адамға сол ана тілінде  жетіп отыр.Осындай   ана тілінде  жырланған  халық мұрасынан  ғибрат аласың, өміріңе  өнеге тұтасың, білім бұлағынан сусындайсың,  сезіміңе әсер етіп, білім-ғылым әлеміне  құлаш ұрасың, Абайдың  саналығын, Махамбеттің батылдығын, Бұқардың  ақылмандығы мен  жанашырлығын, Абылайдың  данышпандығын, Бөгенбай  мен  Қабанбайдың    батырлығын Төле би, Әйтек би, Қазыбек бидің  шешендігін, ақын-жазушыларымыздың  туындыларын түйсініп, рухани өміріңе азық етесің. Сондықтан да ана  тіліңнің  тағдыры  үшін күйесің де күйінесің, шаттанасың да, шалдығасың  да. Қазақ халқы шешендіктің сирек өнер екенін ежелден-ақ мойындаған. Сол себепті де бабаларымыз «жүзден біреу-шешен, мыңнан біреу-көсем», «шешеннің тілі-шебердің бізі, шешеннің тілі-семсердің жүзі», «піл күшті, піл күшті емес тіл күшті», деген екен. Мұның өзі шешендік-тәңірдің өзі сыйлайтын өнер деп мойындағандық болып табылады [2].

Латын кемеңгерлері «ақын туа болады, шешен жүре болады»-деген екен. Бірақ, шешендік те туа бітетін қасиет болу керек. Халқымыз «сөйлей-сөйлей шешен боларсың, көре-көре көсем боларсың», дегенде тәрбиенің, машықтаудың, тер төгіп үйренудің рөлін, табиғи талантты ұштау, өткірлеу, қанаттандырудың атқарар орнын баса көрсету үшін айтқан шығар.

Орыстың атақты заңгері А.Ф.Кони «Бір парасы туа біткен, бір парасы ортаның тәрбиесі әсерінің, үлгі-өнегесінің, кітап оқудың, өз көңіл-күйінің нәтижесі болып саналатын ерекше қабілет болуы шарт», деп есептеген. Кони түйінінің маңыздылығы-«шешен болып жаратылмаған, жастайынан жаттықпаған кісі суырылма шешен, топ жарған тілмар бола алмас еді», дегенге саяды. Б.М. Теплов "Сөйлеу мәдениеті өспейінше, жоғары ақыл мәдениетіне жетуге болмайды" ." [3].Жылы -жылы сөйлесең , жылан ізінен шығады". "Жақсының сөзі -иесін табар"."Жақсы  сөз-жан азығы". "Жаман сөз -жанға кірген тінен, жақсы сөз -таптырмайтын елі ",-деген халық мақал -мәтелдері тәрбиелейді.

