МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРҒА ТІЛ ДАМЫТУ ПӘНДЕРІНДЕ ДИДАКТИКАЛЫҚ ОЙЫНДАРДЫ ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУ ЖОЛДАРЫ

 

Килибаева Э.Б., Момынова Г. Ж.

ҚММ Балалар үйі «Шапағат»

 

Адамзаттың көптеген жылдар бойғы ойнау тәжірибесі ойынның білімдік құндылығын дәлелдеді. Ойынның шығу сырын ғалымдар жүздеген жылдар бойы зерттеп келеді. Оның шығу тарихы жайлы көптеген пікірлер бар.

Көп тұжырымдардың бірі бойынша ойын қоғамның діни, әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуы кезіндегі бос уақыт пен демалысты өткізу мәселесінен туындаған. Ерте заманда ойын қоғамдық өмірдің бір бөлігі болып, оған діни-саяси маңыз берілген. Ерте гректер ойынды Құдайлар қолдаған десе, Қытайда мерекелік ойындарды император ашып, өзі де қатысқан. Ойын өмірде пайдасыз көрінгенмен аса қажетті көрініс-құбылыс. Сабақта тиімді қолданылған ойын түрлері- тәрбиешінің түсіндіріп отырған материалын балалардың аса зор ілтипатпен тыңдап, жемісті, сапалы меңгеруіне сенімді көмекші бола алады. Өйткені, мектеп жасына дейінгі балалар жас ерекшеліктеріне байланысты ойынға өте ынталы келеді. Балалар тез сергіп, тапсырмаларды тез, әрі қызығып орындайтын болады.

Ойын балалардың оқуға, еңбекке деген белсенділігін, қызығушылығын арттырудағы басты құрал. Ойын барысында балалардың белсенділігі, шығармашылығы дамиды. Ал тәрбиешінің міндеті - балаларды ойынға өз қызығушылығымен, ынтасымен қатысуын қамтамасыз ету.

Ойын мен адам мәдениетінің өзара байланысы ғылыми түрде анықталды. Олардың тұлғаны дамытудағы маңызы анықталды, оның психологиялық және әлеуметтік факторлармен келісімі жөнінде кең қарастырылуда. Ойын технологиялары әлі де білім беру саласында жаңа инновация болып табылады.

Педагогикалық технология ұғымы түрлі педагогикалық ойын түрлерін педагогикалық процесте әдістер мен тәсілдердің кең көлемді топтарын біріктіреді, оның жалпы ойындардан ерекшелігі оқытуда нақты мақсатының қойылуымен және оның оқу-танымдық бағыты сипатталған, негізі салынған педагогикалық нәтижесіне сай анықталады.

Оқу процесінде пайдаланатын ойындардың бірнеше түрлерін атап көрсетуге болады. Ойын элементтері кез-келген баланың қызығушылығын тудырады. Тіпті нашар тұйық баланыңда өзі ойын арқылы берілген тапсырмаларды асқан қызығушылықпен, белсенділікпен орындайды. Баллардың қызығушылықтарын туғызатын ойындардың бірі -дидактикалық ойындар.

Ойын элементтерін қолдана отырып тәрбиеші балалардың пәнге деген қызығушылығын, зейінін арттыру мақсатында әртүрлі әдіс-тәсілдерді қолданады. Атап айтқанда, тәрбиеші ойын жағдаяттарын туғыза отырып, әртүрлі заттарды қолдану арқылы сұрақтар қойып, затты көрсетіп, түсіндіріп ойын сюжетін құрастырады.

Балабақшада тіл дамыту пәндерінде дидактикалық ойындарды жаңа тақырыпты түсіндіру барысында, қайталау, пысықтау, жаттығуда пайдалануға болады. Мектеп жасына дейінгі балалар әлі де ойын баласы, сондықтан тәрбиеші оларды жалықтырмай әртүрлі ойын түрлерімен сабақты қызықты өткізуге тырысуы қажет.

Ойындар баллалардың ой - өрісін дамытып, ойлау қабілетін арттырумен қатар, үйретілген, өтілген тақырыптарды саналы да берік меңгеруге үлкен әсер етеді. Ойындар балалардың шығармашылық ойлау қабілеттерін жетілдірумен қатар, сөздік қорларын молайтып, мәдениетті жүруге, сөйлеуге де баулиды. Балалар ойын ойнау барысында үйренген сөздерін айтып қана қоймай, оның қандай мағынада қолданылатынын да біледі. Ойын оқу пәндерінің мазмұнымен тығыз байланыста жүргізілгенде ғана дұрыс нәтижелер береді.Ойын арқылы жеке тұлға нені меңгереді:

1. Балалар тек бақылаушы ғана емес, өздері қатыса отырып қиын мәселелерді өз бетінше шеше білуге үйретеді

2.. Оқу процесінде алған білімді нақты істе қолдана білуге мүмкіндік береді.

3. Уақытты үнемдеуге үйретеді.

4. Балалар үшін психологиялық жағымды.

5. Ойын барысында шешім қабылдау балалардан аса жауапкершілікті талап етеді.

6. Ойын материалдары дәстүрлі оқу материалдарымен салыстырғанда күрделірек.

Ойын нәтижесі, өз жетістіктері, әсерлері, алған білімі, дағдысы жөнінде балалар ата-аналарымен, өзге балалармен, тәрбиешілермен көбірек әңгімелеседі. Ойын әрекеті балалардың бағалы өмірінің алғашқы күндерінен бастап-ақ маңызды ор халық жасаған мұралар сан алуан.