А.С.Макаренко "Адамды тәрбиелеу, оның ертеңгі қуанышқа" ие болатын келешек  жолын тәрбиелеу".Абай " Атанның ғана баласы болма, адамның баласы бол". Ойшылдардың қайсысы  болмасын бала тәрбиелеу ісіне жете мән бере отырып, келер ұрпақты ұлттық салт-дәстүр, әдет-ғұрпы, имандылық негізінде тәрбиелеу керектігін басты назарда ұстағаны  белгілі.Н.Назарбаев "Қазақтың ұлттық сана-сезімін  дамыту-қазақ деп аталатын таңғажайып, әрі бай тарихи және мәдени байтаққа өз қатысының барын сезіну". Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаевтардай ұлдарын биік даналық деңгейіне көтеріп, олардың адамгершілік, этикалық талғамын қалыптастыруда жетекші рөл атқарған. М.Дүйсенов К.Әзірбаевқа арналған «Әсем әуен, сұлу жыр» деген мақаласында, оның жырау, жыршы, әнші болу себебін былай түсіндіреді. «Кенен өлеңдері оның жырларымен тақырыптас, мазмұндас».Соған қарағанда ол әнімен қоса жырын жырымен қоса әнін егіз екі қатар алып отырған. Айтайын деген ойы ән болып төгіліп, жыр болып ағылып, жарыса қажетке жараған» Қазақ халқының атақты халық ақыны Жамбыл туралы да осыны айтуға болады. Оның шәкірті Кененнің бір ерекшелігі-ол композитор. Осылай бір халықтың әйгілі ақындарының, тіпті олар «профессионалды халық ақындары» болған күйінде де әрі жырау, әрі жыршы, әрі әнші, композитор болуы ол өнерлерінің «тақырыптас, мазмұндас» болуын ғана емес, ескі дәстүрдің әлі ескірмегененін аңғартса керек. Қазір Е.Хасанғалиев, Ә.Бейсеуов сияқты әрі композитор, өзі әнші, әрі орындаушы, өнер қайраткерлері жоқ емес, бірақ өнер түрлері тарамданып, өзіндік дербес айырым дәрежеге көтерілген тұста, олар жайында маманданған еңбек бөлісінің мықтап орын тебуі-өресі биік ел-жұрт өнерінің, ғылымымыздың, кадрлардың өскен өнеріміздің даму талаптары биігінен көрінуі керек. Басқаға -өз ойын түсінікті, жатың, әсерлі етіп жеткізудің бір шарты-сөз әуенінің дұрыс болуы. Музыкадағы барлық ән-күй, ірілі-ұсақты музыкалық шығармалардың арқауы до, ре, ми, фа соль, ля, си деген тондар гаммасы тәрізді, әрбір ойға лайықты дұрыс құралған сөйлемдегі сөздердің, сөйлемдердің өздеріне сай ырғақты үні болады. Баланың  ерте бастан ойы сергек, өткір тілді болуын, сөз пернесін дәл басып, әр сөзді мүдірмей өз орнында қолданып сөйлеуін келешекте тіл мәдениеті жоғары болуының шарты деп білеміз. Осы аталған шарттың өнерді, оның ішінде музыканы меңгеруге ықпалы зор. Музыканы меңгеретін оқушының есту қабілеті, есте сақтау қабілеті, ырғақты сезіну қабілеті басым болуы қажет, ал сол естіген әуенін айтып беру үшін, мазмұнын жеткізе білу үшін сөйлеу қажет. Музыка пәні мұғалімінің әлеуметтік білім беру кеңістігінде білім алу жолын тауып, ғылыми тұрғыдан өзінше тұжырым жасау, қажетіне қарай ғылым жетістіктерін күнделікті оқу-тәрбие процесінде пайдалана білуі, сөйлеу мәдениеті арқылы нәтижелі болады. Ұстаз өзінің іс-әрекетін үнемі педагогикалық жаңашырлыққа педагогикалық құндылықтар мен білім беру технологияларын меңгеруге, жеткізуге және жаңаны жасауға бағыттап, мектептегі тың бастамалардың қолдаушысы болуы тиіс. Мектеп мұғалімі жеке тұлға ретінде өзін-өзі шығармашылықпен жүзеге асырған жағдайда ғана зерттеушілік мәдениеті қалыптасады. Педагог-музыкант өзінің кәсіби шеберлігін шыңдауда өзін-өзі зерттеу, кәсіби іс-әрекетін талдау, оқу тәрбие жұмысында қолданатын әдіс-тәсілдерінің тиімділігін пайымдау, музыкалық білім мазмұнын жобалау, болашақ нәтижелерді жоспарлау, сөйлеу шеберлігін шыңдау, оқушылармен сұрақ-жауап, пікір талас сияқты толып жатқан іскерліктерін жетілдірудегі сөйлеу мәдениетінің үлесін білуі тиіс. "Әдіснамалық мәдениет" ұғымына музыка пәні мұғалімінің музыкалық педагогикалық зерттеудің амалдары мен әдістерін меңгеруін және оларды әдебиеттерге әдіснамалық топтау жасауда, практикалық оқу-зерттеу, музыкалық педагогикалық іс-әрекеттеріндегі жаңа ситуацияларға шығармашылықпен  қолдана білуін жатқызамыз. Бүгінгі таңда музыкалық білім берудің мақсаты оқушылардың рухани, адамгершілік, патриоттық, эстетикалық, көркемдік, сөйлеу мәдениетінің қалыптасуы деп түсіндіріледі. Бұл мақсат музыкалық білім берудің негізгі міндеттерінің жүзеге асырылуын көздейді:

-балалардың музыкаға деген сезімін, сүйіспеншілігін ояту, өнер туындыларына эмоционалды-эстетикалық сипатта баға беруін, сезім мәдениетін дамыту;

-оқушыларды халықтық, классикалық жаңа кезең музыкасымен, әсіресе аса бай форма мен жанрдағы музыка өнері туындыларымен таныстыру;

-өмірмен рухани байланыстағы музыка туралы білімдерді меңгерту;

-музыкалық қабілеттерін, дағды-іскерліктерін дамыту, музыкамен шұғылдану процесінде өздерінің жеке тұлға екендігін саналы түрде ұғындыру;

-тыңдаушылық орындаушылық, музыка шығару, импровизациялау іс-әрекеттерін, шығармашылық қабілеттерін дамыту;

-музыкалық-эстетикалық талғамын тәрбиелеу;

-өз бетімен музыкалық білімін толықтыруға қабілеттігін дамыту;

-музыка арқылы оқушының адамгершілік, патриоттың сезімін ояту; -музыкалық шығармалардағы текстпен жұмыс жасау арқылы сөйлеу мәдениетін қалыптастыру(монолог, диалог оқу, дикциямен жұмыс)т.б. [3].   Музыка мұғалімінің алдында оқушыларға музыкалық тәрбие беруде белгілі мақсат пен міндеттер қойылады. Музыка сабағында нақты мақсат қойылу арқылы музыкалық тәрбиенің міндеттері жүзеге асырылады. Бірінші міндет-музыкалық іс-әрекеттер арқылы оқушының сезімін ояту. Сезімді ояту үшін қабылдауды белсендіру қажет. Музыкалық шығарманың мазмұнын оқушылармен талдау, эмоциялық пен саналылықтың өзара байланысын, оқушыдағы музыка әсерінен пайда болған сезімді, шығарманың тілін жете қабылдай бермейтін тұстарын түсінуге көмектеседі.      Музыканың өмірмен байланысын саналы түсіну сезімнің оянуына әсер етуші себептердің бірі. Түсіну нәтижесінде тыңдаушы шығарма мазмұнындағы оқиға желісін бастан кешіреді, бірге қуанады немесе ренжиді, кейде терең ойға батады. Психологиялық ғылымда қазіргі күні сөз әрекетіне қатысты С.Л.Рубинштейннің ойларына көңіл аударсақ, автордың ойы бойынша, бұл-таным, ой-сезім, уайымның жүзеге асуы және әрекеттің бір уақытта жалпыланған бейнесі, формасы ретінде, әрекетті тіл көмегімен хабарлайтын, бейнелейтін араласу әрекеті [4].

 

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

1.      Байтұрсынов А. Тіл тағылымы. – Алматы: Ана тілі, 1992. – 260 б.

2.      Сыздық Р. Сөз құдіреті. – Алматы: Атамұра, 2005. – 272 б.

3.      Теплов Б.М. Психология музыкальных способностей –М. АПН РФСР 1947

4.      Уәлиев Н. Сөз мәдениеті. Алматы: Мектеп, 1984. – 107 б.

5.       Әуезов М.О. Үмітті ұрпаққа игі тілек. Таңд. шығ.жин. том 20. А.;1967.

6.      Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы //Қазақстан жолы-2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ. Астана. 2014