Жеміс бағы. Мақсаты: Жемістер туралы білімдерін жетілдіру алма, алмұрт-олар жеміс деп түсіндіру. Қызыл, сары, сопақ, үлкен, кішкене пішінге байланысты сөздерді дұрыс айтқызу. Шырыны, дәмі, қабығы дұрыс айтып үйрену. Ойлау қабілеттерін дамыту. Жемістер туралы түсінік беру.Сөздік қорын молайту. Ойын: «Біздің жемістеріміз.», «Нені жинады?», «Кімде не бар?» «Жарыс» Үй жануарлары. Мақсаты:Үй жануарлар туралы түсініктерін кеңейту. Ойыншық пішіндерін көрсетіп әңгімелесу. Осы жануарлардың адамға пайдасы диалог түрінде сөйлесу. Балаларды үй жануарларын сүюге қамқорлық жасауға үйрету. Балалардың ойын дамыту, сөздік қорын молайту.

Ойын: «Ненің дыбысы.», «Ол не?», «Үй жануарларына саяхат». Көңілді гномдар. Мақсаты:Апта күндерін рет-ретімен дұрыс айтуға үйрету. Кеше, бүгін, ертең деген ұғымдары туралы білімдерін кеңейту. Балалардың логикалық ойларын, зейінін, тіл байлығын дамыту.

Ойын: 1) «Қандай гномик жоқ» Балалар көздерін жұмады, бір гномикті тәрбиеші тығып қояды .

2) «Рет-ретімен қой.» Балалар тағы көздерін жұмады, тәрбиеші гномиктардың орындарын ауыстырып қояды.Балалар көздерін ашып рет-ретімен қою керек.

3) «Кеше, бүгін, ертең» Кеше, бүгін, ертең ұғымдарын айту. Егер бүгін дүйсенбі болса, кеше қандай күн. Балалардың сөздік қорлары дамиды, ойлау қабілеттері жетіледі, көңіл бөледі және моторикалары дамиды.

Дамытушы ойын «Шаршылар»Мақсаты: Балалардың сөздік қорлары дамып, ойлау қабілеттері жетіледі, сонымен қатар назар аудара отырып, саусақ моторикасы дамиды. Бұл ойын маңызды роль атқарады.Тілдері дамиды.Ойын: «Өз жұбынды тап.» Бала қолымен ұстап сипап сезу арқылы жұбын табу керек. «Шаршылар» Шаршылардың бір бөлігін үстелге жайып қою. Екінші бөлігін ойыншыларға тарату. Балалармен бірге тәрбиешіде ойнайды. Ойынды тәрбиеші бастайды.Қолындағы шаршыны ұстап ішінде не бар екенің айту керек. Мысалға бұл дөңгелек тас .Ойыншы қолындағы шаршы бойынша дәл сондай затты табуға тиіс. Егер тапса женімпаз болады, таппаса ойынды келесі бала жалғастырады. Дамытушы ойын «Кәмпиттер» Мақсаты: Бұл ойын шулата отырып бірдей дыбысты табу және де ойлау қабілеттері дамиды, зейіні, есте сақтауы, сонымен қатар есту арқылы, тындай отырып дыбыстардың ерекшеліктерін сезеді. Бала қаншалықты естісе, соншалықты тез түсінеді. Тілдері дамып, жаңа ойыннан жақсы әсер алады. Ойын: Дәл сондай кәмпит тап. Ойынды екі бала ойнайды. Бір бала кәмпитті алып сілкейді ,тағы бір кәмпитті сілкіп көреді. Егер дыбыстар бірдей кәмпитті тапса ойыншы екі кәмпитті алып, ойынды жалғастырады. Кәмпиттер біткенге дейін ойын ойнала береді.

Дидактикалық ойындар балалардың таным белсендігін жандандыратын, өздігінен ойлауын дамытатын тәсілдердің бірі. Олар кез-келген оқу материалын қызықты да тартымды қылып, балалардың көңіл - күйін көтеруге, өздерінің жұмыстарына қанағаттануға және білім үрдісін жеңіл меңгеруге көмектеседі. Қорыта айтқанда, жаңа ғасыр және мыңжылдық тоғысында ақпараттық өркениеттің қалыптасу дәуірінде білім беру мәселелері, оның бүгіні мен ертеңі – өзекті мәселелердің бірі. “Ел ертеңі – білімді ұрпақ” демекші, жеке тұлғаны білімді, адамгершілігі мол, ойы терең, сөзі өткір, өзіндік пікірі, болжамы қалыптасқан заман талабына сай етіп тәрбиелеу үшін әрбір тәрбиеші тынбай еңбек етіп, үнемі ізденісте болуы кер

 

Пайдаланылған әдебиетттер тізімі:

 

1.Омарова А.С. Мектеп жасына дейінгі балаларға дидактикалық ойындарды  қолдану// Отбасы және балабақша №5, 25-29 б.

2.Қасымова Г. Ж. Балабақшадағы дидактикалық ойындардың психологиялық-педагогикалық мәні // Бейіндік мектеп" жоғары мектептері үшін кадрларды даярлау және 12-жылдық білім беру үлгісіне көшу мәселелері респуб. ғылыми-тәжірибелік конф. материал.: 23 қараша 2012 ж "Бейiндік мектеп".- Қарағанды. - 2012. 148-151 б.